Психика

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 15:20, реферат

Описание работы

Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм - әр заттың жаны бар деп уағыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Психика.doc

— 121.50 Кб (Скачать)

      Жүйке жүйесінің барлық бөлімдері өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, бірақ әрбіреуінің ағзаның әр түрлі реакцияларындағы рөлі бірдей емес. Арқа миы – бас миының өзекті бөлігі, созыңқы және ортаңғы ми – туа біткен шартсыз рефлекстердің рефлекторлық орталықтарының жиынтығы болып табылады. Арқа миында аса қарапайым рефлекстер орталықтары бар.Дене мен аяқтарының қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттеуші рефлекторлық орталықтармен бірге арқа миында ішкі мүшелер жұмысын реттеуші орталықтар да орналасқан.

      Бас миының өзекті бөлігі бірқатар күрделі және өмірге маңызды шартсыз-рефлекторлық актілерді жүзеге асыратын орталық аппарат болып саналады. Олардың қатарына ему рефлексі, шайнау және жұту жатады. Бұл рефлекстердің барлығын реттеуші рефлекторлық орталықтар созыңқы мида орналасқан. Кейбір қорғаныс рефлекстерін түшкіруді, жөтелуді, жас бөлінуді реттеуші жүйке орталықтары да сонда орналасқан.

Ортаңғы мида көз бен құлақтан қозғаушы салаға беретін орталықтармен бірге, қарашықты  кішірейтетін орталық та орналасқан. Созыңқы мида орналасқан дем алу  мүшелерінің, жүрек тамыр жүйесінің, сондай-ақ ағзаның ішкі ортасының қалыптылығын сақтайтын басқа жүйелердің жұмысын реттеуші жүйке орталықтары орналасқан. Мишық қызметі: жүргенде, жүгіргенде, секіргенде және тағы басқа ағзаның тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін дененің барлық бұлшық еттерінің күйлерін реттеп отырады.

Қабық астары күрделі шартсыз рефлекторлық әрекетті қамтамасыз етеді. Көру дөңбешіктері – қабық астарының түйсік орталығы, ал қабықасты түйіндері – қабық астарының қозғаушы аппараты болып табылады.

      Адамның саналы әрекетінің мүшесі болып үлкен  жарты шарлар қабығы саналады. Сондықтан  адам психикасы мен үлкен жарты  шарлары қабығының өзара қатынасы басты мәселе болып табылады. Ғылымда  бұл мәселе функционалдық таралу немесе қабықтағы психикалық функцияларды тарату мәселесі ретінде белгілі.  

 

Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық қасиеті 

      Психика – жүйке жүйесінің қасиеті  болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануралардың психикасының материалдық негізі болып табылатын  жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.

      Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі – бұл ми.

      Перифериялық  жүйке жүйесі – жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы жүйкелер бас миы мен омыртқа жұлынынан адамның барлық денесіне тарап жатады.

      Ми  да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен  – бірі жалғасып жататын жүйке  жасушаларынан құралады.

      Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы  жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.

      Жануралардың  миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400-500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол орта есеппен алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының маңдай жағы неғұрлым маңызды роль атқарады.

      Жануар  неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек  болады.

      Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстың миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларының айырылған ит толық мүгедек болады.

      Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайырады.

      Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың  бірі – ұзын тармақты нейрит, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит  деп аталынады. Нейрондардың тарамдала  келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық және вегетативтік жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.

      Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылымда жан жақты, толық дәлелдеген.

      Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы  көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің  жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді.  Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.

      Жұлыннан  жан жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін  жүйке деп аталады.

      Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым қозғалыстарымыздың жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.

      Аралық  ми төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Афференттік – латынның афферекс деген сөзі, қазақша «жеткізуші» деген мағынаны білдіреді.

      Ми  сыңарлары екі бөліктен тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол қалыңдығы 3-4 мл. Бірнеше қабаттардан тұрады.

      Ми  қабығы 4 бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке, самай деп аталынады.

      Ми  қабығы бірыңғай тұтас мүше. Ол бейне  қабылдағыш аспап тәрізді көптеген анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм тағы басқа анализаторлардың жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан.

      Ағзаға  әсер етуші тітіркенгіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасында уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы – бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін жүйкенің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық үрдіс миға тітіркенгіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық үрдістің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі – сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнелеуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы жүйке әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болады.

