Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:25, доклад
Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады.
Топ — әлеуметтік
тұтастықтан белгілі бір
1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).
2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);
3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).
4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).
5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).
6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.
7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.
8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.
Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.[
Топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.
Мазмұны [жасыру]
1 Әлеуметтік
2 Тoптар
3 Шағын топ
4 Атаулы топ
5 Алғашқы топ
6 Референтті топ
7 Әлеуметтік топ
8 Ресми топ
9 Этникалық топ
10 Топтық динамика
11 Тендер тобы
12 Топтық динамика
13 Топтық терапия
14 Топтастыру
15 Қысым топтары
16 Мүдде топтары
17 Тәуекел топтары
18 Өзара көмек көрсету топтары
19 Пайдаланылған әдебиеттер
[өңдеу]Әлеуметтік
Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:
Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.
1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
[өңдеу]Тoптар
еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);
жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);
жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);
капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.[1][2]
[өңдеу]Шағын топ
Шағын топ - барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ.
[өңдеу]Атаулы топ
Атаулы топ - талдау мақсаты үшін мағынасы зор бірқатар белгілер бойынша бөлінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, жас, ой өрісі тұрғылықты орны бойынша топтар.
[өңдеу]Алғашқы топ
Алғашқы топ - негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары).
[өңдеу]Референтті топ
Референтті топ - әлеуметтік салыстыру процесінде индивидтер үшін үлгі ретінде болатын, олар өзінің әлеуметтік жағдайын, мінезқұлқы мен ұстанымдарын салыстыратын нақты немесе елестетілетін әлеуметтік топ.
[өңдеу]Әлеуметтік топ
Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.
[өңдеу]Ресми топ
Ресми топ - заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге (өнімге, қызметке, т.б.) жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ.
[өңдеу]Этникалық топ
Этникалық топ - ядросы басқа әлеуметтік ағзаның құрамында болатын этностың (тайпаның халықтың, ұлттың) бөлігі («Сынығы»).
[өңдеу]Топтық динамика
Топтық динамика - белгілі бір уақыт арасында бір топта пайда болатын және топтың бір кезеңнен бір кезеңге қозғалуын, яғни оның дамуын бейнелейтін динамикалық процесс жиынтығы.
[өңдеу]Тендер тобы
Тендер тобы - тең статусты индивидтер тобы. Термин көбінесе отбасының иерархиялық тәжірибесіне қарағанда өз жасындағылар тобында әрекет ете отырып, әлеуметтенуіне әртүрлі ықпалды сезінетін балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылады.
[өңдеу]Топтық динамика
Топтық динамика - әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады.
[өңдеу]Топтық терапия
Топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік.
[өңдеу]Топтастыру
Топтастыру - бақыланатын объектінің бірліктерін маңызды белгілері бойынша біртекті жиынтықтарға біріктіру.[3]
[өңдеу]Қысым топтары
Қысым топтары - мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.
[өңдеу]Мүдде топтары
Мүдде топтары - өзі үшін қолайлы және пайдалы шешімдерді қабылдау мақсатымен саяси институттарға ықпал етуге талпынатын ортақ мүдделер негізіндегі индивидтердің бірлестігі.
[өңдеу]Тәуекел топтары
Тәуекел топтары - қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан қарағанда бейім халық категориялары.
[өңдеу]Өзара көмек көрсету топтары
Өзара көмек көрсету топтары - психологиялық денсаулықты калпына келтіру мақсатымен өзара көмек пен қолдау көрсету үшін құрылған қайғыға ұшыраған адамдар топтары. Бұл - лидер немесе координаторы болуы міндетті топтық терапия әдістемесінің бөлігі. Мұнда назар ортақ тәжірибені және ағымдағы эмоцияларды бірге қайта бастан кешіруге аударылады. «Менді» және басқаларды терең түсіну процесінде сауығу жүзеге асырылады.
Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны
Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны
Жоспар:
1. Отбасындағы тәрбиеге психологияның көмегі.
2. Мектеп ұжымы.
3. Отбасы-педагогикалық қатынас субъектісі.
Отбасындағы тәрбиеге психологтың көмегі
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе.
Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.
Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.
Психолог-мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады.
Олар: биологиялық — туа және жүре-бара берілетін ерекшеліктер;
әлеуметтік — бала өсіп жетілетін рухани орта.
Баланың ата-анасымен осы жұмыстарды жүргізе отырып, нәтижесін білу үшін психо педагогикалық мінездеме құрастырады. Бұл диагностикалық кестеде әр баланың пәндер бойынша үлгерімі, материалды қабылдауы, ойын дәлелдеуі, ұштастыра білуі, этикалық, эстетикалық талғамы, қабілеті, өз ісіне жауапкершілігі көрсетіледі.