Сәбилік психикалық жас

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2012 в 19:38, реферат

Описание работы

Жаңа туған бала /туған сәттен бір-екі айға деиін/ . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның рефлекстікмінез құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері т.б. жатады.Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады.

Содержание

1. Жаңа туылғандағы (шақалақ) дағдарыс.

2. Ерте психикалық жас.

3. Ерте балалық шақтағы психиканың даму шарттарының жалпы сипаттамасы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Адилова М.Ш. Особенности психомоторики младших школьников о 3ПР. Дис.. канд.психол.наук. М.1988.

2. Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика. М.1983

3. Аутичный ребенок: проблемы вбыту. М. 1998

4. Басова, Егеров История сурдрпедагогики

5. Литвак А.Г. “практикум по психологий” М.1989

6. Логопедия М. 01989

7. Өмірбекова Құтжан, Серкебаев Қалаубек Логопедия А.1996

8. БеляковаЛ.Д, Дьякова Е.А. Заикание М 1998

9. Ермаков, Якунин Основы тифлопедагогики М. 2000

10. Намазбева Жадыра. Дефектологтің кеңесі А. 1980

Работа содержит 1 файл

Сәбилік психикалық жас..docx

— 24.49 Кб (Скачать)

Сәбилік психикалық жас. 

          Жоспары: 

1.     Жаңа  туылғандағы (шақалақ)  дағдарыс. 

2.     Ерте  психикалық жас. 

3.     Ерте  балалық  шақтағы  психиканың  даму  шарттарының жалпы сипаттамасы. 

     Әдебиеттер  тізімі: 

1.     Адилова  М.Ш. Особенности психомоторики  младших школьников о 3ПР. Дис.. канд.психол.наук. М.1988. 

2.     Апраушев  А.В. Тифлосурдопедагогика. М.1983 

3.     Аутичный  ребенок: проблемы вбыту. М. 1998 

4.     Басова, Егеров История сурдрпедагогики  

5.     Литвак  А.Г. “практикум по психологий”  М.1989 

6.     Логопедия  М. 01989 

7.     Өмірбекова  Құтжан, Серкебаев Қалаубек Логопедия  А.1996 

8.     БеляковаЛ.Д,  Дьякова Е.А. Заикание М 1998 

9.     Ермаков,  Якунин Основы тифлопедагогики  М. 2000 

10. Намазбева Жадыра. Дефектологтің кеңесі А. 1980  

  

      Жаңа  туған бала /туған сәттен бір-екі  айға деиін/ . Бала көптеген жануарлардың  төліне қарағанда  дәрменсіз  болып туылады. Оның рефлекстікмінез  құлық формаларының қоры, сыртқы  ортаға бейімделулері біршама  шағын мөлшерде болады. Олар түрлі  физиологиялық  функциялардың  өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану  және бағдарлау  рефлекстері,  сондай-ақ бірқатар  арнайы қозғалыс  рефлекстері, жармасу және сүйену  рефлекстері т.б. жатады.Олардың  бәрі баланың сезім мүшелері  сияқты  туылатын  сәтке қарай  тиісті мөлшерде дамып жетілетін  жұлын және ми қабығы асты  нерв  орталықтарымен реттеліп  отырады.Сыртқы әсерлердің  көпшілігіне  нәресте қолдары мен аяқтарының  жалпы , жіктелмеген қимылдарымен  жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының  қабығы әлі  толық қалыптасып  болмаған: нерв клеткаларының   тармақтануы жоқ  дерлік , өткізгіш  жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен  қапталмаған. Бұл қозудың кең  жайылып кетуіне  және шартты  рефлекстердің пайда болуының  қиындауына жеткізеді. Туа біткен  мінез-құлықтың көптеген түрлерінің  болмауы баланың әлсісдігін емес,қайта  күштілігін білдіреді, өйткені  ол  адамға тән жаңа тәжірибені  игерідің, мінез-құлықтың  жаңа формаларын  шексіз игерудің мүмкіндігіне  ие болады. 

      Жаңа  туған кезеңдегі мидың қалыпты  жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың  белсенді қызмет атқаруы.Егер  бала сенсорлық оқшалану жағдайына  түссе, оның дамуы күрт баяулайды.  Жаңа туған баланың дамуының  айрықша ерекшелігі сол, оның  соматикалық қимылдарынан гөрі  анализаторлар іс-әрекеттері тезірек  қалыптасады, соның ішінде әсіресе  көру, есте тәрізді жоғары анализаторлардың  іс-әрекеттері қарқынды  қалыптасады.Осының  негізінде бағдарлау рефлексі  дамиды және сан алуан рефлекстік  байланыстар жасала бастайды. Көптеген  жаңа туған  балаларда алғашқы  он күн ішінде тамақтану қалпына  байланысты шартты рефлекс пайда  болады. Алғашқы екі айда барлық  анализаторлардан шартты рефлекстеор  жасалады. 

       Бағдарлау рефлексінің дамуы  көру мен есту қабілетінің   жинақталуыныан көрінеді , бұл кезде  ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі.Егер  өмірге келудің алғашқы   күндерінде  баланың  ұйқысы   және сергектік  күйлері  әлі  нашар ажыратылатын  болса,ал туған кезеңнің соңына  қарай олар бөлініп, сергектік  неғұрлым мазмұнды,белсенді сипат  алады. 

       Пайда болған психикалық белсенділік  ырықсыз қимыл белсенділігін  баса білуден көрінеді. Екі-үш  айға қарай балада үлкендерге  көңіл аударудың ерекше түрлері  көріне бастайды. Нәресте үлкен  адамды қоршаған дүниемен жанасудың  қажетті дәнекершісі қажеттерін  қанағаттандырудың қайнар көзі  ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп  баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплесі қолмен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.  

  

   Жаңа туылғандағы  (шақалақ)  дағдарыс. 

         Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік  шаттың шегі – 1-2 айдан бір  жылға дейін). Бірқатар зерттеушілердің  пікірі бойынша, бала алғашқы  айларда өзінің тұйық дүниесінде  тіршілік етуші асоциальдық тіршілік  иесі болып есептеледі. Сондықтан  жаңа туған баланың шыр ете  қалуын олар баланың өзіне  жат әрі жау болмыспен бетпе-бет  кездескендігі, сасқслсқтап абыржып  қалуы деп бағалайды. Мәселен,  З. Фрейд жарық дүниеге келген  баланың шыр ете қалуын оның  ана организімінен бөлінген сәтте  болатын қамыға жылауы деп  есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы  сәттен бастап баланың инстинктік  қажеттіліктері мен қоғамдағы  өмір талаптары арасында тұрақты  қақтығыс пайда болады. Фрейд  бұл қақтығыстың психикалық өмірді  қандай үздіксіз драмаға айналдырытынын  пессимистік тұрғыда суреттейді. 

         Фрейдтің бұл идеясы бала туған  сәттен екі жасқа дейін болмыстан  мүлдем аулақ болады: оның ішкі  дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат  дүниеде емес, өздерінің қиялдарында,  түс тәріздес толғаныстарында  қанағаттандырудың тума қабілетімен  шектеледі деп есептеген Ж.  Пиаженің еңбектеріне әсер етті. 

         Фрейд пен Пиаженің аталған  қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл зерттеушісі  А. Валлон шарылдап жылауы бідемені  алдын ала сезу немесе соған  байланысты өкіну ретінде психологиялық  дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял  деп есептеді. Бала психикасының  әуел бастан оқшаулануы жөніндегі  Пиаже қағидасы өз кезінде   Л.С. Выготский, ал кейінірек  басқа да совет психологтары  тарапынан сынға ілікті.  

         Л.С. Выготский баланың болмысқа  деген қарым қатынасы әуел  бастан әлеуметтік қарым қатынас  болады деп атап өтті. Ол нәрестені  осы мағынада толық әлеуметтік  тіршілік иесі деп атау керек,  өйткені оның өмірі кез келген  жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе  де басқа адам қатысып отыратындай  болып ұйымдастырылған дейді. 

