Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:29, доклад

Описание работы

Бұл бейсананы зерттеуді мақсат еткен психо-логияның бір бөлігі. Бейсана субъекттің жаңылыс сөздерінің, ассоциациялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің; қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер жиынтығы арқылы зерттеледі.
“Психоанализ” терминін З. Фрейд 1896 жылы невроз этиологиясы жөніндегі мақаласында ұсынған. Бұған дейін ол “талдау”, “психиканы талдау”, “психологиялық талдау” және “гипноз талдауы” терминдерін қолданған болатын.

Работа содержит 1 файл

психоанализ.docx

— 22.61 Кб (Скачать)

Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология  

 

Бұл бейсананы зерттеуді  мақсат еткен психо-логияның бір  бөлігі. Бейсана субъекттің   жаңылыс сөздерінің, ассоциациялау, оқу, тыңдау кезіндегі қателіктерінің; қате әрекеттерінің (ұмыту, жоғалту, жасыру, адасу) және елестету өнімдерінің (ұйқы, қиял, сандырақ, арман және т.б.) жете түсінбеген мағыналарын анықтау негізіне сүйене отырып, белгілі әдістер  жиынтығы арқылы зерттеледі.

“Психоанализ” терминін З. Фрейд 1896 жылы невроз этиологиясы  жөніндегі мақаласында ұсынған. Бұған дейін ол “талдау”, “психиканы талдау”, “психологиялық талдау”  және “гипноз талдауы” терминдерін  қолданған болатын.

З. Фрейдтің өзі  психоанализге мынадай анықтама берген:

біріншіден, басқаша  қол жеткізпейтін психикалық үрдістерді зерттеу құралы;

екіншіден, осы зерттеуге  негізделген невроз ауруын емдеу  әдісі;

үшіншіден, осының нәтижесінде пайда болып, дамып  және жаңа ғылыми ілімге жинақталған  бірнеше психологиялық тұжырымдамалар. 

 

“ПСИХОАНАЛИЗ”  ТЕРМИНІН   ФРЕЙДТІҢ   ДӘЛЕЛДЕУІ

“Біз бұл әдіс арқылы науқастың санасына ығыс-тырылған психикалық қайғыларын қайтару жұмысын  психоанализ деп атағанбыз. Біз  неге “талдау” туралы, яғни, жару, шағу, ыдырату туралы, - химиктің табиғаттан тауып алған заттарымен лабораториясындағы жұмысына  ұқсастырып айтамыз?  Өйткені, бұл ұқсастық, негізінде, толық дәлелденген. Емделушінің  симптомдары мен әртүрлі патологиялық құбылыстарының табиғаты барлық жалпы психикалық әрекеттер сияқты күрделі, әрі әуестіктер, тілектер олардың құрамдас элементтері болып келеді. Бірақ пациент бұл түпкі тілектер туралы мүлде бейхабар болады. Химик күрделі заттардан оның құрамдас элементтерін бөліп шығарғанына ұқсас, біз емделушіні симптомға негіз болған, өзі мойындамаған тілектері мен әуестіктерінің себептерін мысал етіп,   психика-лық құбылыстардың өте күрделі құрылысын түсінуге үйретеміз. Сонымен қатар біз науқасқа патологиялық деп  есептелетін  психикалық құбы-лыстардың себептерін толық түсінбейтінін, оларды басқа құбылыстар мен ниеттер тудырғанын, олардың себептері өзіне белгісіз болып қалатынын көрсетеміз”.                    

    

ПСИХОАНАЛИЗ   АҒАРТУШЫЛЫҒЫ

Қазақстан халықтарына  өз психологиялық денсау-лығын сақтау үшін тиімді көмек беру үшін, біздің ойымызша, тәжірибелі психологтар өздері  көпші-лікті  психологиялық ағарту жұмысына белсене кірі-суі керек. Адамдардың жалпы психологиялық сауатын көтеру, қазақстандықтардың психоло-гиялық, соның ішінде, психоанализдік мәдениетін нығайту, психоанализ клиентурасының қатарын кеңейтіп қана қоймай, бірінші кезекте, қала тұрғын-дарына, жеке адамдар арасындағы қатынастардың  шиеленісуін төмендетуге, адамның сыртқы және ішкі үйлесімділігін қалпына келтіруге, қала тұрғындарын сауықтыруға ықпал етеді.  

 

ПСИХОАНАЛИЗДІҢ   ЕРЕКШЕЛІГІ

Психоанализ психотерапияның  басқа түрлерінен ең алдымен өзінің жеке тұлғаға бағытталғанымен ерекшелінеді. Бұл сонымен, талдаушының наза-рында  “жақсы” және “жаман” жақтардан тұратын нақты адам  болады деген сөз. Тәжірибеде жиі көргеніміздей, клиенттердің, әсіресе, қазақ клиент-тердің, соңғы жағын аса көбейтіп жатқандарын көруге болады. Сөйтіп, өзін қинап масқаралаған күнә сезімі мен ар-намысы адамды өзіне бағын-дырып алады. Психоанализ  өзінің негізгі мақсаты ретінде осы немесе басқа симптомды жәй “алып тастауды” көздемейді, өйткені, тәжірибе көрсет-кендей, бұл бірнеше уақыт өткен соң қайтадан, сол қалпында немесе басқаша түрде көрініп қалуы мүмкін. Бас міндет – симптомның психологиялық табиғатын табу, оның бұлағын анықтау және оның даму динамикасын түсіну. Өзіндік сана және өзін-өзі түсіну – міне, өзі  мен мінезін өзгертуге, үрей мен қорқынышты жеңуге, мінез-құлығының  жаңа тәсілдерін қалыптастыруға арналған екі кілт.   

Дегенмен, адам өз денесінің  кейбір бөлігін (мұрын, құлақ, көз) айна болмаса көре алмайтын-дығы сияқты, өзінің сезімдері мен психикалық бейнелерін проекциялаған талдаушының  көмегінсіз, өз есінің тереңдегі қабатын, өзінің құпия сезімдері мен уайымдарын көре алмайды.

Әрбір адам өз тарихына тәуелді. Бұл тарихтың өте ашық, жарық, бірақ көбінше  сол бір мезгілде қараңғы, тіпті, түңілген беттері болуы мүмкін. Психоаналитиктер өз білімдері мен тәжірибелерінің күші арқылы, клиент өз тарихының көптеген тұстары туралы  ешуақытта ешкімге айтпағанын, айтқан болса да, оны ешкім ақырына дейін тыңдамағанын біледі. Жеке тарихында, ол туралы тіпті өзі де есінде сақтамағанына қарағанда, өте жағымсыз бірдеме болуы мүмкін. Былайша айтқанда, психоаналитик “әрі есте сақтау мүмкін емес, әрі  ұмытуға да болмайтын” тұстарды еске түсіруге көмектеседі. 

 

ПСИХОАНАЛИЗ   ЖӘНЕ   ФАРМАКОЛОГИЯ  

Психоанализ психофармакология  қандай табыс-тарға жетпесін, адам жанына керекті дәрі болмаған және болмайды да деп  санайды. Психологиялық проблема қашан да болмасын психологиялық (химиялық емес) шешімді талап етеді. Сондықтан, психоаналитик клиент қаншалықты сөйлемесін бәрін соншалықты толық тыңдайды. Талдаушының осы біржақты әңгімеге  шебер көмектесуі клиентке азаптарының өз  санасының түбінде осы кезге дейін  негізгі себептерін, өзіне беймәлім болған ойлары  мен естеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.                    Психоанализ белсенді дамып келе жатқан фармакотерапияға қарсы емес және ол  дәстүрлі психиатрияның баламасы емес. Психоанализ – бұл сөзбен емдеу. 

 

ПСИХОАНАЛИЗДІҢ   ҚАЗАҚ   ТІЛІНДЕГІ   ТЕРМИНДЕРІ  

Біз бұл жерде  психоанализдің қазақ тіліндегі  бірнеше терминдерін ұсынамыз. Негізгі  термин – “психоанализ” сөзін  алатын болсақ, оны қазақ тілінде  “жанталдау” деп  аударуға болады, дегенмен, біз оны бұрынғы күйінде, халықаралық тәжірибеде қабылдағандай етіп қалдыруды ұсынамыз.

“Сознание” термині  – “сана” қазақ тіліндегі психологиялық  әдебиетте әлдеқашан тұрақтанып қалған. Келесі терминді қабылдау мен  ғылыми айналымға енгізу талас туғызуы  мүмкін. Біз  “подсознание” сөзін “дейсана”, ал “подсознательное” сөзін “дейсаналық” ретінде қолдануды ұсынамыз, өйткені қазақтың “дейін” сөзі  “до, перед” деген мағынаны білдіреді. Әрине, грамматиканың барлық ережесі бойынша сөзбе-сөз аудару басқаша болар, онда бірақ, біздің көзқараспен қарағанда, ғылыми терминдердің өзін анықтау қолайсыз болып, әрі оларды ғылыми және оқу әдебиетінде пайдалану ыңғайсыз болады. Жеңіл және дұрыс аударылатын термин  “бессознательное”- “бейсана”, бұл сөз орыс тілінде екі ойды, зат есім мен сын есімді білдіреді, ал қазақ  тілінде зат есім “бессознательное” - “бейсана”, сын есім “бессознательное” - “бейсаналық” деп аударылады. Ал “санасыз” деген сөзді “несозна-тельный” мағынасында қалдырдық.

“Первичная беседа” -  “алғашқы сұхбат”,  “ана-литический ритуал” -  “талдау рәсімі”,  “интерпре-тация сновидений” -  “түсті жору”, ”дистанция” -“арақашықтық”, “перенос” - “тасымалдау”, “контрперенос” -  “қарсытасымалдау” болады.

Мемлекеттік тілдегі  психоанализ  термино-логиясы проблемасының шешілуі – уақыт  талап етеді. Көп ұзамай-ақ, келешекте психоанализдің қазақ тіліндегі сөздіктері мен оқулықтары пайда бола бастайды. Қолыңыздағы әліппенің соңында қысқаша  орысша - қазақша сөздік берілген.

Осы үрдістің басы әлдеқашан басталып кеткен:  “Дарын” әлеуметтік-гуманитарлық институтында психоанализдің тарихы мен теориясы бойынша қазақ тілінде лекциялар оқылады, топтық жанталдау тренингтері өткізіледі, қазақ тілінде клиенттер қабылданады. 

 

ПСИХОАНАЛИЗ   ТАРИХЫНАН

Психоанализ ХІХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында  пайда болған, оның негізін қалаушы  белгілі  психиатр және психолог Зигмунд Фрейд болды. Психоанализ көптеген психикалық  феномендерді түсінуге, адам сезімінің, уайымдарының табиғатын аңғаруда және терапиялық әдіспен күнделікті өмірдегі сұрақтардан бастап терең психопато-логияға дейін әртүрлі психологиялық проблема-лары бар адамдарға көмек беруде мүлдем басқа сапалы жаңа жол болды. Басты жаңалық – “бейсананы” ашып Фрейд бейсаналық ойлардың, сезімдердің және тіпті өзінен жасырын жатқан ықыластары мен ермектерінің адам денсаулығына қандай зор ықпал ететінін  көрсете білді.

Әрбір жеке тұлғаның ақылдылығы, саналылығы мінез-құлықтың әлеуметтік үлгісіне сәйкес болады. Бейсана  үнемі әлеумет қабылдамайтын, бірақ өктем қанағаттық принципіне бағынышты; бейсана қисынсыз, онда себепті-шартты қатынастар, қарсы-лықтар, уақыт жоқ.  Бейсананы  анығырақ  көрсе-тетін мысал ретінде түс көруді алуға болады, адам-дар ол жерде осы өмірге сай келмейтін және ешқашан болмаған кейіпкерлер мен оқиғаларға тап болады. Психоанализ барысында емделушінің бейсанасы сана дәрежесіне көтеріліп, өзін өзі бақылау мүмкін болады. Әр адамның түпкі мәні, қыры мен сыры ашылып және қабылданып, соның нәтижесінде сауығып, сырқаттары жеңілдеп, рухани даму басталады.

Психоанализ тарихы келесі сұрақтарға жауап беру тарихы болады: адамдардың проблемалары неге пайда болады?  Оның мағынасы неде? Адам жаны мен жан куаты қандай екен? 

 

ПСИХОАНАЛИЗ  КӨМЕГІНІҢ   МӘНІ

Психоанализдің 100 жылдық тарихы нақты көр-сеткеніндей, баланың алғашқы әсерлері мен  реакциялары адамның дүниетанымына  ықпал етеді, біздің айналамыздағы  басқалармен болатын барлық  кейінгі қарым-қатынастарымыздың ерекшелік-теріне, біздің тілектер  мен талаптарымызды қанағат-тандыруға немесе олардан құтылуға ұмтыл-ғанымызға алдын-ала әсер етеді.

Психоанализ үрдісінде  клиент өз өмірінде бір кездерде өзінің басынан өткен маңызды және жиі  болған аянышты оқиғаларды, есінде ештеңе қалмаған болса да, зерттеп  алу үшін қайта бастан кешіп, бұрынғы  оқиғаларға тереңдете үңіледі. Бұл  адамға өте ауыр болып тиеді. Бірақ  бұл естеліктер оған кейін пайда  болған өзін қоршаған ортамен күрделі  қарым-қатынастарын, тіпті өзінің болашағын  түсінуге көмектеседі.

Психоанализ ең алдымен  көптеген психо-логиялық қорғану арқылы санадан жасырынып жатқан, оған ұмытшақтықты қоса айтсақ, өз бей-санаңа, естеліктеріңе, сезімдеріңе, тілектерің мен көрген түстеріңнің құпиялы астарына жақындауға көмектеседі. Психоанализ бейсаналы  ойлар мен сезімдердің күнделікті мінез-құлыққа қалай әсер ететінін, басқалардың әрекеті мен мінезіне неге басқаша қарамаймыз, уайымдар неге осы бағытты қалайды, ал құмарлық қайғылы тұрақтылықпен адамды мораль мен ақлақтың “қызыл жалауына”  неге қуатындығын түсініп алуға  көмектеседі. Жанталдау нәтижесінде  адам алғашқы рет өзі мен өзгелерді  дұрыс түсіне бастайды және алғашқы  рет өз мүддесінің қорғау үшін әжептеуір  әрекет жасай бастайды. 

 

ПСИХОАНАЛИЗ   ТЕРАПИЯСЫНЫҢ   МЫСАЛДАРЫ     

Отыз жастағы  әйел күйеуі өлген соң торығу, бедеулік, аналық безінің үшінші дәрежедегі рак  диагнозымен келді. Оның жан азабын қайталап жатудың керегі жоқ шығар. Психоаналитикпен          2 жыл жұмыс жасағаннан кейін оның қатерлі ісігі 20% азайды, көңілі мен рухы көтеріліп, кезінде аяқталмаған бірінші жоғарғы оқу орнын бітіріп филолог дипломын және екінші институтты бітіріп құқықтанушы дипломын алды, енді адвокат болып қызмет атқарып жүр. 

Дені сап-сау  жас қыздың асқазан мен ішектер  жұмысы күшті бұзыла бастайды. Осыған дейін де жіңішке болып келген қыз, енді салмағының 30% жоғалтады. Терапевттер   мен инфекционистер мұның не себептерін, не терапияның тиімді тәсілдерін таба алмайды. Ал, емделуші қыздың “қорыта алмаған” проблемасы, соматикалық емес, психикалық  деңгейде жатыр...

Сәттілікке толы, ішкілік ішпейтін және темекі тартпайтын жас жігіттің көңіл-күйі бұзылып, “кенет-тен” ата-анасымен араласпай қояды, университетті  тастауға шешім қабылдайды. Ата-анасы  болса баламыз бізді жек көретін  шығар деп ойлайды. Емделушінің  өзі де психоаналитикке келуге келісім  беріп, алғашқыда сол ойларды  қайталайды. Ал негізінде, бала  ержетті, біз енді өзімізбен-өзіміз болайық деп, ата-анасының оған онша көңіл аудар-май қойғандарына деген реакция болып шықты.

Әйелі күйеуінің  адалдығынан күмәнданып, ұрыстары жалғаса  береді, отбасының шырқы бұзылып  ажырасуға дейін барады. Әйел психо-терапевтке келген соң, бекер күмәнданып жүргенін, бұл өзінің ата-анасының үйінде болған бұрыннан жасырын жатқан өкпелері екенін түсінеді...

Сүйкімді және сымбатты  қыз өзін ұнамсызбын деп ойлап қиналып жүреді. Өзіне қандай қошеметтер айтылса да, “мендей ажарсыз” жанға әншейін айтқан өтірік немесе көңілі қалмасын деп айтылған сөздер деп қабылдайды. Оның себебі тереңдегі жыныстық аумақта жатқан екен ...

Он жыл бойы 38-жастағы  әйел психиатрдың бақылауында болып  келді; осы уақыт аралығында бірнеше  рет ауыр диагнозбен жатып та шықты, үнемі күшті дәрілерді қабылдай бергендіктен “өте топас” болып барамын  деп, жұмысын тастағанын да айтып берді. Бір жылдық  психоанализдік терапиядан кейін ол дәрілерді қабылдаудан мүлдем бас тартты...

Банкіде істейтін, болашағы мол жас менеджер өз қызметтестерімен тіл табыса алмайды. Нәтиже-сінде  – кезекті, әрі көптен күткен жоғарылау  қызметі басқа біреуге бұйырады. Осы “ұсақ” ренішке үйдегі ырың-жырың  қосылады. Барлық тұлғалар арасын-дағы қатынастардың жәймен күйреу проблемасы оны қорқыта бастады... Бірақ, барлық басқа жағдай-лардағы секілді - мұның  да шешімі  табылды.

Бірақ та бұл шешімге  бару жолы, әдетте, оңай және тез болмайды. Тіпті егер  мамандар үшін  мұны шешу “оңай” болғанмен де, емделуші оған өз жолымен келуі керек, ал талдаушы болса, тек көмекші және жол көрсетуші болып қалады.

Емделушінің талдаушыға көбінесе айтатын сөздері: “Мен өзімді  енді түсіне бастадым”... “Біздің бәрімізге бірдеңе болды, бірақ, әрине, себеп менде ғана...” “Осы жексұрындықтың бәрінен қорықпағаныңыз үшін, сізге рахмет”... “Мен басқа адамдармен бірінші рет  қорықпай араласа баста-дым, бұрын тіпті дүкендегі сатушыға сөз айтуға қорқатынмын”... “Мен өзімді кәдімгі құнықсыз адам деп есептейтін едім, сол бар өмірімді өксітті”... “Секс пен ластық мен үшін синонимдер болатын, енді бұл анамның күнәсі еместігін, ол мені тек қорғап қалғысы келгенін түсіндім. Енді оны жек көрмеймін”... “Мен психиатриялық диагноздың – қазанама еместігін, басқа ауруларға ұқсас ауру екенін түсіндім”...”Мен өз комплекстерімді дұрыстадым, қазір жұмыста, өмірде, махаббатта – бұрынғыдан он есе көп табыстарға жете бастадым”...           

Информация о работе Психоанализ тарихы, ерекшелігі. Фармакология