Деректеме ресми құжатты ресімдеудің міндетті элементтері болып табылады

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:52, реферат

Описание работы

Деректеме ресми құжатты ресімдеудің міндетті элементтері болып табылады. Олардың құрамы және орналасу сұлбасы Қазақстан Республикасы ҚР СТ 1042- 2001 «Ұйымдастырушылық- өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар» стандартымен анық талған. Состав реквизитов и требования к их оформлению

Работа содержит 1 файл

Деректеме ресми құжатты ресімдеудің міндетті элементтері болып табылады.docx

— 36.25 Кб (Скачать)

19. Мөр бедерлемесі:

Мөр бедері лауазымды тұлғаның құжаттағы қолының түпнұсқа екендігін куәландырады. Мөр бедері лауазым атауы мен қойылған қол бөлігін қамтитын болуы керек.

20. Құжат  көшірмесінің куәләндырылғаны туралы белгі:

Құжаттың түпнұсқамен сәйкестігін куәландыру үшін «Қол» деген деректеменің төменгі жағына «Көшірмесі дұрыс» (тырнақшаларсыз) деген куәландыру жазбасын, көшірмені куәландырған тұлғаның лауазым атауын, оның өз қолын және қойылған қолдың толық мәнін, ұйымның мөрін, куәландырылған уақытын қамтиды.

21. Құжат  орындаушысы туралы белгі:

«Орынд.» деген қысқартылған сөзді, құжатты орындаушының фамилиясын, аты-жөнін (өз есімінің және әкесі есімінің бас әріптерін), оның телефон нөмірін қамтиды және бұл құжаттың соңғы парағына, оның өң бетіне немесе қайырма бетіне сол жақ төменгі бұрышынан жазылады.

22. Құжаттың  орындалғаны және іске жөнелтілгені туралы белгі:

Оның орындалғандығын  растайтын құжаттың тіркеу нөмірі мен уақытына сілтемені (мұндай құжат болмаған жағдайда — орындалуы жөнінде қысқаша мағлұматты), «Іске» сөзін, құжат сақталатын істің нөмірін қамтиды.

Құжаттың орындалғаны  және іске жіберілгені туралы белгіге қол қойылады және ол құжаттың бірінші парағына, оның өң бетіндегі сол жақ төменгі бұрышынан немесе оның қайырма бетінен қойылады.

23. Құжаттың  электронды көшірмесінің иденфикаторы:

Файлдың атын, оператордың кодын, уақытын және құжаттың әрбір парағына сол жақ төменгі бұрышынан қойылатын басқа да іздестіру деректерін қамтитын белгі (колонтитул) құжаттың электрондық көшірмелеріне идентификатор (сәйкестендіргіш) болып табылады.

24. Құжаттың  ұйымға келіп түскені туралы белгі:

Кіріс құжаттың нөмірін қамтиды және құжаттың бірінші парағына оның оң бетінің оң жақ төменгі бұрышына қойылады.


Информация о работе Деректеме ресми құжатты ресімдеудің міндетті элементтері болып табылады