Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:21, статья
В статье рассматриваются некоторые психологические аспекты становления характера подростков с девиантным поведением и причины их изменения.
Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзіндік "мен" сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Б.С.ДЛИМБЕТОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты
Мирас университеті
А.Ә.ӘКІМБАЕВ
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің магистр-оқытушысы
Н.Қ.ЕРЕПБАЕВ
педагогика ғылымдарының кандидаты
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ
В статье
рассматриваются некоторые
Some psychological aspects of formation of character of teenagers with deviantny behavior and the reasons of their change are considered in the paper.
Жеткіншек шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзіндік "мен" сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзін-өзі тануға болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасы мен мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ ішетін орын ретінде үйлердің жертөлесі болуы мүмкін. Бұл кезеңде кейбір балалар ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдасындай қарым-қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне пір (кумир) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда мінез-құлқы ауытқыған балаларды "қиын" немесе "тәрбиесі қиын" бала деп санау қабылданған. Тәрбиесі "қиын" балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлық көбінесе тұрмыс жағдайының жақсы, қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала ауытқудың ортасында болса бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлер де көңіл аударуы керек.
Ауытқудың пайда болыуына жеткіншектің дене құрылысының күрт өсуі, және әлеуметтік орта да әсер етуі мүмкін. Жеткіншектің физикалық тез дамуы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Длимбетова Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек жастағы балалардың мінез-...
немесе кеш дамуы арқылы ол өзінің әлеуметтік бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт көрінісіне, физикалық дамуына айтылған сын, жеткіншекті аффект жағдайына апаруы әбден мүмкін. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасуы жеткіншектер психологиясында ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесіне қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек шақ эмоциялық тұрақсыздықпен, көңіл-күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық, бірбеттілік, өзінің көзқарасын үлкендерге қарсы шығу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс-әрекетпен көрініс береді.
Жеткіншектердің денесінің күрт өзгеруі, жыныстық мүшенің дамуы, қаңқаның тез өзгеруі, жеткіншектің санасының өзгеруіне алып келеді. Жеткіншек физикалық еңбекке шаршаңқы келуі мүмкін, немесе өз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке жүйесінің, бұлшық еттердің қалыптасуы кешуілдегенде қозғалу координациясы бұзылады. Бұл қопалдықпен көрінеді. Жеткіншектің сырт көрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған ортаның айтылған сыны жеткіншекті ашу-ыза, тіпті аффект жағдайына апарады. Акселерацияға ұшыраған балалар өздерінің ересек, күшті болғанына нық сенімді. Олар қоғамның құрметіне, мойындауына күреспесе де болады. Олардың өзіне-өзі сенімділігі, қоршаған орта оларды өз көзқарасы бар тұлға ретінде қабылдауына әкеледі. Біздің ойымызша, бұл кезде жеткіншектің сырт пішіні маңызды рөл атқарады. Акселерацияға ұшыраған бала өзінің ересектерге еліктегені тез іске асуда деп ойлайды. Оның бұлшық еті, бойы, даусы өзгеріп, оны өзі және құрдастары нағыз ересек, ойы да жетілген тұлға ретінде қабылдайды. Осыған байланысты бұл жеткіншектер өздерін еркін ұстап, өздеріне аз көңіл бөлуді талап етеді. Ал шын мәнінде ол сырт пішіні ересектерше өзгергенімен ішкі дүниесі әлі сырт пішініне сай емес. Ол әлі толық қалыптаспаған жасөспірім. Ал дамуы кешеуілдеп өсіп жатқан жеткіншектер керісінше көп қажет етіп, өз "мінезін" көрсетіп тұрады. Өз "кемшілігін" білдіртпеу мақсатында, бұл жеткіншектер үнемі тапқырлық, қайсарлық, үнемі көпшіліктің ортасында болу және өзінің "жетістігімен" топқа керектігін, тіпті орын толмас екенділігін дәлелдеп отырады. Мұндай активтілік ортамен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға эмоционалды қысымға келеді. Расында, жеткіншек үнемі эмоционалды қысымда жүреді, ал мұның өзі ауытқу. Жыныстық мүшенің дамуы да мінез-құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл-күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.
Көңіл-күйдің тұрақсыздығы ер балаларда 11-13 жас, қыздарда 13-15 жаста
ерекше көрініс береді. Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық, бірбеттілік
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Длимбетова Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек жастағы балалардың мінез-...
көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп, көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Жыныстық бағыттылығы анықталады. Жеткіншектердің жыныстық мүшесі, әлеуметтік ересектіктен бұрын дамып бітеді. Әлеуметтік ересектілік біркелкі өтпейді. Ол оқуды бітірумен, материалдық тәуелсіздіктен немесе кәмілет жасқа толумен байланысты. Мысалы: спортшылар тобында жеткіншектің абыройы жоғары болғанымен, ол қыздар арасындағы қарым-қатынасы ересектерше болмауы мүмкін.
Девиантты (ауытқулы) мінез-құлық – деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады (И.А.Невский). Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында, -"Девиантты мінез-құлық ол психикалық саулық, құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы"- деп қарастырды. Бейімделген мінез-құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез келген бейімделуді бұзады (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық орта). Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева "девиантты мінез-құлықты" төмендегідей топтастырды:
- пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б.)
- агрессивті
бағытта: жеке бас дамуына
кері бағытталған қимыл (
- әлеуметтік-енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид, белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару). Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан баланың бір жағынан мінез-құлқында белгі, дабыл, нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ, екіншіден – жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сала көрсеткіші.
И.А.Невский, Л.С.Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сауалнама өткізген. Педагогтар пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез-құлықты түзетуге жататындар:
1. Қоғамда болып
жатқан процестер: қоғамдық
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Длимбетова Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек жастағы балалардың мінез-...
2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы: отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық), ата-ананың төменгі әлеуметтік-мәдени деңгейі: отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата-ана қаталдығы, балаға жүйелі талаптың қойылмауы, жазалаудың әділ болмауы): балада өзіндік құндылықтың болмауы: баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау: ата-ананың ішімдік және нашақор пайдалануы; ата-ананың шектен тыс мейірімінен балаға психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.
Жеткіншектік кезең - адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез- құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады:
- ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу;
- мектептегі қиындық пен сәтсіздік;
- тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады. Демек, жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздік, аномальды мінез-құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Жеткіншектің мінез-
Мінез-құлығында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбылармен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті артта қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Мінез-құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың бұзылуының ішіне:
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Длимбетова Б.С., Әкімбаев А.Ә., Ерепбаев Н.Қ. Жеткіншек жастағы балалардың мінез-...
- гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы;
- мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы;
- әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы;
- әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы;
- делинквентті мінез-құлық;
- ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания;
- девиациді сексуалды мінез-құлық;
- тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы жатады.
Гиперкинетикалық мінез-құлық, өз дегеніне жете алмау, оқуда табандылық көрсетпейтіндікпен, бала бір тапсырманы аяқтамай екінші тапсырмаға тез өтуімен көрініс береді. Мұнымен санасыздық, импульсивтік, үнемі келеңсіз жағдайға түсіп қалу, қоғам нормасына қарсы келетін көзқарастарды айтқаны үшін жаза алуымен байланысты. Ересектермен қарым-қатынаста аралықты сезінбеу, балалар оны ұнатпайды, олармен ойнаудан бас тартады. Кейде өзін-өзі бағалауы төмен болуы да мүмкін.
Әлеуметтендірілмеген
мінездің бұзылуы, бұл әлеуметтік қоғамда
қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға
қатыгездік істеумен көзге түседі.
Өз құрбы-құрдастарымен жақсы
Аралас мінез-құлық көрсеткенімен, олардың басым көпшілігінде ашу-ызаның, депрессия белгілері көрінеді. Кейде үнемі депрессияда болады, қатты уайымда болу, қызығушылығының жоғалуы, ойын, тапсырмалардан ләззат алмау. Сонымен қатар, қорқақтық, өзін-өзі үнемі кінәлау.
Делинквентті мінез-құлық бұл – қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық. Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік норманы бұзатын топтармен қарым-қатынаста болу, өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдарды ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау, т.б. жатады. Мұның себебі-тәрбиенің жетіспеушілігінде. 30%-80% делинквентті балалардың отбасы толымсыз, 70% жеткіншектердің