Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:52, статья
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті
Архаикалық кезеңдегі
грек мәдениеті(біздің заманымызға
дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды.
(«'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең
гректердің Мрамор және Жерорта
Архаикалық греция
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық
мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар
тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсіліодан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті
бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында
жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып,
сауда айналымында кеңінен қолданыла
бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі
нәтижесінде тығырыққа тірелген грек
әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа
халықтармен байланыстарының арнасын
кеңейте түсті. Шындығында да, гректер
көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер
үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан
теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан
— алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді)
мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан
байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар»
деп атады.Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған
шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан
«демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық
және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге
қарсы күресі бір толастамады. Осындай
таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі
және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі
біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда
етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең
алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік
Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенинт
Архаикалық дәуірде рулық
Афродита мүсіні.Париж,Лувр
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек
дінінде де политеизм тән болып
келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы.
Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі
билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді.
Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған,
ол римдік аңыздарда Венера деген атпен
белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның
даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі
Грекияның басты құдайларының бірі —
жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер
дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің
жеті кереметі болып саналатын Артемида
ғибадатханасы — Артемиданың құрметіне
тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы,
оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға
ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді
тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн құдайы,
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын болған, яғни храмдар — шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі — Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм — өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы — таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді арынды атлеттің, өз елінің ержүрек, дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарын, қайраты мен қаһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең көрініс тапты: олар «куростар» (жігіт, «бозбала» деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дөлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткіштерінің қатарынан орын алатын — біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмөрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайықшы. Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді — жігіттің кең иығы мен қыпша белін өсерлі етіп көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген, езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін — өміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан, бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен айта аламыз.
Артемида мүсіні
V ғасыр ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.
Периклдің қолында шексіз билік
болғанымен, о л оны асыра пайдаланған
жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны
көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының
астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін
топтастырды. Вольтер Афинының ұлы
мәдени дәуірін «Перикл ғасыры»
деп тегіннен-тегін айтпаса
Шындығында да, ежелгі грек жұртының
мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатгы
рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді
асқан шеберлікпен бейнелей білген.
Сондай ғаламат туындьшардьщ бірі —
«Милосск Венерасы». Адамзат баласының
сан мың ұрпағын осы уақытқа
дейін таң қалдырып, небір асқан
ақыл-ой иелерін бас идірген осы
бір таңғажайып ескерткіштің авторы
— Кіші Азиялық мүсінші Агесандр.
1820 жылы Жерорта теңізінің бір
аралынан табылған бұл бейне қазір
Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Шебер мүсі
Антикалық сәулет өнерінің шыңы —
ежелгі заманның өзіндеақ дорийлік стильдің
ең тамаша ескерткіші деп танылған
Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып
ғимараттағы Фидий қолынан
Лыпа киген кора(қыз). Бір бөлшегі
Грек халқының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлденуі тұспа-тұс келеді. Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалықтар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі — ғасырлар арнасында жоғалып, тек екі мың жылдан кейін ғана, яғни Қайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке» өнері. Ежелгі авторлар бұл «өнерді ең алғашқы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен, «Көлеңкені бейнелеуші» деген атақ алған. V ғасырда сондай-ақ Паррасий мен Тиманфр сияқты суретшілер драмалық көріністерді салып, адам бойындағы терең сезімдерді асқан шеберлікпен бейнелей білген, мұның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдірді.
Лыпа киген кора. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 530 ж. шамасы. Афины. Акрополь музейі
Бұл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды. Ол жазған «Теогония» (құдайлардың шығу тегі жөніңде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары — гректердің көңілінен шықты. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бұл жаңа жанрдың көрнекті өкілдері Архилог(біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың екінші жартысы), Солон (біздің заманымызға дейінгі 635—559 жылдар), Алкеи (біздің заманымызға дейінгі VII ғасыр аяғы мен VI ғасыр бірінші жартысы),Анакреонт (біздің заманымызға дейінгі 570—478 жылдар) және тағы да басқа. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге — классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.[1]
Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі
бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған.
Қала тапсырмасы бойынша жасалған мүсін
шебердің тек өз басының мұратын ғана
емес, қатал да арпалысқа толы өмір жағдайында
барлық азаматтарға тән ер жүрек, қайратты адам сұлулығы
туралы ұғымын білдіретін. Жалаңаш жігіттерді бейнелеу арқылы шеберлер
адам пішінінің пропорциясы жайлы білімін
жетілдіріп, дененің бұлшық еттерін зерттеді,
қажетті тәсіл-дағдыларды игерді. Б. э.
бұрынғы VI ғасырда эллиндік полистердемонументтік пластика кең тарады. Құдайлар
мен мифологиялық қаһармандардың қы
Мүсінші Аристокл. Аристионның құлпытасы. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 510 ж. шамасы. Афины. Ұлттық археологиялық музей
Бәдізшілердің ептілік шеберлігі, алуан түрлі материалдарды өңдеу өнерпаздығы арта түсті. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшықтан — терракотадан жасалатын. Тас пен терракота мүсіндеріне ашық түсті сыр жағылатын. Б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысында алдымен Самос аралында, ал одан соң Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйылған тұңғыш мүсіндер дүниеге келді. Ерте кезде архаика шеберлері мүсінге көбінесе құм қайрақ тасты пайдаланса, VI ғасырдың алғашқы жартысында, одан берірек әрі әсем мәрмәр тасын кеңінен қолданды.
Мүсіншілердің творчестволық мүдделері б. э. бұрынғы
VII ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық
өнердің екі негізгі бейнесін жасауда
— жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оранған,
қымтанған әйелді мүсіндеу бағытында
тоғысты. Мұның біріншісі, әсіресе, Солтүстік-Пелопоннес
пен Киклады аралдары шеберлерінің назарын
аударса, екіншісіне б. э. бұрынғы VI ғасырдың
ортасына дейін парсылар қол астына қараған
тұста өздерінің экономикалық және мәдени
дамуында құрлықтағы Грекиядан озып кеткен Аттика мен Ионияның кішіазиялық
қалаларының суретшілері көңіл бөлді.
Грек мүсін өнерінің түрлі мектептерінің
өз арасындағы көптеген айырмашылықтарына қар
Хиос шеберінің корасы. Мәрмәр. Б. э. бұрынғы 520 ж. шамасы. Акрополь музейі
Б. э. бұрынғы VI ғасырда аттика шеберлері өнерд
Афинының экономикалық және мәдени өрлеуіне б. э. бұрынғы 560 жылы өкіметті басып алып, қаланы отыз жылдан астам уақыт басқарған Писистрат тираниясы едәуір дәрежеде ықпал жасады. Ол кең өрістеткен ірі қоғамдық ғимараттар құрылыстары наразылық көрсеткендердің үнін өшіріп, еркін азаматтардың көбісіне табыс әкелді. Қала тез ұлғайып, Аттика территориясын жолдар торабы айшықтады. Афинының Мысыр және Қара теңіз жағалауы өңірімен берік сауда-саттық байланысы орнады. Писистрат заманынан бастап Афины грек мәдениетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта білді. Жыл сайын екі рет, көктем мен күзде халық үшін шарап құдайы Дионистің құрметіне көңілді мереке ұйымдастырылып, театр ойын-сауықтары көрсетілді. Солардан б. э. бұрынғы 543 жылы тұңғыш қойылымы Афиныда көрсетілген театр өнері — грек трагедиясы туды. Писистрат тұсында тәңірия Афинаның жалпы-қалалық мерекесіне айналғанПанафиндер салтанаты ұлан-асыр той-думанмен өтетін. Тұңғыш рет Гомер дастандарының текстері жазып алынды. Табиғи әрі сенімді қорған іспетті жақпар жартасты шоқыға, Афины акрополінің шыңына салынып, мүсіндермен әспеттелген храмдар қаланың айбыны мен ажарын құлпырта түсті. Осы діни ғимараттар арасында б. э. бұрынғы VI ғасырдың басына дейін сақталған Афинының аса ежелгі храмы — Гекатомпедон («жүз футтық») ерекше көзге түсетін. Акрополь ортасынан орын алған оның іргетасының қалдығын археологтар осы жерді қазған кезде тапты. Өткен ғасырдың аяғында бұл храмның фронтондық композицияларының жұмсақ құм қайрақ — поростан жасал- ған, сыры тамаша сақталған мүсіндері де табылды.