Психика

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 15:20, реферат

Описание работы

Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм - әр заттың жаны бар деп уағыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Психика.doc

— 121.50 Кб (Скачать)

      Егер  бір адамның іс-әрекеті мен  мінез-құлқын сыңар жақты бағалау  тұрақты сипат алса, онда сол адамның  өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы  осы сыңар жақ бағасын қабылдап алады да, соған мойын ұсынады.

      Өзін-өзі өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану – адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті. 

 

Жүйке жүйесінің ұғымы мен мәні 

      Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен  байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан  келетін тітіркенгіштерге жауап  қайтарады. Бұлармен қатар жүйке  жүйесі түрлі дене мүшелерінің,ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.

      Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі ұзын тармақты нефрий (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақша дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегативтік (ішкі) жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.

      Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізгі болып табылатын  мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бір орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек келеді.  Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.

      Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі –  ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы  және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.

      Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда  жүрек қызметінің, қан айналысы мен  ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің де алу, түшкіру, жұтыну түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

      Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркенгіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.

      Аралық  ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы  бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.

      Мидағы  осы орталық, оның төменгі бөліктеріне  басшылық ету процестерінің жұмысын  реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады.  Ретикульярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.

      Оларды  тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы  ғылымның кейбір салалары еңбек, яғни нақты іс-әрекет үстінде адам анасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылыми—педагогикалық, медициналық, әскери. Инженерлік тағы басқа болып, бірнеше салаларға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту, педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы шығармашылық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу тағы басқа жатады. Мұндағы инженерлік-психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.

      Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады.

      Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің болтологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді.

      Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркенгіштерге организмнің қайтаратын жауап рекациясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр тоғымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы тағы басқа осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.

      Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасау жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор, өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін жүйкелер.

      Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының  жұмысында байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіркенгіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципін шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан бұрын орыс физиологы П.К. Анохин ұсынған осы теория рефлекс туралы ілімнің шығармашылықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н.А. Бернштейн айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.

      Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын  нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтың отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теориясының негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М. Сеченов мынандай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендіреді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен. И.М. Сеченовтың ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерін негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.

      И.М. Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары

 И.П.  Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердң жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.

      И.М. Сеченов пен И.П. Павлов мидың  барлық рефлекстік қызметі екі нервтік  процестен – қозу мен тежеуден тұратындығы анықтап берді. Бұл  физиологиялық процестер ми қабығындағы  шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз  рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.

      Қозу - әр түрлі тітіркенгіштердің әсері  нәтижесінде жүйке жүйесінің  қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін  тыныштандыратын процесс болып  табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір заңдылықтарын да зерттеген. И.М. Сеченовтың мидың тежелуі жөніндегі пікірлеріне сүйене отырып, И.П. Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл жүйке процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз жүріп отыратындығын дәлелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде миының бір алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

      И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз және ішкі – шартты деп екі үлкен топқа бөлді.

      Сыртқы  тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса, ит сілекей бөлуді тоқтады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.

      Тежелудің бұл түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі  сан алуан тітіркенгіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.

      Сыртқы  тежелудің екінші түрі – шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркенгіштер әсер ете беретін болса, жүйке клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.

      Ішкі тежелудің бірнеше түрі бар. Солардың бірі – сөне тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.

      Ішкі  тежелудің бір түрі - ажырату тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркенгіштерді де тез ажырата алады.

      Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құбылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі – адам миы қалай құрылғаны және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.

      Органикалық әлемнің – қарапайым біржасушалы жануарлардан адамға дейінгі эволюциясының барысында мінез-құлықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз күрделенуде. Біржасушалы ағзаның жалғыз жасушасы тіршіліктің барлық функцияларын атқарады. Бұл мүше сезеді, қозғалысқа келтіреді, тамақ қорытады. Алайда, оның мүмкіншіліктері шектеулі. Жоғары қалыптасқан жануралардың мүшелері арнайы әрекеттерге сәйкес болады. Ол сигналдарды қабылдау функциясын атқаратын жасушалардың пайда болуынан көрінеді. Басқа жасушалар бұлшық еттер жұмысын жүзеге асырады. Алайда, мамандандыру мүшелер мен функцияларды бөледі, ал ағзаның біртұтас тіршілігі олардың арасындағы үздіксіз байланысты талап етеді. Бұл біртұтас жұмыс істейтін орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Орталық жүйке жүйесінің жоғарырақ бөлімдері  бас миының үлкен жарты шарлары түрінде болады. Үлкен жарты шарлар құрамына жүйке жасушаларының жиынтығының түбінде жатқан -  қабықасты түйіндері енеді. Жарты шарлардың бетінде жүйке жасушаларының қабаты – бас миының қабығы орналасқан. Оның беті қатпарлар қатары және иірімдер түрінде болады. Қабықасты түйіндері мен оларға жақын орналасқан көру дөңбешіктерін қосып, қабық астары деп атайды. Қабық қабықтың астарымен бірге рефлекторлық әрекеттің ең күрделі түрлерін жүзеге асырады.

Информация о работе Психика