Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:32, курсовая работа
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Кіріспе
I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар
2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланылғын әдебиеттер
Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.
Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс.[31]
Біз осылайша, интеграция шығу тегі, ұғымы және теориясы туралы азды-көпті баяндадық.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда. Тарих көрсетіп отырғандай қала-мемлекеттерден де кеңірек саяси ұйымдарды құру қажеттілігі, антикалық әлемнің шаруашылық дамуындағы қажеттіліктердің арқасында дүниеге келді, яғни тауар өнімінің дамуы, аймақтар арасындағы экономикалық байланыс. Осы өзгерістер, дамулардың нәтижесінде Шығыс Жерорта теңізінде элинистік мемлекет Римнің Италияны жаулап алуы Сиракуз державасының дүниеге келуіне жол ашты. Жалпы интеграция және дезинтеграция экономикада, ғылымда, мәдениетте ауқымды прогрестерге алып келген. Егер де тарихқа үңілсек, біз көптеген мемлекеттердің, империялардың, державалардың құрылғанын, ал енді кейбіреулерінің күйрегенін көреміз. Бұл үрдістерді біз интеграция және дезинтеграция деп айта аламыз, бірақ бұл жердегі дезинтеграция тоқтап қалу немесе жоқ болып кетуді білдірмейді. Бұл жерде үрдіс өз шеңберінде қайталана бастайды, яғни бір спираль тәріздес, әр айналымда күшейе түседі. Мемлекет әлеуметтік интеграцияның бір түрі ретінде дүниеге келді. Әр түрлі халықтарды жаулау немесе күштеу негізінде біріктіру өз жемісін бермеді. Осы жолмен құрылған біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе де сол мемлекеттердің ішіндегі халықтардың шаруашылық және мәдениетінің түрлілігі, олардың ұлттық сана-сезімдерінің жетіліп, дамуы, бұл жасанды құрылымның күйреуіне алып келетін. Осы жерде біз КСРО-ны мысал ретінде айтып кете аламыз. Біз білетіндей КСРО-ның құрамына кіретін халықтар күштеп осы құрылымға енгізілген. Бірақ уақыт өте келе бұл өз нәтижесін көрсетті. Біздің осыдан шығаратын түйініміз – қандай да болсын халық бір құрылымға жоғарыдан күштеп емес өз қолдауымен кіру қажет. Мұның мысалы ретінде тек КСРО емес, сонымен қатар Рим, Византия, Осман, Австро-Венгрия, Британия империяларының тағдырын айтуға болады.
Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің түкпір-түкпірінде дүниеге келе бастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі 40жылдан астам интеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ.
Бірнеше жыл бұрын Батыс жарты шарында жаңа интеграциялық бірлестік НАФТА (Солтүстік америкалық еркін сауда туралы келісім), мүшелері АҚШ, Канада, Мексика.
Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай.
Оңтүстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.
Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің экономикалық және саяси мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.
Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн.
Қазір бүкіл әлем интеграциялануға ұмтылуда. Техника, мәдениет, білім барлығы дерлік бір бірімен қабысуда. Адамзат басынан өткерген түрлі қиыншылықтар, жойқын соғыстар, тәртіп, жүйеге қарамастан, бір бірімен тығыз қатынаспен бірігуге ұмтылуда. Мұның айқын айғағы ретінде Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропалық Одақ, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің бірлестігі, Азия Тынық мұхит аймағындағы елдер бір бірі арасындағы қатынастарды тереңдетіп, тиімді түрде саяси және экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.
Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясын айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан.[32] Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”[33] Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншісіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.
Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама, мәдени, экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар, интеграция, саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни интеграция қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.
Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады.
Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В.Г. айтып кеткендей: “интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып келетін үрдіс”.[34] Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды: біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы; екіншіден, интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау.[35]
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы – интеграция және интеграция еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.[36]
Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.
Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.
Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттерді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жердегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіптің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.
Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.
1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:
1. Еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;
2. Кедендік одақ – жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;
3. Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
4. Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;
5. Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.
Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикасы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.
Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.
Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс.[37]
Біз осылайша, интеграция шығу тегі, ұғымы және теориясы туралы азды-көпті баяндадық.
Интеграциялық үрдіс әлемде, аймақтарда, мемлекеттерде әр түрлі дамуда. Тарих көрсетіп отырғандай қала-мемлекеттерден де кеңірек саяси ұйымдарды құру қажеттілігі, антикалық әлемнің шаруашылық дамуындағы қажеттіліктердің арқасында дүниеге келді, яғни тауар өнімінің дамуы, аймақтар арасындағы экономикалық байланыс. Осы өзгерістер, дамулардың нәтижесінде Шығыс Жерорта теңізінде элинистік мемлекет Римнің Италияны жаулап алуы Сиракуз державасының дүниеге келуіне жол ашты. Жалпы интеграция және дезинтеграция экономикада, ғылымда, мәдениетте ауқымды прогрестерге алып келген. Егер де тарихқа үңілсек, біз көптеген мемлекеттердің, империялардың, державалардың құрылғанын, ал енді кейбіреулерінің күйрегенін көреміз. Бұл үрдістерді біз интеграция және дезинтеграция деп айта аламыз, бірақ бұл жердегі дезинтеграция тоқтап қалу немесе жоқ болып кетуді білдірмейді. Бұл жерде үрдіс өз шеңберінде қайталана бастайды, яғни бір спираль тәріздес, әр айналымда күшейе түседі. Мемлекет әлеуметтік интеграцияның бір түрі ретінде дүниеге келді. Әр түрлі халықтарды жаулау немесе күштеу негізінде біріктіру өз жемісін бермеді. Осы жолмен құрылған біршама ұзақ уақыт өмір сүрсе де сол мемлекеттердің ішіндегі халықтардың шаруашылық және мәдениетінің түрлілігі, олардың ұлттық сана-сезімдерінің жетіліп, дамуы, бұл жасанды құрылымның күйреуіне алып келетін. Осы жерде біз КСРО-ны мысал ретінде айтып кете аламыз. Біз білетіндей КСРО-ның құрамына кіретін халықтар күштеп осы құрылымға енгізілген. Бірақ уақыт өте келе бұл өз нәтижесін көрсетті. Біздің осыдан шығаратын түйініміз – қандай да болсын халық бір құрылымға жоғарыдан күштеп емес өз қолдауымен кіру қажет. Мұның мысалы ретінде тек КСРО емес, сонымен қатар Рим, Византия, Осман, Австро-Венгрия, Британия империяларының тағдырын айтуға болады.
Информация о работе Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан