Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Августа 2011 в 16:36, реферат
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.
Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
.
Жалпы тәрбие әдістері
Жоспар
Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Іс-әрекет ұйымдастыру
әдістері
Ынталандыру әдістері
Тәрбие әдісі (гректің "методос" - жол деген сөз) - бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күш-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйене отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану - кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.
Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген тәрбиешінің күші келе бермейтіні белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.
Тәрбие
құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды.Тәсіл-
деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі
сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық
- бұл қолданымдағы тәсіл емес, бірақ әлі
әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы,
еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау,
көрсету, қателігін анықтау - бұл ондағы
тәсілдер. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие
құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу
- бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты
кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа
жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде
анықталады, өйткені әдіс құрылымында
тәсілдер мен құралдар міндетті түрде
бірге қарастырылады.
Тәрбие әдістерін таңдау
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.
Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қанша-лықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие әдісін таңдау - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:
4. Ұжымның қалыптасу
деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының
дамуына қарай
педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз
қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость)
болып келуі
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп
қызмет етуінің табысты шарты ретінде
қажет.
10. Күтілетін
қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай
отырып, оның табысқа жеткізетініне
сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған
әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін
алдын-
ала болжай білуі шарт.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Әдіс құру - тәрбиелеу міндетіне орайластырылған жауап болып есептеледі. Педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті таңдауға сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады. Әдістердің жіктелуі -анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін, нақты және кездейсоқ, теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.
Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуге қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел.
Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке келтіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлға-ның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Терең сезім оқушы-лардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс-әрекетіне белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына жетеді.
Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай ана-ғұрлым қиын, сөздік-эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелеу, түсіндіру, этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме - бұл
адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моралды жәйттерді бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгімені өткізудің жағдайлары:
Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі. Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы -берілген топқа немесе нысаналы әсер етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: ''Былай істеу керек'', ''Барлығы осылай істейді'' т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдай-ларда қолданылады: а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін; б) болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнық-тыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру тәрбие-ленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.
Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың (беседа) әңгімеден айырмашы-лығы - сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты -адамгершілік түсінік-терін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға ''ізінше'' немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сұхбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңыз-ды шарттарға байланысты:
1. Сұхбаттасудың
проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші
шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар
қоюға ынталан-дырады, сол сұраққа жауапты
оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұхбаттар
алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып
қойған даяр сценарий
бойынша өтпеуі тиіс. Оқушы-ларға өз ойларын
баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды
басқалар
ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас
нышаны-мен қарауға үйрету керек.
6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиеленушінің оңды шешімге өзбетімен келуіне арқау.
Тәрбиеленушілермен өткізілетін жеке этикалы сұхбат тәрбиешінің жоғары кәсіптік деңгейін керек етеді. Мұндай сұхбат кезінде психикалы тосқауыл туып кетпеуі лазым. Егер тәрбиеші жеке сұхбаттасуға жан-тәнімен мән берсе, онда оның үлкен табысқа жететіні сөзсіз.
Пікірталастар - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу
пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.