Мемлекеттік тілдегі іс-кағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:13, курс лекций

Описание работы

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Работа содержит 1 файл

Iс кагаздары (лекции).doc

— 389.00 Кб (Скачать)
p>4)   анықтамалар  жіберіледі.

Егер мінездемеде  қосымша болатын болса ол жайында  парақтың соңында жазылады. Ал қосымша  бірнешеу болатын болса жолдама  хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің  жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады. 
 

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші  мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме  иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі. 

# Үлгімен танысыңыз.

Мінездеме

    Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі -жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967 жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы, Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір          Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

    Б.Б.Сыздықов   -   өз  ісін  жетік   білетін,   тәжірибелі   маман.   Ол бірнеше  ғылыми  еңбектердің  авторы.   Б.Б.Сыздыковтың   "Металлургия өнеркәсібінің    терминдері"    деп    аталатын    еңбегі    Шоқан    Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

    Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік  біледі, ЭЕМ /ЭВМ/ машиналарында жүмыс  істей алады. Б.Б.Сыздыков -- студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

    Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін беріледі.

    Мекеме  басшысы Айы, күні, жылы

    /аты-жөні, қолы/ 

                                                                            Қазақ-Британ техникалық университетінің

      ассистент-профессоры                 

Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

                                                                           

                                                             Мінездеме

    Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз  ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. ¥лты - қазақ, білімі -жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетІне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген. 1985-88 жылдар аралығында - Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҮТУ металлургия факультетінің аға оқытушысы. 1988-91 жылдар арапығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация корғады.

    Қ.Ө.Әлиханов - өз ісін жетік білетін, тэжірибелі маман. Ол - бірнеше гылыми еңбектердің авторы. Қ.Ө.Әлихановтың "Металлургия өнеркэсібінің терминдері" атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

    Қ.Ө.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Ол - студенттер мен эріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

    Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Тау-кен металлургия

институтының  директоры,

т.г.д., профессор                                                        А.И.Магзонов                қолы 

Айы* күні, жылы 
 

Қазақ спорт жэне туризм академиясыныц 2000-шы жылғы түлеғі,

еркін күрестен бапкер Мақсат Ахметүлы Нүсіпбековке

                                                            

                                                                   Мінездеме 

     Мақсат  Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннсн кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.

    М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.

    Компьютермен  жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.

    Мінезі  біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.

    Сынды  дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тезтүзетуге тырысады.

    Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А,Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады. 

Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия

институтының  директоры, т.г.д., профессор                           М.О.Жарасов   қолы 

     Айы, күні  жылы 

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

мінездеме

ұлт

лауазым,қызмет

азамат

білім

жоғары білім

орта білім

жыл

қазір

тәжірибелі

білікті, өз ісін жетік

білетін

маман

жетік білу 

аудармалары

авторитетный                           - беделді

коллега                                    - әріптес

образцовый                              - үлгілі

среди                                        - арасьшда

учереждение                            - мекеме

организация                             - ұйым

руководитель                           - басшы

туу

оқу

бітіру

жұмыс істеу 

    1. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

  ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады. 

ҚОЛХАТ  - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады.

       Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың  аты;

- қолхат  беруші туралы толық мәлімет  (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік  нөмірі);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат  заттың атауы (егер ақша болса,  көлемі санмен де, жазбаша да  көрсетіледі);

-  қайтарылатын  нақты уақыты;

- қайтара  алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат  жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме  мөрі.

Сөздік:

қолхат- расписка

 азамат- гражданин 

мерзім-срок

кепілақы- задаток 

қарыз- долг

 ақша- деньги 

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять 

уақытында-вовремя 

кепіл ақы- задаток

Үлгі:

                                                Қолхат

    Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 

    15 ақпан ,2003ж.                                                    (қолы) 

                                               Расписка

    Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.

    Номер удостоверения личности.

    15 февраля, 2003 г. (подпись) 

Қолхат

    Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман  Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың)  АҚШ долларын алдым.

    2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ. 

    10.12.2003жыл                              қолы 

Қолхат

    Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан  Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір

жетіде  қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223. 

    24.03.03                                                                        колы

    Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

СЕНІМХАТ  – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке  жазылады да, мекеме басшысының қолы мен  мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты  мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады. 

 Сенімхаттың  мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

 -құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат  беруші туралы толық мәлімет  (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім  білдірілетін тұлға туралы толық  мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке  куәлік нөмірі);

- алынғат  заттың атауы (егер ақша болса,  көлемі санмен де, жазбаша да  көрсетіледі);

-  қайтарылатын  нақты уақыты;

- қайтара  алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық  мекеме мөрі.

Сөздік:

Информация о работе Мемлекеттік тілдегі іс-кағаздар