Күр мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 17:53, реферат

Описание работы

Күрдтер – Таяу Шығыс аймағының ірі этносы, тарихшылардың зерттеулері бойынша жаңа дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықта тіршілік еткен Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Тілі үндіеуропалық туыстастыққа кіреді, иран тілінің солтүстік-батыс тобына жатады. Тілінде көптеген диалектілер бар. Негізгі солтүстік «құрманжы» және оңтүстік «сорани» диалектілерін бөліп айтуға болады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Күрд мәдениеті
- ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Күрд мәселесі
- Қазіргі таңдағы күрд мәселесі
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жоспар.docx

— 837.98 Кб (Скачать)

                        
     
     
     
     
     

                                               Жоспар

                    І. Кіріспе

                   ІІ. Негізгі бөлім

    • Күрд мәдениеті
    • ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Күрд мәселесі
    • Қазіргі таңдағы күрд мәселесі

               ІІІ. Қорытынды 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

       І. Кіріспе. Күрдтер – Таяу Шығыс аймағының ірі этносы, тарихшылардың зерттеулері бойынша жаңа дәуірге дейінгі екінші мыңжылдықта тіршілік еткен Оңтүстік-Батыс Азиядағы ежелгі халықтардың бірі. Тілі үндіеуропалық туыстастыққа кіреді, иран тілінің солтүстік-батыс тобына жатады. Тілінде көптеген диалектілер бар. Негізгі солтүстік «құрманжы» және оңтүстік «сорани» диалектілерін бөліп айтуға болады.

       Күрд  – бұл саны жағынан ең көп халықтардың  бірі, алайда өз тәуелсіздігі жоқ халық. Қазіргі кезде әлемдегі күрдтердің саны 40 миллионнан асады. Саны жағынан  Таяу Шығыс мемлекеттері арасынан араб, персия және түріктерден кейінгі  төрттінші орында. Күрд мәселесі бұл  қазіргі таңдағы ірі проблема болып тұр. Олар сонау ХІХ ғасырдан бері қазіргі күнге дейін өз тәуелсіздігі жолында күрес үстінде.

       Түркиядағы  күрдтер. Күрт этникасының ең көп  орналасқан аймағы оңтүстік-шығыс және шығыс Түркия. Олар Ван өзені мен  Диярбақыр қаласында тұрады. Түркиядағы күрд халқының саны жөнінен толық  ақпарат жоқ. Жобамен 16-20 млн күрд бар делінеді.

Ирандағы  күрдтер. Олардың қоныстанған жері Илам және Керманщах, Күрдистан және Батыс Азербайжан, хамадан және Зенджан. Иранда 5,5 млн күрд қоныстанған.

       Ирактағы  күрдтердің саны 5,6 млн аса. Сириядағы  күрдтер: Солтүстік Сирияда 1,8-2 млн  күрд тұрады.

ХІХ ғасырда  Түркия мен ираннан күрд халқы  Закавказе елдеріне көше бастады. Бұрынғы  СССР құрамындағы мемлекеттерде 1 млн  күрд, соның ішінде Азербайжанда, Арменияда, грузияда, Түркіменстанда және Қазақстанда. 2002 жылғы Ресей санағында 19,6 мың мұсылман күрд тұрады.

Күрд  халқының тәуелсіздігі үшін бірінші  бас көтеруі 1840 жылы Бадрхан-беком  бастады. Жаңа кезеңдегі  көтерілісі Күрдістанда «Младтурецкой революция 1908» басталды.

       Күрдтердің  мәдениеті өз тамырларын ондаған  мыңжылдықтарға бой тартқан тереңнен алады. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер пішіні қазақ үйге ұқсайтын, ішкі жағы түрлі түсті жіптерден  шеберлеп тоқылған, перде немесе шымылдықтармен бөлінген шатырларда (чадыр) тұрады. 
Күрдтер баланың тууы, есімін қою, сүндетке отырғызу, балаларды тіл-көзден сақтау сияқты қатал сақталып отыратын отбасылық дәстүрлерге бай.  
Этнос мәдениетінің құрамдас бөлігі – ұлттық киімі. Азия халықтарының киімінен өзіндік бейнесімен өзгешеленеді. Соншама көптүрлілік жергілікті жерлер мен климаттық жағдайларға байланысты қалыптасып отырған.  
Дәстүрлі тағамдары көптеген халықтардың тағамдарына ұқсас. әдетте, олар сүт және ет тағамдары, көкөніс пен жемістерден де жиі дайындалады.  
Күрдтер – тау халқы, сондықтан да негізгі айналысатындары мал шаруашылығы, тері илеу кәсібі, жүннен бұйымдар (кілем, киіз, тоқыма бұйымдары) дайындау дамыған. Ойпатжазықтағы тұрғындар ауыл шаруашылық өндірісімен айналысады.

