Жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:21, статья

Описание работы

В статье рассматриваются некоторые психологические аспекты становления характера подростков с девиантным поведением и причины их изменения.
Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзіндік "мен" сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді.

Работа содержит 1 файл

jetkinwek jastagi balalardin minez-kuliktarinin ozgeruinin sebepteri.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

мінез-құлқы күрделі    бұзылған,   60%    акцентуанттар.   Ауруханадағы

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012

 


Длимбетова  Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек  жастағы балалардың мінез-... 

 


 

жеткіншектердің 40% психозсыз делинквентті балалар. Олардың жартысында психопатияның  белгілері көрінеді. Үйден кету, көшеде түнеу делинквенттіктің  3/1 құраса, 4/1-і үйден кетумен ұсталған. Жеткіншек алғаш рет үйден жазалау қорқынышынан кетеді немесе жауап қайтару, өзін көрсету белгісі ретінде. Мұның мақсаты көңіл көтеру; ата-ананың қатал талабына қарсы шығу; жақын туыстарының жеткіншекке көңіл бөлмеуінен; жаза қорқынышынан; армандап, қиялданып кетуінен; ата-ана бақылауынан, тәрбие, ескертулерінен құтылу үшін; достарының нашар қарым-қатынасының нәтижесінен; күрделі өзгеріске, жаңа өмірге ұмтылу мақсатында болады.

Жеткіншектің  ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе наша қолдануға, үнемі құрамында спирт бар сусынды іздеу, бұл ерте жастағы алкоголизмнің белгілері. Девиацидті сексуалды мінез-құлық жеткіншек жыныстық қарым-қатынасқа шектен тыс ұмтылуы, бірақ онда жыныстық идентификация әлі толық жетілмеген. Сондықтан оның жыныстық мінезі ауытқиды. Әсіресе бұған жыныстық жетілуі тез немесе кеш  жетіліп жатқан жеткіншектер шалдығады. Біріншісінің жыныстық қарым-қатынасқа деген құлшынысы әлеуметтік ересектілікке дейін пайда болады. Ал екіншісінде өзін көрсету үшін, өз құрдастарының сексуалды жағынан алда болуға шектен тыс ұмтылуы. Оның үстіне құрдастарынан қалып бара жатқан жеткіншек күлкі, мазаққа қалуы мүмкін. Жеткіншектердің сексуалды девиациясы өмірлік жағдайларға байланысты. Жеткіншек есейе келе және қалыпты жыныстық өмірге өткеннен кейін девиация толығымен жойылады. Ал жағымсыз өмірлік жағдайларда олар жаман әдетке айналып, қалыпты жыныстық өмірмен қалыптасып кетеді. Немесе қалыпты жыныстық өмір болмаған жағдайда сексуалды девиация жаңарып отырады. Физикалық жағынан жынысы жетілмегенге дейін жеткіншек жыныстық қарым-қатынасқа түссе, оны девиацияға жатқызады. Жеткіншектік промискуитет (жігітін (қызын) жиі ауыстыру, жыныстық қарым-қатынаста да) – сексуалды девиация. Бұл көбіне ішімділікпен қатар жүреді. Кейбір жеткіншектерде өмірге деген қызығушылығының күр төмендеуімен көрінсе, кейбір жеткіншектерді пассивті түрде бағынушылыққа алып келеді.

Жеткіншектердің дамуында бұрыс тәрбие үлкен рөл атқарады, нәтижесінде жеткіншек қиын балалар қатарына қосылады. Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті-баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып табылады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, болашаққа  ұмтылыс жасау, ал нашар мінез

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012

 


Длимбетова  Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек  жастағы балалардың мінез-... 

 


 

көріністеріне    тұрақсыздық,   өтірік  айтушылық,  өзімшілдік,   беймаздық,  ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойына назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен  сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса, онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор. Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Мектеп мұғалімдері «қиын» балаларға теріс көзбен қарайды. Олардың мұндай балалармен жұмысы келеңсіз, стимуляция әдісімен бүкіл сынып алдында жүйке жұқаратын әңгіме, жазалау, т.б түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше «қиын» жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейе түседі және қарсы келуіне әкеліп соқтырады. Мұғалімдер «қиын» жеткіншектерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды, олармен кикілжіңге де келеді. Девиантты мінез-құлқы бар жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс-шаралар тұлғаға әсер ету ғана емес, түзету іс-шаралармен де шектелмейді. Жеткіншектің әлеуметтік дезадаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыруды және әлеуметтік педагогикалық түзетулерді қажет етеді. Кәмілетке толмағандардың девиантты мінез-құлқындағы профилактика мен ескерту қоғамның әлеуметтік, психологиялық қажеттілігінен туындайды. Жасыратыны жоқ, бастауыш сынып, жоғарғы сынып оқушылары арасында да адамгершілік тәрбиені іске асыруда қиындық келтіретін, оқуға және тәрбиеге көнбейтін нашар, қиқар оқушыларды жиі кездестіреміз. «Қиын» оқушылар отбасы, мектеп және жұртшылық тарапынан тәрбиеде жіберілген түрлі кемшіліктерден болса керек. Жоғарғы сыныптардағы «қиын» оқушылардың тәртіп, заң бұзушылығын кездейсоқтық деп қарауға болмайды, ол оқушы бойындағы бұрыннан бар екенін мойындауымыз керек. Оқушылармен жұмыс істеу жан-жақты зерттеуді, баланың бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін, тәрбиеленіп, өскен отбасын, мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зерттеуді жан-жақты білуден бастау керек.

Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда  болуына әкелетін басқа факторлар, яғни, жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата-аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп, баланың танымдық сферасын дамыту мен шұғылдануы мүмкін, бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата-аналарының арасындағы дау-дамайлы қарым-қатынас бар.   Балалардың   әрқашан  үрейлі, қорқынышты

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012

 


Длимбетова  Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек  жастағы балалардың мінез-... 

 


 

жағдайда болуы  тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты  емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады: оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік  сияқты сапалар тән. Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады.  Социометриялық мәліметтер бойынша, сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым-қатынас жасауға ұмтылмайды.

Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылардан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып, келіспей қалады. Басқа жеткіншектерде де көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың, сыныптастарына деген қарым-қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл жеткіншектер әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым-қатынас орнату қиындықтарды сезінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Дүйсенбиева С ."Қиын" баланы қайта тәрбиелеу жолдары//Алматы, 2007.
  2. Сұлтанбекова А., Малдыбаева А. Агрессивті мінез-құлық //Қазақстан мектебі. 2005, №5-6 мамыр-маусым, 27 б.
  3. Қалыбаева Р. Мектеп психологының "қиын" балалармен жұмыс әдісі. //Мектептегі психология, -2007, № 1.
  4. Қойжігітов А. Девиантты   іс-әрекетті   балалар   мәселесі //Ұстаздар пайымы 2007, № 3, 2-9 бет.
  5. Коробкина Н. Наши трудные дети // Практическая психология. -2007, № 1.
  6. Степанова В.Г. Психология трудного школьника. -М., 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас