Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:52, статья
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі
Таренттен табылған тәңірия. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 480 ж. шамасы.Берлин. Мемлекеттік музейлер
Бейнелер сюжеттері мифологияда
Эгина аралынан табылған бейнелі құмыра. Керамика. Б. э. бүрынғы VII ғ. бірінші жартысы. Лондон.Британия музейі
Акропольдегі храм қасында сан алуан мінәжат монументтері
— куростардың, салт аттылардың, сфинкстер
мен қыздардың бейнелері болған. Солардың
ішінде бұзау көтеріп келе жатқан адамның
(грекше «Мосхофор») мәрмәр мүсіні — ежелгі
аттикалық мүсін өнерінің жақсы үлгісі. Ол б. э. бұрынғы 570 жыл шамасында, Гекатомпедонның пор
Эгина аралынан табылған бейнелі құмыра. Бір бөлшегі
Мосхофордың тұлғасы ертехристиандық өнерге Христің нышандық бейнесі — иы- ғына қозы көтергенбақташы жігіт, «ізгілік пірі» болып енді. Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жатады. Б. э. бұрынғы 520 жыл шамасында афинылық шебер жасаған мәрмәр курос осындай. Бұл туған қаласын қорғау жолындағы шайқаста қаза тапқан жауынгерлердің басына қойылған құлпытас еді. Мүсін тұғырындағы өткіншіге арналған: «Тоқта да, құдіретті Арес шайқас- тағы жауынгерлердің алдыңғы сапынан жұлып алған марқұм Кройсостың қабірі қасында қайғыр»,— деген жазу сол туралы сыр шертеді.
Бұл куростың кескіні архаикалық мүсіннің дәстүрлі типін қайталайды, әйтсе де дене пропорциясыолардан анағұрлым дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігімен көзге түседі. Байсалды пішіннің сымбатты сүлдесі батыл қолмен келісті көмкерілген, жігіттің шашы мойнына бұйралана әсем төгіліп тұр. Мәрмәрдың әдемі пішім үлгісі мүсінге қайран қаларлық өмір тынысын берген. Дененің бұлшық еттерін, толысқан кеудені, қол мен мығым аяқтың шымыр бұлшық еттерін жарасты жеткізе алған шебердің байқампаздығы бірден аңғарылады.
Жігіттің бүкіл кескін-келбетінен сенімді де айбынды қайрат сезіледі. Оның осы кейпі белгілі біреудің дәлме-дәл портреті емес. Бұл — қорытылған типтік бейне. Өң-жүзінің батыл, байсалды әлпеті іштей сабырлылықтың, ақылмен өз бойын еркін билей алатын ұстамдылықтың белгісі. Мұның өзі б. э. бұрынғы сонау VII ғасырда ақын Архилох айтқан: «Табысқа жөнімен қуанып, қайғыда жөнімен күйіне біл» ,— деген Ежелгі Грекияның тәрбиелік мұратымен үндес еді.
Жауынгердің ерлігі мен азаматтың қаһармандығы мүс
Этикалық және эстетикалық мұраттың ұштасуы грек халқының сұлулық туралы ұғымының өзіндік ерекшелігін
айқындайды. Осы мұраттың нышаны куростың
жоғалған мәрмәр мүсінінің жұрнағы деп
есептелетін (б. э. бұрынғы 490—480 жж.) жігіттің
тамаша бас бейнесінен көрінеді. Сопақтау
келген бет әлпеті көрікті келісіп, сәнді
таралған шашы ай маңдайына түскен. Жүректі жігіттің келбетін қаз-қалпында жеткізген
ақ мәрмәрдің бетінде жарық пен көлеңке
шағылысып ойнайды. Асқақ сұлулыққа құштарлық, әсіресе, мүсіншінің бет әлпетті
бейнелеуде белгілі бір норманы сақтайтындығынан
жете сезіледі. Бет тепе-тең дерлік үш
құрамнан тұрады:маңдай, мұрын және мұрын мен иектің арасы да өзара тең. Жазық маңдай қырлы
мұрынмен жалғасады, қиылған қиғаш қас,
таңғажайып сұлу ерін жиектерін мүсіндеуде
асқан бір шеберлік өресі көрінген. Балғын жігіттің бүкіл кескін-келбетінен өз күшіне кәміл
сенетінпарасатты асқақ тұлғаны
Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында
афинылық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер кора деп атаған
қыздардың тамаша мәрмәр мүсіндері жауап
берді. Афины абызтайларын бейнелейтін
олар Акропольдегі тәңірия храмында тұрды.
Мұндай мүсіндердің бірнеше ондағаны
табылды. Олардың көбісі б. э. бұрынғы VI
ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Бізге аты
беймәлім талантты аттикалық бәдізшінің
қолынан шыққан кораның мүсіні әмбеге
аян. Ол б. э. бұрынғы 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған, Шебер жүн матадан ұзын пеплос
(лыпа) киіп, белін қынай буған қыздың қимыл-
сыз қалпындағы кескінін бейнелеген. Оның
иығында қалыңдау материалдан тігілген
желбегей, лыпасының астынан нәзік сызықтармен
тартылған кенеп хитоны байқалады. Хитонның төмен қарай төгілген етегі қыздыңсұңғақ пішінін айқындай түседі. Қыз басына
сән берген қола шір сақталмаған, құлағында
сырғасы болған, сол қолына шір немесе
бұтақ ұстап тұрған. Мүсінші мәрмәрда
қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай
көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта
жымиған ойлы күлкісін таңға- жайып нәзіктікпен
жеткізген. Бақырая қараған ашық жанары
мен бетінің алмасындағы иірім шұқыры
өңіне аңғал пәктік, рухани айқындық береді.
Кора бейнесі шынайы шаттығымен, баурап
алатын жастық шақ сұлулығымен көз тартады.
Мәрмәрдің алтындай жайлы түсі иығына
төгілген шашының қызыл күрең реңіне тамаша
жарасады. Мүсінге жағылған сыр талғампаз
өнерді танытады. Қас-кірпігі қара, көзі
мен ерні қоңыр, желбегейінің жиегі жасыл
сырмен боялған. Осының бәрі мүсінге мерекедегідей шат-
Протоаттикалық лутрофер.Керами
Шайқас пен аң аулау көріністері бейнеленген ыдыс.Бір бөлшегі
Грек шеберлері тапсырма берушілердің
қызық та ғажайып бейнелерге құмарлығын,
олар Шығыс өнерінің жарқыраған шаңқан
реңіне қызығатындығын мықтап ескерді.
Б. э. бұрынғы VII ғасырда құмыраларға
салынған өрнектер ақ саз балшыққа
қоңыр күрең лакпен сырланған. Геометриялық
ыдыстардағы реңі бірыңғай сүлделік
ою-өрнектерден басқаша өң беру үшін
суретшілер бөлшектерді қырнай із қалдыра
тартылған сызықтармен, ақ және қызыл
барқын сырмен айқындайтын жұқа сұлбалық
суретті қолданған. Шұбырып бара
жатқан аңдар пішіндері құмыраның
дөңес бүйіріне бірінен соң бірі
орналастырылып, олардың арасындағы
ашық кеңістік ою-өрнекпен толтырылған.
Мұның бәрі қабырғалық өрнекке ғажайып
сән, керемет көрік беріп тұратын,
оларды өрнекті кілемдерге ұқсататын.
Өрнектер архаикалық ыдыстардың пластика
Кілемдік стиль Элладаның алдың
Б. э. бұрынғы VII ғасырдағы көзешілік өнерінің таңдаулы туындыларының біріне солтүстік Пелопоннесте б. э. бұрынғы 640—630 жылдар шамасында жасалған шағын шарап құтысы (грекше «ойнохоя») жатады. Оның өрнектері бірнеше қатарға орналасқан. Ең жалпақ фриздегоплиттер шайқасы көрсетілген. Ауыр қару-жарақ асынған дорлық жауынгерлердің қалың сап түзеген екі қанаты сыбызғы үнімен бір-біріне қарсы ұмтылып барады. Алдыңғы саптағылар найзаларын тік көтеріп, солқылдата сілкіп келеді. Келе жатқандардың бірыңғай кескіні қимыл-қозғалыстың бір қалыпты ырғағын айқындап көрсетеді. Суретші қару- жарақты: айдарлы, биік дулығаларды, сауыттар мен аяққа киетін саптама сауыттарды, самғап ұшқан қырандар бейнесі, Медуза Горгонаның бет пердесі, сондай-ақ бұқалар мен арыстандар басы салынған шұбар ала дөңгелек қалқандарды миниатюралық нәзіктікпен бейнелеген. Екінші фризден салт аттыларды, төрт ат жеккен күймені, отырған сфинкс пен аңшылардың арыстанмен шайқасын көруге болады. Аң аулау көріністері берілген фриздер асқан әсерлі, әдемілігімен, жандылығымен көзге түседі: ит ерткен аңшы қалың бұтаны тасалап тұр, тазылар түлкімен қоянды қуып жеткен. Өмірден алынған сан алуан оқиғалар сюжеті шебердің байқампаздығын аңғартады.
Аттикалық қызыл пішінді амфора. Б. э. бұрынғы жыл шамасы 510.Берлин. Мемлекеттік музейлер
Суретші қара лақты, ақ, қызыл барқын сырды, сондай-ақ сары және ашық күрең реңді қызғылт сары фонмен үйлестіре отырып, тамаша әсер туғызатын әрлі өрнек жасаған. Б. э. бұрынғы VII ғасырдың аяғында алдыменКоринфте, одан соң басқа да грек қалаларында құмыра өрнегінің кілемдік стилі б. э. бұрынғы VI ғасырда аттикалықкерамикада гүлденудің шырқау шыңына жеткен қара пішін өрнегімен орын алмасты. Мұнда афинылық көзешілер енгізген маңызды ісмерлік жетістіктер үлкен роль атқарды.
Аса сапалы қою қара лақты пайдалана бастаған олар саз балшықтыкүйдірілген соң, біркелкі тегіс қызғылт реңге айналдыру үшін аздап жосамен сырлайтын. Ою-өрнек әшекейлер салынбайтын осындай ашық фонда адамдар мен хайуанаттар сүлдесі металл сияқты жылтырап көрінетін. Қара пішін стилі одан бөлшектерді қырналған сызықпен, ақ және қан қызыл сырмен баса көрсету тәсілін ала отырып, сұлбалық әдісті ығыстырды. Бірте-бірте қабырғалық өрнектің композициялық құрылымы өзгере берді.Құмыраларды көлденең орап тұратын фриздермен пішіндерді орналастыру жүйесі жоғалды. Олар ыдыстардың бүйіріне еркін орналастырылған көп пішінді тұтас көріністермен орын ауысты.
Б. э. бұрынғы VI ғасырдағы афинылық шеберханала
Пайдаланған әдебиет