Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:46, реферат

Описание работы

Емтихан мақсаты – білім және машықтану деңгейін анықтау және ойды анық және дәйекті түрде жеткізе білу, сонымен бірге «халықаралық қатынастар шеңберінде философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алуға және PhD докторантурасында білім алуға қажетті «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша емтихан тапсырушылардың аналитикалық қабілеттерін айқындау.

Работа содержит 1 файл

межд отнош каз.docx

— 56.10 Кб (Скачать)

Зерттеудің  теориялық және қолданбалы дәрежесі. Зерттеу мәселелерін таңдау. «Теория» туралы түсінік. Теорияға қажетті негізгі  талаптар және теорияны құрудың логикасы. Теория компоненттері. Теорияның функциялары. Теория түрлері.

Саяси әлеуметтік ой тарихындағы халықаралық  қатынастарды пайымдау. Халықаралық  қатынастар теориясы мен маяси теорияларының  байланысы. Халықаралық қатнастарды  теориялық жағынан ұғынудың концептуалдық  негіздерінің қалыптасуы. Классикалық  бағыттар: (Н.Макиавилли, Т.Гоббс, Э.Деваттель, К.Клаузевиц). Идеалистік бағыт: (Ф.де Виториа, Г.Гроций, И.Кант). Мораль және құқық  халықаралық қатынастар негізгі  категориялар хақында. Саяси идеализм. Либералдық интернационализм.

 

  1. Реализм және жаңа реализм. Г.Дж.Моргентаудың саяси реализмі және оның «Мемлекеттер арасындағы саясат» еңбегі. Халықаралық ортаның анархиялық мәні туралы. Мемлекет халықаралық қатынастар негізгі факторы хақында. Мемлекеттер арасындағы қақтығыстар және байланыс. Ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздіктің ролі. Мемлекет қызметі үшін ішкі саяси мүдделердің маңыздылығы. Қауіпсіздік дилемасы. Мемлекеттер және мемлекеттер коалициялары үшін «реалистік стратегия» түсінігі. Күш және күш тепетеңдігі халықаралық қатынастардың негізгі. Реттеуші құралы ретінде. Мемлекеттер мен мемлекеттік блоктардың сыртқы саясаттағы негізгі мүдделері: қауіпсіздік, тиімділік, дәреже (бедел). Мемлекеттік қауіпсіздіктің басымдылығы. «Экспансионизм және империалық саясат теориясы» еңбегінің мәні. Мемлекеттің қызметіне халықаралық жүйелер мен оның құрылымының ықпалы. Құрылымдық шектеу. Халықаралық саясаттағы моральдық принциптер мен халықаралық құқық нормаларының маңыздылығын сынау.

 

  1. Либерализм және жаңа либерализм. Жаңа либерализмнің негізгі өкілдері. Халықаралық қатынастардағы мемлекеттің ролі. Халықаралық аренадағы акторлардың саны мен түрінің өсуі. Халықаралық қатынастардағы анархияның тежеуіші ретіндегі халықаралық институттардың ролі. Халықаралық институттардың институционалдық инерциясы. Халықаралық қатынастардың фрагментациясы.

Халықаралық үрдістегі ынтымақтастық пен  өзара байланыстық. Халықаралық  тәртіптер ынтымақтастық пен  өзара байланыстық құралы ретінде. Қауіпсіздік мәселесінің экономикалық өлшемдері. Әлемнің өзара тәуелділігінің өсуі. Халықаралық қауымдастық үшін ортақ мүдде мен құндылықтардың маңыздылығы. Нарықтық механизмдер  халықаралық қатынасты реттеудің  құралы ретінде. Экономиканың ролінің  күшеюі. Халықаралық қатынастарды реттеудегі құқықтық, халықаралық институттардың және этникалық нормалардың ролі.

 

  1. Марксизм және жаңа марксизм. Халықаралық капитализм тұрғысындағы мемлекеттің ролі мен қызметтері. Тап күресі әлемдік саясаттың қозғаушы күші хақында. Мемлекет үстеп тап мүдделерінің жүзеге асырудағы (сыртқы саясаттағы) негізгі құрал ретінде. Халықаралық қатынастардың түрлері.

Марксистік  саяси ойдағы халықаралық қатынастарды сараптаудағы үш негізгі бағыт. Тарихи материализм тұрғысындағы халықаралық  қатынастар. (империализм теориясы және әлемдік экономика) марксизмдегі соғыс және ұлттардың мәселесін  жеке категория ретінде қарастыру. Э.Бернштейн және оның халықаралық  қатынастардың экономикадан тәуелсіздік  идеясы. Н.Бухарин Халықаралық капиталистік шаруашылық моделінің құрылымы туралы. «Әлемдік шаруашылық және империализм» еңбегінің маңызы.

 

  1. Халықаралық қатынастардың табиғаты мен заңдылықтары. Халықаралық қатынастардың табиғаты туралы түсінік. Халықаралық қатынастардың табиғаты туралы және оның ерекшеліктері мен ортақтығы бойынша жаңа реализм, жаңа либерализм және жаңа максизм өкілдерінің көзқарастары. Халықаралық қатынастардың анархиялық табиғаты және оны реттеу жолдары туралы. Мемлекет халықаралық қатынастардың басты акторы хақында. Халықаралық акторлардың өзара қызметі. Халықаралық қатынастардың негізгі мәселелері.

Халықаралық қатынастардың заңдылықтары туралы түсінік. Халықаралық қатынастардың  заңдылықтары туралы жаңа реализм, жаңа либерализм және жаңа марксизм өкілдерінің  көзқарастары. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жүйеліктің күшеюі. Халықаралық  қатынастардың фрагментациясы. Халықаралық  құқықтық демократиялық институттар  мен нарықтық механизмнің ролінің  артуы. Күш және билік халықаралық  қатынастарды негізгі реттеуші құрал  ретінде.

 

  1. Халықаралық қатынастар тұжырымының негізгі парадигмаларын салыстыру сараптамасы. Теорияның функциялары. Теория түрлері. Теорияларды тексеру мен жетілдіру. Гипотеза туралы түсінік. Гипотеза түрлері. Жүйелер категориясын жасау және гипотеза шығару. Гипотеза құрастыру логикасы. Гипотеза компоненттері. Салыстырмалы сараптаманың өлшемдері мен талаптары: жаңа реализм, жаңа либерализм, жаңы марксизм. Халықаралық ортаның сипаттамасы, халықарлық акторлар, халықаралық қатынастардың акторларының өзара байланысы, халықаралық қатынастардың негізгі мәселелері, қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың негізгі тенденциялары, халықаралық қатынастарды реттеу, халықаралық жүйедегі құрылымдық факторлардың ролі.

Анықтамалар мен түсініктердің салыстырмалы сараптамасы: «әлемдік саясат», «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», «геосаясат», «қауіпсіздік», «қақтығыс», «тоқырау».

 

  1. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар теориялары. Институционализм. Халықаралық қатынастардағы институттардың ролі мен қызметі. Плюрализм. Транснационализм. Халықаралық қатынастардың субъектілерінің көр жақтылығы. Мемлекеттік егемендіктің таралуы. Халықаралық қатынастар жүйелерінің өзара байланыстылығы. Саяси тәртіптер теориясы. Жаңа либералдық институционализм. Тәртіп пен ынтымақтастық табиғаты. Мемлекеттер арасындағы тәуелділіктің күшеюі. Халықаралық қатынастардың сын теориясы. Эмансипация: негізгі элементтері: антономия. Дискурсивтік этика. Постструктурализм. Модернизм. Постмодернизм. Фименизм. Француздық социологиялық мектеп.

 

  1. Халықаралық қатынастарды зерттеудің формалды әдістері. «Әдістеме», «әдіс», «методика», «зерттеу техникасы» туралы түсініктер. Халықаралық қатынастарды зерттеудің формалды және формалды емес әдістері.  Нормативті идеялогиялық және нормативті гипотезалық бағыт.

Статистикалық әдістер. Синергетика: негізгі идеялар  мен мәселелер. (И.Пригажин) «Морль»  туралы түсінік. Халықаралық қатынастардағы жағдайлар мен үрдістерді моделдеудің  ерекшеліктері. Математикалық модельдеудің қиындығы мен артықшылығы.

 

  1. Халықаралық қатынастарды зерттеудің бейресми әдістері. Тарихи суреттеу және саяси суреттеу тұрғы. Қолданбалы әдістер: жағдайды сараптау әдісі (жәй және бағытты бақылау, құжаттар мен материалдық деректерді зерттеу, салыстырмалы сараптау); мазмұндық сраптама әдістері (контент сараптау, ивенттік сараптау, когнетивтік әдістер); қызмет жүріс тұрысты сраптау әдісі (иметация, жағдайды сараптау, іскерлік және стратегиялық ойындар). Аналитикалық болжау әдістері: алтернативистика, ретроалтернативистика, қойылымдық және эксперттік сраптау әдістері (ақыл ой шабуылы, «дельфи» әдісі және т.б.).

 

  1. Халықаралық қатынастарды зерттеудің жүйелік әдісі. Л.Фон Берттолонфи концепциясы. Жүйе элемент, қоршаған орта, ішкі орта, жүйе құрылымы, жүйе функциясы туралы түсініктер. Жүйелер тұрақтылығы. Ашық жүйе.

Халықаралық жүйелерді зерттеудегі негізгі  ұстамдар: күрделілігі, көпжақтылығы, бейімденгіштігі, ашықтығы, әлеуметтік саяси мәні. Халықаралық жүйелерді  зерттеудегі негізгі бағыттар: дәстүрлі тарихи, тарихи социологиялық, эвристік, аралас, құрылымдық, функционалдық. Халықаралық  қатынастар типологиясы. Халықаралық  жүйелердің өзгеруінің заңдылықтары мен  негізгі бағыттары. Халықаралық  жүйелердің қызметі. Құрылымы. М.Капланның  типолигиясы. Халықаралық жүйелердің өзгеруінің заңдылығы мен қажеттілігі. Халықаралық жүйелердің өмір сүру заңдары. Құрылымның ролі. Р.Аронның жүйелік  әдісі. Құрылымдық өзгерістер. Ж.Дерриенктің  құрылымдық мінездемесі. Халықаралық  жүйелердің өзгеру заңдылықтары.

 

  1. Халықаралық қатынастардағы сараптаудың деңгейлері. Сараптау деңгейлері туралы түсінік. Сараптау деңгейінің кеңістік түсінігі. Эпистемиологиялық деңгей. Сараптау деңгейін анықтаудың өлшемдері. Халықаралық үрдістерді сраптаудың үш деңгейлік концепциясын дамытудағы М.Капаланның, К.Уолцтың, Дж.Сингердің қосқан үлестері. Индивид, элемент және жүйе. Сараптау деңгейлерін қолдануға байланысты пікірталас. Құрылым және элемент байланысы.

 

  1.  Халықаралық қатынастардың ортасы. «Халықаралық қатынастар ортасы» туралы түсінік. Ішкі және сыртқы орта. Халықаралық қатынастардағы әлеуметтік және одан тыс орта. Халықаралық қатынастардағы құрылымдық өзгерістер. Ортаның өзгеруі. Орта түрлері. Ғаламдық халықаралық қатынастардағы сыртқы орта мәселесі. Халықаралық қатынастардағы сыртқы ортаның факторлары, элементтері, құрылымы. Геосаяси фактор. «Геосаясат»туралы түсінік. Мемлекеттің физикалық, әлеуметтік материалдық және моральдық ресурстары. Географиялық ортаның ролі. Экологиялық фактор. Геосаясаттың негізгі концепциялары. Х.Макиндер, Р.Челлен, К.Хаусхофер, Ф.Ратцеля, А.Мэхэна, Н.Спайкменнің теориялық зерттеулері. Геосаясат әдісінің шектелуі.

 

  1.  Халықаралық қатынастар жүйесінің акторлары. Халықаралық қатынастардың акторлары туралы түсінік. Акторлар санының өсуінің ерекшеліктері. Акторлар типологиясы. М.Каплан, Мерль Брайар және Джалильдің типологиясы. Мемлекет халықаралық қатынастардың негізгі акторы ретінде. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі мемлекеттің қызметі және эволюциясы.

Мемлекеттің тарихи формалары. Мемлекеттің және монархтың егемендігі туралы. «Ұлттық  мемлекет» және ұлт түсінігі. Ұлттық идеология. Ұлттың қалыптасуындағы  саяси және интеллектуалды элитаның ролі. Егеменділіктің ішкі және сыртқы аспектілері. Мемлекеттердің теңсіздігі, халықаралық актор ретінде. Мемлекеттерді  стратификациялаудың түрлері мен  негізгі өлшемдері. «Ұлы держава», «Алпауыт мемлекет», «Орташа держава», «Кіші  мемлекет», «Микромемлекет» туралы түсініктер.

Халықаралық қатынастардағы дәстүрлі емес акторлар және олардың түрлері. Халықаралық, үкіметаралық емес ұйымдар және олардың  түрлері. Халықаралық қатынастарға үкіметаралық емес халықаралық ұйымдардың әсер етуінің механизмі мен ықпалы.

Трансұлттық корпорациялар. Трансұлттық корпорациялардың түрлері мен олардың халықаралық  қатынастарға, мемлекеттің саясатына  әсері. Халықаралық акторлардың  қосымша түрлері: ұлтазаттық қозғалыстар, сепаратистік қозғалыстар және жеке адамдар.

 

  1. Халықаралық қатынастардың акторларының мүдделері, мақсаттары, құралдары. Халықаралық қатынастардың мақсаттары мен мүдделері. Сараптау мақсаттары. Бихевиористикалық әдіс. «Мақсат», «мүдде» туралы түсінік. Мемлекеттік ұлттық мүдделер. Әскери, қауіпсіздік, мемлекеттік, егемендік, экономикалық потенциал. Мүдделерді жүзеге асыру ерекшеліктері туралы түс інік. Мақсатты жүзеге асыру жолдары. Мақсатты жүзеге асыруға бөлінетін қаржы. Халықаралық қатынастардағы негізгі акторлардың мақсатқа жету жолдары, келіссөздер және күш қолдану. Мақсат пен мүдденің тепе теңдігіндегі стратегияның ролі. Стратегия түрлері. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың ерекшелігі. Күш қолдану халықаралық акторларының негізгі құралы ретінде.

 

  1.  «Сыртқы саясатты сараптау»: зерттеудің негізгі бағыттары. Сыртқа саясатты сараптау және саяси реализм. Сыртқы саясатты сараптаудың мақсаты. Мемлекеттің сыртқы қоршаған ортамен байланысының себептері, қозғаушы күштері және механизмдері. Мемлекеттің әшкә  тұтастылығы және сыртқы саясат.

Сыртқы  саясатты сараптаудың негізгі әдістері. Салыстырмалы саясатты сараптаудың  негізгі әдістері. Салыстырмалы әдіс; құрылымдық функционалдық әдіс; психологиялық  зерттеулер. Сыртқы саясатты сараптаудағы негізгі тұлғалар, жеке адам, кіші топтар, ұйымдық құрылымдар, макроәлеуметтік  деңгей. Сыртқы саясаттағы детерминант  түсінігі. Дж.Розенау теориясы. Сыртқы саясаттағы бюрократиялық теория. Шешім  қабылдау ерекшеліктері. Сыртқы саясатта шешім қабылдаудағы элитаның, топтың ролі.

 

  1. Халықаралық процесстер. Халықаралық үрдіс туралы түсінік. Күрес, ынтымақтастық және келіссөздер саясаттың негізгі формасы ретінде. Шешім қабылдаудың ерекшеліктері. Шешім қабылдау үрдіс хақында. Қазіргі әлемдегі саясаттың формалары.

Халықаралық қақтығыстар және олардың XXI ғаысрдағы  ерекшеліктері. К.Баулдинг және Л.Козер  конфликтологияның негізін салушылар. Қақтығыс анықтамасы және себептері. Қақтығыстар  типологиясы. Қақтығыстар қызметі. Қақтығыстардың даму деңгейі және оның дамуына әсер етуші факторлар. Қақтығыстарды  шешудің негізгі механизмдері.

Халықаралық ынтымақтастық және интеграция үрдісі. Ынтымақтастық пен интеграцияның  негізгі түрлері. Ынтымақтастық  тереңдігі және кеңдігі туралы түсінік.

Интеграциялық үрдістердің теориялық негіздері: функционализм, жаңа функционализм, федерализм, тәртіптер теориясы, өзара тәуелділік теориясы. Аймақтық, ынтымақтастық пен интеграцияның ерекшеліктері. Әлемдік, ғаламдық мәселелер бойынша ынтымақтастық.

Информация о работе Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері