Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:32, курсовая работа
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Кіріспе
I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар
2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланылғын әдебиеттер
Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі 40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.
Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық бірлестік НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ, Канада, Мексика.
Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.
Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.
Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экономикалық және саяси мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.
Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн.
Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім барлығы дерлік бір бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір бірімен тығыз қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір бірі арасындағы қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.
Интеграциялық қарым–қатынасқа оң әсерін беретін блоктар болса, өзара толықтырушы шикізат базасының болуы, бұл өзіне шикізат түрінің барлығын енгізеді. Достастықтың дамыған жиынтық ғылыми-техникалық потенциалын тиімді пайдаланған кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасындағы қайта құрудың пайдалылығын көре алады.
Бұл интеграцияға сонымен қатар, географиялық жақындық, біртұтас инфраструктураның болуы ең алдымен транспорт және байланысты жақындығы, біртұтастығы оң әсер етеді. Экономика саласындағы мамандар мен жоғары квалификациялық кадрларды дайындаудағы бір шарттар мен стандарттардың болуы.[38]
Ал енді интеграциялаушы (біріктіруші) және дезинтеграциялаушы (айырушы) факторға тоқтала кетер болсақ:
а) біртұтас одақтас мемлекет шеңберінде:
Интеграциялаушы фактор: 1) барлық әлеуметтік – экономикалық қызметпен бірге жоспарлы – директивалық жүйе басқармасындағы біртұтас тоталитарлы мемлекет.
2) Одақтың специлизациялық және кооперациялық, республикалар өнеркәсіп және сыртқы толық қызмет арасындағы сауда – экономикалық, тауар – ақша ағымы, шикізат қатынасындағы орталықтанған басқарма;
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) біртұтас мемлекет және біртұтас шаруашылық кешеннің ыдырауына алып келген экономикалық құрылымның әкімшілік жоспарлық социалистік әдістің тиімсіздігі;
2) Экономикалық тиімділігін ескерместен құрылған өндірістік–технологиялық кооперациялық байланыстардың көбінің жалғандығы;
б) Рыноктың экономикасы бар жаңа егеменді мемлекеттердің құрылу негізіндегі өтпелі кезең:
Интеграциялаушы фактор: 1) техника–технологиялық және инфраструктуралық байланыстар, мамандық және кооперацияның сақталуы. Бұларсыз дайын өнімді шығару және көптеген ұлттық экономикалық өнеркәсіп кешендерінің өзіндік қызмет етуі мүмкін емес.
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) Рыноктық қатынастар мен сауда – экономикалық байланыстарға көшу кезіндегі шикізат жеткізудегі тиімсіз кооперациялық байланыстардың үзілуі;
2) Жаңа мемлекеттердің салық, бюджет, валюта, кеден және басқа да өзара сауданы шектейтін әкімшілік, салық, тарифтік шаралармен өзіндік қаржы – экономикалық жүйесінің құрылуы;
3) Достастықтың ең жетекші елі Ресейдің интеграциялаушы ролінің түсуі, қоғамдық–саяси, демократиялық және экономикалық дамудағы шынайы нәтижелердің болмауы, ал бұл өз кеэегінде ТМД басқа мемлекеттеріне тартушы күші бола алуы мүмкін еді.
в) Экономикалық жағдайды тұрақтандырудың келесі кезеңі:
Интеграциялаушы фактор: 1) шаруашылықтың экономикалық жүйесінің жақындығы біртұтас территориялық–шаруашылық және экономикалық инфрақұрылымның сауда – экономикалық байланысының тиімділігі;
2) Интеграцияланған біртұтас экономикалық кеңістікте бірлескен тауар өндіру қолдау шартындағы шикізатты өндіру және тасымалдау рыногындағы дамып келе жатқан экономикаға деген өзара қажетттілік, әлемдік экономикалық рыноктағы дамыған мемлекеттер бәсекесіне мен аймақтың экономикалық бірлестіктерге бірлесе төтеп беру.
