Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:13, курс лекций
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс жоне безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.
Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.
Орындалуы міндетті бүл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.
Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады.
Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні, фамилиясы, кызметі толық жазылуы тиіс.
Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.
Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі.
Бұйрық
Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мөтіні әдетте екі бөліктен тұрады:
1) констатациялык; 2) өкімдік.
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.
Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялык бөлік жазылмайды.
2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді. Бұйрықты дайындау барысында, оны орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасынын бір данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылган күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналаға тіркеліп, оган нөмір қойылады және канцелярияда сақталады.
Жеке құрам жөніндегі бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашан істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орындаушының үнемі атқаруга тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше бөлімнен тұрса, оның барлыгының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңгы бөлімде ғана корсетіледі. Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бүл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:
- жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;
- күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
- арнайы бұйрықтар;
- төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
- басқа да бұйрық түрлері.
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтаға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмыска ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік (полномочие) те беріледі.
Арнайы бұйрықгар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу, т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 дана марапатталған адамға тапсырылады.
Басқа
да бұйрык түрлері мекеменің күнделікті
жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді
қажет жағдайда шешу барысында беріледі.
Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе
басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық
жұмыс мерзімін белгілеу т.б. Түрлі жағдайға
байланысты бұйрыктардың да түрлі нұсқалары
болады.
НЕГІЗГІ СӨЗДІК
бұйрық
жеке құрам бойынша бұйрық - приказ по личному
составу
бұйрык беру
бұйрық шығару
бұйрықпен танысу
бұйрыққа бағыну
басқа жұмысқа ауысуына денсаулығына
зейнеткерлікке шығуына
в связи с/со
тағайындалсын
қабылдансын
босатылсын
ауыстырылсын
уақытша атқару
жүктелсін
бұрыштама
байланысты
переходом на другую работу
здоровъем
уходом на пенсию
- назначитъ
- принять
- освободить
- заменить
- временно возглавить
- возложить
- виза
# Үлгілермен танысықыз.
Бұйрықтағы мөтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.
I. БҰЙРЫҚ
Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы
Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес оқытушылық қызметіне қабылдансын.
Ректор (қолы)
II. БҰЙРЫҚ
Перспективалық даму департаментінет жұмысқа қабылдау туралы
Жәнібек
Темірғалиев Перспективалық даму департаментіне
штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемі
-150000 теңге, бас маман қызметіне қабылдансын.
Айрықша жұмыс жағдайлары ушін 20% көлемінде
үстем ақы белгіленсін.
Директор
III. БҰЙРЫҚ
Медициналық колледж директорын уақытша ауыстыру туралы
Алматы
медициналық колледжі директорының
3 айға Англияға ресми сапарға
кетуіне байланысты оның міндеттерін
уақытша атқару директордың орынбасары
Шөкира Аманқызына жүктелсін.
Директор