Қытай Коммунистік Партиясының жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:35, реферат

Описание работы

Қытай Халық Республикасы —中华人民共和国 — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

Работа содержит 1 файл

кпк.doc

— 925.50 Кб (Скачать)

Сонымен қатар, қазіргі Қытайдың саяси жүйесі модернизациясындағы  мәселелер  социализм бағытын ұстанып отырған мемлекеттерде нарықтық қатынастарды құру теориясына назарын аудартады. Көпшілік мақұлдағандай,  нарық пен демократия бір бірімен тығыз байланысты, ал социализм мен нарық бір біріне қарсы  қарама қайшылықтар.  Бірақ , қытай тәжірибесі көрсетіп отырғандай, басқару жүйесіне қарамастан дұрыс және салыстыра тексерілген реформа кез келеген мемлекетті  әлеуметтік экономикалық жетістіктерге жеткізеді.  Екінші жағынан, ұлттық ерекшіліктегі социализм қаншалықты ерекше болғанымен, соңында, ол қоғамды әлемдік жаһандану процессі бағытталған мақсатқа әкеледі, яғни, демократиялық даму бағытына.

Қытай еліндегі ұлттық ерекшелік негізінен социалистік мемлекеттің негіздерін сақтап, ҚКП басшылығы шеңберінде қытай қоғамын модернизациялау жүргізіледі.  Бірақ , біз ҚХР саяси жүйесі қатып қалған қалыпта тұр және реформаланбайды , өзгермелі экономикалық базисқа бейімделмейді деп те айта алмаймыз.

Әлі күнге шейін, көптеген саясаткерлердің ойынша, ҚКП монополиясы шеңберінде Қытай  мемлекетінің қоғамдық саяси құрлымын демократизацияландыру іс жүзінде мүмкін емес деп санайды. Бірақ , Қытай өзінің даму жолында тұрақтанған марксистік ленниндік стереотиптерін шайқалтқаны соншалықты тіпті мемлекеттің батыстық үлгіден ерекшеленетін демократия бағытына өтуі әбден мүмкін .  Егер де  осындай жағдайлар болашақта орын тапса, Қытай ҚКП басшылығы  рұқсат еткен шегіне дейін ауыса алады.

Менің ойымша, соңғы кезде Азияда орналасқан мемлекеттерде олардың болашағы үшін демократияның мағынасын шындап қайта ойлап жатыр. Азиядағы демократияның үлгісі ретінде саналатын Корея Республикасының  бұрынғы президенті Ким Дэ Чжун айтуынша, демократияға көзқарас ұлттың жетістігі немесе сәтсіздігін  білдіреді. XX ғасырда көптеген мемлекеттер нарықтық жүйені орнату арқылы экономикалық модернизацияны қолдады, бірақ саяси модернизациясыз , яғни, демократиясыз , бұл мүмкіндіктер сәтсіздікке ұшырады.

Бірақ, оңтүстік корея президентінің дамыған мемлекетер үшін демократияның әмбебап мағынасын барлық басшылар қолдаған жоқ. Осыған дәлел ретінде, Батыс демократиясының көптеген жақтарының тиімсіздігін Қытай үкіметі көрсетеді. Өйткені , билік басындағы партия адам құқықтарынан бұрын біріншілікті мемлекеттік мүдделерге береді. Менің ойымша, батыс демократиясының моделі Шығыс Азия үшін жарамсыз. Себебі, батыста  қолданылатын демократиялық жүйе Шығыстағыдай болу мүмкін емес. Мәдениет пен дәстүрде үлкен айырмашылықтар бар.  Сондықтан, демократиялық жүйе бір мемлекеттен екінше мемлекетке түрлендіріліп отырады. Мен  Карасон С. Акино (Corason С. Aquino, Филиппин елінің бұрынғы премьер-министр)

Танымал саяси және қоғам қайраткері Карасон С. Акино (Corason С. Aquino, бывший премьер-министр Филиппин) айтқан пікірді қолдаймын. Оның айтуынша: «Біз әмбебап құндылықтардың  қолданылуы және өмір сүру құқығына кепіл бола алатын ғаламдық демократияны дамытуымыз қажет».

Ең қызығы, Қытайға да  демократия қажет деп Дэн Сяопиннің өзі ашық түрде айтқан. Бірақ қытайдағы  реформаларының архитекторының  және оның замандастарының ойлауында   демократия Қытайда  партия және  экономика саласында демократиялық орталықшылдық  принциптері  көрсетілген. Қытай басшылары ҚХР  бірпартиялы жүйені түп негізімен өзгерту қажеттілігі туралы  мүлдем сөз қозғамайды.  

Саяси экономикалық  плюрализм  және ҚКП саяси монополиясы арасындағы қарсылықтарына қарамастан,  бұл жүйе өзінің тиімділігін халықаралық аренада дәлелдеді. Қалай дегенде де бірпартия басшылығындағы көппартиялы істестік жүйесінің механизмі мемлекеттің дамуын қамсыздандырып және саясатта демократиялық жылжуларды іске асыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Қытай Коммунистік Партиясының жүйесі