Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:35, реферат
Қытай Халық Республикасы —中华人民共和国 — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
РЕФЕРАТ
тақырыбы:
«Қытай Коммунистік Партиясының жүйесі»
Орындаған:
Самуратова Асель,
Ш -31 топ
Астана 2012
Жоспар
1.
Қытай Халық Республикасы —中华人民共和国 — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.
Елордасы - Бейжің
Ресми тілдері - қытайша
Үкімет түрі - Социалистік республика
— Төрағасы - Ху Жинтау
— Премьері - Уын Жиябау
Саясат жайғасы
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық уәкілдерінің жиналысы (БҚХУЖ). БҚХУЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХУЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады. Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
«Жаңа Қытай жұмысшы табы басшылығындағы жұмысшы иқан одағын негізін еткен халық демократиялық диктатурасындағы социалистік мемлекет»
БҚХУЖ бесінші сессиясында қабылданған ҚХР Ата Заңы. Бірінші бөлім. Негізгі қағидаттар. Бірінші бап.
ҚХР Коммунистік партиясы.
ҚКП 1921 ж. 1 шілдеде Шанхай қ. Қаласында құрылды. Ол ҚХР билеуші партиясы болып табылады және бүкіл қытай халқының мүддесіне өкілдік етеді.
28 ж астам КП жеңіспен және ҚХР жариялануымен аяқталған жаңадемократиялық революцияда көпұлтты қытай халқына билік етті.
ҚКП басшылығындағы Жаңа Қытайдың құрылуынан кейін қытай халқы көптеген қиыншылықтарды төзіп, кедей, жартылай отаршылдық, жартылай феодалдық мемлекеттен өзінің гүлдену және қуатты елге айналу сатысында тұрған мықты мемлекетке қол жеткізді.
КП билігі бұл ең алдымен саяси-идеялық басшылық. ҚКП халықтың қалауларына ықылас салып, өзінің ұстанымы мен саяси жарғысында іске асырғаннан кейін, БҚХУҚ бекітуімен мемлекеттік заңдар мен қаулыларына айналады. Партияның жүргізіп отырған саяси билігі Конституция Заңдарына сәйкес орындалады. Өйткені, партия Конституция және заңдардан жоғары уәкілдігін шектен шығара алмайды. Яғни, заңның алдында ҚКП мен бейпартия мүшелері барлығы тең.
ҚКП ОК үшінші пленумының үшінші шақырылымы 1979 ж. бастап партия жұмысының ауыртпалығын социалистік модернизация жолына бағыттап , ашықтық және реформа бағытына бет алды.
Ашықтық, реформа және социалистік нарықтық экономика үдерісін құрастыру жолында ҚКП көптеген сынақтарға тап болды. Партия жемкорлықпен күрес, сатылмайтындық сияқты өзекті принциптер партия құрлысының маңызды ұстанымы ретінде санайды. ҚКП ОК үшінші пленумының үшінші шақырылымында айтылғандай, сатылмайтындық рухындағы кадрлар құрлысының күшеюі және жемқорлықпен күрес жемісті социалистік нарықтық экономикасының кепілдігінің аса маңызды алғышарты.
ҚКП сипаты.
КП қытайдың жұмысшы тобының алдыңғы қатардағы тобы, көпұлтты мемлекеттің мүддесін білдірушісі және Қытайдағы социализм ісінің басшылық ететін тобы.
Партияның бірден бір мақсаты коммунизмдік қоғамның негіздерін жүзеге асыру. Билік басындағы Партия өзінің қызметінде марксизм-ленинизм, Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин теорияларын басшылыққа алады.
Негізге алынатын бағыты:
Мемлекеттің халықтарын біріктіру және жетекшілік ету
Экономикалық құрылыс
Ашықтық саясаты мен реформаларды дәйекті түрде жүргізу
Қытай елін дамыған, демократиялық және қазіргі заманғы мәдени социалистік мемлекетке айналдыру .
Социалистік жолды , халық демократиялық диктатурасын , ҚКП жағынан басшылықты , марксизм-ленинизм және Маоизм идеяларын қорғап, буржуазиялық ырықтандыруға қарсы тұру.
ҚКП дәйекті түрде халық-азаттық армиясына және барлық өзге де халықтық қарулы күштерге басшылық жасайды.
ҚКП мүшелері.
Партия мүшелері - коммунистік жағынан саналы маңдай алды жұмысшы табының күрескерлері.
