Психика дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.

Содержание

1. Жас ерекшелік психологиясының пәні.
2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы.
3. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы.
4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.
5. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.

Работа содержит 1 файл

12. психика дамуының жас заңдылықтары және мәселелері.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

 

 

 

 

 

СРСП№12

«Психология және адам дамуы» пәні

Тақырыбы : Психика дамуының жас заңдылықтары және мәселелері

 

 

 

 

 

          Тексерген: Жакпарова Г. А.

Орындаған: Қырықбаева А.С.

 

 

 

Семей 2012ж.

Психика дамуының жас заңдылықтары және мәселелері

 

Жоспары:

 

    1. Жас ерекшелік психологиясының пәні.
    2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы.
    3. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы.
    4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.
    5. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына  дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.

Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:

Жас – бұл заңды  физиологиялық және психикалық өзгерістердің  жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға  ретінде дамуының уақытпен шектелген  нақты сатысы.

Жаңа құрылым –берілген  жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.

Жетекші іс-әрекет – бұл  берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы  мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.

Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

Дағдарыс- бұл бір жас  кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.

Жас ерекшелік психологиясының  бөлімдері:

1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі):

а) сәбилік кезең (дүниеге  келгеннен 1 жасқа дейін);

ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін).

2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).

3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);

4. Жас өспірім шақ:  а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж.);

                                  ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).

5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35 жас;

                                                  ә) 35-60 жас.

6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология): а) егде жас  (60-75 ж.);

ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары).

Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс – бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.

  1. Ұйымдастырушы әдістер:

а) көлденең кесу әдісі;

ә) тікелей кесу әдісі;

б) кешендік әдіс.

Алдыңғы сатылардың соңғы  сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

  1. Эмпирикалық әдістер:

а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

3. Мәліметтерді өңдеу  әдістері:а) статистикалық; ә)  сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер:  а) генетикалық; ә) құрылымдық.

 

 Онтогенездегі психикалық даму проблемалары

 

Психикалық  даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.

Психикалық  даму шарттары- бұл индивидке белгілі -бір әсер ететіндер, яғни психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары және деңгейі тәуелді сыртқы және ішкі жағдайлар

Дамудағы эволюциялық  өзгерістер - салыстырмалы түрде баяу сандық және сапалық құрылымдармен байланысты. Өзгерістер өмірдің елеулі кезеңін қамтиды (нәрестеде бірнеше айдан, неғұрлым үлкен жастағы балаларда бірнеше жылға дейін). Мұндай өзгерістер «үнемі әсер ететін» факторларға байланысты: бала ағзасының биологиялық жетілуі мен психо-физиологиялық күйі, оның адамзаттық әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орны, интеллектуалдық және тұлғалық дамудың жеткен деңгейі.

Дамудағы революциялық өзгерістер - неғұрлым терең бола отырып, жылдам және аз уақытта жүреді. Мұндай өзгерістер әдетте жас аралығында болатын жас дамуының дағдарысына орайластыру

Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер - нақты бір жағдайдың әсеріне байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы мен мінез-құлқында ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған оқыту мен тәрбиелеу әсерінен болатын нәрселерді қамтиды.

       Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы

Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2) социологизаторлық.

Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде  адам психикасының биологизация болып  келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде  адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.

Психикалық дамудың  биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында  пайда болды. Оның мәні: адам психикасы  биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық  қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері – бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтайдай» болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік  те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.

Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.

Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады. Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып табылады.

Баланың психикалық дамуы  оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде  жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет – бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің  қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:

  1. Баланың  қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
  2. Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның  іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен:

  1. баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
  2. бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.

Психикалық  дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы

 

 Берілген проблеманы  талдау жас кезеңдерін бөлу  үшін негіздерді анықтаудағы  түрлі ықпалдарды қарастыруды  ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің  барлық ұсынылған схемаларын  Л.С. Выготский үш топқа бөледі:

  1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С.Холл).
  2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай- да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
  3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын  жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы  тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

        Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.

 

Баланың дүниеге келуі  алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты  ортада өісмдік тәрізді тіршіліктен  бөлек автономды өмірге өту.

0-ден 2 айға дейін  нәрестелік кезең  жалғасады.  Бұл адам өміріндегі жалғыз  ғана биологиялық кезең, осы кезеңде  бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1) ағзаның ішкі ортасын  реттеуші (демалу, қанайналым);

2) тамақтану (сору, жұту);

3) қорғаныс рефлекстері  (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

4) бағдарланушы (басын  күшті тітіркендіргішке бұру);

5) қозғалыстық (қамту,  жүзу, адымдау, еңбектеу).

Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.

Эмоционалдық  дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген  әлеуметтік қажеттіліктің пайда  болғанын білдіреді. Берілген сапа –  бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін).

Баланың физикалық дамуының негізгі жетістіктері:

  1. Қамту және манипуляциялау. Қамту – бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау – бұл өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамты мен манипуляцияның рөлі – бұл жаңа жетекші іс-әрекет – заттық-қарулық іс-әретке дайындалу.
  2. Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі; оның рөлі- жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.

Дамудың әлеуметтік жағдайы -  үлкендерге толықтай тәуелділік, ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Эмоционалды қарым-қатынастың тапшылығы «госпитализм» құбылысына әкеледі, яғни психикалық және физикалық  дамудың тежелуіне.

Танымдық дүниенің дамуы. Көру және есту түйсіктері қарқынды қалыптасады (3-тен 4 айға дейін). Көру қабылдауы шамамен 11 айда пайда болады. Ес ырықсыз және келесі түрлері басым болады: эмоционалды және қозғалыстық. Зейін ырықсыз. 1 жылдың аяғына таман көркем-әрекеттік ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.

Сөйлеу пассивті. 7-8 айда тілді түсіне бастайды. 1 жаста оның пассивті сөз қоры 50 сөзден тұрады. 8 айда, көбінесе 1 жаста сөйлей бастайды, сөз қоры 2-15 сөзден тұрады.

Информация о работе Психика дамуының жас заңдылықтары мен мәселелері