Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Августа 2011 в 16:36, реферат
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.
Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
П ікірталас негізі - бұл пікір сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді. Пікірталас мақсаты - белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы - балаларды процеске қосу әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, логикалы дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете білуге көмектеседі.
П ікірталас - қиын әдістердің бірі және ол педагогтан жоғары кәсіби біліктілікті, білімділікті талап етеді. Басқаларды үйрету үшін тәрбиешінің өзі алдымен, шебер ұйымдастырылған пікір сайыстар мектебінен өтуі керек.
өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы
қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталман-дарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақ-тайды. Еліктеу -жеке адам іс-әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады.
өмірде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылар-дың назарын адамдар өміріндегі теріс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және орынды келтірілген мысалдар тәрбиеленушінің теріс қылықтардан аулақ болуына көмектеседі.
Әрине,
тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге
қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке
басының қадірін мысал етуі тәрбиенің
дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Тәрбиеші
өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі
және бірізді әрекет жасаса, өзін мысал
етудің оңды әсері ұлғая түседі.
Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.
Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс-әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті бас-қаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық-әрекеттер мен кіші бөліктер - операцияларға бөліп қарас-тырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс-әрекетін басқаруға өтуімен анықталады.
Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым-қатынас белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі құлықтары мен белгілері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі - бұл жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптас-тыру мүмкін емес. Іс-әрекетке кірістіру тәсілі - жаттық-тыру болады. Жаттығу - автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі -тұлғаның тұрақты қасиеттері - дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады.
Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдай-ларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның маз-мұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығу-дың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.
Талап - бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті талаптар.
Үйрету - бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған жөн. Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:
Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы
оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.
Тәрбиеленушілердің
іс-әрекеті мен жасанды жағдай-дағы қылығын
ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші
ситуациялар әдісі
деп аталады.
Ынталандыру әдістері
Ынталандыру әдісі мақтау және жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында
кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:
Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шарттар:
10) балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау.
Тәрбиелеушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыру-ынталандырудың субъективтік - прагматикалық әдісі деп аталады.
Субъективтік - прагматикалық әдістің нақты форма-лары мыналар: 1) келісім; 2) жеке өзін-өзі тәрбиелеу кар-точкалары; 3) ЭЕМ мониторингі; 4) тәрбиелеу тестері.
Жарыс - адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи,
бәсекелестік қасиет-терін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:
Қолданылған әдебиеттер
1994.