      Уақытша жүйке байланыстарының маңыздылығын мойындай кез келген психикалық әрекеттің физиологиялық механизмі болып саналмайды, бірақ, психикалық құбылысты физиологиялыққа теңестіреді. Психикалық әрекет физиологиялық механизммен ғана емес, оның мазмұнымен, яғни ақиқаттың мидағы бейнесімен де сипатталады. Адам мен жануарлардың сыртқы ортамен әрекеттестіретін мидың басқаруының заңдылықтарында деген И.П. Павловтың көзқарастарының жиынтығы, екі сигнал жүйесі туралы ілім деп аталады. Жануар үшін заттың кескіні шартты рефлекстің түрі бойынша мінез-құлықты өзгеріске ұшырататын, қандайда бір шартсыз тітіркенгіштердің сигналы болып табылады. Қандай да бір шартты тітіркенгіштің шартсыз тітіркендіргіш әрекетімен үйлесуі шартты рефлексті тудырады. Осының нәтижесінде бас миындағы екі орталық арасында уақытша жүйке байланысы пайда болады және жануардың екі әрекеті бірігіп кетеді. Шамды жағу – сілекейдің бөлінуін тудыратын тамақтандыру сигналы болады. Жануарлар өз мінез-құлықтарында И.П. Павловтың бірінші сигнал жүйесінің сигналдары деп атаған, сигналдарды басшылыққа алады.  Жануарлардың барлық психикалық әрекеттері бірінші сигнал жүйесінің деңгейінде жүзеге асырылады.

      Адамдағы  бірінші сигнал жүйесінің сигналдары  мінез құлықты реттеп бағалай  отырып, маңызды рөл атқарады. Алайда, адамның жануарлардан айырмашылығы – оларда бірінші сигнал жүйесімен қатар екінші сигнал жүйесі болады. Екінші сигнал жүйесінің сигналдары болып – сөздер, яғни «екінші сигналдар» саналады. Бірінші сигнал жүйесінің сигналдары сөздер арқылы алмастырылуы мүмкін. Сөз бірінші сигнал жүйесі сигналдарының әрекеттерін тудыруы мүмкін, яғни сөз – бұл «сигналдардың сигналы».

Сонымен психика – ми қасиеті болып  саналады. Түйісу, ой, сана ерекше түрде  ұйымдастырылған материяның жоғары өнімі болып табыады. Ағзаның  психикалық әрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері - әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері – оларды сигналдарға түрлендіреді, мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері – бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.

      Сыртқы  орта адамның миына, жүйке жүйесіне сезім органдары арқылы үнемі  әсер етеді. Ағза бұл әсерлерді қабылдап жауап беріп отырады. Бұл процесті рефлекс деп атаймыз. Рефлекс  – латын сөзі, қазақшаға аударғанда «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді. Мәселен, біз байқаусызда қолымызды ыстық затқа тигізіп алсақ, сол сәтте тартып аламыз. Бұл тітіркендіргіш жүйке жүйелері арқылы омыртқа жұлындарына беріледі, ал одан кейін бұлшық еттерге импульс береді. Импульс латын сөзі қазақша аударғанда «түрткі ояту» деген мағына береді. Рефлексті бұдан 300 жыл бұрын Француз ғалымы Ренэ Декарт ұсынды. Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

      Шартты  рефлекс өмірде пайда болып қоймайды, сонымен қатар жоғалып та кетеді. Сондықтан И.П. Павлов оны уақытша  жүйке байланысы деп атады.

      Уақытша жүйке байланысы ми қыртысында тек  тітіркендіргіштің пайда болуының нәтижесінде ғана құралмайды, сонымен қатар мақсатқа жеткізетін байқау әрекеттерінің нәтижесінде құралады. Мәселен, ит өзін қамаған үйден шығудың жолын іздейді, бірнеше есіктің біреуі жабылмаған. Есікті тұмсығымен түртіп, жабылмаған есікті тауып алады. Екінші рет  қамалғанда үйден шығудың жолын бірден табады. Мұндай нәтиже мақсатына жетудегі әрекеттен ғана болып отыр.

      Ағза  үшін ми сыңарлары қабатындағы уақытша  байланыстардың маңызы өте үлкен. Егер жануарларда тек шартсыз рефлекстер ғана болса, олар өмірдің үнемі өзгеріп  тұратын қиын жағдайларында өмір сүре алмаған болар еді. Мәселен, жануарлар өзіне төнген қатерді, тек жыртқыш аңның тырнағы қадағалана ғана білер еді.  
 
 
 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқулық,5-ші басылым. Алматы,2004.
  2. Жарықбаев Қ. Психология. Пед. училищелерге арналған,2-ші басылым. Алматы,1982.
  3. Психология адамзат ақыл ойының қазынасы. Алматы,2005.
  4. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы,1992.
  5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы,1993.
  6. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы,1996.

Информация о работе Психика