18 жасқа толған Жұмысшы диқандар, әскери қызметтегі адамдар, интеллегенттер және т.б. революциялық элементтер; партияның бағдарламасы мен жарғысын мойындайтын, оның белгілі бір ұйымында болуды немесе белсенді түрде жұмыс істеуді қалайтын ; Партия шешімдерін орындауға және мерзімге сәйкес мүшелік жарнаны төлеуден бас тартпайтын тұлғалар ҚКП мүше болу туралы мәлімдемеге арыз бере алады.
Партия құрлысындағы негізгі төрт талаптары:
1. Партияның негізгі бағытын тұрақты және дәйекті түрде орындау
2. Іске деген реалистік амал тәсіл және ойлау бостандығы үшін қатаң тұру
3. Шексіз халыққа қызмет етуге тапжылмай ұстану
4. Демократиялық реализм принциптерін дәйекті түрде қамтамасыз ету
Қытай «Орта ауқатты қоғамның жан-жақты құрлысы және социалистік модернизациясына қарқынды жылжуы» атты жаңа даму деңгейіне өтті. Халықаралық және Ішкі жағдайда көптеген өзгерістер орын алуда. Сондықтан да, партия құрылымында да өзгерістер байқалады. Бүкіл мемлекеттегі халықтарды біріктіріп ілгері жетелеу үшін , модернизацияға қарай бетті бұрғызуға, бүкіл елді қайта біріктіргізу және дүние жүзінде бейбітшілікті сақтау мақсатында Партия қытай қоғамының алдыңғы қатарлы өндірістік күшінің даму талаптарын, қытай мәдениетінің озық бағыттарын , сонымен қатар, қытайдың қалың бұқара топтарының түбірлі мүдделерін үздіксіз қанағаттандырып отыруы қажет. Меніңше, ол үшін партия басшылығының қабілетін жақсартып, оның иммунитетін күшейту керек.
Жаңа Қытай құрылғаннан кейін ҚКП басшылық етіп, Қытай мемлекетін күннен күнге дамыған, күшейген, әуелетті елге айналдырды. Осы арқылы оны бұрынғы мешеу бейнесі өзгерді. Шынымен де, оның қытай қалқы үшін сіңірген еңбегі әсте ескерусіз қалмақ емес. Сондықтан да, ҚКп Қытай халқының түбірлі мүддесіне уәкілдік ете алады. Мүмкін, егер ҚКп басшылығы болмаса, қытайдың ұлттық тәуелсіздігі , тіпті , бүгінгі мемлекет қалыптаспас еді . Сол себептен биліктегі партия бүкіл елдің қолдауына ие.
ҚКП басшылығындағы көппартиялы істестік жүйесі.
Алдымен, саяси партия ұғымына тоқталып кетейік. Саяси партия – мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүд¬деге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады. Яғни, саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі.
Ол кез келген мемлекеттің саяси жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінің саяси жағдайына қарай бірпартиялы, көппартиялы және араласпартиялы деп үшке бөлінеді.
Қытайдың саяси партия жүйесі қытайлық ерекшелікті басшылыққа алып қалыптасқан. Сонымен, ол әсте көппартиялы, қоспартиялы да емес, және бірпартиялы да емес. Яғни, осының мағынасы, ҚХР саяси партия жүйесі бірпартия басшылығындағы көппартия істестік жүйесі. Әдетте бір партия билік басында болатын өзге партиялар оның төңірегінде болатын істестік жүйесі.
ҚХР саяси жүйесінің маңызды еркешелігі - көппартиялық жүйе- саяси аренада ҚКП басқа коммунистік емес саяси партияларымен бірге болуы. Олар:
1. Қытай Гоминьдан төңкерістік комитеті
2. Қытай Демократия одағы
3. Қытай Демократиялық мемлекеттер құру одағы
4. Қытайдағы демократиялық прогресс қоғамы
5. Қытай жұмысшы диқан демократиялық партиясы
6. Джэгун партиясы
7. Джюсан қоғамы
8. Тайвань демократиялық автономиялы одағы
Олардың барлығы ҚКП басшылығындағы мемлекеттің саяси өміріне араласатын партиялар деп аталады.
ҚХР Ата заңында «ҚКП басшылығындағы көппартиялық жүйенің ынтымақтастығы және демократиялық кеңес басқа мемлекеттердегі көппартиялық жүйелерден түбегейлі ерекшелінеді. Бұл жүйе тарихи құрылды, терең дәстүрлерге ие және ҚХР саяси жүйесінің ерекшеліктерін бейнелейді. Яғни, коммунистік емес партиялар оппозициялық емес, ҚКП қарасты достық партиялар » деп жазылған. Қытай саяси жүйесінің тағы бір маңызды ерекшелігі - саяси партияларға қос мүшелік. Соңғы кезде ҚКП мүшелер саны жылдан жылға асуда. «Бұл партияға деген халықтың шын сенімі немесе авторитарлық режимнің белгілері ма?» деген сұрақ туады.
