Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:25, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Содержание

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер
Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат
Діни бірлестіктермен жұмыстың нәтижелері
Учаскелік инспекторға жадынама
Жастарға арналған жадынама
Деструктивті діни ұйымдарға тартылудың кері салдары
Сананы бақылаудың техникасы
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты
Термин сөздіктері

Работа содержит 1 файл

info_kz.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

Облыста өткізілген шаралардың барлығы қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, діни экстремизмнің алдын алуға және конфессияаралық келісімді нығайтуға, жалған діни бағыттар мен радикалдық діни ағымдарға қарсы тұруға қабілеттілікті дамытуға бағытталғанын ескере отырып, 2010 жылға ұсыныстар:

- діни бағыттағы шаралардың  барлығы әлемдік және дәстүрлі  діндер көшбасшыларының ІІІ-сьезінің  шешімдері аясында жүзеге асыру;

- діни арадағы келіспеушіліктерді  болдырмас үшін тұрғындар әсіресе,  жастар арасында дәстүрлі діндердің  рухани құндылықтарының пайда  болуы және кері ағымдардың  қызметі туралы түсіндірмелік  жұмыстарды күшейту;

- конфессияаралық және этникааралық келісім мен толеранттылықты нығайту үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен дәстүрлі діндер өкілдерінің қызметтерін жандандыру;

- облыс аумағында тіркелген миссионерлер мен оқу орындарының дінтану пәнінен дәріс жүргізетін оқытушылардың қызметіне құқық қорғау органдары жағынан бақылауды күшейту;

- діни бірлестіктер мен шетел  миссионерлерінің қызметтеріне  талдау мониторинг жасап, олардың  облыс тұрғындарына әсері, қызмет  аясының кеңеюіне, қоғамдағы ықпалына  баға беріліп отыруы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Учаскелік инспекторға  жадынама

 

Учаскедегі  жұмыс

 

    • Учаскелік полиция инспекторы өз территориясындағы барлық діни бірлестіктерді білуге міндетті.

 

    • Діни бірлестіктердің өкілдерімен жұмыс тұрақты негізде болуы шарт.

 

    • Діни бірлестіктермен жұмысты бастамас бұрын, оның тарихымен және діни бағыттардың ықпалы мен шектеу қойылған жақтарымен танысып ал;

 

    • Келіп-кетушілердің саны мен сапасына назар аудар;

 

    • Діни бірлестіктердің, миссиялардың, шіркеулердің маңында тұратын азаматтардың ауызша арыздарын ескеріп отыруды ұмытпа;

 

    • Егер, учаскелік инспектор өз бетімен шеше алмайтын жағдайлар туындаған кезде, мәселені аяқ асты қалдырмай органдарға хабарлас;

 

 

Жастарға арналған жадынама

 

Деструктивті  діни ұйымдарға арбалып қалмаудың  жолдары

 

            Жалған діни ұйымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратып алуымыз керек?

Бірінші ереже

Сізге таныс емес, көшеде кездескен  адаммен дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

Екінші ереже

            Егер, диалог жалғасып кетсе,оны  доғаруын өтін. Қызықпа! Бұл қоғамның тарихымен, оның қаншалықты дәрежеде дәстүрлі дін екеніне көзіңді жеткіз. Осылай ғана Сіз таңдау еркіндігіне ие боласыз!

            Үшінші ереже

            Бұл діни миссиялар светтік атауларды жамылады. Егер де Сізді, ағылшын тілінің ақысыз курсына шақырса – бұған сеніп қалма, олар жаңа ілімді жаймен оқуға сені көндіруге тырысады.

            Төртінші ереже

            Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңа адамдармен танысқанда қолданатын термин сөздері бар: «Осыған дейін Сізге, осыншама ақылды екендігіңізді қалайша ешкім айтпаған!», «Сізге бұндай қасиет қайдан дарыды!» және т.б.

Бесінші ереже

Егер сіз, қандай да болмасын діни ұйымға қатысқыңыз келсе, ата-анаңызбен, Сіз үшін беделі басым адамдармен кеңесуді ұмытпа!

            Алтыншы ереже

           Егер, Сіз дінге бет бұруды қаласаңыз, жалғыз бармаңыз, туыстарыңызды немесе достарыңыздан көмек сұраңыз!

            Жетінші ереже

            Миссионерлердің басты мақсаты – сізді ұйымға қалай да болса кіргізу. Сондықтан да өте сақ болғаныңыз жөн!           

 Сегізінші ереже

            Егер басқа конфессия туралы сыни пікірлер айта бастаса, онда бұл деструктивті діни ұйымдардың белгілері болып табылады.

Тоғызыншы ереже

            Есіңде болсын! Есте сақта! Құдайға сену яки сенбеу - өз қолыңда!  Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айырылғың келмесе, Ойлан!

    • Жадынама диакон А..Кураеваның материалдары негізінде жасалды.

 

 

Деструктивті  діни ұйымдарға тартылудың кері салдары

 

Деструктивті діни ұйымдардан бас бостандығын алу мүмкіндігі туған жағдайда да, көбіне сөз жүзінде шектеліп жатады. Ия, қателесіп өзге дінге бет бұрған адамдардың қайтадан еркіндікке оралуы неғайбыл құбылыс, олардың санасы қорқыныш, психологиялық жәбір көру, тіпті өзін-өзі қол жұмсауға дейінгі әрекеттерге барады.

Көп жағдайларда, діни ұйымдардан өз бетімен кеткенде, тіпті арнайы мамандар мен жақын адамдарының көмегі бола тұра, ол адам өзін басқа қоғамның адамы ретінде сезінеді. Сондықтан, ол адамдардағы проблемалар төмендегідей сипатта болады:

                    * сана-сезімі бұзылады;

                    * депрессия;

                    * шешім қабылдауға деген тәуелділік;

                    * өз еркі мен өмірін бақылаудан айырылуы;

                    * Алған стресстен көңіл-күйдің құлазуы;

                    * Психологиялық дамудың кешеуілдеуі;

                    *әзіл-қалжыңға деген сезімді  жоғалтуы (немесе еш нәрсені сезінбеу);

                    * Галлюцинация, есінен тану, бағыт-бағдарынан айырылу, шизофрения және т.б. психологиялық жағдайының нашарлауы;

                    * діннен басқа оларда ешкіммен достық қатынас болмайды;

                    * түнде дұрыс ұйықтамау;

                    * сексуальды проблемалар;

                Адамдарды ДДҰ-дан шығарып, оларға жан-жақты көмек беру, шынайы ортаға және толыққұқықты өмірге қайтадан бейімдеу, бұрынғы жалған діни өмірден психологиялық еркіндікке жеткізу олардың туғандары мен жақындарының ғана жұмысы емес, мемлекеттік органдар мен қоғамның да алдында тұрған міндеттерінің бірі.

 

 

Ата-аналарға арналған жадынама

 

Егер Сіздің ұлыңыз немесе қызыңызға деструктивті діни ұйымдар ықпал етсе, не істеу  керек? 

 

       Бәрінен бұрын, басыңызды көп ауыртпаңыз! Балаңызбен қарым-қатынаста ең бастысы – жақсы әңгімені сақтап қалу. Екеуара әңгіме кезінде үнемі өз қалпыңызда, сабырлы, ашық болыңыз. Олармен шындықты іздеуде өз таңдауыңды жаса, балаңызды өзін-өзі құрметтеуге үйрет. Бірақ, қандай жағдай болмасын оның жаңа сенімін сынға алма. Тіпті, әзілдеуге де жол берме. Көбіне жан-жылуыңыды беруге ұмтыл. Оның сеніп жүрген ілімінің сөздіктерін үйрен. Оларды білу, екеуара әңгімені одан әрі жақындастыра түседі.

Балаларыңызбен қарым-қатынас кезінде оның бұрынғы қызығушылықтары мен айналысатын іс-әрекеттеріне, отбасылық және достық естеліктеріне де назар аудар.

Ақшасына емдеп берем немесе заңдық тұрғыда көмек берем деген кез-келген «маманға» оның шын мәнісінде кім екеніне көз жеткізбейінше сенім білдірме.

 Өз балаңызды құтқаруға деген  қадамдарыңызды аяқ асты қалдырмаңыз.

Өз проблемаңызды жалғыз шешпеңіз: көптеген отбасылар дін мәселесіне келгенде адасып жатады. Қоғамнан көмек сұраңыз.

Күдіктенген болсаңыз мәліметтер жинаңыз:

- сіздің балаңызбен қарым-қатынастағы тқлғаның аты-жөнін, адресін, телефонын біліп ал.

- олардың не жасайтынын, қайда  баратынын, тіпті сол топқа байланысты (баспасөздегі мақалаларды, ескертпелерді, листовкаларды) барлық мәліметтерді сақтаңыз.

- егер сіз оның қандай ДДҰ екенін анықтай алмасаңыз, олардың оқуларын, сөздіктерін, күнтізбелік кестелерін, атауларын анықтап ал. Осы мәліметтерге қарап мамандар оны анықтап бере алады.

Есте Сақта! Деструктивті діни ұйымдар деструктивті белгілері бар кез-келген діни ұйымдар, ағымдар немесе топтар болуы мүмкін.

Осы белгілерді кездестірген болсаңыз, жылдам қимылдаңыз: құқық қорғау органдарына  хабарласыңыз. -----

Жадынама отбасыны және жеке тұлғаны  қорғау Ассоциациясының материалдары бойынша жинақталды. (ASFJ, Франция). Association pour la Sauvegarde de la Famille et de la Jeunesse (ASFJ, FRANCE).

                

  Сананы бақылаудың техникасы

Сананы бақылау төрт негізгі сферадан тұрады:

  • Мінез-құлықты бақылау
  • Ақпаратты бақылау
  • Ойды бақылау
  • Эмоцияны (сезімді) бақылау

Мінез-құлықты  бақылау

Мінез-құлықты бақылау өзіне мыналарды қосады:

  • Жеке физакалық реттілік (кіммен және қайда тұрады, қандай киім киеді, шаш үлгісі қандай, қандай тамақ ішеді, қанша уақыт ұйықтайды, ақшаға тәуелділігі қандай)
  • Уақытының көп бөлігі индоктринация топтың дәстүрлерін ресімдеумен өтеді
  • Маңызды шешімдерді қабылдауда рұқсат сұрау қажеттілігі
  • Марапттар мен жазалар
  • Жеке тұлға болудан қашу
  • Қатаң ережелер мен бұйрықтар
  • Көнбістік және тәуелділік

Ақпаратты бақылау

Ақпаратты бақылау мыналарды  бекітеді:

  1. Алдау-арбау (ақпаратты саналы түрде жасыру, ақпаратты бұрмалау, ашықтан ашық алдау)
  2. Діни емес адепттер туралы ақпараттық деректерге болуы мүмкін шектеулер
  3. Ішкі мақсатқа ақпарат тарутшы бөтен адамдарды оқшаулау
  4. Басқа қатысушылардың ізінен ерушілерді мадақтау.
  5. Діни мақсатта жасақталған ақпараттар мен үгіт-насихаттарды кең түрде қолдану (бюллетендер, журналдар, газттер, аудио-видео записьтар, діни емес жалған жазылған цитаталар туралы дұрыс ақпатар және т.б.)
  6. Діндар адамдардан көмек сұрау

Ойды бақылау

Ойды бақылау өзіне  мыналарды қосады:

    • " шындықтың тепе-теңдік схемасы";
    • "ақ пен қара"
    • "қайырымдылық зұлымдыққа қарсы"
    • "Біз Оларға қарсымыз" (топтар біздің әлемге қарсы).
  1. «Айтылған сөз атылған оқ»
  1. Тек қана «жақсы» және «дұрыс» ойларды мадақтау (бұлар топтың көшбасшыларына тән)
  2. Көшбасшылар туралы сынға алынған сұрақтарға, діннің доктринасы мен саясатына арналған сұрақтарға шектеу қою
  3. Баламалы сенімге шектеу қою

Эмоцияны бақылау

Эмоцияны бақылау мыналарды  қосады:

  1. сенімге индоктринация, адептаның кез-келген мәселесінде қашан да кінәсі болады.
  2. Кінәні шектен асыру:
    • Жеке кінә;
    • әлеуметтік кінә;
    • тарихи кінә.
  3. Қорқыныштың шектен асуы
  4. Нәтижесінде дұрыс эмоцияның жойылуы.
  5. Жиі қолданылатын «күнә» дәстүрі

Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты

Шетелдік ұйымдардың белсенді қаржылай және саяси қолдауымен ҚР территориясындағы деструктивті діни ұйымдардың болуы мүмкін мақсаттары 

1.Саяси мақсатта Ресей қоғамының діни негізіне соққы беру арқылы Ресей мемлекетін әлсірету. Тіпті, дәстүрлі діндер деструктивті діни ұйыдардың кесірінен соққығы жығылуда, соның бірі православие дініне деген көзқарас. Бұл дегенің, бәрінің жағдайы осының кебін киіп тұр деген сөз. 

2.Діни ұйымдардың православияға қарсы жасырын, айқындалмаған күресі

3.Діни сектанттықты пайдалану арқылы билікке мықты потенциальды саяси қысым көрсету

4.Шетелдік арнайы мамандарды пайдалана отырып, діни деструктивті ұйымдармен бірлесіп құпия ақпараттарды жинау

5.Әртүрлі мемлекетердің шенеуніктерінің үстінен деструктивті діни ұйымдардың жетекшілерінің күші арқылы бақылау орнату. (пара беру, шантаж, алдау, санаға бақылау орнату арқылы)

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар