Ядролық қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 21:02, реферат

Описание работы

Алдын ала кесіп-пішілмеген факторларды сараптау Қазақстанның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық оқу орталығын құруға ықтимал ұтымды кандидат бола алатынын айғақтайды. Ықтимал орталық аясында барлық қажетті далалық жаттығулар мен теориялық семинарлар өткізуге болар еді. Аталған орталық Орталық Азияның сарапшылық және ішкі мемлекеттік бақылау, ядролық материалдарды физикалық есепке алу мен қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы әлеуетін күшейте түсер еді.

Работа содержит 1 файл

курсовая ядро.docx

— 97.89 Кб (Скачать)

     Әлем   ғасырдың   екі  ғаламат    оқиғасының – ядролық    қаруды   игеру    мен  космостық   кеңістікке     шығу    секілді    тарихи     оқиғалардың  куәсі.   Ол  ұлы    державалар     үшін    қуаныш    болса,   халқы    үшін   қасірет    еді.

     Кейінгі     жарты   ғасыр    бойы    әлем  өміріне     қауіп     төндіріп     келе    жатқан    ядролық     қарудың      көзін    құрту    барлық      халықтардың    арманы    болып  отыр.   Жойқын     қаруды   1945   жылы      бірінші     болып     сынаған    да,   сонан   соң    жауына     қарсы     жұмсаған    да    АҚШ   еді.   Бірақ  атом    бомбасына      АҚШ-тың    монополиясы   көпке     созылмады.          КСРО-ның    да    қол    жетіп,     екі    мемлекет    арасында   жанталаса     қарулану      жолында   егес-бәсеке   басталып      жүре   берді.  Осы   мақсатта     атқарылмаған    іс    қалмады.   Ең   алдымен,  сынақ   полигонын    дамытуға     мән    берілді.  Оған    қоса,   осы   саладағы    жұмыстар      тек   құпия    түрде     жүргізілді.  Бұрынғы     Кеңес     Одағының    ядролық     жиынтығына  700 000     тұрғыны    бар   10   жабық    ядролық     қала    қараған    екен.  Ол  салада    1  млн.   астам    жұмысшылар      қызмет    атқарған.  

     Деректерге   сүйенсек,   әлемде    2044    ядролық      жарылыс    өткізіліпті,   оның    513-і   атмосферада.   Соның     52,7  проценті  АҚШ-та,   35  проценті    бұрынғы    КСРО-да,  8,8   проценті     Францияда,  2 проценті   Ұлыбританияда    және   1,6   проценті     Қытайдың   Қазақстанмен    шектес     Лобнор    полигонында    болған. 1975    жылы    жердің    астында    ядролық  қаруға  сынау     жасалып, 1960жылдан    бастап    уран    алу    жұмыстары    жүргізілген.    Жарылыстан      кейін  жердің     бетінде    ойдым-ойдымдар      пайда   болған.

     Ядролық    қаруды     сынау    зардаптарын  анықтау    мақсатымен      кезінде     құрылған      ғылыми   экспедиция      1957    жылы-ақ     Семей      облысының    Абай    ауданы     тұрғындары   мен малдарында     радиацияның       үлкен    сәуле        ауруы      патологиясы   барын      анықтаған    еді.  Радиациялық сәуленің     жалпы      дозасы      400     рентгеннен      кем     емес    болды.  Мысалы,    Семейдегі    ядролық      сынақтар     салдарынан       соңғы     жылдары әр  жүз    адамға     шаққанда   жүйке-психикалық      ауруға    шалдыққан      адамдардың     саны   960-1624-ке,  ақыл-ойы кем адамдар   3105-тен 4612-ге,    невроз     және  жүйке   тамыр     дерті   бар адамдар    3692-ге   көбейген.   Ал  сары    ауру,  іш  ауру     сияқты     дерттер     халықты    әбден    меңдеген.   Бұрын    өкпе    ауруын       тұқым    қуатын    ауру     деп    келсек,   енді    қазақтар   дауасыз    рак,   лейкоз,    паралич,   анемия,   жазылмайтын    тері   ауруларынң  алуан    түрлеріне     душар    болып    отыр.   Ұрпаққа    жалғасатын      мұндай   дертке    дәрі    де,   дәрігер    де   дәрменсіз.   Өйткені      олардың    бұрын-соңды     адамзат     баласында    кездеспеген   ауру-сырқаулардың    «жаңа»     түрлеріне   тап   болып   отырғандықтан     жасырын емес.  Қазір республиканың     қай   тұсында     болса да,   түрлі    аурулар    жұқпалы аурулармен    ауыратын     адамдар     мың   адамға    шаққанда     қазір   7,7    адамнан     келеді.    Бұл көрсеткіш    2000  жылға   қарай өсіп,    10,6 - 11,0  адамға     жетеді.   Жыл сайын    20 мыңға     жуық    сәби    шала  туып,    5  мың    сәби    іштей     мүгедек     болып     жарық     дүниеге    келіп   жатыр.   Міне,   осының    бәрі     жеріміздегі      алапат   ядролық     жаралыстар      әсері     деп    білеміз[3, с.59].

     Таяуда  әлемдік саясат алаңында халықаралық  мәнісі аса маңызды және ғаламдық өркениеттің дамуына тигізер  әсері айтарлықтай ерекше бір  оқиға орын алды. АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда болып өткен Ядролық  қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит дүйім жұртшылықты дүр  сілкіндірді. 47 елдің басшыларының бастары түйіскен осынау ауқымды  жиын бүкіл адамзат атаулыны алаңдатып  отырған ядролық қару-жарақтарды таратпау, оларды түбегейлі жою мәселесін  жан-жақты талқылады, сөйтіп бұл  бағытта бірлесе күш біріктіре  отырып ядролық қарусыз әлем құруға нақты қадам жасады.

     Осыдан 65 жыл бұрын өткен Ялта конференциясынан кейінгі  көпшіліктің ортақ мүддесі  тұрғысынан қабылданған осынау ерен шешімнің, сайып келгенде, бүгінгі  және келерұрпақтың жарқын болашаққа  деген сенімін нығайта түсері анық.

      
 
 
 
 

     
    1. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі  ұйымдардың рөлі

     Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар 2010 жылы 29 тамыз күніне орай өткізілген халықаралық конференцияның негізгі  мақсаты – жалпы ядролық сынақтарды тоқтатудың және ядролық қаруды жоюдың саяси жағдайларымен бірге, Семей  аумағының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін қарастыру  болды. Конференцияға Парламент  пен Үкімет, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың және азаматтық  қауымдастықтың өкілдері қатысты. Бұл  конференцияның Қазақстан төрінде  өтуінің маңызы зор, өйткені Қазақстан  Республикасы Президентінің ұйтқы  болуымен әлемнің ірі елдері ядролық  қарудан бас тартқан болатын.

     Осыған  байланысты Қазақстан Барак Обама  мен Дмитрий Медведевтің стратегиялық қару-жарақтар саласында жаңа келісім-шарт бекіту жөніндегі күш-жігерлеріне айрықша үміт артады. Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның уағдаластықтар заңды сипатқа ие болып, оларды сенімділендіру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс деген тілегін қолдаймыз.

     Сонымен бірге мен стратегиялық ядролық қару-жарақтарды қысқарту саласында қол жеткізілген және күтілген табыстар өзімізді-өзіміз тыныштандыруға, оның үстіне еш себепсіз эйфорияға апармауы тиіс деп есептеймін. Атап айтқанда, Жер шарының түрлі өңірлерінің аумақтарында тактикалық ядролық қару-жарақтардың айтарлықтай қорлары шоғырландырылғанын ұмыта алмаймыз. Таяу болашақта тактикалық ядролық қару-жарақтарды қысқарту мен жою мәселелерін жаһандық күн тәртібіне енгізу саналы қадам болар еді деп ойлаймын.

     Менің пайымдауымша, Тынық мұхиттың Латынамерикалық  бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия тәрізді  ядролық қару-жарақтан ада өңірлік  аймақтардың тәжірибесін зерделейтін  уақыт келді. Мұның сенімсіз көрінуі  мүмкін – ядролық қарусыз аймақтарға ресми ядролық мемлекеттер тарапынан мойындауды және тиісті қарарлар қабылдауды жылдап күтуге тура келеді. Осының бәрі жаһандық державалардың олардың ядролық қарусыз әлемге шынайы ұмтылысы туралы жасаған талай-талай мәлімдемелері аясында орын алып отыр. Сондықтан мен қауіпсіздік кепілі ретінде де, сол сияқты қатысушы мемлекеттерге тиісті преференциялар ретінде де қарастырылатын ядролық қарусыз аймақтардың халықаралық-құқықтық мәртебесі туралы мәселені шұғыл түрде талқылауды ұсынамын.

     Ойымды  түйіндей келе бүкіл халықаралық  қоғамдастықтың, оның ішінде Ядролық  қауіпсіздік жөніндегі сәуір  саммитіне қатысушылардың назарын бірнеше принципті жәйттерге тағы да аудара түсу қажет деп есептеймін.

     Бірінші. Ядролық қарусыз әлем – қысқа  тарихи мерзімде қол жеткізу мүмкін емес аса ауқымды мақсат. Дегенмен, бұл қаруды таратпау, ядролық қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде бүгін атқарылуға тиіс істерді ертеңге қалдыруға сылтау бола алмайды.

     Екінші. Ядролық қарусыз әлемнің болашағы көптеген жағдайда бүгінде қалыптасып жатқан халықаралық тәртіптің қандай болатындығына байланысты. Демократия түрлі тараптардың пікірлерін есепке алу құралы ретінде халықаралық қарым-қатынастар саласына тараған жағдайда ғана шынайы көпполярлылықтың мүмкін болатынына сенімдімін. Тек осындай жағдайда ғана шағын және орташа мемлекеттер ядролық қарудан қауіпсіздіктің басты кепілін көруді қойып, семсерлерді соқаға айналдырып, қайта соғатын болады.

     Үшінші. Ядролық қарусыз әлем идеалдарына  қарай шынайы қадам жасау бірінші  кезекте ресми ядролық державаларға байланысты. “Қосарлы стандарттар” қолдануға жол бермей, қаруды таратпау мен қарусыздану мәселелерінде солардың өздері басқа мемлекеттер үшін үлгі болуға тиіс.

     Төртінші. Ядролық технологиялары бар-жоғына қарамастан, бүкіл елдер мен халықтардың күш-жігерлерін біріктіргенде ғана ядролық қарусыз әлем шындыққа айнала алады. Бәлкім, болашақта барлық мемлекеттердің әр қадам сайын ядролық қарусыз әлем идеалына қарай аяқ басуға деген шешімін бейнелейтін Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдау туралы мәселені бүгіннен бастап талқылаудың да өзіндік мәні болуы мүмкін.

     Бесінші. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан  қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде халықаралық қоғамдастыққа сенімді әріптес болған, болып отыр және бола да береді. Біздің бұл мәселелердегі саясатымыз теңдестірілген, дәйекті және жауапкершілікті күйінде қала бермек.[4, с.78]

     “Адамзат  дау-жанжалдары тарихында ешқашанда  осынша көпшілік осынша азшылыққа міндетті болған емес”, деген екен 70 жыл бұрын  Уинстон Черчилль. Бақытқа қарай, әлем бүгінде ядролық дау-жанжалдардың аренасы болып табылмайды. Бірақ ол елеулі қарама-қайшылықтар аренасына айналып отыр. Және осы қарама-қайшылықтардың шешімі шешімдер қабылдайтын аз ғана адамдардың, әрқайсысы бөлшектелінген атомның біздің бәрімізді де бөлшектеп жібермеуі үшін белгілі бір жауапкершіліктер арқалаған мемлекеттер басшыларының қолында тұр. Шара барысында Келісім Ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Тибор Тот еліміздің Мемлекеттік хатшысы, әрі Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесті. Конференцияның қатысушыларына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун арнайы жолдау жіберген екен. Аталған Жолдауды БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Орталық Азиядағы превден- тивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енча оқыды. Үндеуде «Қазақстан бізге ядролық қарудан азат әлем құруға қол жеткізуге болатынын және дүниежүзі жетекшілері мен азаматтық қоғамның сенімді бастамасы саясатты өзгерту әрі қару-жарақ қорын қысқарту жолдарын  көрсетті»,– делінген.Сонымен қатар Үндеуде бұл прогреске қол жеткізу оңайға соқпайтындығы, алайда оған қол жеткізу үшін БҰҰ барлық қатысушы елдер тарапынан ең жоғары деңгейде үздіксіз күш-жігер мен белсенді назар аудару талап етілетіндігібаса айтылды. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрі – Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алқалы жиынға қатысушыларға Үндеуін оқып берді. Онда «Қазақстан қуаты жағынан әлемде төртінші болып табылатын ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартты. Бұл – әлем тарихы бетінде ядролық сынақ полигонын жабу туралы халықтың еркін білдіруіне сәйкес бірінші рет жүзеге асырылған шара. Қазақстандықтар өз үлгісін паш етіп бүкіл әлемге қауіпсіз болашаққа апаратын жолды көрсетті», – делінген. Сондай-ақ Елбасы Үндеуінде қазақ жерінде 40 жыл бойы орын алған 490 ядролық жарылыстан 1,5 млн. астам адам зардап шеккенін, еліміздің ұлан-ғайыр аймағына орасан зор нұқсан келтірілгендігін де атап өткен. Алқалы жиын қорытындысында конференцияға қатысушылардың халықаралық қауымдастыққа арнаған үндеуі және Семей аумағын оңалту бағдарламасы мен іс-әрекет жоспары қабылданды.[5, c.125]

     Мәртебелі жиынның мұндай нәтижелерге қол  жеткізуіне Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың үлесінің мол болғандығы жөнінде бірінші кезекте айту парыз. Осы ретте, Ақ үйдің кеңесшісі  Майк Макфолдың АҚШ Президенті Обаманың Қазақстан басшысын іш тартып, ядролық  қауіпсіздік мәселелерінде «оған  теңелуге ұмтылуға лайық көшбасшылардың бірі» және Вашингтондағы саммит «оның қатысуынсыз өтпес те еді» деп сипаттады, деген мәлімдемесі  көп жайды аңғартарыанық. Сонымен  бірге, осы жаһандық саммит қарсаңында Семей ядролық полигонында болып, сынақ аймағындағы күйіп кеткен даланы, болған қасіреттің құжаттарын өз көзімен көріп қайтқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан  Ги Мун мырзаның «Қазақстан ядролық  қарусыздануда ерекше артықшылығын аңғартуда. 1991 жылы Президент Н.Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды  жауып, ядролық қарудан бас тартуы үлкен ерлік. Бұл қадам көрегендік, нағыз тәуелсіздікті жариялау. Мен  барлық мемлекет басшыларын, оның ішінде ядролық державалардың басшыларын, Рухтану үшін олар Қазақстанның үлгісін  байқау керек», - деп ағынан жарылуы  тегін емес. Пан Ги Мун тіпті  Нұрсұлтан Назарбаевты бүкіләлемдік ядролық атом қаруына қарсы күрестегі  қозғалыстың басшысы болуға шақырды. Сондай-ақ, жаһандық саммит күндері  Вашингтонда «Біз әлемдегі төртінші ядролық арсеналымыздан құтылдық. Сондықтан  біздің үлгімізді ұстануға шақырамыз, қауіпсіз әлем үшін бұдан басқа балама жоқ», - деген Назарбаевтың сөздерінің арнайы плакаттарда ілініп қойылғаны  Қазақстанға көрсетілген үлкен  құрмет екендігін де атап өткен жөн.[6, c.12].

     Жалпы, Елбасының жаһандық саммитте баяндама жасаған алғашқы бесбасшының  бірі болуын және оның осында сөйлеген сөзінің халықаралық қауымдастық  тарапынан барынша қолдау табуын, сондай-ақ 2010-шы жылғы екінші сәуірде  «Известия» газетінде жарияланған  Назарбаевтың «Алып әлем және ядролық  қауіпсіздік» мақаласының әлемнің  әккі саясаткерлері мен сарапшыларының, түрлі халықаралық ұйымдардың, журналистердің ерекше қызығушылығын туғызуын елімізге берілген үлкен баға деп қабылдауға әбден болады.

     Ең  бастысы, «Алып әлем және ядролық  қауіпсіздік» атты мақалада көтерілген Елбасының бастамаларының бәрі дерлік Вашингтон саммитінде қызу талқыланғанын  әрі оның қорытынды құжаттарында көрініс тапқаны дер едім. Мәселен, Нұрсұлтан Әбішұлының Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге (ЯҚТК) қатысты  мақалада айтылған пікірлері төңірегінде  саммиткеқатысушылар өз ойларымен  бөлісе отырып, Елбасының: «ЯҚТК өзіне  артқан үміттерді ақтамады, өйткені  міндеттерді тек ядролық қарусыз  мемлекеттерге жүктеу қарастырылған. МАГАТЭ мен БҰҰ тарапынан кей  мемлекеттердің халықаралық тексерушілерді өздерінің ядролық нысандарына  жіберуден жалтару фактілеріне  көңіл бөлудің анық және ұғынықты жүйесі де жоқ. Тіпті ЯҚТК өз мүшелерінің  қол қоюшылар қатарынан у-шусыз  шығуына жол береді» деген  тұжырымымен толық келісетіндіктерін  білдірді. Өзгеше болуы мүмкін де емес. Себебі, қалыптасқан жағдай қарсы  көңіл-күйлерге, әлемнің кейбір аймақтарында «ЯҚТК-ның әділетсіздігі» сезімінежел  береді. Бәрінен бұрын, бұл жаппай қырып салу қаруын иеленуге ұмтылған мемлекеттерге де сылтау болуына, сөйтіп қарусыздану үдерісінің алға жылжуының  барынша құлдырауына әкеліп соғады[7,  231б].

Информация о работе Ядролық қауіпсіздік