(мәлімет Қытайдың хабар алу интернет орталығынан алынған http://russian.china.org.cn/
Ең қызығы, партия құрамындағы азаматтардың көбі мемлекеттік емес кәсіпорындардың жұмыскерлері болып табылады. Қазір мемлекеттік емес кәсіпорындарда ҚКП мүшелер саны 286,3 млн. адамға жетті. Осы мәлімет бойынша, егер 2002ж. Партия құрамында мемлекеттік емес кәсіпорындарынан 99 мың адам болса, ал 2006 ж. 178 мың адамға жетті. Яғни, бұл көрсеткіш 4 жыл ішінде 1,7 есеге артты.
Жылдар | Қанша пайызға артты | Мүшелердің жалпы саны |
2006 ж. | 1 % | 76 млн адам |
2009ж. | +3% (2 млн) | 78 млн адам |
Жалпы, меніңше, бүгінгі таңда партия мәселелеріне қатысты ұлттық көзқарас әр түрлі. Кез келген мемлекетте саяси партия деген құбылыс жайында ерекше түсініктер пайда болды. Кейбір мемлекеттерде , мысалы, Германияда саяси партия мен қоғамдық бірлестіктер арасында нақты анықтама және нақты айырмашылықтар бар болса, ал басқаларында , мысалы Швецияда, партияға ең кең және жан жақты түсінік берілген. Бұның себебі, партия институттары барлық мемлекеттерде әр түрлі даму жолдарынан өтеді. Осылайша, Еуропаның ауқатты мемлекетінің бірі Германияда мынадай тенденция байқалды: мемлекет өмірінде партия рөлінің артуы және оларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру партияға саяси институт ретінде халықтың сенімі төмендейді. Яғни, демократияны дамытудың орнына демократиялық принциптердің кері шегінуі байқалады. Францияға келетін болсақ, мемлекетте партиялар мемлекеттік ұйымдардан салыстырмалы түрде бостандығына ие. Ал Қытай - бұл социализм мен демократияның бірден-бір үйлесімі, оның негізгі элементі – «көппартиялық жүйенің бірлігі». Дегенмен, Менің көзқарасым бойынша, Қытайдағы қоғамдарды , одақтарды бір идеология негізінде құрылған одақтар ретінде мүлдем қарастыруға болмайды. Тіпті , олар әлі де болса мемлекет басшылығындағы партияға тәуелді.
Реферат тақырыбының өзектілігі қауіпсіздік және шетел тәжірибесін пайдалану мақсатында туған жеріміз Қазақстанмен көршілес тұрған мемлекеттердегі , әсіресе, орасан зор Қытай еліндегі саяси кешенді процесстерді зерттеу қажеттілігімен анықталады. Әсіресе, саяси тәсілдерді пайдалану арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету негізінде ҚХР саяси жүйесінің модернизация үрдісін жан жақты зерттеу өте маңызды. Өйткені , аспан асты елі өте қысқа тарихи уақыт ішінде өзінің саяси жүйесінің маңызды негіздерін әзірше қозғамай экономика саласында биік жетістіктерге жетті.
2002 ж. XVI БҚХУЖ кезінде ҚКП ҚХР мемлекеттегі саяси жүйені өзгертпей ақ нарықтық реформа жолына бағыттады. Бірақ, осы өзгерістердің өзі жаңа қытай қоғамының саяси жүйесінің модернизациялау үдерісіне негіз бола алады деп ойлаймын.
Марксистік-лениндік теориялар арқылы қытай қоғамынның саяси жүйесін модернизациялауға әрекеттер ҚКП басшылығындағы және маңызды ұйымдасқан оппозициясы жоқ партократиялық авторитарлық мемлекеттің құрылуына әкелді.
Бүгінгі күні Қытай реформаларының тәжірибесі бүкіл дүние жүзі бірлестігінің қызығушылығын тудырады. Осы тәжірибеге байланысты кең ауқымдағы зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ , қытай реформаларының жүйесінде әлі күнге дейін олардың тиімділігіне әсер ететін барлық факторлар зерттелген жоқ. Алайда нақ осы процесс ҚХР үдемелі өзгерісінде аса маңызды рөл атқаруда.