Қазақстан - 2050 стратегиясын түсіндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 06:48, доклад

Описание работы

«Баршаңызды ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздіктің туған күнімен құттықтаймын!» –Астанамыздың төрінде бой көтерген тағы бір тамаша ғимараттағы, «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы салтанатты мәжілісті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай бастады. Иә, Тәуелсіздік ең киелі құндылығымыз, тәу етер басты киеміз. Біздің бар ойымыз, бар мақсатымыз елдің еңселенуі, мемлекеттің мығымдануы десек, осы жолдағы аса маңызды шешімнің

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 615.24 Кб (Скачать)

Экономикалық  әлеуеті жетеді

Дулат ИСАБЕКОВ,  
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 
Президенттің әр Жолдауынан халық жаңалық күтетіні рас. Бүгін Елбасымыз Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын жария етті. Әрине, болашақты болжаған өркениетті елдер өздерінің жарты ғасырға немесе бір ғасырға арналған дамуын жоспарлап қояды. Ал 2050 жылға дейін біз әлемде дамыған, бәсекелестікке барынша қабілетті 30 елдің, тіпті 20 елдің қатарына қосылып қалуымыз мүмкін. Бұған еліміздің экономикалық мүмкіндігі толық жетеді. Өйткені, Қазақстанда табиғи ресурстар баршылық. 
Елбасы өз сөзінде еліміздің болашақтағы даму жоспарын айта келіп, жастарды тәрбиелеуге байланысты мәселелерге де тоқталды. Себебі, бұл Стратегия ұзақ мерзімге арналған. Жастар соны жүзеге асырудың бел ортасында жүруі тиіс. Ал біз жастарға рухани-мәдени тәрбие беріп, олардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына ықпал етуіміз қажет.

Жетістігіміздің түп негізі тәуелсіздікте

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «Руханият» партиясының төрайымы. 
ХХІ ғасыр Қазақ елі  үшін «алтын ғасыр» болатынына күмәнім жоқ. Өйткені,  алдымен экономикамызды тіктеп алдық. Ең алпауыт деген елдердің өзі дағдарысқа ұшырап жатқанда, біздің еліміз жаңбыр-жаңбырдың арасымен дағдарысты айналып өтті. «Алдымен – экономика, сосын саясат» түсінігі бұған көп әсерін тигізді деп ойлаймын. Бүгінгі Жолдауды тыңдап отырып, қаламгер ретінде осы нәрселерді ой елегінен өткіздім. «Бұлбұлдың да жемсауы бар» демекші, алдымен экономиканы тіктемей, басқа ешбір саланың еңсесі көтерілмейтіні тайға таңба басқандай белгілі жайт. Біз – экономикасы тіктелген, басқа да салаларға барынша көңіл бөлуді қолға алған мемлекетпіз. Жолдауда әрбір салаға жеке тоқталған кезде қай саланың болса да жыл сайын өсіп келе жатқаны, жыл сайын бөлінетін қаржының да молайып келе жатқаны байқалды. 
Мынадай әсем ғимаратта, яғни жаңадан салынған Опера және балет театрының залында біздің жарқын болашағымыз туралы стратегияны естудің өзінше әсері болады екен. Дәл осы кезеңдегі жетістіктер қазақ халқының басында ешқашан да болмаған. Тәуелсіздік, бақ, дәулет, түрлі жетістіктер, дамудың түрлі құжаттары, өркениетке ұмтылыс, міне осының бәрі қазір біздің басымызда бар. Біз осы барымызды бағалай білуіміз керек. Ең алдымен, тәуелсіздіктің қадіріне жете алуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, біздің барлық жеңісіміздің де, жетістігіміздің түп негізі тәуелсіздіктен бастау алады.

Тілге  көзқарас – елге  көзқарас

Мейрамбек КИІКОВ, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті»  
қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 
Тәуелсіздік – көп ұлтты халқымыздың ұлы жеңісі. Жүрекке жақын Жолдаудың жігер тасқындатар қуаты мен жауапкершілік салмағы да орасан. Өйткені, 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағытымызды айқындаған құзырлы құжат қалыптасқан мемлекеттің тағдыршешті моделін айқындайды. Жолдаудың өн бойынан елдік бірлігіміздің қасиетті мұраттары қол бұлғайды, келер күндер кемелдігіне құлшындырады. 
Еліміздің «Қазақстан-2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Құжаттағы «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық», – деген сөздер баршамызды толғанысқа бөлейді. Жолдаудағы бүкіл асыл ой «Мәңгілік Елдің» шындыққа айналғандығынан дерек береді. Арман кілті өз қолымызда. Елбасы оны іске қосудың тетігі «бабалар ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықпен» байланыстыруы ортақ ойымызбен қабысады. 
Осы орайда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының ел еңсесін тіктеудегі маңызын атап өткім келеді. Жолдау сөздерімен айтсақ: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік». Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Ендігі жерде өзгені емес, алдымен өзімізді қамшылауымыз керек. Облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі осындай мұраттарды көздейді. Адамның жаңғыруы – қоғамның жаңғыруы. Сана жаңғырмай, тіл де жаңғырмайды. Біздің қоғам мүшелерінің атқарып жатқан жұмысында мемлекеттік тілге деген оң көзқарасты қалыптастыру басымдық алады. Қазақстандық азаматтың адами капиталының өсу көрсеткіші елжандылық, рухани бірлік болса, оған мемлекеттік тілді меңгеріп барып жетуге болады. Бұл кәсіби біліктіліктің де, мәдениеттіліктің де өнегелі тұғыры деп білеміз. 
Егеменді ел болып, бостандықта өмір сүріп жатырмыз. Одан бұрын да өзге ұлттың өкілдерімен ынтымақты бірлікте, берекелі түсіністікте қатар жүрдік. Ал, бүгінгі күні өзің тұрған ел халқының тілін білу адамдар арасындағы қарым-қатынастағы бұлжымас заңдылық екендігі барынша айқындала түсуде. Бұл бәрімізге керек қажеттілік. Елбасы түпкі мақсатты мынадай сөздермен түйіндеп отыр: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз». Рас сөз! 
Көкшетау.

Батыл қадам

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, Парламент Сенатының депутаты. 
Елбасымыз бұл жолы да барша қазақстандықтарды таң қалдырып, риза етті. Расында да кезінде қабылданған «Қазақстан–2030» Стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Өз басым Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы өте өміршең құжат деген ойдамын. 
Мемлекет басшысы осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосу міндетін алға қойған еді. Ал енді дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына кіруді батыл түрде мәлімдеді. Мұндай батыл қадамға кез келген елдің басшысы бара алмайды. Президент, сондай-ақ еліміздің жаңа стратегиясындағы негізгі жеті басымдықты атап өтті. Оларда еліміздің болашақта дамуына қатысты барлық бағыттар нақты көрсетілген. 
Тағы бір айтып өтер мәселе, келесі жылдан бастап әкімдерді сайлау жүйесі енгізілетіндігі дер едім. Енді, барлық ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ 50 қала мен аудандардың әкімдері сайланатын болады. Бұған қоса, Елбасы ауыл әкімдерінің бюджеті қалыптасатындығын атап өтті. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы қазақстандық патриотизмді нығайту мәселесіне де тоқталды.

Бәріміз де дәулетті  болуға лайықпыз

Азат ПЕРУАШЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты. 
Бұл Жолдауды шын мәнінде өте терең әрі құнды құжат деп есептеймін. Мұнда тек бір жылдың төңірегінде іске асуы тиіс дүниелер айтылған жоқ. 2050 жылға дейінгі дамуға басымдық беріліп, халықтың рухани әлеуетіне, қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына үміт артылып отыр. Неге десеңіз, әлемдегі жағдай толқымалы. Күнде бір өзгеріс, күнде бір күтпеген жаңалықтар орын алуда. Бір жағынан біз сол оқиғаларға шайқалмас үшін, екінші жағынан осы жеткен жетістігімізге масаттанып, ары қарай босаңсымауымыз үшін осы Жолдаудың маңызы өте зор. Бұл біздің тұғырымыз, бағытымызды айқындайтын құбыламыз десек те болады. 
Осы Жолдауда 2030 жылға қарай ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі екі есе өсуі тиіс екендігі айтылды. Ал 2050 жылы бұл сектор басымдықта болмақ. Мен осы елдің азаматы ретінде шағын және орта бизнестің дамуына қуанатын адамдардың бірімін. Бұл сектор басымдыққа жетсе, әрбір қазақстандықтың өмірі жақсаратынына сенімдімін. Дамыған Еуропа елдеріндегідей, ішкі жалпы өнім бірнеше есе артып, әрбір қазақстандық сапалы білім алып, денсаулығын түзеп, зейнет жасына жеткенде әлем елдерін аралауға мүмкіндік алып жатса, бұл дегеніңіз үлкен жетістік қой. 
Әрине, қазір де біздің елдің еңсесі биік, әлем мойындайтындай жетістіктері бар. Бірақ ол жеткен жеріңде тұру керек, соған қанағат ету керек дегенді білдірмейді. Мақсат – әрбір  қазақстандықтың өмірі жақсаруы үшін еңбек ету. Жолдаудың да негізгі мәні осы деп ұқтым. 

 

Бірлігімізді бекемдейтін бағдарлама

Данильбек САРАТОВ,  
Орал қаласындағы «Вайнах» чешен-ингуш  
мәдени-ағарту қоғамының төрағасы. 
Мемлекет басшысының 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламасы туралы айтқан сөзінен түйгеніміз, ендігі жерде біздің барлық іс-қимылымыз осыған жұмылдырылмақ. Сөз жоқ, осынау аса ауқымды да, күрделі міндет барша қазақстандықтардың жұмыла күш жұмсауы арқасында ғана мүмкін болмақ. Елбасы шегелеп айтқандай бұл символикалық дата емес. Бүкіл әлемдік қауымдастық алға бағдар етіп ұстап отырған нақты мерзім. 
Осы орайда мен «Қазақстан 2050» Стратегиясына сәйкес жүзеге асатын жаңа саяси бағыт республикадағы барлық ұлт өкілдері мен ұлыстардың ойынан шығып отыр деп санаймын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанадағы жаңа опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанда ешкімнің де ұлттық ерекшелігіне немесе тіліне қарай конституциялық құқы бұзылмайтынын бірнеше рет атап көрсетті. 
Әсіресе, қызметке қабылдар кезде немесе жоғары оқу орнына құжат тапсырғанда, оған түскенде осы аталған конституциялық нормалар бойынша біздің көп ұлтты елімізде бір республика азаматының құқығы шектелсе, онда бүкіл Қазақстан халқының құқығы аяқ асты етілді деп есептеуіміз керек деді Елбасы. Мемлекеттегі азаматтардың заңдық және әлеуметтік құқын сақтауға және қорғауға қатысты бұдан артық қалайша айтуға болады. 
ОРАЛ.

Стратегия – болашаққа берер жауабымыз

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, 
Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХКП Орталық комитетінің хатшысы. 
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің ары қарайғы дамуының алғышарттарын көрсететін басты құжат болғалы тұр. Бұл – еліміздің «Қазақстан-2020» және «Қазақстан-2030» даму бағдарламаларының заңды жалғасы. Еліміз дамуының 15 жылы ішіндегі атқарылған межелерді қаперге ала отырып, алдағы міндеттерді айқындап алу уақыт талабынан туындағаны айқын. Өйткені, еліміз алға қойған көптеген міндеттерді мерзімінен бұрын аяқтады. Өркениетті бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылғаннан кейін еліміз нендей қадамдарға баруы тиіс, деген сұрақтардың туындауы да заңды. Халық осы сұраққа жауап күтіп отыр. 
Алдағы уақытта шикізат көздерінің азайған заманында нендей жағдайлар орын алуы мүмкін деген күдік те жоқ емес. Міне, осы сұрақтарға жауап берген стратегиялық құжат біздің 2050 жылға дейінгі іс-қимылдарымызды қазірден бағамдауға мүмкіндік береді. Соның ішінде болашақ ұрпаққа не қалдырамыз деген сауалдарға жауап қайтарады. Яғни, бұл – біздің 2050 жылға дейінгі идеямыз. 
Мемлекет әлеуметтік саясат ұстанған жағдайда ғана еліміз өзінің өркенді даму жолына түсетінін өмірдің өзі көрсетіп берді. Ірі мемлекеттердің үстемдігін еліміз тәуелсіздігімен ұштастырудың жолдарын іздестіру, технологияларды тиімді пайдалану – қазіргі заманның басты талабы.

Болашақты жасаймыз, болашаққа сенеміз!

Рустам АЛПЫСБАЕВ, 
Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы. 
«Қазақстан 2050» Стратегиясы жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу қағидатына негізделген. Толықтыратын болсақ – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, жаңа кадр саясаты және инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде ұлттық экономикамыздың болашақтағы жетекші күші – кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту, жан-жақты қолдау мақсаты. 
Жастар тәрбиесінің  Стратегиядағы орны ерекше. Жолдау барысында Елбасы жаңа қазақстандық патриотизм, болашақтағы Қазақстанды қалай елестететіні жөнінде айтып, жастарға және жалпы ұлтқа үндеу таратты. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деген ой еліміздің қаншалықты жарқын болашаққа ие болатынына сендіреді. 
Сондықтан Жолдауда айтылған жаңа бастаманы, бағытты ту қылып, биікке көтеріп, біз жас қазақстандықтар болашаққа деген үкілі үміттің тірегі боламыз. «ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін» – деген Елбасы ойымен біргеміз. Біз Жолдауда айтылған: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс», деген мақсатты қолдаймыз. Соған үлес қосуға тырысамыз. 
Талдықорған. 

 

 Принтерден шығару

Бөлісу…

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

2 пікір пікір

  1. Альберт

15 желтоқсан 2012 - 18:56

Жолдауды тыңдадым да, соңынан  мәтінін тағы оқып шықтым, түсінбеген жерлерімді қайталап оқып шықтым. “Мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз” -деген сөйлемде МӘСЛИХАТ АРҚЫЛЫ деген жерін түсінбей қалдым. Тағы басқа да түсінбеген жерлерім көп-ақ. . . Соның алдында Ресейдің де жолдауын тыңдадым, оныкінде ғылыми термин аз, бәрі түсінікті.

  1. Bek

16 желтоқсан 2012 - 1:25

Жаман айтпай-жақсы жоқ  дейді атам қазақ,ертең 15 20 жылдан соң  елді кім басқармақ,ұлтымызға,елімізге қызмет жасайтын қазақ жастарымыз иманды,намысты,қайсар болсын

Пікір

 


Информация о работе Қазақстан - 2050 стратегиясын түсіндіру