Ойлау және ойлаудың логикалық заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:03, реферат

Описание работы

Ойлау.
Ойлау формасы.
Ойлау тарихы.
Ойлаудың логикалық заңдары.
Тепе-теңдік заңы.
Қайшылықсыздық заңы.
Үшіншіні ескермеу заңы.
Жеткілікті негіз заңы.

Работа содержит 1 файл

ойлау.docx

— 27.03 Кб (Скачать)

 

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларды алуға болады: ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірибесін, жеке фактілерді келтіруге болады. "Бұл қылмысты жасаған Н деген адам" деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасалғанын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәландыруы арқылы дәлелденеді. Адамның жеке басының тәжірибесінің өрісі тар. Сондықтан адам өз кызметінде басқа адамдардың тәжірибесіне, тағы басқа сүйенеді. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауда, тағы басқа жиі қолданылады.

 

Жеткілікті негіз заңының ойлау үдерісінде аса зор теориялық және практикалық маңызы бар. Біреуді өзіміздің айтқандарымыздың ақиқаттығына сендіру керек. Бір пікірді дәлелдеу дегеніміз — оны негіздеу деген сөз, яғни жеткілікті негіз ретінде ғылымда және практикада дәлелденген ақиқатка жататын басқа пікір келтіру керек.

 

Жеткілікті негіз заңы — еш нәрсемен дәлелденбеген пікірге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға қарсы, әр түрлі діни нанымдарға, ырымшылдық пен жоқ нәрсеге сенушілікке қарсы бағыт.

 

Жоғарыда қарастырылған  төрт заң дұрыс ойлауға қойылатын  айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптарының жалпы керінісі. Сондыктан дұрыс ойлаудың бұл жалпы заңдары ойлаудың ұғым, пікір, ой қорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, ұғымдардың арасындағы қатынастарды, ұғымды аныкқтағанда, пікірлер арасындағы қатынастарды, ой қорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, тағы басқа бұл заңдарды қолданамыз. Осыған байланысты бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын меңгеріп, біліп алған жөн.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
  2. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы, 1996 ж.
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: “Білім”, 1996 ж.
  4. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского. 2-изд. – Москва, 1977 г.
  5. Реан А.А. Общая психология и психология личности. Алматы 2009 ж.

Информация о работе Ойлау және ойлаудың логикалық заңдары