Күр мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 17:53, реферат

Описание работы

Күрдтер – Таяу Шығыс аймағының ірі этносы, тарихшылардың зерттеулері бойынша жаңа дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықта тіршілік еткен Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Тілі үндіеуропалық туыстастыққа кіреді, иран тілінің солтүстік-батыс тобына жатады. Тілінде көптеген диалектілер бар. Негізгі солтүстік «құрманжы» және оңтүстік «сорани» диалектілерін бөліп айтуға болады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Күрд мәдениеті
- ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Күрд мәселесі
- Қазіргі таңдағы күрд мәселесі
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 837.98 Кб (Скачать)

       1930 жылы мамыр-маусым айларында Арарат  көтерілісі өзінің шыңына жетті.  Бірінші түрік-парсы шекарасының  екі жағында да өмір сүретін  джелали тайпалық конфедерациясы  көтерілді. Алғашында Ван, Битлис, Баязид аудандарын қамтыған көтеріліс  ауқымы тез кеңейді. Түркияда  Үлкен және Кіші Арарат аудандарымен  қатар Диярбакыр мен Бохтанға  дейін қамтып, парсы жағында Маку  және оның шеткі аудандарын  қамтыды. Көтерілісшілердің басшылары  арасында Кёр Хусейн-паша, Демир-паша, Абдул Қадыр есімдері аталып, бүкіл көтерілісті Ихсан Нури басқарды. Арарат көтерілісіне парсы күрдтерінің көп бөлігі қатысты. Түрік және парсы Күрдістаны аумағы базасында біртұтас күрд мемлекетін құру жоспарлары айтылды. Бұл жағдай Түркия мен Иранның жақындасуына себеп болды.

       Дегенмен, 1931-1932 жылдары көтеріліс қарқыны  төмендеп, басылды. Күштер теңсіздігі айқын еді. Арарат көтерілісі басылуының тағы бір себебі, күрд тайпалары  арасындағы алауыздық еді. Күрд мәселесінде  Түркия мен Иранның ортақ саясат ұстануы көтерілістің толық басып  жаншылуына алып келді.

       Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін күрд халқының тағдыры 1946 жылы КСРО-ның көмегімен  Мехабадта Күрд (Мехабад) республикасының  жариялануымен сипатталады. Астанасы Мехабад қаласы болып, Кази Мохаммад басшылық қызмет атқарды. Бұл мемлекет ұзақ уақыт өмір сүрмеді, 11 ай (1946 жылдың желтоқсанына дейін) ғана өмір сүрді. Бұл  көтерілісті аяусыз басып тастағаннан  кейін, ұлт-азаттық көтеріліс орталығы Оңтүстік Күрдістанға ауысты.

       Қырғи-қабақ  соғыс дәуіріндегі күрдтік қозғалыстарға  тоқталсақ. Күрд өзінің жағрафиялық  жағдайы жағынан КСРО-ға жақын  болғандықтан, батыс елі оны антикеңестік плацдарм ретінде қарастырса, ал оның негізгі тұрғылықты тұрғындары, яғни күрдтер империализм және отаршылдыққа мүлдем қарсы күресті күшейтті. Сондықтан  сол уақыттағы батыста ұлттық күрд қозғалыстарына күдікті немесе қарсы жау ретінде, ал таяу шығыстағы  елдер аумағында басқарылатын антикүрдтік  шовинистік саясатқа НАТО елдерінің  кеңесшілері және оның таяу шығысындағы  Бағдаттық Пактісіне (кейін СЕНТО) түзу ниетпен қатынасқан.

       Мехабадта күрд автонономиясы құлағаннан кейін (1943-1945 жылдардағы алдымен күрд автономиясын, содан Мехабад автономиясының қарулы күштердің басқарушысы және жалпы  күрдтік көтерілістің басты тұлғасы  Мұстафа Барзанидің басшылығымен Ирактағы күрдтердің көтерілісінің жеңілісі) біраз уақыт бойы күрдтік қозғалыстардың төмендеуі байқалған, дегенмен бірнеше  ірі көтерілістердің болғаны  белгілі болды, әсіресе Мехабадтағы  және Боканедегі (Иран Күрдістаны) шаруалардың  көтерілісін атасақ болады. Тек қана шетелде 1950–1960 жылдар аралығында күрдтердің жаңа ұлттық қозғалысы үшін арнайы шарттар пайда болды.

       Толқынды  жаңарудың басты себебі - 1950 жылдардың  екінші жартысында болған барлық Таяу Шығыс елдерінде орын алған дағдарыстың  өрістенуі болатын, ол өз кезегінде  араб әлемі (сонымен қатар көпшілік мұсылман елдері) мен Израиль елдерінің  арасындағы бір-біріне деген тайталастың  өрістенуі және дүние жүзінде  осы екі елдің бір-біріне қарсылықты өршітуге тырысуына деген әскери-саяси  блоктарын, яғни екеуінің біреуін әлсірету үшін өз қажеттеріне жұмсату болатын. Сонымен қатар, егер батыс осы  аймақта өзінің империялық бағыттарын сақтауға және бекітуге (бірінші кезекте  мұнайды бақылауға алу жағынан) күш жігерін салса, ал КСРО және оның жақтастары нақты батысқа қарсы  бағытты ұстанған жергілікті ұлтшыл белсенділерін қолдады.

       Иранда  күрдтердің проблемасы айтарлықтай  асқынбаған болатын, бірақ  ол 1960 жылдардың  басында «ақ революцияның кіруі  себебінен елде пайда болған әлеуметтік-саяси  көтерілістердің салдарынан  және көршілес Ирактық Күрдістандағы  жаңалықтар салдарынан жиі көтеріліп  отыратын. 1967-1968 жылдары ИКДП басшылығымен Мехабада, Бане және Сердешта аудандарында жарты жылға созылған және аяғында  қатаң түрде басылған көтеріліс  өтті.

       Жеңіліс тапқандарына қарамастан, ИКДП бәсеңсімеді, керісінше өздерінің белсенді жұмыстарын партияның жаңа жоспарларын және жарғыларын қайта өңдеу бойынша  жандандырды. «Иранға - демократия, Күрдістанға - автономия» атты негізіндегі лозунг тағайындалды, ал партия тактикасы  күштің барлық оппозициялы диктаторлық  режимінің біріктірілген фронтын  құруға көзделген болатын, саяси  әдістемеге ие қарулы күштер тіркемесін жорамалдаған еді.

       Ирандық күрдтер 1970 жылдардың аяғында болған жалпы халықтық антишахтық қозғалысқа қарсы көтеріліске белсенді түрде  қатысқан болатын. Аталған көтеріліс  шах деспотының құлауымен және 1979 жылдың басында тоталитарлы диктаторлы шииттік «муллакратияның» негізінде  «Иран Ислам республикасы» болып  аталуымен «Исламдық революциясы» аяқталды . Олар өздерінің саяси жағынан күштіліктерін, өздерінің ұлттық талаптарына тұрақты екендіктерін көрсете алмаған күрдтер үшін және жалпы Иран халқы үшін бұл аталған «революция» имам Хомейни және оның ұстанымын ұстанушылар мен қабылдаушылардың диктаторлығымен контрреволюцияға айналды. Хомейни Иранда ұлттық, сонымен қатар күрдтік сұрақтарды «Исламдық үммет» аумағында алдын ала шешілген талаптарға сай қарастырылған сұрақтарды қоя отырып теріске шығарды. Жаңа билік күрдтерге арналған автономиясының әкімшілікті және мәдениеті туралы ИКДП-ның жобасын жоққа шығарды.

       1979 жылдың көктемінде арадағы келіспеушілік  өршеленіп, нәтижесінде екі жақтың, күрдтік көтерілісшілер күші (ИКДП  топтары, «Комала» күрдтік теріс  ұйымы және оларға көмекке  келген ирактық пешмерга, қалыптасқан  парсылардың федаиндері және  муджахиттер) мен үкімет әскері, қарумен толық қамтамасыз етілген жандарменилер мен полиция топтары, Исламдық революцияның қарауылды корпусынан алынған ислам шабуылшылары арасында қарулы соқтығыс басталды. 1979 жылдың жазында күрдтік көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы соғыс барлық дерлік Ирандық Күрдістан аймағын қамтыды. ИКДП Ирандық Күрдістанның үлкен бөлігін өз бақылауына (ондағы ірі қалаларды қосқанда) алды. Олардың көпшілігінде күрдтің революциялық кеңесшілердің билігі орнатылған болатын. Күрдтің діни көсемі Эззедин Хосейни Орталық Үкіметке джихадты жариялады. Бір уақытта Тегеран ирандық күрдтердің басшыларымен көтерілісті бейбіт түрде реттеуге және күрдтер орнықтырылған аудандарда әлеуметтік-экономикалық және саяси-административті реформаларды өткізу туралы келіссөздерге шақырды. Үкімет олармен келіссөзге келісуге даяр екендіктей сыңай танытқанмен, олар негізі күрдтерді жазалауға дайындалған болатын. 1979 жылдың күзінде үкімет әуе қарулы күштерін, артиллерияны, бронотехниканы қолдана отырып күрдтік көтерілісшілермен шешуші соғысты бастады, нәтижесінде күрдтік көтерілісшілерді тауға қарай ығыстырды, мұнда олар партизандық соғысты бастады. Исламдық режим өздерінің бақылауларын орнықтырғанша, Күрдістанның сондай аудандарында қатал жазалауды бастады. Жазалаушылардың айуандығы шах кезіндегі жағдайға тап болды.

       Ирандық күрдтердің жеңілісі исламдық режимнің өмір сүруінің басында көпшілігінде дәстүрлі күрдтік партикуляризммен күрдтік қозғалыстардың бірлігінің қалыс қалуына алып келді. Әсіресе, күрдтік жұмыстардың көпшілік зиянды партиядағы «Комала», «Рызгарлар» және басқа да теріс экстремистік ұйымдар  алып келді. Уақыт өте келе ИКДП-ның  өзі де бөліне бастады, осыны пайдаланып 1980 жылдардың ортасында ирандық  билік басындағылар Ирандық Күрдістанның барлық аймағын өз бақылауына алумен аяқталды.

       1980 жылдары Иракта және Иранда  күрдтік қозғалыстар қиын саяси  жағдайларды өткізді. Ал 1980-1988 жж. аралығындағы Иран-Ирак соғысы  олар үшін қолайсыз жағдайды  құрды. Соғыс әрекеті Күрдістанның  территориясында да жиі-жиі орын  алды. Нәтижесінде күрдтер адам  және материалдық шығындарға  ұшырады. Сонымен қатар екі  соғысушы ел бір-біріне қарсы  жақтағы күрд халқын өз мақсатына  пайдалануға тырысты. Бұл Тегеран  мен Бағдатқа антикүрдтік жазалаушы  шара ретінде қызмет атқарды. 1990 жылдардың басында Күрдістандағы  жағдай күрт қиындап кетті.

       Иранда  Хомейннің тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін 1989 жылы күрдтің  автономды қозғалысы қатал түрде  басып жаншылды; олар астыртын жұмыспен және эмиграциямен функцияланатын болған. Алайда террордың қармалауыштары оларды қандай жерде қоныстанбасын қолдарын жеткізіп отырған.

       Қазіргі таңда күрд мәселесі негізінен Түркия территориясында журип жатыр. Түркия билігінде курд мәселесіне жаңа көзқарас пайда болды. Олар: Күрд мәселесі- бұл  қазіргі Түркияның ең мағызды  мәселесі; күрд мәселесін күш қолданып шешу  мүмкін емес дейді.

       ІІІ. Қорытынды. Кейінгі кездері Түркия билігі күш қолданып мәселені шешудің пайдасы болмайтынын түсініп бейбітшілік жолмен шешуге тырысуда. Осының барі алдағы күнде күрд мәселесін шешуде жасалған үлкен қадамдар болады деген ойдамыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Күрдтер туралы зерттелген әдебиеттер тізімі:

     1. Халфин Н. А. Курдская историография в СССР и некоторые её проблемы /Н. А. Халфин // Вопросы истории. – 1966. – №8. – С.154–159.

     2. Лерх П. И. Исследования об иранских курдах и их предках северных халдеях / П. И. Лерх. – Спб.: Издательство Императорской Академии наук, 1856. – Кн.1. – VII, 124 с.

     3. Егизаров С. А. Краткий этнографический очерк курдов Эриванской губернии / С. А. Егизаров // Записки Кавказского отдела Российского географического общества. – 1891. – Кн.ХІІІ. Вып.2. – С.1–60; Марр Н. Я. Ещё о слове "челеби" (к вопросу о культурном значении курдской народности в истории

Передней  Азии) / Н. Я. Марр // Записки Восточного отдела Российского археологического общества. – 1912. – Т.ХХ. – С.99–151.

     4. Орбели И. А. Предварительный отчёт о командировке в Азиатскую Турцию в 1911–1912 гг. / И. А. Орбели // Известия Академии наук. – 1912. – Серия VI, №15. – С.55–102; Гордлевский В. А. Избранные сочинения / В. А. Гордлевский. – М.: Изд. вост. лит, 1962.– .– Т.3. – 1962. – 588 с.

     5. Аверьянов П. И. Курды в войнах России с Персией и Турцией в течение ХІХ столетия. Современное политическое положение турецких, персидских и русских курдов. Исторический очерк / П. И. Аверьянов. – Тифлис: Тип. Штаба Кавк. в. о., 1900. – ХVIII, 338, 135 с.

     6. Аверьянов П. И. Этнографический и военно-политический обзор азиатских владений Оттоманской империи / П. И. Аверьянов. – Спб.: Отд. ген.-квартиймейстера, 1912. – 60 с.

     7. Карцев А. В. Заметки о курдах / А. В. Карцев. – Тифлис: Тип. канцелярии

Главноначальствующего гражданской частью на Кавказе, 1896. – [1], 40 с.

     8. Колюбакин А. М. Материалы для военно-статистического обозрения Азиатской Турции: [Военный обзор района между Эрзерумской равниной на севере и течением Мурадчая на юге – зона путей, обходящих Эрзерумскую равнину с южной стороны] / А. М. Колюбакин. – Тифлис Тип. Штаба Кавк. в. о., 1888. – Т.1, Ч.2 [Краткие и подробные маршрутные описания обходных путей]. – [4], II, 311 с.; Томилов П. А. Отчет о поездке по Азиатской Турции Генерального штаба подполковника Томилова в 1904 году. – Спб.: Отд. ген.-квартиймейстера, 1907. – Ч.1–2: Подробные маршрутные описания пройденных путей от Кавказа через Курдистан и Месопотамию к Средиземному морю. – [2], 335 с.

     9. См., напр.: Чириков Е. И. Материалы для географии Азиатской Турции. Путевой журнал Е. И. Чирикова, русского комиссара-посредника по турецко-персидскому разграничению 1848–1852 гг. / Е. И. Чириков. – Спб.: Тип. О. Бакста,

1875. –  CI, 803 с.; Минорский В. Ф. Курды. Заметки и впечатления / В. Ф. Минорский. – Пг.: Типография В. О. Карбаума. – 43 с; Никитин В. Курды / В. Никитин; сокр. пер. с франц. вступит. ст. и ред. И. О. Фаризова. – М.: Прогресс. – 432 с.

     10. Павлович М. П. Борьба за Азию и Африку / М. П. Павлович. – М.: Госиздат, 1925. – 254 с.; Ирандуст В. Н. Движущие силы кемалистской революции / В. Н. Ирандуст. – М.-Л.: Госиздат, 1928. – 149 с.

     11. См. напр.: Васильев К. Причины и движущие силы курдских восстаний / К. Васильев // Аграрные проблемы. – 1931. – Кн.9–10. – С.98–114; Виноградов А. Кочевые племена Персии и их политическая роль / А. Виноградов // Международная жизнь. – 1922. – №3(121). – С.11–25; Курд оглу. Курды и империализм / Курд оглу // Бюллетень прессы Среднего Востока. – 1932. – №13–14. – С.93–118; Лахутин. Курдистан и курды / Лахутин // Новый Восток. – 1923. – №4. – С.58–72.

     12. Астахов Г. От султаната к демократической Турции. Очерки из истории кемализма / Г. Астахов. – М.-Л.: Госуд. Изд-во, тип. "Красный Пролетарий", 1926. – 152 с.; Гурко-Кряжин В. А. Ближний Восток и державы / В. А. Гурко-Кряжин. – М.: Научная ассоциация востоковедов при ЦИК СССР, 1924. – 244 с.; Погорелов М. Контрреволюционное движение в Курдистане / М. Погорелов // Военный вестник. – 1925. – №11. – С.37–42.

Информация о работе Күр мәселесі