Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:29, доклад

Описание работы

Бұл бейсананы зерттеуді мақсат еткен психо-логияның бір бөлігі. Бейсана субъекттің жаңылыс сөздерінің, ассоциациялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің; қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер жиынтығы арқылы зерттеледі.
“Психоанализ” терминін З. Фрейд 1896 жылы невроз этиологиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. Бұған дейін ол “талдау”, “психиканы талдау”, “психологиялық талдау” және “гипноз талдауы” терминдерін қолданған болатын.

Работа содержит 1 файл

психоанализ.docx

— 22.61 Кб (Скачать)

 

ПСИХОАНАЛИЗДІҢ    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ    ҰЙЫМДАРЫ  

Халықаралық  психоанализ қауымдастығының (ІРА)  10 мың мүшесі бар. Бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін ІРА арнайы Шығыс Еуропа Психоанализ Институтын құрды,  ол  семинарлар, жазғы мектептер, бастауыш талдаушылар үшін супервизиялар өткізеді.

Халықаралық  талдаушы психологтар қауым-дастығында (ІААР) 4 мыңдай адам бар.

Психоанализдік  халықаралық  қауымдастығы (ІАР) сан жағынан аздау, орталығы Францияда, басқа ұйымдарға қарағанда, саяси акцияларға қатысып, кейде ереуіл ұйымдастырып тұрады.

Психоанализдік  ұйымдардың мүшелігіне үміткерлерге қойылатын  талаптар:

-  Өз талдауы ( 400 астам сағат);

-  Супервизия  ( 250 сағат );

-  Семинарлар  ( 1000 сағат );

-  Ұйымның  2-3 мүшелерінен ұсыныстар.


Информация о работе Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология