Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 23:39, реферат
Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1.1. Тұлғааралық қарым-қатынас...........................................................................4
1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы..............................................................5
1.3. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.............................................................7
1.4. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зеттеулер....................................8
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................12
Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру барысында шарттардың жүйесі, мақсаты және оның формалары анықталды.
Тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру туралы теориялық тұжырымдамалар мен мәселені шешу тұрғысындағы әдістемелік ұсыныстар практикалық сипаттағы дәлелділікті талап етеді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері оқытушылардың басым көпшілігі (әдетте бұл еңбек өтілі көп тәжірибелі оқытушылар) сабақ барысында белгілі бір қимылдарды пайдалануды алдын ала жоспарлайтынын көрсетті. Көптеген оқытушылардың сабаққа бөгде адамдар қатысқан кезде топпен қарым-қатынас жасауда өздерін сенімсіз сезінетіні, кей кезде өктемдіктің белгілері байқалатыны анықталды. Студенттердің оқуға қарым-қатынасына тәлімгерлердің ықпалын күшейту қажет екендігін түсіндіруге болады. Нәтижесінде кейбір тәлімгерлер өздерінің академиялық топ ұжымын біріктіріп, ұйымдастыру қызметін тиісті дәрежеде атқармайды. Мұның себебі тәлімгерлердің бірқатарының психологиялық-педагогикалық шеберлікті тиісті дәрежеде меңгермеуі болып табылады. Бұл жерде тәлімгерлердің педагогикалық-психологиялық даярлығының теориялық деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оларда топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыратын педагогқа тән практикалық дағдылар мен шеберлігін, болашақ мұғалімдер арасында өзара тығыз байланыс пен ұжымдық қарым-қатынастарды нығайтатын жан-жақты ойластырылған педагогикалық жалпыға міндетті оқу жүйесінің қажеттігі айқын болып отыр.
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.
Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты
қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,
Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық
тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық
қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға
болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко
мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың
тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асатыны белгілі. Осындай қабілеттердің дамып, қалыптасуына жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісі шешуші рөл атқарады.
Қазіргі жоғары оқу орындарының оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз ете отырып, студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасап, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі тиіс. Студент өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырушы ретінде ұсынылған білім мазмұны нұсқаларын таңдау құқығын және өзінің өмірі мен қоршаған орта сапасын арттыру үшін оларды қолдану тәсілдерін пайдалануға ерікті. Сонда ғана оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастардың қалыптасуына жол ашылады.
Әрине, алдағы уақытта осы бағытта педагогикалық үдерісте тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру әлі де болса өзекті мәселелер қатарынан көрініс табады деп ойлаймыз.
Сонымен қорыта келгенде, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі орасан зор. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тұлғааралық қарым-
2. Тұлғалық ерекшеліктерді
анықтауға арналған
3. Тұлғааралық қарым-
4. Тұлғааралық қарым-қатынас
мәдениетінің қалыптасуына
5. Педагогикалық
үдерістегі қарым-қатынас
6. Интернет ақпараты.