Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:25, реферат

Описание работы

Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta» сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Содержание

Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер
Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат
Діни бірлестіктермен жұмыстың нәтижелері
Учаскелік инспекторға жадынама
Жастарға арналған жадынама
Деструктивті діни ұйымдарға тартылудың кері салдары
Сананы бақылаудың техникасы
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты
Термин сөздіктері

Работа содержит 1 файл

info_kz.doc

— 174.50 Кб (Скачать)

 

Батыс Қазақстан  облысының Ішкі саясат басқармасы, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы  тотолитарлық  діни бірлестіктердің  қызметі  туралы ақпараттық-анықтамалық  материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2010

Мазмұны:

 

Қазақстан Республикасындағы  тотолитарлық  діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар …………...................................................................

 

Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер……………………………………..……………….……….

 

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы

 ақпарат……………………………………………………………………..………………………….

 

Діни бірлестіктермен  жұмыстың нәтижелері ………………………………………..…………

 

Учаскелік инспекторға жадынама.......................................................................................................

 

Жастарға арналған жадынама...………………………………………………………..............

 

 

Деструктивті  діни ұйымдарға тартылудың  кері салдары.................. ………………................

Сананы бақылаудың техникасы……………………………………………………………………….

Шет ел мемлекеттерінің  және олардың белсенді қолдауымен кейбір  деструктивті діни ұйымдардың мақсаты.............................................................................................................................

Термин  сөздіктері............................................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық  діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

 

 

«Секта» ұғымы туралы

 

Тоталитарлық секта — ең алдымен әлеуметтік және мәдени проблема, ал содан кейін ғана психиатриялық және заңды...Адамдар бұл туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым алдануы қиын болады.

Роберт Джей Лифтон1

 

           Қазіргі кезде секта – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстан алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. «Секта» сөзі латынның «sekta» сөзінен шыққан, алғашқыда ол екі мағынада қолданылды: а) бір заттың бөлігі б) сана образы, оқу. «Sekta»  сөзінің шығуына байланысты латын тілінде «secare» - кесіп тастау (бүтіннің бөлігі) және «sequi» - ізіне түсу (қандайда болсын оқудың артынан ілесу). Зерттеу жұмыстарында және басылымдарда көбіне «тоталитарлық секта» деген ұғым қолданылады.

Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамаларының шет елдерден айырмашылығы - Республикада діни ағымдар мен топтардың, олардың деструктивті бағыттағы қызметін көре тұра, «секта» ұғымының қандай да бір белгісіне анықтама бермеуінде. Дегенмен, азаматтарды өз қатарына күштеп тарту және алаяқтық жолмен физикалық және психологиялық қысым көрсететін діни ұйымдардан азаматтарды қорғау мақсатында 2006-2011 жылдардағы азаматтық қоғамның дамуы жөніндегі Концепцияда қолданылады.

БАҚ-да жарияланатын, әдебиеттерде, дін проблемасына арналған материалдарда «секта» ұғымының негативті мағынасы кеңінен қолданылады. Бірақ, БАҚ-да қолданылатын терминологияда бұлай деп тануға заңдық тұрғыда еш негіз жоқ. Сондықтан, аталмыш мақсаттағы діни ағымдарды деструктивті діни ұйымдар деп атап, бұларды 1985 жылы өткен Америкалық отбасылық Қорының (American Family Foundation)   және «Новые религиозные организации Росси деструктивного и оккультного характера» анықтамасының авторын анықтауға мүмкіндік берді.  

Деструктивті діни ұйымдар (миссия, шіркеу, діни бірлестіктер, одан әрі -ДДҰ) – бұл сананы әртүрлі әдістер арқылы бақылай отырып, тұлғаның физикалық және психикалық жағдайының бұзылуына әкеп соғатын, сондай-ақ, отбасының, қоғам мен мемлекеттің жойылуына ықпал жасайтын тоталитарлық ұйым.

ДДҰ жеке тұлға деңгейіне де аса қауіпті, яғни секта тұлғаның психикасын іштен улап, өздеріне тәуелді етіп алады.

ДДҰ отбасына да қауіпті, осының салдарынан отбасылардың ойрандауы жиі кездесетін құбылыс.

ДДҰ мемлекеттік деңгейде де қауіпті,  өйткені секта өзінен-өзі бір мемлекет ішінде тағы да өз заңымен өмір сүретін және өте әлсіз, бірақ, өмір сүріп тұрған жүйеге дұшпандық көзқарастағы мемлекетін құра алады. -------

Сектаның деструктивті қызметі сондай-ақ қоғамға да ықпалы зор. Сіздің назар салуыңыз арқылы Қазақстан Респбликасындағы дәстүрлі емес тоталитарлық діни ұйымдардың, сондай-ақ,  дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалының артқаны жөнінде ақпарат тарата аламыз.

 

 

Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер

 

 

           Бүгінгі Қазақстан  аумағында мақсаты мен ұйымдастыру формасы нақты айқандалмаған жаңа діни қозғалыстардың көптеп пайда болуы мен қызмет етуі тән.   

          Дәстүрлі діндер – мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған, нақты қоғамда  әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие, сондай-ақ тарихи және этномәдени негізі бар.

         Қазақстандағы дәстүрлі емес бұл діни ағымдар біздің мемлекетіздің аумағында ұзаққа созылған тарихи дерегі жоқ және өзге дәстүрлі конфессиялардың белгілі күшіне ие.   Қазіргі Қазақстанда дәстүрлі емес діндер мыналар табылады: «Саентология» (Дианетика) шіркеуі, Иегова куәгерлері, Бахаи,  Кришна санасы қоғамы, Бірлестік (Мун шіркеуі) шіркеуі, Соңғы Өсиет шіркеуі (Виссариона ізбасарлары), Бахаи ілімі, «Ахмад жамағат», «Мормоны» («Иисус Христ әулиенің соңғы күні шіркеуі»),  «Сахаджа йога»..

 

«Иегов куәгерлері»

 

1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым.  «Иегов куәгерлері» бірден-бір протестантық оқу болып табылады. Оның негізі - Інжіл, ілімді кең түрде таратуда Інжіл библиялық ақиқаттың діңгегі ретінде қолданылады. Иегов куәгерлері Троица туралы догматты жоққа шығарады, адам жанының өлмейтініне сенбейді. Қасиетті сенім үлкен күшке ие, ол Иеговтан таралады деп сендіреді. Бұл ұйым қазіргі таңда республикадағы саны жағынан жылдам дендеп бара жатқан конфессия саналады. Қоғамда аталған ұйым  бөгде адамдардың Қазақстан азаматтарына сенім білдіре отырып, ауру адамға қан құюға қарсы және әскери қызметке барудан бас тартумен көрініс табады. Қазақстанда 2008 жылы Иегов куәгерлерінің 78 қауымдастығы тіркелген. Польша, Ресей, Ұлыбританиядан миссионерлері бар оның өсімі де анық байқалады. «Иегов куәгерлері» ізбасарларының саны  6000 сенім білдірушілерге өскен. 37 діни ғимараты бар.

 

  «Кришна санасы қоғамы»

       

Кришнаиттар ілімі – Шри Кришна үш аспектідан тұрады: Брахман, Парамата және Бхагаван. Ұйымда діни өмірдің төрт этапы бөлінген: оқу, отбасылық өмір, отбасылық өмірден кету, өмірден баз кешу. Кришнаиттар жабық қоғамда өмір сүреді, жарыққа Иесін мадақтау үшін және жаңа сенушілерді өзіне тарту үшін ғана шығады. Бүгінге дейін республикада «Кришна санасы қоғамының» 12 діни ұйымы және ізбасарлары, Кришнаға табынатын 3 «Вайшнавы» діни ұйымы тіркелген.  Қазіргі кезде еліміздегі «Кришна санасы қоғамының» шамамен алғандағы адепті саны 1500 адам.

 

«Саентология  шіркеуі»

 

Ол АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін салушы – жазушы – фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Қазақстан Республикасының территориясында Саентология шіркеуімен байланысқан бес қауымдастық пен топ бар. Саентологияның діни саясаты Хаббард шығармаларын насихаттаумен аяқталады, психологиялық тесттер, тренингтер өткізу және т.б.  Негізгі саентологиялық процедура – «одитинг» құлшылық немесе психоанализ сеансы. Бұл процедурада барлық айтылғандар жазылып алынады, тіпті ұйымда кез келген сапада қолданылуы мүмкін

Ірісі саналатын «Алматы қаласындағы  Саентология шіркеуі», жетекшісі  – Қуанова Гүлжан Сағитқызы және Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстандағы  Саентология шіркеуі», жетекшісі – Фоминская Ольга Александровна. Бұл шіркеудің табынушылары 5 000 адамнан 30 000 қазақстандыққа жеткен. Ақмола облысының терриориясында саентологтардың орталығы ресми тіркеуден өткен жоқ, алайда бұл табынушылардың жоқ екендігін білдірмейді.

   

Бірлестік шіркеуі (Мун қозғалысы)

 

1954 жылы Кореяда құрылған. Басқаша атауы - «Ассоциация Святого Духа за объединение мирового христианства», «Церковь Объединения Мун Сан Мена». 1977 жылдан бастап «Всемирная ассоциация семей за мир во всем мире» деп аталады. Мун Кореядағы екі әйел алушылыққа қарсы болды. Америкада Мун салықтан бас тартқаны үшін сотталды.  Мунның өзі және «Бірлестік шіркеуі» АҚШ-тың заңын бұзды. Қазақстанда бұл шіркеудің екі  қоғамы бар. Алматы қаласында діни бірлестіктің жетекшісі - Ли Сергей Васильевич.

      

«Соңғы өсиет  шіркеуі» ( Виссарион тобы)

 

      Негізін қалаушы, соңғы өсит шіркеуінің басшысы - Сергей Анатольевич Тороп (1961 ж.т.). Ізбасарлары балаларға егіс жасауға, антибиотик қолдануға және дәрілер қолдануға қарсы, шөптен басқасын: ет, балық, жұмыртқа, сүт тағамдарын жеуге болмайды.  Қазақстан Республикасында бұл шіркеу Алматы қаласында тіркеуден өткен, ағым жетекшісі  - Дрогалин Юрий Николаевич, өзімен бірге 20 ізбасары бар.

 

Миссия «Грейс – Благодать»

 

Кальвинизм ағымы, Шотландия мен  Англиядағы Реформация кезінде пайда  болған. Негізгі діни білім Інжілде деп есетейді. Бұл доктринамен келіскендер, адам және адамзат күнахар және олардың әрбірінің тағдыры айқындалған деп түсінеді. ҚР-да бұл ағым алғашқыда шетелдіктердің миссионерлік әрекетінің арқасында, соның ішінде америка-корейлық  уағызшылардың ықпалымен тарала бастады. Екі орталығы бар: Қарағандыда – Миссионерлік «Грейс» христиандық шіркеуі және Алматы – «Блогадатъ» шіркеуі, 1991 және1993 жж тіркелген.

 

Бахаи

 

Қазіргі заманғы космосаяси дін, ХІХ ғасырдың ортасында (1863 ж.) Ирак пен Иранда пайда боды. Негізін салушы – Мирза Хусейн Али Нури. Жалпы қабылданған сенім символы - тоғызтармақты жұлдыз логотипі, тоғыз саны алдыңғы қатарлы 9 діннің мағынасын білдіреді.      

 

Ахмад Жамағат

 

Мұсылмандардың алғашқы діни қоғамы – ахмадий, 1889 жылы Үндістанда Хазрат Мирза Гулмо Ахмад негізін салған. 1891 жылы ізбасарлары оны махди (мессей) мұсылман деп таныды. Қоғамның атауы Мұхаммедтің екінші ұрпағы – Ахмадтың атымен аталады.  Олар Құранды оқиды. Хазрат Ахмадтың сунна және оған түсінік берген 85 кітабы урды, араб, фарсы және ағылшын тілдерінде жазылған

 

Мормондар

 

Басқаша атаулары: «Церковь Иисуса Христа святых последних дней», «Церковь святых последних дней». Негізін салушы - Джозеф Смит 1805 жылы Шаронде дүниеге келген. Ілім негізі – інжіл және Мормон кітаптары. Інжілден басқа, мормондар үш «қасиетті» кітапты иеленген: «Книга Мормон», «Учения и союзы» және «Драгоценная Жемчужина».

   Өз догматиктарында мормондар христиандық терминологияны қолданады, бірақ өз түсініктерін де беріп отырады. Мормон - өте тез өсіп келе жатқан шіркеу.

 

 

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат

 

        Қазіргі таңда  ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында  тыйым салынған террористік және  экстремистік құрылымдармен бірге,  мынадай діни ұйымдар да қосылды:  

 

1. Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы  шешімі негізінде: 

       1) «Аль-Каеда»,

       2) «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»,

       3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»,

       4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»).

2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

       1) «Асбат аль-Ансар»,

       2) «Братья-мусульмане»,

       3) «Талибан» қозғалысы,

       4) «Боз гурд»,

       5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар»,

       6) «Лашкар-е-Тойба»,

       7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы».

3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

       1) «АУМ Синрикё»,

       2) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы».

4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

       «Түркістан ислам  партиясы»

5. Астана қаласы сотының  2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

     «Хизб-ут-Тахрир»

6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен:

Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі  емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие

7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен:

 «Ата жолы» және «Ақ жол»

 

1. «Аль-Каеда» - әртүрлі елдердің соғысқұмар адамдары қаржыландыратын және қызметіне бағыт беретін халықаралық ұйым

Басқа атауы: (араб. - "база", "негізі", "платформа") 

Құрылған күні мен орны: 1988 жылы, Ауғанстан

Негізін қалаушы: сауд исламисті Осама бен Ладен

«Аль-Каеданың» басты  мақсаты: мұсылман елдеріндегі «шіріген» және «еретикалық» басқару режимін құрту, ол жерлерге шариғатты билік орнату болып табылады. «Аль-Каеда» антибатыстық радикалды бағытты ұстанады және Американы исламның басты жауы деп санайды. Ал, Америка болса "Аль-Каеданы" және Осама бен Ладенды террорлық әрекеті үшін, соның ішінде Нью-Йорктегі және Вашингтондағы 2001 жылғы 11 қыркүйек терактысы үшін кінәлі санайды.

Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес тыйым салынған.

 

2. «Алля - Аят» - аккультті сипаттағы қауіпті ілім.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар