Топ ұжым

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:25, доклад

Описание работы

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 18.48 Кб (Скачать)

-    ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;

-    тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн;

Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:

-    бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т.б.

Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;

-    ұжым салт-дәстүрлері;

-    ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі;

-    тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;

-    салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер;

-    ұжым кейпі мен эстетикасы;

-    өзіндік басқарымның шымдастырылуы.

Өзіндік басқарым - бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы.

Өзіндік басқару органдары және олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) және уакытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін.

Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы - жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мұрагелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады.

Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей:

-    басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы;

-    сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы;

-    уақытымен берілетін есеп;

-    баскару істеріне ойын элементтерін қосып бару.


Информация о работе Топ ұжым