Қазақстан - 2050 стратегиясын түсіндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 06:48, доклад

Описание работы

«Баршаңызды ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздіктің туған күнімен құттықтаймын!» –Астанамыздың төрінде бой көтерген тағы бір тамаша ғимараттағы, «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы салтанатты мәжілісті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай бастады. Иә, Тәуелсіздік ең киелі құндылығымыз, тәу етер басты киеміз. Біздің бар ойымыз, бар мақсатымыз елдің еңселенуі, мемлекеттің мығымдануы десек, осы жолдағы аса маңызды шешімнің

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 615.24 Кб (Скачать)

Сенбі, 15 желтоқсан, 2012

Басты мақалалар

«Қазақстан–2050»  стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі

Ел жұртшылығы Елбасы Жолдауын осылай бағалап отыр

«Баршаңызды ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздіктің туған күнімен құттықтаймын!» –Астанамыздың төрінде бой көтерген тағы бір тамаша ғимараттағы, «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы салтанатты мәжілісті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай бастады. Иә, Тәуелсіздік ең киелі құндылығымыз, тәу етер басты киеміз. Біздің бар ойымыз, бар мақсатымыз елдің еңселенуі, мемлекеттің мығымдануы десек, осы жолдағы аса маңызды шешімнің Отанымыздың басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында жария етілуі өте табиғи жай. Одан бір күн бұрын, мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде Президент Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте жаңа Жолдауын жария етуін жеткізгенін айтқандықтан да және оның көп сарап пен дүниежүзілік тәжірибелерді зерделеу арқылы өмірге келген «Қазақстан-2050» бағдарламасы болатынын мәлімдегендіктен де кеше «Астана-операға» жиналған жұртшылықтың толқуы бөлекше болды. Бір жағынан, Тәуелсіздік мерекесінің ауаны, екінші жағынан ел өмірінде үлкен белес болғалы тұрған жаңа Стратегияның хабары, үшінші жағынан осындай маңызды оқиғаның мынандай тамаша ғимаратта жария етілгелі тұрғаны, бәрі қосыла келіп, ерекше тебіреніс туғызғанын әр адамның жүзінен көре алғандаймыз. 
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі сөзінде біздің бүгінге дейін «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бөлігін мерзімінен бұрын іске асырғанымыз нақты мысалдармен айтылды. Алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келе жатқан мемлекеттің жаһандық дағдарыс жағдайында да дамуын жалғастыра білгенін бүкіл  әлем көрді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтауда да, шетел инвестицияларының жоғары деңгейіне, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсімде де, азаматтардың денсаулығын жақсартуда, білім мен әл-ауқатын өсіруде де, энергетика ресурстарын ұсынықты пайдалануда да, инфрақұрылымды, көлік және байланысты  дамытуда  да, кәсіби мемлекетті қалыптастыруда да, қысқасы, ұзақ мерзімді жеті басымдықтың барлығында да Қазақстан өз алдына қойған мақсатына негізінен жетті. Толық орындала қоймаған дейтіндей мақсаттардың өзі де қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Демек, жаңа заманның, жаңа уақыттың жаңа талаптарына сай жаңа Стратегия қабылдаудың қисыны келіп-ақ тұр. Ол қажеттілікті Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін нақты атап, түсін түстеп көрсету арқылы терең негіздеп берді.  
Тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, Үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі сияқты сын-қатерлер Қазақстанның алдынан да бұрын кездеспеген проблемалар туындатуы әбден табиғи екендігі де нақты айтылды. Сондықтан, да тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт – «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдау қажет болып отыр.  
Президент сөзінде елдің шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгергені атап көрсетіліп, кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау керектігі ескертілді. Мемлекет кемелдікке келді. Яғни, бүгінгі күн тәртібі елдің қалыптасу кезеңіндегіден өзгеше болуға тиіс. Ел дамуының жаңа межесі ретінде 2050 жылдың алынуы жайдан-жай емес. Біріккен Ұлттар Ұйымында 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленген, ал Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы жариялаған.  
Сонымен, мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты белгіленді. Елбасының Жолдауы салтанатты мәжіліске жиналған жұртшылықтың тарапынан қандайлық қызығу туғызғанын көрдік. Ондай қызығушылықты бүкіл ел де танытатыны талассыз. Мысалы, Парламент палаталарының Төрағалары Қайрат Мәми мен Нұрлан Нығматулиннің ой-лебіздерінде жаңа Стратегияның ел дамуының жаңа бағыты екендігі, бұл оқиға тарихи дәуірдің басы болып табылатыны айшықты айтылған.  Кеше «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері «Астана-опера» театрына жиналған жұртшылықтың – халқымыздың қалаулы ұл-қыздарының, Парламент депутаттарының, танымал тұлғалардың Жолдаудан алған алғашқы әсерлерін жазып алып қайтты, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәтінін Ақорда сайтынан күндізгі сағат төрттің тұсынан бастап-ақ оқуға мүмкіндік алған қазақстандықтардың арасында өз ой-пікірлерін электронды поштамен жедел жеткізіп жатқандары да, тіпті, Елбасы сөзін елдің негізгі телеарналарынан тыңдаған соң меншікті тілшілер қосындарына телефондап, лебізін білдірушілер де табылды. Әрине, «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау, түсіндіру жұмысы кеңінен ойласуды, жан-жақты жоспарлауды қажет етеді. Ел газеті «Егемен Қазақстан» қашанда мемлекет мұраттарын алға ұстайтын дәстүрі бойынша ол істі де барынша мұқияттылықпен, ықтияттылықпен жүргізетін болады. Бүгінгі нөмірде Елбасы Жолдауына үнқосулардың алғашқы топтамасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Ел дамуының жаңа бағыты

Қайрат МӘМИ,  
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы 
Барлық отандастарды Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі, ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 
Бұл күннің тағы бір тарихи ерекшелігі – Тәуелсіздіктің 21 жылдығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену бағыты айқындалған ұлттық саяси даму стратегиясын белгілеп берді. 
Тәуелсіздікке ие болған 21 жыл ішінде Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Көпұлтты Қазақстан ынтымағы жарасқан елге айналды. Еліміз ықпалды халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосты. Өзін әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде танытты. 
Ата Заң құрметтеліп, халықтың сот билігіне сенімі артты, құқық қорғау органдарында жасалған жүйелі реформалар негізінде азаматтар құқығы мен бостандықтарын қорғауда еліміз абыройлы табыстарға қол жеткізді. 
Мемлекетіміздің заман ағымына сай, өркениетті бағытта дамуы ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйелілікпен жүзеге асырылып келеді. Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырды. 
Елбасының бастамасымен жасалған «Қазақстан-2030» Стратегиясы барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздеген болса, бұл меже, бетке алған асу көзделген мерзімнен бұрын игерілді. Қазақстанның аз уақыт ішінде қол жеткізген ұлы жеңістерін әлем мойындады. 
Бүгінде Елбасы экономиканы әртараптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қарқын алып келеді. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр. 
Әлемдік дамудың тамырын дәл басып отыратын Нұрсұлтан Әбішұлы төрткүл дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, көзқарастар қайшылықтары мен әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қазақстан-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағытын қарсы қойып отыр. 
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. 
Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық потриотизм. 
ХХІ ғасыр бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды. 
Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.

Тағы бір тарихи дәуіріміз басталды

Нұрлан Нығматулин,  
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады. 
Ол Президентіміздің жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясы. 
Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздік алған күннен бастап, барлық қиындықтардың уақытша екенін айтып, әрқашанда өркениетке ұмтылған ұзақмерзімді мақсаттар мен міндеттер қойып келеді. 
Соның нәтижесінде Қазақстанымыз кейбір дамыған елдердің өздері қиналған ауыр кезеңдерден сүрінбей өтіп, дүние жүзін таңқалдырған табыстарға қол жеткізді. 
Дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып, беделі биік, абыройы жоғары, қуатты мемлекетке айналды. 
Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Сол үшін Елбасымыз Қазақстан халқына өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдары нақты белгіленген маңызды Жолдауын жария етіп отыр. 
Бұл – тек болашағын болжай білетін, кемел ойдың иесі, сонымен бірге, еліне, халқына шынайы қамқорлық, жанашырлық жасай білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты әлемдік саясаткердің, дана басшының, тарихи тұлғаның ғана қолынан келетін ғаламат ұлы іс. 
Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның тағы бір тарихи дәуірі басталды деуге болады.

Болашаққа бағдар

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты. 
Мемлекет басшысының бүгінгі жиында сөйлеген сөзі еліміздегі саяси күштердің, барлық қазақстандықтардың, сондай-ақ, болашақ ұрпақтың дүние танымын өзгертуге ықпал ететін аса маңызды баяндама болды. Бұған дейін мемлекетіміз аяғынан тұрды, елімізді бүкіл әлем мойындады. Мәселе, болдық, толдық деп тоқтап қалуда емес, бар мәселе – болашақта дамуымызда жатыр. Өйткені, Елбасымыз атап өткендей, алдағы кезеңдерде әлемде өте үлкен өзгерістер болмақ. Сол өзгерістердің соңында қалып қоймай, алдында жүру және сол өзгерістерді бөтен біреуден күтіп отырмай, Қазақстанның өзі жасау жағы баса айтылды. 
Ол үшін қазақстандықтардың, сондай-ақ қазақ халқын бәсекелестікке қабілетті болуға тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек. 

 

Жадымыздан шығармауымыз керек

Алдан СМАЙЫЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты. 
Президентіміз бүгін еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі түйіндерін атап өтті. Елбасы өзге мәселелермен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту жөнінде де тоқталды. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өзінің ұстанымын тағы да алдымызға қойды. Сондықтан да, біз Мемлекет басшысының осы айтқандарын жадымызда ұстауымыз керек. 
Мемлекеттік тілге байланысты Елбасының егер қазақстандықтардың барлығы қазақша сөйлегенде, біз Қазақ мемлекеті боламыз деп жариялаймыз деп атап өткені, шынында да көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл бізге қойылып отырған үлкен рухани міндет. Енді біздер осыны ойдағыдай жүзеге асыруымыз керек. 
Бүгінде әлем елдерінің барлығы жаһандану үдерісінен қалып қоймау үшін экономикалық, тағы басқа да салаларда бәсекелестікке түсіп жатқан кезде, Президент бәсекелестікке қабілетті әлемнің 30 елінің қатарынан көріну қажеттігін батыл түрде жария етті. Еліміздің осынау биіктіктен көрінетініне сенімдімін. Сол қатардан көріну үшін, оған бүкіл қазақстандықтар жұмыла атсалысуы тиіс. 

 

Үлкен жүректің бүлкілін сездім

Нұрлан ОРАЗАЛИН,  
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. 
Тәуелсіз Қазақ елінің тағылымды тарихы өзінің бір жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Жиырма бір жылдық мерекенің дәл бүгін республиканың туған күні қарсаңында астанамыздағы жаңадан бой көтерген мынадай зәулім ғимаратта аталып өтіп жатуы адамның жанына бір жақсы шуақ нұр себеді. Сыртта сықырлаған аяз, ал ту сыртынан көркіне жұрт қызығар зәулім сарайдың ішіндегі жарасымды салтанатына көз тіксеңіз, мұнан әрбір отандасымыздың жан-дүниесі бейнебір жаздың шуағына бөленіп отырған секілді сезіледі. Бұл, сірә, қуаныштың белгісі болар. Себебі, мына басқосудың жөні бұрынғы өтіп жүргендерінен мүлде басқа екенін аңғарасыз. 
Қазақстанның қазіргі бағыт-бағдары айқын. Ол өзінің меже тұтқан саяси бағыты мен экономикалық реформаларын орындауда уәделі мақсат үдесінен шығып келеді. Оған әлем назары тігулі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына бүгінгі Жолдауын тыңдай отырып, мен мұның алдағы тағы 30 жылдан астам уақытты қамту сырына үңіле түстім. Неге соншама ұзақ мерзімді алған, неге бір-екі, болмаса әрі кеткенде бес жылдықты межелемейді деп астарына ой жүгірткенімде, одан бүгінімен ғана шектелмейтін, өзінен кейінгі ұрпақтың қамын жеген үлкен жүректің бүлкілін сезіндім. Осы аралықта Қазақ елі әлемнің өркениетті биігіне қырандай көтерілуі керек екен. 
Жалпы ұлттық мемлекет болғандықтан, бұл елдің өзінің алдағы 30-50 жылдыққа негізделген мүдде, мақсаты болуы тиіс десек, мұны арнайы бағдарламамен белгілеу өзге өркениеттер үлгісінде көптен бар. Ұзақ жылдардың табысын көздеу – қай кезде де өскендіктің белгісі болып қабылдануы заңдылық. Өсіп, өркен жаямыз деген халықт ың барлығы осындай ұзақ мерзімді ауқымды бағдарлама, бағыттарға бет түзейді. Біз бір жылмен немесе он жылмен өмір сүруге болмайтынын жақсы білеміз. Сондықтан, жақсы ишараны, ұлттық белгілерді, мемлекеттік сипатты біздің де игеріп, меңгергеніміз абзал. Жолдауды әлі де тереңдеп оқи берген жөн деп санаймын. Себебі, мұндағы әр бағыттың қазақтың ертеңі үшін қандай пайда әкелетіні сонда тайға таңба басқандай таныла түседі. 
Алматы – азаттықтың таңы, тәуелсіздіктің тұғыры көтерілген рухани төр десек, менің өмірімде 16 желтоқсан мен 1991 жылдың орны мәңгі бөлек. Бәрі де қаз-қалпында көз алдымда. Дүниеден өткен Салық Зиманов ағамыздың үйлестіру кеңесін қалай басқарғаны және сонда өзінің сұңғыла мінезімен әріден қозғап, тереңнен сөз саптағаны күні кешегідей есімде. Оның алдында екі күн қатарынан академик Сұлтан Сартаевтың мінбеден Конституцияның әр бабын қалай қорғағаны, елге қалай жария еткені бәрі-бәрі жадымызда жаңғырып тұр. Бұл заң қазақтың тарихында бір-ақ рет болатын тарихи сәт еді. Міне, сол сәттің куәсі болғанымызға шүкіршілік етеміз. Шаңырағымыз шайқалмай, батыс пен шығыста неше түрлі оқиғалардың орын алып жатқанына қарамастан, ұлт ретінде ұйысып, халық ретінде қалыбымызды бұзбай, бүкіл қазақстандықтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» тіршілік кешуде. Менің ойымша, тәуелсіздікке тағзым деп осыны айтса керек-ті. 
Тәуелсіздікке бір күнде жете қалдық деп те ешкім айта алмайды. Бұл – қаншама ғасырлардың толғағынан туған киелі жеміс. Ал бабалар дәстүрі сол киелі жемісті бағалап, мәпелеуге үндейді. Әр ұрпақтың дүниеге келуін қазына деп білсек, ендеше, олардың келешегі үшін өте маңызды бұл еңбектің әр қазақстандыққа берері де аз болмасы анық.

Жарқын жеңістің баспалдағы

Александр ВИНОКУРОВ, Лондон Олимпиадасының чемпионы. 
Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан енді ғана асқанымен, осы жылдарда еліміздің әлемдік деңгейде танымалдылығы артып келеді. Қазақстан деген ел бар екенін, оның сан ғасырлық мәдениеті, талайға үлгі боларлықтай спорты бар екенін білетін, мойындайтын еуропалықтарды өз көзіммен көрдім. 
Осы жылдарда  дамудың даңғыл жолына түскеніміз бесенеден белгілі. Біз – қиял-ғажайыптан ада, орындалуы мүмкін нақты мақсаттарды таңдаған елміз. Оны Елбасының жыл сайынғы жолдаулары дәлелдейді. Әрине, бұл құжаттың жылдағы Жолдаулардан ерекшелігі – ұзақ мерзімділігінде, яғни 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы болғандығында. Менің ойымша, еліміздің қазіргі қарқыны, тіпті әлемнің қазіргі қарқыны осыны қажет етіп отыр. 
«Мұның алдындағы «Қазақстан-2030» Стратегиясын қайда қоямыз» деушілер табылар, бірақ ол стратегияны әзірдің өзінде еңсеріп тастағанымыз байқалады. Халықтың өмір сүру сапасы, әлеуметтік жағдайы жақсарды. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласы ілгерілеу үстінде. Оның ішінде маған тікелей қатысты спорт саласының табыстары туралы әңгімелеудің өзі артық. Ал жуырда ғана ЭКСПО-2017 көрмесін өз елімізде өткізуге құқық алғанымыз – біздің ең үлкен жеңісіміз. Осы жеңіс бізді іргелі, табысты, ең бастысы, өзге елдер қызығушылықпен қарайтын ел екенімізді дәлелдеп берді. Өз басым бүгінгі Жолдауды да болашақтың жарқын бір жеңісіне апаратын баспалдақ деп түсінемін. 

 

Жасампаздық жолының жалғасы

Мәулен ӘШІМБАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.

Елбасының болашаққа арналған стратегиялық құжатты жария етуі Қазақстанды жаңа белеске шығаруға арналған. Аталған құжатта жеті бағыт бойынша нақты міндеттер тұжырымдалып берілді. Оның ең басты міндеттерінің бірі еліміздің дамуын ары қарай жалғастыру. Бұл бағытта соңғы жылдары біраз жұмыстар жасалды. Әйтсе де ауылдық аймақтар мұндай өзгерістерден сырт қалып қойғандай еді. Енді оның орны толғалы отыр. Келесі жылдан бастап ауыл және ауылдық округтер әкімдерін сайлау басталады.  Менің пайымымша, бұл – демократиялық теңгерімді саяси жүйені құруда маңызды қадам. Ауыл әкімдерінің саны жалпы тізімде басым екенін ескерсек, жергілікті жерлерде ауыл әкімдері сайлаушылардың пікірімен санасады және оларға жақын болады деп ойлаймын. Бұның барлығы елімізді демократиялық даму жолына бастайды. Екінші жағынан еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының қабылданғанына да біраз болды, оның үстіне еліміздің дамуын айқындап берген құжат өтпелі кезеңде қабылданғанын да қаперден шығармаған жөн. Бұдан басқа жаһандық экономикадағы бірқатар өзгерістер өзінің ықпалын тигізбей қоймады. Соның барлығын екшей келіп, Елбасы жаңа стратегиялық құжатта еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағдар жасап отыр.

Информация о работе Қазақстан - 2050 стратегиясын түсіндіру