Дезинтеграциялаушы фактор: 1) өз мүдделерін мен тауар өндірушілер мүдделерін қорғау, біртұтас әлемдік шаруашылық құрылымға енуші жаңа сауда – экономикалық инвестициялық байланыс векторлары мен егеменді мемлекеттердің экономикалық өзіндік дамуы;
2) тауар өндіруші және жаңа мемлекеттердің экономикасы арасындағы рыноктың бәсекелестік қатынастың одан әрі дамуы; шикізат рыногы және арзан шикізат үшін күрес; алыс шетелдермен жаңа оптималды транспорттық – коммуникациялық байланыстарды құру.[39]
ТМД-дағы интеграциялық үрдіске әсер еттетін факторлардың тағы біреуі ол сыртқы және ішкі фактор. Сыртқы фактор дегеніміз ол аймақтан тыс жатқан мемлекеттердің аймақтың ішіндегі мемлекеттер ара қатынасына әсер етуі. Бұл мемлекеттер ең алдымен экономикалық пайданы көздеген мемлекеттер. Ал енді ішкі фактор ол осы аймақтағы мемлекеттердің бір-бірімен бәсекелестігі. Мысал ретіндегі Орталық Азия мемлекеттері аймағындағы жағдайды айтуымызға болады. Орталық Азия мелекеттерін мынадай кезеңге бөлуімізге болады: 1994-96 ж.ж. институционалды кезең деп сипаттап, түрлі органдардың құрылғанын көреміз. 1996-98 ж.ж. аралығы “салқындық” бұл кезеңде қабылданған барлық құжаттардың бәрі дерлік орындалмайды. Үшінші ол 98 жылдан бастап қазірге дейін. Бұл аймақтағы саяси жағдайға көп әсерін тигізетін Астана мен Ташкент арасындағы бәсекелестік. Бұл фактордың Орталық Азиядағы ролі өте зор. Бұл теке тірестік бәсекелестікті Анкара, Тегеран, Вашингтон, Мәскеу қолданып қалғылары келеді, яғни посткеңестік аймақта әлі де болса саяси, экономикалық жағдайларға саяси көшбасылар мен элитаның ықпалы зор.
ЕО тәуелсіз мемлекеттердің интеграциясы нәтижесі болса, ал ТМД болса, бір кездері біртұтас мемлекеттердің дезинтеграциясының нәтижесінде құрылды. ТМД мемлекеттері әлі күнге дейін қандай да болсын бір ұлтүсті құрылымдарға сенімсіздікпен қарап, оларды баяғы “Одақтық орталық құру” шарасы ретінде қарастырады.[40]
ЕО-тағы саясат келеді кетеді, ал интеграцияға деген бағыт сол қалпында. Қоғамдастықтың тарихында не болмады! Еуропаның валюталық жүйесін 1978 жылы ГФР канцлері социал демократ Гельмут Шмидт пен Францияның саяси спектрінің оң қанатының өкілі президент Жискар Д’Эстен құрады, бірақ екі елдің саяси бағытын өзгерткен 1981-82 жылдардағы сайлаулардың нәтижесінде валюталық саясатты одан әрі консерватор Г.Коль мен Франсуа Миттеран сәтті жалғастырып алып кетті және ешқандай саяси катаклизмді көрмейміз. Европалық интеграцияның барысына белгілі бір тұлғалар әсер ете алмайды.[41]
Интеграциялық үрдіске қауіп төндіретін тағы бір айта кететін жайт ол әлемдік державалар мен аймақтық мемлекеттердің геоэкономикалық мүдделері. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет шекарасының жақынында бағалы тіпті стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар көзіне айналдарып жіберуі мүмкін. Сондықтан президентіміз өзінің сөзінде атап көрсеткендей Каспий бейбіт интеграция көзіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай отырып, күш–қуатымызды біріктіріп күшті пайдалы механизмін құра аламыз, осы жағдайда ғана алдымыздағы барлық кедергілерді жеңе аламыз.[42]
Сөзімізді қорытындылай келе біз ТМД интеграциясына әсер ететін сыртқы, ішкі факторларды атап, ашып көрсетуге тырыстық. Бұдан нәтиже, оңайлықпен еш нәрсе келмейтінін көреміз. Әр уақытта кедергілер, қиншылықтар болады. Мәселе бұл қиыншылықтарға байланып қалмай, оны жеңу одан әрі даму. Міне, менің ойымша ТМД мемлекеттері өздерінің интеграциялық даму жолдарындағы қиыншылықтарға бірде жеңіліп бірде жеңіп өз өмірін жалғастыруда.
