Сәбилік психикалық жас

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2012 в 19:38, реферат

Описание работы

Жаңа туған бала /туған сәттен бір-екі айға деиін/ . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның рефлекстікмінез құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері т.б. жатады.Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады.

Содержание

1. Жаңа туылғандағы (шақалақ) дағдарыс.

2. Ерте психикалық жас.

3. Ерте балалық шақтағы психиканың даму шарттарының жалпы сипаттамасы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Адилова М.Ш. Особенности психомоторики младших школьников о 3ПР. Дис.. канд.психол.наук. М.1988.

2. Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика. М.1983

3. Аутичный ребенок: проблемы вбыту. М. 1998

4. Басова, Егеров История сурдрпедагогики

5. Литвак А.Г. “практикум по психологий” М.1989

6. Логопедия М. 01989

7. Өмірбекова Құтжан, Серкебаев Қалаубек Логопедия А.1996

8. БеляковаЛ.Д, Дьякова Е.А. Заикание М 1998

9. Ермаков, Якунин Основы тифлопедагогики М. 2000

10. Намазбева Жадыра. Дефектологтің кеңесі А. 1980

Работа содержит 1 файл

Сәбилік психикалық жас..docx

— 24.49 Кб (Скачать)

            Баланың психикалық дамуына заттық  әрекеттердің  дамуы едәуір дәрежеде  әсер етеді. Нәрестелік  жасқа  тән  қимылдық  іс- әрекет ерте  сәбилік шақта заттық іс-әректпен  алмасады.Адам үшін  заттардың  бекітілген, тұрақты маңызы бар.  Адам  жануарлармен салыстырғанда  тұрақты  нәрселер дүниесінде  өмір  сүреді. Маймылдың да саптаяқтан  су іше алатыны әркімге белгілі.  Бірақ жануарлар  үшін  заттардың  ситуациялық маңызы бар. 

            Заттың бекітілген мазмұны   балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол  шкафтың  есігін сансыз рет  ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ  уақыт қасықпен еденді  тарсылдатуы  мүмкін, бірақ мұндай белсенділік  оны заттардың атқаратын міндетімен  таныстыра алмайды. Заттардың   функциялық қасиеттері сәбиге  үлкендердің тәрбиелік  және  оқыту ықпалдары арқылы  ашылады.  

  

Ерте балалық  шақтағы  психиканың  даму  шарттарының  жалпы сипаттамасы. 

          Ерте сәбилік шақтың соңына  қарай/үш жасқа қарай/ іс- әрекеттің  жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет  түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұлтүрлерінің болашақта мәді болатынынескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет. 

 Заттық іс-әрекеттен  алынып, жинақталған әсерлер баланың  тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің  бейнелері тұрған жағдайда ғана,сол  сөздіигеру жемістіболады. Сөйлеуді  игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған  қарым-қатынас қажеттілігінің әрі  қараидамуына байланыстыжүзеге  асады. Сөздік қарым-қатнас баладан  қатынасу қабілетін талап еткен  жағдайда, яғни үлкендер оны тусінікті  сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен  құра білуге көндірген жағдайда  пайда болады. Егер үлкендер баланың  әрбір тілегін қағып алып отырса  онда оның тілінің дамуына  ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту  үшін өте сезімтал кезең болып  табылады: нақ осы кезде сөйлеуді  игеру аса тиімді өтеді. Егерде  бала қасй бір себептермен  осы жылдарда тілді дамыту  қажетті жағдайлардан айырылып  қалса, онда кейін жіберілген  қателіктердің орнын толтыру  өте қиын болады. Сондықтан екі-уш  жыста баланың тілін дамыту  мен қарқынды шұғылдану қажет.  

         Үлкендермен бірлескен іс-әрекет  үстінде бала ерте сәбилік  шақта – ақ айтылған сөздер  мен олардың ар жағында тұрған  ақиқат болмыстың арасындағы  байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар  мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу  бірден бола қоймайды. Үлкендердің  сөзімен өз іс-әрекеттерінің ара  қатынасын белгілеу қабілетті  де ұзақ дамып, оның өмірінің  бірінші жылында қалыптасады.  Үш жасқа қарай сәбидің үлкендердің  сөзін түсінуі сапалық жағынан  өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген  сөздерді ғана түсініп, үлкендердің  нұсқауы бойынша заттық әрекеттер  жасауға ғана қабілетті болып  қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей  өзіне бағытталмаған кез келген  сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей  қарым-қатынас жасау ситуациясынан  тысқары хабарларды тыңдай мен  түсіну маңызды жетістік болып  саналады. Ол сөйлеуді баланың  тікелеі тәжірибесінің өресі  жетпейтін болмыстың танудың  негізгі қарлы ретінде пайдалануға  мүмкіндік жасайды. 

         Ерте сәбилік балалық шақ –  балалық белсенді сөйлеуінің  қалыптасу кезеңі бір жарым  жасқа дейін бала 30-40-тан 100 –  ге дейін сөз үйренеді және  оларды өте сирек қолданады.  Ол әлі тым мүдіреп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс  шамамен бір жарым жаста жүзеге  асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап  отыруды үздіксіз талап ете  бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны  арта түседі. Екі жастың аяғында  бала 300-ге дейін, ал үш жастың  соңында 1500-ге дейін сөздер  қолданады. 

         Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық  жағымен грамматикалық құрылысын  игеруді көздейді. Егер алғашында  бала сөйлеуді сөздің жалпы  ырғақты – мелодиялық құрылымын  қғып алу жолымен қабылдайтын  болса, екінші жылдың соңына  қарай онда ана тілінің барлық  дыбыстарын фонетикалық қабылдау  қалыптасады. Осының негізінде  белсенді сөздікті және сөзді  бұрыс айтуды игеру жүзеге  асады. 

         Грамматикалық құрылысты игерудің  өз даму кезеңдері болады. Бірінші  кезең бір мен екі жасқа  дейін – түбірлі сөздерден  құралатын сөйлемдер кезеңі . Бұл  кезеңде бір буынды және де  екі буынды сөйлемдер ажыратылады.  Баланың сөйлеуі ересек адам  сөйлеуіне аз ұқсайды, ал көбінесе  үлкендер пайдаланбайтын сөздерді  қолданады. Мұндай сөйлеу автономиалы  сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің  дұрыс дамуы жағдайында автономиалы  сөлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық  құрылысын дамытудың екінші кезеңі  үш жасқа дейін созылады. Баланың  сөйлеуі біршама байланысты сипатқа  ие болып,  заттық дүниедегі  көптеген қарым қатынастарды  оның түсінгендігін білдіруге  мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай  бала бірсыпыра септік жалғауларды  игереді. Заттық қатынастарды  білдіретін сөйлеу формаларын  игеру баланың заттардың қолданылу  тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын  іс әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі.  Бала нақты заттық қатынастарды  бейнелейтін грамматикалық мәндердің  байланысына ерте бағдар ала  бастайды. Мәселен, «Балаға қойды», «Балғамен соқты» дұрыс қолдануды  игере отырып, мен жалғауындаға  құралдық мағынаны түсінеді де  оны барлық құралға стереотипті  түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» және т.б. Тілдік  қарым қатынаста практикасында  бұл стереотип түсіп қалады  да, дұрыс септік жалғаулар пайда  болады. Ана тілінің грамматикалық  формаларын меңгеру баланың тілді  сезінуің дамытады. Сәби сөйлемдегі  сөздерді тәптәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана  тілін меңгеру жағынан оның  негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалық формаларын және  дыбыстарды игере отырып, орасан  зор жұмыс атқарады. Белсенді  сөйлеуді қалыптастыру баланың  бүкіл психикалық дамуының негізі  болады. 

Информация о работе Сәбилік психикалық жас