Тақырыбы:Ойлау психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:52, реферат

Описание работы

Жалпы,сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Йлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау,қабылдау,елестермен тығыз байланысты. Т.йсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандыұтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нірсе.

Работа содержит 1 файл

Ойлау психологиясы.docx

— 29.76 Кб (Скачать)

Әрине, оқушы білімді меңгеру  кезінде ойлау әрекетінің белгілі  бір тәсілдері мен әдістерін  меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды  өз бетінше ойлауды дамытатындай  етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.         

Жақсы өңделген және берік  тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды  жағын құрайды. Бірақ бұл пікір  жалпылама сипатта ғана, себебі нақты  әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті  болып келеді. Бұл жерде біз  ойлау мәденеитіне тоқталамыз.        

Соңғы кездердегі педагогикалық  ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде  дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.         

Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.        

Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың  логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі  айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының  ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше  қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап  табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)        

Ақылдың сыншылдығы, сонымен  бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық

ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын

мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін  сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып  тастайды.        

Адам өзінің және өзгенің  ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын  дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау  сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың  мәліметтеріне,деректеріне қайшы  келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.         

Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен  адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге  әртүрлі мамандыққа ортақ болатын  құраушы бөліктерінің көрініс беруі  арқылы олардың бірігу үрдістері  үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің  неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде  жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары  мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын  қамтамасыз ету керек болады. Бұның  бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі  ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша  өзекті мәселеге айналдырды.        

Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу  түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде  үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің  табыстылығын айқындайтын негізгі  факторлар; оқу материалдарының  мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік  тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс  сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының  дәрежесі болып табылады.

 


Информация о работе Тақырыбы:Ойлау психологиясы