2 тарау. Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды. Көп жылдар бойы орныққан экономикалық байланыстар да әлсірей бастады, ал бұл болса өз кезегінде әрбір жаңа мемлекеттердің экономикасына кері әсерін тигізді.
Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің, әлеуметтік өмірдің интернационализациялануы мен интеграциланушы мемлекеттердің ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында тұрақтылық пен қауісіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз өзектілігін атап көрсетуге болады.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ таяудағы және алыс перспективалардағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс» - деп атап көрсетті.[43]
Орталық Азиялық интеграциялық үрдістің ерекшелігі жаңа тәуелсіз мемлекеттің тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси, экономикалық негіздердің ұқсастығында. Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің күрделілігі кейбір халықаралық немесе аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістің тереңдігі басқа қажетті әдістермен қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.
Орталық Азиядағы су ресурстары мемлекеттер арасында теңдей бөлінбеген. Ірі-ірі деген өзендердің басы, ортасы, аяғы әр түрлі мемлекеттерде орналасқан. Тәуелсіздікті алғаннан кейін бірінші жылдардың өзінде-ақ бұл мәселе өз өткірлігін аңғартқан болатын. Осы аймақтағы ең ірі гидрологиялық жағдайлардың бірі Арал болып табылады. Әрине бұл мәселелерді интеграциялық құрылым шеңберінде бірге отырып шешкен шешім ең дұрысы деп ойлаймын.
Орталық Азиядағы интеграциялық ағымның спецификалық ерекшеліктерінің бірі аймақтағы барлық Мемлекеттердің теңіз-транспорттық коммуникациясына жолдың болмауы. Бұл аймақтарда кейбір державалардың болуы баланстың бұзылу мүмкіншілігін тудырады, ад бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін, ал интеграциялық үрдістер барлық жағдайда айтылғандарға жауап ретінде және қатысушы топтардың геостратегиялық мүдделерінің өзара байланыстылықты, яғни корреляцияны талап етеді.
Назарбаев ТМД елдері үшін интеграциялық ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана емес, бұл керек десеңіз жақсару, тұрақтылық, керек десеңіз ертеңгі күнге деген стимул деп көрсетті.
Қазіргі таңда әлем өзара интеграциялық жүйе үрдісінде дамуда. Әлемнің көптеген аймақтарында сауда, экономикалық, валюталық, кедендік және саяси бірігулер болып жатыр. Бұл объективті және заңды үрдіс. Интеграция қазіргі таңда әлемдік дамудағы күшейіп келе жатқан тенденцияның бірі. XXІ ғасыр ол – интеграция ғасыры. Интеграциялық үрдістің өзара бағыныштылығын сезіну адамға әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұрынғы Кеңестік республикалар өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ішкі және сыртқы саясатын, саяси, экономикалық, әкімшілік, қаржылық реформалар жүргізу жолымен жасай бастады. Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттердің алдында күрделі таңдау тұрды:
Қол жеткізілген егемендікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу;
Күшті мемлекеттің ықпалына қалып, олардың шикі зат көзіне айналу;
Біріккен Еуропаны мысал, үлгі ете отырып, бұрынғы Кеңестер кеңістігінде жаңа еуразиялық даму орталығын құру.
Осылайша бұрынғы КСРО территориясында жаңа интеграциялық топтар пайда бола бастады: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Кедендік Одақ, Орталық Азиялық Кеңес, ГУУАМ т.б.
Экономика сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік әлеуметті тиімді пайдалану қажеттілігін талап етеді. Оның үстіне жоғарыда көрсетіп кеткен екі жақты негізде шеше алмайтын мәселелер бар. Атап айтсақ, суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды экологиялық, яғни Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру; аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК) шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол қоюмен нақты жүзеге асты. Қатысушылары Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан (1998 жылы 26 наурыздан бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты қатысушысына айналды).
Информация о работе Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан