Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:54, реферат
"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901 -1972). Ол бұл терминді клетканың сырткы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде карады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастымен өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементгерінің талаптары на жауап қайтару арқасында дамиды.
I.Кіріспе
Саяси жүйе ұғымы туралы
II.Негізгі бөлім
Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің құрылымы
АҚШ
Ұлыбритания
Франция
III.Қорытынды
Ұлыбритания
Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және Қауым.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның
Еуропадағы аса ірі сауда және
инвестициялық серіктесі
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялык, қаты-настар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бригиш Газ", "Бри-тиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығы байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасымен мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан - Британ ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасы туралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.
1995 жылдың соңы
мен 1996 жылдың басында екі жақты
экономикалық қатынастарды
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан - Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналады. Лондондағы келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі Британ компаниялармен ынтымақастықты кеңейтуге серпін берілді.
1999 жылғы сәуірде
НАТО-ның мерекелік
Қазақстан Президентінің 2000 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II Елизавета Н.Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалык, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжаттарға, ҚР Өкіметі компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан - Британ университетін құру туралы меморандумға қол қойылды.
Ұлыбритания Қазақстанмен
сауда-саттықта жетекші орын алатын
әлемнің бес дамыған елдерінің
қатарына жатады. 1998 және 1999 жылдары
сауда айналымы тиісінше 629 млн. және
422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі
жақты сауда айналымы 450 млн. долларды,
оның ішінде экспорт 231 млн. долларды, импорт
219 млн. Долларды құрады. Және де 2000 жылы
Қазақстанның сыртқы сауда айналымының
жалпы көлеміндегі Ұлыбританияның жеке
үлесі 3,2 пайызды құрады.
Франция
Басқару түрі - республикалық. Республиканың аралас түріне жатады оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды. Мұнда президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты Президенттің алдында да және парламенттің алдында да жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық түрі. Парламентті Францияда- Ұлттық жиналыс дейді. Елдің жалпы ауданы 551 км2. Адам саны 61 млн. Конституциясы 1958 жылдан бері өзгетулермен келе жатыр. Президент 5 жылға сайланады. Сайлау мажаритарлық жүйе бойынша 2 турдан тұрады.
Кейінгі уақытта Францияның ТМД елдерімен екі жақты байланыстарды айтарлықтай жандандырғаны байқалады. Бұл
ретте екі негізгі бағыт бағдары айқын көрінеді. Бір жағынан, Париждің стратегиялық басымдықтары қатарына Еуропада қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру кіреді, мұнда Ресейге айрықша орын беріледі. Францияның ТМД-ға ұстанымдарының басқа маңызды астары өзінің Орталық Азиядағы және Кавказ сыртындағы қатысуын бекіту әрі кеңейту желісі болып табылады.
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар айтарлықтай табысты дамуда. Францияға ықылас экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті болуымен, оның зор инвес-тициялық мүмкіндіктері және жоғары технологияларымен си-патталатын экономиканың жоғары өнімді аграрлық секторы болуымен байланысты.
Париж тарабынан ықылас Қазақстанды қуатты транзиттік әлеуеті, энергетика саласында зор мүмкіндіктері бар мемлекет ретінде қарауымен байланысты. Париж біздің еліміздің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне лайықты баға беріп отыр. Франция Қазақстанның батыс әріптестері арасында АҚШ-пен және Германиямен қатар алғашқы орындардың бірін алуға ұмтылады. Бұл үшін гранттар беру әдісі кеңінен қолданылуда. Олардың алғашқысы, 4 млн. франк сомасы компьютер техникасын сатып алуға пайдаланылды. 5 млн. франк сомасындағы екіншісі - Арал теңізі ауданында ауыз суды тазарту жөніндегі жабдықты орнатуға жұмсалды, ол 1996 жылғы 19 шілдеде іске қосылды. 20,3 млн. франк мөлшеріндегі үшіншісі - Француз шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, атап айтқанда банкілерінің жекешелендіруге көмек көрсету, бағалы қағаздар рыногын құру және экономикалық реформаның басқа салаларында қатысуын қаржыландыруға арналды.
Екі мемлекет арасындағы қатынастардың негізгі қағидаттары Н.Назарбаевтың 1992 жылы Францияға мемлекеттік сапары барысында жасалған Достық, өзара түсіністік және ын-тымақтастық туралы шартта қаланды. Франция алыс шет ел мемлекеттері ішінен осындай деңгейдегі құжатқа қол қойған бірінші мемлекет болғанын айта кету ләзім.
Өзара байланыстар Қазақстанға 1993 жылы Президент Ф.Миттеранның ресми сапары кезінде одан әрі өрістеді. Қазақстан мен Францияның жоғары дәрежелі басшыларымен сенімге құрылған жеке байланыстары екі жақты қатынастарды дамытуда маңызды ынталандырушы фактор болды. Ф.Миттеран Н.Назарбаевты ТМД-дағы аса қабілетті әрі беделді басшы деп есептейтінін атап көрсетті.
1997 жылы жоғары дәрежедегі саяси сұхбат Президент Ж.Ширак пен одан әрі дами түсті. 1995- 1999 жылдар кезеңінде екі мемлекет басшыларының арасында 6 кездесу болып өтті, олар халықаралық немесе аймақтық өзекті проблемалар бойынша көзқарастардың жақыңдығын немесе сәйкесетіндігін паш етті. Екі жақты ынтымақтастықтың тұрақты тұрғысынан келгенде Франция басқа ядролық мемлекеттер қатарында Қазақстанның ядролық қауіпсіздігіне кепілдік берді.
Сауда-экономика саласындағы Қазақстан - Француз қатынастары барған сайын өрістеп отыр. Қазақстанда 38 француз компаниясының өкілдіктері және бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, құрылыста, денсаулық сақтауда, туризмде жұмыс істейтін француз фирмаларымен байланыстар жолға қойылған. Қазақстан мен Франция арасында тауар айналымының серпіні жақсы. 1999 жылы оның көлемі 85 млн. доллар болды.
Отын-энергетика кешенінде, құрылыста, көлікте, геофизикада, агроөнеркәсіптік секторда, телекоммуникациялар саласында, әуе қозғалысын басқаруда, информатикада, сондай-ақ бағалы және сирек металлдарды өндіру мен қайта өңдеуде өзара іс-қимылдың келешегі зор. Тұтас алғанда Қазақстан - Француз байланыстары саяси, экономикалық, ғылыми, әскери-техникалық байланыстардың іс жүзінде барлық астарларын қамтиды.
Дегенмен, бірқатар
жағдаяйларға байланысты Қазақстанға
тікелей инвестициялардың көлемі соншалықты
жоғары емес. Франция тарихи тұрғыдан
алғанда Орталық Азия аймағының істеріне
жеткілікті тартылмаған ел, Қазақстанның
энергетика ресурстарын игеру үшін бәсекеге
басқа Батыс елдерінен кейінірек түсті,
өндіруші салаларда бірқатар шетін жобалар
іске асырылмай қалды (соның ішінде Қазақстан
тарапының кінәсі бойынша да). Соған қарамастан,
рынокта "Тоталь" және "Эльф Акитен"
фирмалары тиімді жұмыс істеп, кейінірек
"То-тальФинаЭльф" ірі Франция - Бельгия
мұнай конгломератын құрды, ол Солтүстік
Каспийдін, Қазақстан аймағында жұмыстарын
белсенді жүргізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Саяси жүйелердің сипаттамасы. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің саяси жүйелері