       Құрбан  айтқа қой немесе өгіз шалады. Бұл  ырымда міндетті түрде дұға оқылады. Тек күрдтерге ғана тән ұлттық мейрамға Қыдыр-Нәби жатады. Қыдыр-Нәби - туыстар арасындағы жақсы қарым-қатынас пен ауқаттылықтың қорғаушы періштесі, ұлы оразада ол әрбір үйге келеді. 
Күрд халқының тарихында көптеген тамаша ақындар мен жазушылар өткен. әдебиет мектебінің негізін қалаушы  сарай ақыны Мело Джезери (12 ғ.) болды.

       XX ғасыр  20-жылдары халықаралық  қатынастар салыстырмалы түрде  тұрақтанып, әлем бір сәт тынышталған  еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған  аймаққа қатысты болмады. Лозанна  конференциясынан кейін қалыптасқан  жағдай Таяу Шығыс халықтары  мен елдеріне еркіндік, тұрақтылық  және қауіпсіздікті алып келмеді.  Бұл кезеңге дейін орын алған  халықаралық қақтығыстар әрі  қарай жалғасын тауып, өршіп  отырды. Оның бірі - Күрдістан болатын.  Күрд халқы соғыстан кейінгі  жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік  соғысы кезінде, Севр келісімі  уақытысында күрдтер тәуелсіздік  алуға бір қадам жақын еді,  бірақ төрт бөлікке бөлініп  кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа  кезеңде күрд мәселесі (ұлттық  тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси  тарихының тұрақты факторына  айналды.

       Күрдістанның  көп аймағы мен халқының басым  бөлігі Түркияның қол астына өтті. Күрдтер, негізінен, Түркияның шығыс  және оңтүстік-шығыс аймақтарында қоныстанды. Бұл аймақ шартты түрде «Түрік Күрдістаны» деп аталып, ауданы шамамен 225 мың шаршы километрге дейін  жетті. Түрік Күрдістаны Түркияның 30% аймағы мен Күрдістанның 47%-ын алып жатыр.

       1921 жылы 21 ақпанда бірінші дүниежүзілік  соғыстан кейін экономикалық  дағдарыстың нәтижесінде Иранда  саяси төңкеріс орын алды. Елде  дезинтеграциялық үрдістер күрт  күшейді. Күрд, араб, түрікмен халықтарының  сепаратистік қозғалыстары Ирандағы  тұрақтылыққа кері әсер етті. 1920 жылдары күрдтер бірнеше ұлт-азаттық  қозғалысқа шықты. 1924 жылы күрдтердің  көрнекті билеушісі Симко көтеріліс  бастады. Алайда Иран билеушісі  Реза-шах бұл көтерілісті күшпен  басады. 1926 жылы Иран Күрдістанында  Салар-од-Доуле көтеріледі, мақсаты  - қажарлардың билігін қайта орнату. Бірақ Салар сәтсіздікке ұшырап, Иракқа қоныс аударады.

       Түркия, Иран және Ирак Күрдістанындағы көтерілістердің  жеңіліс табуы, күрд көшбасшыларын  бүкілхалықтық азаттық күреске  итермеледі. Шейх Сайд, Симко мен  шейх Махмуд Барзанджи бастаған аймақтық көтерілістер өзінің тиімсіздігін көрсетті. Бытыраңқы ұлттық қозғалыстардың басын  біріктіретін және күрд мемлекеттігін  құру үшін күресетін жалпыкүрдтік саяси  ұйым құру қажеттігі туды. Бұл іске Түркияның күрдұлтшыл ұйымдарының  көшбасшылары белсене кірісті. Нәтижесінде, 1927 жылы Сирия мен Ливан аймағында  «Хойбун» («Тәуелсіздік») атты бүкіл  күрд халқының ұлттық комитеті құрылды.

       Түркияның «Күрдістан Таали», «Күрд Тешкиляти  Ичтимайи джемиети», «Күрд миллет фыркасы», «Күрд тәуелсіздігінің комитеті»  атты күрдтердің ұлттық ұйымдары комитет  құрамына енді. 1927 жылы 28 қазан айында «Хойбун» номиналды түрде Күрдістанның тәуелсіздігін жариялап, Түркияға қарсы соғыс жариялайды. Персия, Ирак және Сириямен достық қатынас орнатамыз деп хабарлады. Астанасы Диярбакыр болып жарияланды.

       «Хойбунның» атқарушы комитетіне Сүрейя, Джеладет Бадрхан мен Камран  Бадрхан, Мемдух Селим-бей, Шахин-бей және басқа да көрнекті басшылары кірді. Атқарушы комитет болашақ дербес Күрдістанның үкіметі болуы тиіс деп санады. Күрд армиясының бас қолбасшысы Ихсан  Нури-паша «Хойбунның» нақты лидеріне айналады және өздерінің ұлттық туын көтереді.

       Ұлттық  комитет жақын уақытқа арналған әрекеттер жоспарын белгілейтін  саяси платформаны қабылдайды. Біріншіден, күрд партиялары мен қоғамдық ұйымдарын  таратып, «Хойбунға» кіргізу, екіншіден, күрдтердің тәуелсіздігі үшін Түркиямен  күресу, үшіншіден, жалпыұлттық көтеріліс  ұйымдастыру, төртіншіден, Иран, Ирак және Сирия үкіметтерімен тығыз қарым-қатынас  орнату. «Хойбун» комитеті құрылғаннан  кейін тәуелсіз Күрдістан құру барысында  белсенді жұмыс жасайды. Алайда комитеттің қызметі Түркияның шеңберінде ғана болады.

       «Хойбунның» құрылуы күрд ұлтшылдығының жаңа кезеңін бастап, халықаралық сахнаға  шығарды. «Хавар» («Шақыру») атты журнал жарық көре бастады. Осы журнал арқылы Батыс елдері күрдтердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайымен танысады. Комитет күрд мәселесінің интернационализациялауына  көп еңбек етті. «Хойбун» мүшелері күрд алфавитін құрастырып, латын  графикасын енгізді. Күрд тілінде газет, журнал, оқулық, ағартушылық және көркем әдебиеттер шығарылды. Нәтижесінде, күрд қоғамы мәдениетінің дамуына алып келді.

       1925 жылдан бастап түрік күрдтерінің  ұлт-азаттық қозғалыстары жаңа  кезеңге аяқ басты. Діни ұрандардың  орнына ұлттық нышандар алдыңғы  орынға шықты. Тәуелсіз Күрдістан  құру идеясы Иран, Ирак және  Сирия бөліктерінде белсенді  үгіттелді. Негізінен, «Хойбун»  комитетінің мүшелері айналысты. 1927 жылы көктемде күрд көтерілісшілері  мен түрік үкіметтік әскерінің  арасында жаңа қақтығыстар орын  алды. Алайда екі жақта жеңіске  жете алмады. Тек 1929 жылдың басында  түрік әскері көтерілісшілерді  ішкі аудандарға ығыстырды. 

       1930 жылы Арарат көтерілісіне дейін  ұлттық комитет белсенді қызмет  атқарғанымен, одан кейінгі кезеңде  сәтсіздіктерге ұшырай бастайды. Біріншіден,  «Хойбунның»  штаб  пәтері Күрдістаннан тыс жерде  орналасып, қызметі күрдтердің  жерінде әлсіз болды. Екіншіден,  комитет ішінде алауыздықтар  пайда болып, жұмысына зиян  келтірді. Яғни, біртұтас, жоспарлы  саясат жүргізе алмады. 1930 жылдар  басында  «Хойбун» ұлттық комитетінің  қызметі тоқтайды.

       Шейх  Сайд көтерілісінің басылуының салдары  үлкен болды. Авторитарлы кемалист режимі күшейіп, елдің саяси құрылымында  әскерилердің позициясы нығайып, шовинистік тенденциялар күшейе түсті.  Билеуші  топ «бір мемлекет – бір ұлт» ұранын көтерді. Күрдтерге келетін  болсақ, олар үлкен адами және материалды шығынға ұшырады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы сын көтермейтін деңгейге дейін төмендеді. 8 мың ауыл қиратылып, 15 мың бейбіт тұрғын өлді. Күрдтерді  ассимиляциялық мақсатында батыс вилайеттеріне  жарты миллионға жуық күрд көшіріліп, босқындардың саны миллиондап саналды.

       Жоғарыдағы  жағдайға қарсы күрдтер 1927-1932 жж. Арарат көтерілісіне шықты. Бұл көтеріліс  күрдтердің екінші революциялық соғысы деген атқа да ие. Ағылшын күрдтанушысы полковник Эльфинстонның пікірінше: «1927-1930 жылдардағы Арарат көтерілісі 1925 жылғы шейх Сайд көтерілісімен  салыстырғанда  ауқымы кең болып, таза саяси сипаттағы  ұлт-азаттық қозғалыс болды. Түрік  билігінің ассимиляциялық саясатына  қарсы жауабы еді». Кейбір авторлар Арарат көтерілісіне шейх Сайд көтерілісінің  тікелей жалғасы деген баға берді. Көтеріліс Арарат тауларында басталып,  Ван, Битлис, Баязитпен қатар, оңтүстіктегі Диярбакыр мен Бохтан аудандарын қамтыды.

       Көтерілісшілер  мен үкімет әскері арасындағы ұрыстар  КСРО мен Персия шекарасына жақын  аймақтарда орын алып, осы мемлекеттердегі  күрдтердің көтерілуі қаупін тудырды. Алғашында көтерілісшілер саны 3 мыңнан 5 мыңға дейін жетіп, оның басында  Халис есімді шейх Абдул-Меджидтің  баласы болатын. Көтерілісті басуға түріктер 15 мың әскер жібергенімен, жорық сәтсіз аяқталды.

       1927 жылдың басында түрік-парсы шекарасында  қақтығыстар орын алып, күрдтердің  көші-қоны ұлғайды. Түрік және  парсы шекаралық аймақтарындағы  күрдтердің ынтымақтастығы күшейіп,  парсы күрдтері де түріктерге  қарсы соғыса бастады. Бұл жағдайды  Иран өз пайдасына қолдануға  тырысып, Түрік Күрдістанында  ықпалын орнатқысы келді. Тегеран  күрдтерге көмек көрсетіп те  отырды. Шекарадағы ретсіздіктер  Түркия мен Персия қатынастарын  нашарлатты. Оның үстіне Түркия  Сирия мен Ирактан да күмәнді  еді. Кемалистер аталған мемлекеттер  Түркиядағы күрд мәселесінің  ушығуын өз пайдаларына шешуге  ұмтылып отыр деп айыптады. Өйткені  Сирия мен Ирак тиісінше Франция  мен Ұлыбританияның империалистік  саясатының құралы болатын. Алайда  Иран, Сирия және Ирак  үкіметтері  қол астындағы күрдтердің көтерілу  қаупінен қорқып, түрік үкіметін  қолдауға мәжбүр болды.

       1929-1930 жж. салыстырмалы түрде тыныш  өтіп, қарсыласушы жақтар жаңа  күш жинау үшін үзіліс алды. Британ барлаушыларының деректері  бойынша күрд ұлтшылдары Анкара  үкіметіне күрд мемлекетін, Түркияның  шығыс және оңтүстік-шығысында,  құруды талап етті. Кейіннен Анкара  құрамында кең автономияны сұрап,  мынадай талаптар қойды:

  • күрд мемлекеті Түркияның тұрақты одақтасы болады;
  • бұл мемлекет түрік үкіметімен тағайындалатын күрд губернаторымен басқарылуы керек;
  • оның жеке парламенті мен министрліктері болуы тиіс;
  • екі парламенттің (Түркия мен Күрдістан) келісімінсіз ешқандай мемлекетке соғыс ашылмауы қажет;
  • күрд мемлекетінің кірістері ішкі қажеттіліктерге жұмсалып, артығы орталық үкіметке тиесілі болады.

       Әрине, бұл талаптар Түркияның мүддесіне  қайшы келді. 1930 жылы көктемде Түрік  Күрдістанын тыныштандыру бағыты сәтсіздікпен аяқталды. Аймақтағы экономикалық дағдарыс саяси дағдарыстың күшеюіне алып келді. Әлемдік экономикалық дағдарыс Түркия экономикасына кері әсер етіп, шығыстағы күрд аудандарының әлеуметтік жағдайын күрт нашарлатып жіберді.

Информация о работе Күр мәселесі