Иран
Ислам Республикасының ұлттық ядролық
бағдарламасы ғылыми техникалық саладағы
дамытуды әр мемлекеттің аясындағы
ішкі қарым-қатынастарына тиесілі
мүдде ретінде қарастыры-лады. Бұл
факторлар Ресей немесе Иран мемлекеті
үшін ішкі саяси бағыттарды бекемдеуге
ықпал ететіні анық. Ирандағы радикалды
саяси партиялардың көзқарасын өзгертіп,
әлемдегі басты мәселеге айналуы
мүмкін деген үрей бар. Иран мемлекетін
өз қолымызбен ядролық алпауыт мемлекеттердің
қатарына қосылуына мүмкіндік берудеміз.
Ресей үкіметіне Иран Ислам Республикасымен
ядролық бағытта саяси-техникалық
байланыс жасап, ықпал жасағандығы
үшін АҚШ тарапынан жан-жақты
қысым көрсетілуде. Америка Ресейге
Иранға ракета-ядролық бағдарламасын
сатты деген айыптаулармен Ресей
мекемелеріне санкциялар жүргізді. Иран
мемлекеті аймақта өзінің өктемдігін
ядролық қарумен қоқан-лоққы көрсетер
болса, АҚШ пен Израиль мемлекеті
бірлесіп соғыс күшін көрсететінін айтты
[15, c.45].
Иранның
ядролық бағдарламасының бейбітшілік
бағытта еместігінен көрші мұсылман
елдері де алаңдауда деген ақпараттық
ағымдардың таралуы Ресей-Иран ядролық
бағыттағы ғылыми-техникалық қарым-қатынасқа
қарсы америкалық, еуропалық, израильдік
мамандардың теріс көзқараста екендігін
аңғарамыз. Батыстың зерттеуші мамандарының
ғылыми тұжырымдамасында ішкі саясат
пен сыртқы саясат тұрғысынан Иран
Ислам Республикасын «террористік мемлекет»
және де адам құқықтарын сақтамайтын
жабайы деген пікірде. Осы айтылған пікірлер
Ресей мен Иран арасындағы ғылыми-техникалық
ядролық бағдарламасының теріс жақтарын
аңғартатыны анық. Бірақ Ресей маман-дарының
бұл пікірлерге қосылмайтындықтарын (РИСИ)
А.В.Новикова, (РАН) А.А. Кокшкина т.б. Ресей
сараптамашыларының көзқарасынан біле
аламыз.
Иран
Ислам Республикасы әлемдегі ядролық
елдердің қатарына енер болса, Пәкістан
және Үндістан қатарлы мемлекеттерге
қосылары анық. Иран мемлекеті уран
мен ядролық бағыттағы бағдарламасын
іске асыру жобасын тек бейбітшілік
мақсатта қолданатынын айтуда.
XXI
ғасыр ғылымның ғасыры екені
баршамызға аян, жетістіктер жылдап
емес, сағаттап өзгерістер әкелуде.
Иран
елінің үш мыңжылдық тарихында өркениеттің
өзегінің бар екенін тарихи жәдігерлер
дәйекті дәлелдер беруде. Жоғарыда
айтып өткендей, ғылымдағы жетістіктерді
әрбір мемлекет бейбітшілік мақсатта
қолдануға құқылы екеніне сүйене
отырып, ғылымдағы жетістіктерді
жандандыруға мүдделі.
Иран
Ислам мемлекетіне атомдық энергия
не үшін қажет деген сұрақ туады.
Осы сауалдың жауабын құрлықтағы ядролық
алпауыт мемлекеттердің өздері беріп
отыр. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция,
Қытай мемлекеттері сияқты мемлекеттердің
ядролық ғылым саласындағы көптеген ғылыми
жетістіктері дәлел болады. Иран мемлекетінің
бұдан басқа да саладағы жетістіктерінің
өзі бір басына жетіп артылуда. Иран Ислам
Республикасының ұраны - ғылымда, саясат
саласында және басқа да салаларда тәуелді
болмау, сондықтан Иран өзінің жеке энергия
өндіру өндірісіне атом қуатын қолдану
арқылы елде ядролық күш-қуатын пайдалану
мүмкіндігіне ие болу.
Алматыда
пресс-клубта журналистермен Қазақстандағы
Иран Ислам Республикасының төтенше
және ресми өкілі Рамин Мехмонпарас
мырзамен кездесу өтті. Пресс-конференция
бүгінгі таңда әлемдегі өзекті мәселеге
айналып отырған «Иранның ядролық
бағдарламасы: (МАГАТЭ) ХАЭА мен қызметтесуі
және әлемдік қауымдастықтың көзқарасы»
атты тақырыпты қамтыды. Иран Ислам
Республикасының төтенше және өкілетті
елшісі Рамин Мехмонпарас мырза
«Иранның ядролық бағдарламасының»
бейбітшілік мақсатта жобаланғандығы
жөнінде және де ядролық қарудың
әлемде таралуына Иран елі кесімді
түрде қарсы екендігін атап өтті.
Халықаралық
атом энергия агенттігінің басшысы
Мұхаммед әл-Барадеидің есеп беру жиынында
Иран елінің ядролық бағдарламасына
АҚШ, Ұлыбритания және Израиль тарапынан
тағылған жалалар негізсіз деп табылды.
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы
Төтенше және өкілетті елшісі Рамин
Мехмонпарас АҚШ-тың Иран елінің
ядролық бағдарламасына жасап отырған
қысымы мен жаласын негізсіз деп,
Әлемдік қауымдастық және Халықаралық
атом энергетика агенттігі жалған ақпараттың
анық-қанығына жететіндігіне тоқталып
өтті. Елші мырза ұлы Иран халқының
«Ядролық бағдарламадағы» шынайы мақсатының
кіршіксіз таза екендігіне және де,
негізінде милитаристік мақсаттың
жоқтығына тоқталып өтті.
Дүние
жүзіндегі дамушы мемлекеттер өздерінің
өндірісте және тағы басқа салаларда
даму мүдделерін қорғауы және атом
саласындағы жетістіктерін бейбітшілік
мақсатта қолдануға мүдделі. Халықаралық
Атом Энергетикасы агенттігінің (ДНЯО)
негізінде осы бағыттағы мемлекеттердің
бейбітшілік тұрғыдағы атом саласын
дамытудағы бағыттарын бақылап, көмек
көрсетуі керек.
Америка
Құрама Штаттарының және оның ықпалындағы
мемлекеттердің ғылыми-техноло-гиялық
жетістіктерге қол жеткізген
мемлекеттерге жасап отырған
қысымы деп атап өтті. Елші мырза
Иран елінің сәуірдің 10-күні «Ядролық
технология саласында» жеткен жетістіктерін
атап өтетіндігін жеткізді [17, c.12]
Иран
Ислам Республикасы «Ядролық қаруды
таратпау келісімшартының» баптарына
сәйкес барлық ережелерді орындау және
келісімшарт негізінде ядролық
энергияны бейбітшілік мақсатта
электр энергиясын өндіруде, өндірісте,
медицина саласында, биология және гидрология,
т.б салаларда қажетке жарату болып саналады.
Иранның
ядролық бағдарламасы қашан басталды
және АЭС-нің салынуы нендей мақсатта
деген сұрақ туады?
Иран
Ислам төңкерісіне дейін Иран
шахтық-монархиялық биліктің ықпалында,
Мұхаммед Реза шах Пехлеви өзінің
жобасында елде атомдық энергетиканы
қолға алуды жобалаған болатын.
Демек, жобаның бастауы ХХ ғ. 70-жылдары
жолға қойылды. Тегеран университетінде
атом орталығын құрып, зерттеу жұмыстарына
кіріскен болатын.
Иранның
ядролық бағдарламасының алғашқы
қадамына қолдау білдірген АҚШ-тың
өзі болатын, 1967 жылы Иран шахы Мұхаммед
Резаға 5 МВ-тық қуаты бар атомдық
реакторды берген болатын. Атом электр
станциясының құрылыс жобасын жасау
Германия мен Францияның үлесіне
тиді.
1968
жылы Иран ЯҚТКШ-на қол қойып,
1970 жылы бекітті. 1974 жылы «Иран
атом энергия ұйымы» (ИАЭҰ) құрылып,
батыс елдерінің және АҚШ-тың
қолдауымен 30 мың доллор тұратын
23 ядролық тоқ қуатын өндіретін
блоктардың жобасы ұсынылды. Жобаның
орындалу мерзімі 25 жылға есептелген болатын.
Иран
шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің осы
жыл аралығында «Иранның ядролық
қаруды басқалар ойлағандай уақыттан
тез арада игеретініне сенімдімін»
деген сөзі Еуропа және АҚШ-тың
Иранға деген саясатына кедергі
болды. Көп ұзамай шах бұл сөзін
қайта алды.
Иранның
ядролық бағдарламасына Израиль
мемлекетінің тікелей демеуші болғанына
қазір сену қиын болар. Дегенмен, сол
уақытта қазіргі Израильдің басшысы
Шимон Перес Қорғаныс министрінің
орынбасары болатын, ол Иран шахымен
Тегеранда кездесіп, Бушердегі атомдық
реактордың құрылысына серіктес болуға
өз ұсынысын жасаған болатын. 1968 жылғы
Тель-Авивтегі халықаралық ғылыми
конференцияда ирандықтардың израильдіктермен
серіктес болу ұсынысы қалыптасқан
болатын. Атом энергетикасының негізін
салуда Иран елінде Ислам төңкерісіне
дейін Израиль атом орталығының
мамандары еңбек етті. Бүгінгі
таңда Израильде Иранның ядролық
бағдарламасы төңірегіндегі мәселелер
күрделі орында тұр. АҚШ-тың мемлекеттік
хатшысы Хиллари Клинтонның Израильге
ресми сапарындағы саяси тақырыптардағы
басты мәселелердің бірі болды.
Санкт-Петербург
қазіргі Таяу Шығыс орталығының
ғылыми қызметкері, шығыстанушы, тарих
ғылымдарының кандидаты Гумер
Исаев Иранның ядролық бағдарлама
мәселесіне қатысты бірнеше пікірлерді
айтады. Алғашқыда Иранның ядролық
бағдарламасының демеушісі болған
мемлекеттердің бірі АҚШ, Германия, Франция
болатын, бұл мемлекеттер Ирандағы
шахтық режим құламағанға дейін
«ирандық ядролық бағдарламаға»
ешбір қарсылық көрсетпеді. Иран Ислам
төңкерісінен кейін америкалық, батыстық
саясатқа қарсы қозғалыс басталғаннан
кейін америкалықтар Иранның ядролық
бағдарламасына қарсы пікірлерді тарата
бастады, өйткені Иран Батыс елдерінің
мәдениетінен бас тартып, ықпалын тоқтатты.
Иранда ядролық қарудың барлығы қаншалықты
шындыққа жанасаты-нына және де бұған
қандай пікірде болуымыз керек деген сауалға
нақты жауап беру қиынға соғады.
Иранның
ядролық қарудың иегері болуы
бір жылдың емес, бірнеше жылдың
қажырлы еңбегін қажет етеді,
өйткені Иранның ядролық қаруды
аз уақытта игеруі техникалық тұрғыдан
мүмкін емес. Кез келген ядролық
зерттеу жұмыстарының екіжақты мақсатының
бар екендігін ұмытпауымыз керек.
Ядролық технологияны дамыту тарихына
жүгінер болсақ, бірі - бейбітшілік
мақсатында екіншісі - әскери салада дамытып
келе жатқанына ядролық қарумен
жарақтанған мемлекеттерден аңғарамыз.
Ендігі
мәселе Иранның ядролық технологияны
ғылыми тұрғыдағы дамыту жетістіктері
бұнымен тоқтайды деген сөз емес.
Ядролық қарудың қожайыны болу -
әлемдегі саясаттың тұтқасын ұстау,
құдіретті мемлекеттердің біріне айналу
деген сөз. Ал бұған Иран елінің ұмтылмайтынына
әлемдегі ешбір мемлекеттің, әсіресе
АҚШ, Израиль сияқты елдердің сенуі
мүмкін емес. Иран Ислам елінің ядролық
қаруды игерген күннен бастап әлемге
қауіп төндіреді деген сөз
шындыққа жанаспайды.Иран Ислам Республикасы
ислам шариғатына сүйене отырып, жаппай
қыру қару-жарағының адамзат баласына
және қоршаған ортаға зиянын тигізетінін
ескере отырып, өзінің қорғаныс доктринасында
химиялық, биологиялық жаппай қыру
жарағына кесімді түрде қарсы
екендігін айтады.
Араб
мемлекеттерінде Иранның ядролық
бағдарламасына деген қобалжулар тууда.
2006 жылы 2 қаңтарда Лондондағы «Әл-Хайят»
газетінде саудтық зерттеуші
Мансур Әл-Юсуфтың «Ирандық-ядролық
реактор және Бұғаздағы тепе-теңдіктің
бұзылуы» атты мақаласы жарық көрді.
Мақаланың мазмұнында Араб елдерінің
ядролық қаруының жоқтығын және қаруды
жасау жоспарының болмауын алға тартады.
Бушер АЭС-нің аймақтағы экологиялық
ластануына әкелетінін және де 1986 жылғы
Чернобльдегі қайғылы оқиғаны қозғады.
Иранның бейбіт түрдегі ядролық
бағдарламасынан Араб және Парсы
шығанағы елдерінің қобалжулары
негізсіз екендігін Иранның сыртқы
істер басқармасының ресми өкілі
Хамид Реза Асефи мырза пресс-конференцияда
мәлімдеді ( ИТАР-ТАСС).
2006
жылы 11 сәуірде Иранның вице-президенті
Ғұламреза Ағазаде мырза
ядролық бағдарлама-сының жетекшісі мемлекеттік
телеарнадан Иранның төменгі деңгейде
байытылған уран алғандығына қол жеткізгендігін
мәдімдесе, артынан ел президенті Махмұд
Ахмадинеджад Иран елінің «Құдіретті
ядролық мемлекеттердің қатарына» енгендігін
мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеменің
түбірінің тереңде жатқандығын аңғару
қиындықты тудырмайды, осыдан 35 жыл бұрын
Иранның монархиялық билігінің өкілі
Реза шах Пехлеви әулетінің мұрагері айтқан
болатын.
Орталық
Азиядағы тұрақсыздық мәселесі - Америка
Құрама Штаттарының саясаткерлерінің
Иранның бүгінгі таңдағы мұсылман
елдеріне тигізіп отырған ықпалына
алаңдауда. Соның ішінде бұрынғы
кеңестік одаққа мүше елдермен қарым
қатынасының орнығу болса, келесі даулы
мәселе - Ресей Федерациясының АЭС-тің
төңірегіндегі жайлар.
Иранда
2006 жылы 26 тамызда ядролық реакторлардың
шикізатын өндіретін зауыт іске
қосылды. Зауыттың ашылу рәсіміне Иран
Ислам Республикасының президенті
Ахмадинеджад қатысты. БҰҰ-ның резолюциясына
сәйкес Иран 2006 жылғы 31 тамызға дейін
уранды байытуды тоқтату керек болатын.
Бірақ Иран БҰҰ-ның ескертпесін
елемеді, уранды байыту жұмысын жалғастырды.
Осыдан бір ай бұрын Иранның БҰҰ-дағы
өкілі Джавад Зариф «Иранның ядролық
бағдарламасы бейбітшілік мақсатта
екендігін және дүние жүзіне қауіп
төндірмейтіндігін мәлімдеген болатын».
2008 жылдың 22 ақпанында МАГАТЭ Иранның
ядролық бағдарламасының шынайы
келбетін ашылмағандығы жайындағы
мәліметтермен хабардар етті.
2008
жылдың 4 наурызында БҰҰ-ның ҚК-сі
Иранның уранды байытуды тоқтату
жөнінде жаңа резолюциясын қабылдап,
алдыңғы екі резолюцияның талаптарын
орындауды бұйырды. Құжаттарды
қабылдауда 15 мүше мемлекеттің 14-і
бір ауыздан мақұлдады. Резолюция
күшінің орындалу мерзімі 90 күн
ішінде іске асу керектігін
Тегеранға ескертті. БҰҰ ҚК-нің
бұл талаптарына Иран тез арада
жауап қайтарды: Иран БҰҰ-ның жетегінде
жүрмейді және ядролық бағдарламасын
тоқтатпайды [18, с.50].
2008
жылы 22 қыркүйекте Мұхаммед Әл-Барадей
басқарма кеңесінде зерттеу агенттігінің
Иранның ядролық қаруға қатысты
құжаттамаларының және ядролық
қару жасау жобасының табылмағандығын
мәлімдеген болатын. Бірақ ол
өзінің БҰҰ ҚК-нің тарапынан
қойған талаптарын орындамағандығына
және де Иранның төменгі дәрежедегі
уранды байыту жұмысын тоқтатпаған-дығына
қатты қобалжулар білдірді. Егер
Иран өзінің жарияланбаған ядролық
құжатнамаларын, ядролық қару жасау
жобалары жайында ақырғы шешуші
жауабын бермесе, агенттік тарапынан
қолдау көрсетпейтіндігін атап
өтті. 2008 жылдың 29 қыркүйегінде Иран
президенті Махмұд Ахмади- неджад
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі Жоғарғы
Ассамблеясының пресс-конференциясында
Иранның центрифугасында қолданылып
жатқан урандық шикізаттың ядролық
қару жасауға жарамсыз екендігін
кез келген сарапшы дәлелдеп
береді деді.