         Үлкен адам баланың заттық  дүниемен қарым қатынас жасауында  дәнекерші болып көрінеді. Үлкен  адам қатысып отырған кезде  бала көбінесе затпен қарқынды  қимылдап жасай бастайды да, ал  жанында үлкен адам болмаса  затқа қызығуы жоғалады. Баланың  белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.  

         Қарым – қатынас шеңберінде  сөздің алғы шарттары пайда  болады. Екінші айда былдырлаудың  алғашқы белгілері байқалып, кейінірек  еліктеу жолымен одан ана тілінің  фонемалары көріне бастайды. Бір  жастың аяғына қарай нәресте  кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат  тұрған бала басын бұрылуы  немесе үлкендер атаған қимылды  жасауы түрінде көрінеді. Дәл  осы кезде бала алғашқы сөздерді  дауыстап айта бастайды. Сонымен  үлкен адаммен қарым – қатынас  жасау процесінде, бір жағынан  баланың қажеттіліктері пайда  болып, біртіндеп  дамиды/олардың  ішінде қарым-қатынас жасау қажеттілігі  – эмоциялық жұтаңдықтың  маңызды  мәні бар/, екінші  жағынан , оларды  қанағаттандыру  мүмкіндіктері туады. 

         Бала алдымен  жетіледі , содан   кейін  барып оны тәрбиелеп,  үйретеді деп жорамалдау дұрыс  болмас еді. Адамға тән  барлық  мінез-құлықты  барлық  психикалық  қасиеттер  мен қабылеттерді  бала өзін ерте сәбилік   шақта  журуге, заттармен  іс-әрекет  жасауға, көруге, естуге, бақылауға,  тануға, есте сақтауға  үйрету  негізінде алады.Әрине нәрестелік  шақта баланы үйрету көбінесе  алдын ала ойластырылмаған, стихиялы  сипатта болады. 

        Кездейсоқ жағдаймен адамдар  ортасынан бөлініп қалған нәресте  өзінің дамуында адамдық мүмкіндік  дәрежесіне көтеріле алмайды.  Әлеуметтік орта мен арнайы  үйретудің ықпалы негізінде ғана  баладан адамша сезіну мен   ойлауға қабілетті жеке  адам  қалыптасады. Үлкен адам бұл  жерде де бала мен тұтас  алғанда  адамзат қоғамы арасындағы  дәнекерші болады. Адамдар арасында  өмір сүріп, олардан үздіксіз  жаңа мағлуматтар ала отырып, бала танымға барған сайын  көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау  рефлекстері білімкұмарлыққа дейін   өседі. Баланың  қызығуы бүкіл  айналасындағыларға бағытталады.  Бұл тектес білімқұмарлықты И.П.Павлов  «риясыз» деп атады, өйткені  ол органикалық қажеттіліктері  тікелей  қанағаттандырумен байланысты  емес еді. 

         

   Ерте психикалық  жас. 

    Бір жас  ішінде бала  қимыл-қозғалыстарының  дамуы  және психикалық процестері  мен қасиеттерінің  қалыптасуы  жағынан  үлкен жетістіктерге  жетеді.Ол  басын ұстауды, отыруды,  еңбектеуді, ақырында, тік тұруды  және бірнеше  қадам жасауды  ұйренеді. Үш-төрт айлық кезде  жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық  затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда   бұл қимылдар  жөнді ұйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіңдеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала  бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне рпактикалық икемделу бұл қасиеттердің  көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда  қолын заттардың қасиеттеріне көптеген  байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын  жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интриоризацияланады – көріп қабылдауға ауысады. 

          Жармасу  әрекетінің  қалыптасуымен  қатар заттармен сілкілеу, тақылдату,  лақтыру т.б. тәрізді қарапайым  қимылдар жасау да дамиды. Мұндай  іс-әрекеттерді орындай отырып, бала  нәрестенің, заттардың толып жатқан  қасиеттерімен  танысады.Нәресте  үшін өткінші, өзгермелі әсерлер  негізінде тұрақты, оған тәуелсіз  заттардың болатыны байқалына  бастайды. Қабылдау заттыққа және  тұрақтылыққа ие болады. 

         Нәрестелік шақта баланың психикалық  белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы  көріне бастайды. Балада кездейсоқ  қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі  қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан  бұрын сәби оларды алдын ала  болжап қоймаса да, осы қимылға  байланысты қоршаған ортаның  өзгерісін көру үшін қимылды  әдейі қайталауға нәресте қабілетті  болады. 

         Нәрестелік шақтың соңына қарай  балалар үлкендердің іс- әрекеттерін  қайталай  отырып, үлкен еліктеушілік  көрсетеді.  

        Әдейі  жасалған  әрекеттер   мен еліктеу ақылдың күшті   дамып келе  жатқандығын  дәлелдейді. Шындығында  да, балалар заттармен  әдейі/тарсылдатып, сілкілеп, бұрап/  әрекеттер жасай бастаған соң,  үлкендердің  қарапайым әрекеттеріне  еліктеумен қайсыбір жетісстікке  жеткен соң, балалардың әрекеттерінен  ойлаудың қарапайым  көріністерін  байқауға болады. Затпен қимылдар  жасау үстінде бала үшін проблемалық   ситуация туады, оны да ол  қимылдар жасау жолымен шешуге  тырысады. Басқаша  сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым   проблемалы ситуациялар  пайда  болып және  шешіліп отырады.Сонымен  бала өзінің және  басқалардың   қимылдарына  еліктей отырып  ойлауды  әрекет үстінде үйренеді. 

          Ерте сәбилік шақтың аса маңызды  жетістіктері. Онтогенезде тең уақыт  ішінде адам  психикасы дамуы  жағынан  әр түрлі «қашықтықтан»  өтеді. Бала психикасында алғашқы   үш жылда  болатын сапалық  қайта  өзгерістер айтарлықтай   қомақты болады. Сондықтан адамның  туған  сәтінен есейгенге дейінгі  психикалық  дамуының  орта жолы  қайсы деп ойланған  көптеген  психологтар  оған үш жасар   кезді жатқызды. 

          Үш жасар  бала өзін-өзі   кутуге қабілетті, айналасындағы   адамдармен өзара қарым- қатынас   жасай алады. Мұның өзінде  ол қарым қатынастың сөздік  формаларын ғана емес, мінез құлықтың  қарапайым  формаларын да игереді.  Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз  болады. 

           Бір жастан үш жасқа дейінгі  баланың  психикасының  дамуы  бірнеше факторларға байланысты. 

           Баланың психикалық дамуына тік  журуді уйрену едәуір  ықпал  жасайды. Нәрестелік шақтың соңында  сәби алғашқы  қадамдар жасай  бастайды. Тік тұру қалпына   ауысу ол үшін  қиын іс.Кішкентай  аяқтарымен аттапбасу үлкен күшке  түседі. Локомоция программасы әлі   қалыптаспағандықтан, бала үнемі  тепе теңдікті  жоғалтып алады,  Құлап қалу қаупін де жеңіп,  осынау алғашқы  қадамдарды  жасау  үшін  қайта-қайта кұш  жасауға оны не итермелеиді.  Жүру кезінде жұмыс  істеп  тұрған  аяқ қол, арқа және  бүкіл дене бұлшық еттерінен  пайда болатын бұлшық  ет сезімі  бала үшін өзін өзі мадақтау  қызметін атқарады. Баланың қозғалып  жүру ниетін сол сияқты тілеген  мақсатына  жету мүмкіндігі  және , сонымен қоса , үлкендердің   қатысуы мен мақұлдауы қолдайды, Өте тез арада, алғашқы  әлсіз   қадамдардан соң  үйлесімді  тура бағытты қимылдар жасау   қабылеті қалыптаса бастайды. Екі  жасқа қарай бала орасан зор   ынтамен  өзінің жүрген жолымен  кедергілер іздестіреді, қиындықтар  және жеңу сәбиде жағымды эмоциялық   көңіл күй туғызады. 

Информация о работе Сәбилік психикалық жас