Психологияның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:58, реферат

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын үйымдастырудың мәні
2.Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері
3.Агрессияның психологиялық теориялық негізі.
4.Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі.
5. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихы
III Қортынды

Работа содержит 1 файл

Психологияның даму тарихы.doc

— 88.50 Кб (Скачать)

Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: «Психологияның даму тарихы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мухамедьярова  А.М.

                                             Тексерген:Разахова Ф.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-2013

 

 

МАЗМҰНЫ

 

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1.Білім беру жүйесіндегі  кәсіби бағдарлау жұмысын үйымдастырудың  мәні

2.Психологиялық кеңес  беру және психокоррекция жүргізудің  теориялық негіздері

3.Агрессияның психологиялық  теориялық негізі.

4.Отбасы және отбасындағы  конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі.

5. Шет елдердегі когнитивті  психологияның даму тарихы

III Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық.

 

1. Білім беру  жүйесіндегі кәсіби бағдарлау    жұмысын үйымдастырудың мәні

 

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап  береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.Сонымен қатар коммуникативтік және  ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықтадық.

 

2. Психологиялық  кеңес беру және психокоррекция  жүргізудің теориялық негіздері

 

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.

Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.

Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі — психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі  жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- білім беру жүйесіндегі психологиялық  қызметті ұйымдастыру және психологиялық  кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстарын  жүргізу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік  еңбектерді талдау;

- мектеп психологі қызметінде  психокорррекциялық және психологиялық  кеңес беруді ұйымдастыруға арналған  әдістемелерді іріктеп алып, оларды  жүйеге келтіру;

- мектеп оқушыларының жекелік  психологиялық қасиеттерін зерттеп,  ауытқуы байқалған балаларға  көмек көрсету жолдарын анықтау.

3. Агрессияның  психологиялық теориялық негізі.

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді.

Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейгтер агрессияны — фрустрация әсері деп қарастырған.Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия — бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру — бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.

 

Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық  — яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан  әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған.

Бүгінгі таңда осы  проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі — өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).

 

4.Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі.

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Біз үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттап, қарқынды өзгеріп  тұратын қоғамда өмір сүріп отырмыз. Алдыңғы қатарлы елдер жаңа қоғамға, яғни ақпаратты қоғамға кіруде. Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да қоғамымыздың стратегиялық негізгі даму бағытын анықтау, ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік беретін приоритет жүйесін құру өте маңызды.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030″ стратегиялық бағдарламасында  және Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда — еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз,» — деп атап көрсетті.

Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Білім жүйесінің қоғамдық өмірдің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да тигізетін ықпалы мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік қарым-қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалыға, студенттердің   отбасы   өмірінің   құндылықтары   ішінде   отбасының психологиялық және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп  көрсетеді.  Бұдан  басқа білім жүйесі  жалпы білім беретін мектеп деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып,   отбасы және некенің бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.

Салауатты отбасы — өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы  отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік  деңгейде мэн беріліп отыр. Әрбір  отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды  өркениеттілікке  жеткізу,  ең  алдымен,  әр  отбасындағы  өмірді  дүрыс үйымдастырудан басталмақ.  Оған дэлел  1989  жылы Біріккен Ұлттар ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың қүқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және үйлесімді   дамуы   ушін,   ол  мейірім   мен   өзара   түсіністігі   бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, қүқықтық қамқорлыққа  мүқтаж» деп көрсетілген.  Бұл  қүжатта  әрбір  ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, талантын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту, адам құқығын құрметтеу, өз ата-анасын сыйлауға, оның мэдени тұрмыс-салтын, тілі мен қүлдылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу, еркін  қоғамда ынтымақтастық,  түсіністік,  ұлтаралық қарым-қатынаста достық   рухында   саналы   өмір   сүруге   дайындау,   қоршаған   ортаға жанашырлықты тәрбиелеу керектігін үсынып, заман талабы бойынша бүгінгі отбасына  үлкен жауапкершілік пен жоғары  парасаттылық  жүктеледі. Оқушының  жеке түлғалық қалыптасуына  отбасы  тәрбиесінің  ықпалы фиттософиялық.     әлеуметтанушылық.     психологиялық,     педагогикалық зерттеулерде    ерекіпе    көңіл   бөліп,    отбасыньщ    жалпы    теориялі.ік. педагогикалық,   психологиялық  негізін   жасауда  көп   үлес   косқандар: А.Қүнанбаев, А.Байтүрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.

Информация о работе Психологияның даму тарихы