Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 23:39, реферат
Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1.1. Тұлғааралық қарым-қатынас...........................................................................4
1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы..............................................................5
1.3. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.............................................................7
1.4. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зеттеулер....................................8
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................12
Практикалық психологияның қазіргі уақыттағы даму деңгейін саяси психологияның, жаппай комуникация мен жарнама психологияның, мәдени кросс және этникалық психологияның интенсивті дамуынан байқайға болады. Егер бұл жағдайды жалпы жұмыстың негізгі тәсілдері деп қарастырсақ, онда келесілерді ескеруіміз керек:
Біріншіден - практик психологтың әдістер жүйесі нақты міндеттердің спецификасымен беріледі;
Екіншіден бұл жүйеде
практикалық психологияның
Сонымен қатар, психологиялық сараптама әдістемесі, психоболжам және психологиялық жобалау әдісі, психологиялық басқару әдісі және т.б.
Ю.М. Забродинаның /1/ пікірі бойынша, практикалық міндеттердің шешімі жүзеге асу фазасына көшкенде, нақты әлеуметтік процесстердің ағымымен басқара бастағанда психодиагностика мен психоболжам өзінің тәуелді, көмекші рөліне ауысады. Бұл сәтте ең маңыздысы бізді қызықтырушы факторлардың әрекет механизмінің теориялық білімі. Жағдайлармен нақты басқару барысында әрекет етуші барлық факторлардың, барлық функциясының жүйесін қарастыру қажет.
Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.
Әдіс және әдістеме
ұғымдарының қатынастары
Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар,
ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің
интерпритациясыпсиходиагностик
- зерттеушінің мінез-құлқы
мен іс-әрекет ерекшеліктерін
айқындайтын алғашқы
- салыстыруға (сұрақ
жауаптары, өзіндік әрекеттер,
іс-қимылдар т.б.) және қарым-қатынасқа
қажетті жеке мәліметтерді
- психикалық реттеудің
заңдылықтарын анықтауға
- мұндай анализдің
нәтижелерін интерритациялық
Психодиагностикалық зерттеу әрекеттері нақты зерттеушілердің индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға және бағалауды қажет ететін психодиагностикалық әрекеттер мен олардың үйлесімінен тұрады. Бұл ерекшеліктер мен ақырғы мақсатқа байланысты алуан түрлі психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін.
Яғни зерттелушінің дербес ерекшеліктеріне байланысты пайдаланатын әдістердің информативтілігі өзгеруі әбден мүмкін. Мысалы, ақырғы нәтижелері оларды анықтаудың алуан түрлі бағыттарын қажетсінуі мүмкін. Сол себепті, психодиагностикалық зерттеу процедуралары ақырғы нәтижелердің валидтілігінің, сенімділігінің информативтілігінің септігі болатын әдістерді қолдануды қарастыруы шарт.
Алғашқы мәліметтердің нәтижесі психикалық реттелудің жеке ерекшеліктерін бағалау мақсатында жүргізілетін талдауды қажет етеді. Мұндай интерпритациялар әдістердің базалық концепциясы ретінде таңдап алынған зерттелуші тұлғаға негізделген модель параметрлерін айқындайды. Соңында зерттеушілердің жеке психологиялық ерекшеліктерін алдын-ала бағалары қалыптасады.
1.3. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.
Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.
Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.
Сондықтан қазіргі психологияда тұлғааралық қатынас сипатын бағалауға бағытталған психодиагностикалық құралдардың көптеген түрлері бар.
Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйесіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін:
а) обьект негізінде (топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың процестері, диадалық қатынастардың диагностикасы);
б) зерттеу шешетін міндеттер негізінде (топтың ұйымшылдығын, сәйкестігін және т.б. анықтау);
в) қолданылған әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері негізінде (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия және т.б.);
г) тұлғааралық қатынасты диагностикалаудың бастапқы есептеуі негізінде (субьективті қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау әдістемесі, тұлғааралық қатынастың субьективті бейнеленуін зерттеу әдістемесі және т.б.)
Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады.
Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.
Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды..
Студенттің қатынас жасау типтерін зерттеген еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің қарым-қатынас жасау қабілетін үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз:
1) Жалғыздыққа бейім
өзімен-өзі жүретін студент.
2) Жұптасқан қарым-қатынас
түріне бейім студент. Оның
жанында сенімді досы немесе
құрбысы болуы қажет. Ол
3) Топтық, ұжымдасқан
қарым-қатынас түріне бейім
Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы – адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады.
Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы негізгі жұмыс бағыты - студенттердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын – гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын – қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын – ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын – отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.
Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары – педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі мәселелерінің бірі. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас барысында кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі – әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:
1. Әлеуметтік-бағдарлы
қарым-қатынас барысында
2. Жеке-бағдарлы
қарым-қатынас – белгілі бір
бірлескен әрекеттерге
Екінші бөлім
«Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды
қалыптастырудың жолдары» деп аталды.
Бұл бөлімде оқу топтарында тұлғааралық
қарым-қатынастарды қалыптастырудың
әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған
әдістеменің тиімділігін
Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде өте өзекті және күрделі болып табылады. Мәселенің күрделілігі және оған деген жаңаша көзқарастар зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды.
Тәжірибелік-зерттеу кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеу жұмысының жалпы ғылыми болжамын нақтылау мақсатында бірқатар тәжірибелік-эмпирикалық болжамдар жасалды:
Бірінші эмпирикалық
болжам – оқытушылар мен студенттердің
тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту
үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі
дайындалса, онда тұлғааралық қарым-
Екінші эмпирикалық болжам – оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Үшінші эмпирикалық
болжам – оқу топтарында тұлғааралық
қарым-қатынастарды қалыптастырудың
әдістемелік нұсқаулары ұсынылса, онда
коммуникативтік
Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курстың бағдарламасы құрылды .