Ойлау және ойлаудың логикалық заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:03, реферат

Описание работы

Ойлау.
Ойлау формасы.
Ойлау тарихы.
Ойлаудың логикалық заңдары.
Тепе-теңдік заңы.
Қайшылықсыздық заңы.
Үшіншіні ескермеу заңы.
Жеткілікті негіз заңы.

Работа содержит 1 файл

ойлау.docx

— 27.03 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

Пән:                 Сыни ойлау

 

Тақырыбы:   Ойлау және ойлаудың логикалық заңдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған:  ППФ дефектология

 күндізгі бөлім,  1 курс, 2 топ студенті

Текішева Б.Е

 

Тексерген:  ф.ғ.к. Рахимова Г.Д

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

 

 

Жоспар:

  1. Ойлау.
  2. Ойлау формасы.
  3. Ойлау тарихы.
  4. Ойлаудың логикалық заңдары.
    1. Тепе-теңдік заңы.
    2. Қайшылықсыздық заңы.
    3. Үшіншіні ескермеу заңы.
    4. Жеткілікті негіз заңы.

 

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, кабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен күбыдыстарыньщ ішкі күрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

 

Ойлау формасы.

Ойлау формасы болып табылатын  ұғымдар, категориялар, идеялар мен  теориялар танымның субъектісі мен  объектісінің арасын байланыстырып  тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің  сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді  байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары  мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді  және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен  дамып отырады.

 

Ойлау тарихы.

Ойлау тарихы адамның пайда  болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

 

Ойлаудың логикалық  заңдары.

Қоғамдағы жағдайлар мен  окиғалардың белгілі бір заңдылықта қайталанатыны күнделікті өмірден  және бақылаулар нәтижесінен көрінеді. Адамзат өзінің тіршілігін бастағаннан  осы заңдылықтарға қалыптасып, сезініп, оны қабылдайды.

 

Ойлау заңдары адам ұғымы  мен пікірінің жемісі, және олардың  қорытындысынан туындайды. Біздің ойымыз материялық дүниедегі заттар мен  құбылыстардың адамның санасында  бейнеленуі ретінде қарастырылады. Объективті дүниедегі заттар мен  құбылыстар бір-біріне тәуелді, шарттас  және олар қозғалыста дамиды. Сыртқы дүниедегі  нәрселердің қозғалысы мен дамуы  белгілі бір зандар бойынша іске асады. Егер ұғым бұл заңдарды дұрыс  қабылдаса, пікір дұрыс қалыптасады, яғни біз бұл заңдарды жақсы біле аламыз.

 

Логика ғылымы ойлаудың негізгі  төрт заңын қарастырады. Ол заңдар —  Тепе-теңдік заңы, қайшылықсыздық заңы, үшіншіні ескермеу заңы, және жеткілікті негіз заңы. Бұлар ойлаудың негізгі заңдары деп аталады. Өйткені олар логикалық ойлаудың түпкі қасиеттерін — анықталмағаның, қайшылықсыздығын, аяқталғаның, негізделгенін көрсетеді. Бұл қасиеттер ойлаудың барлық үдерістерінде, оның қандай да болсын формасына қарамастан әрекет етеді. Логикалық заңдар дұрыс ойлаудың міндетті шарты болып табылады.

 

Тепе-теңдік заңы. Қандай да болсын бір затты не нәрсені қарастырғанда, соған тән белгілер туралы ойлау қажет. Сол зат немесе нәрсе туралы ой қайталанбау үшін анық, тұрақты мазмұнда болуы керек. Бұл ойлаудың ең маңызды қасиеті — оның анықталғандығы — пікір үдерісіндегі қандай да болсын ойдың өзара тепетеңдігі — Тепе-теңдік заңын айкындайды. Тепе-теңдік заңы — барлық ой қорытындыларының өзара қосылып, бірін-бірі толықтыратын логика заңы. Сырттай қарағанда, логикалық заңдар ішіндегі ең қарапайым түрі. Оны былай түсіндіруге болады: егер айтылған пікір шындық болса, ол — шындық. (Мысалы, "егер шөп көк болса, ол көк", "егер шөп қара болса, ол — қара".)

 

Табиғатта және қоғамда заттар мен құбылыстардың бір-бірімен  араласып кетпей, нақты, белгілі ерекшеліктері  болатыны сияқты, заттар мен құбылыстар туралы біздің ойларымыз да бір-бірімен  араласып кетпеуі тиіс. Болмыстың  кейбір құбылысы туралы дұрыс пайымдай отырып, біз өзіміздің ойымызда зерттеп  отырған нәрсені ауыстырмаймыз, екі ұшты ойламаймыз. Ойлаудың дәл, анық болуы — дұрыс ойлаудың заңы. Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай: белгілі бір пікірлесуде, ұғым мен  пікір сол бір мағынада ғана қолданылуы қажет, яғни өзіне-өзі тең болуы  тиіс. Тепе-теңдік заңы А немесе А=А деген формула бойынша беріледі. Мұндағы А кез келген ойды білдіреді. Осы заңдылық бұзылған уақытта келесі қателіктер пайда болуы мүмкін.

 

Амфиболия ( гр. amphibolos — екі ұштылық, екі ұдайлық) — тілмен өрнектеу негізінде пайда болатын логикалық қателік.

 

Эквивокация — бір сөздің түрлі мағынада қолданыла беретіндігінен кететін логикалық қателік. Эквивокация шешендік әдеби тәсіл ретінде жиі қолданылады. Логикада бұл тәсілді "ұғым алмастыру" деп те атайды. Мысал үшін, төмендегі пікірді алайық: "Барлық жанартау — тау, ал барлық гейзерлер — жанартау болады".

 

Бұл қорытынды ("барлық гейзерлер — тау") дұрыс емес, өйткені гейзерлердің тау емес екені белгілі. Мұндай жалған қорытындының шығу себебі — пікірде Тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни логикалық қате жіберілген. Міне, ұғымды алмастыру дегеніміз осы. Ұғымның мазмұның дұрыс түсінбегендіктен туатын "ұғымдарды алмастырып алу" қатесі логикада паралогизм деп те аталады, яғни паралогизм білместіктен туатын қате.

 

Логомахия — пікірталас кезінде оған қатысушылардың, талас тудырған ұғымды анықтай алмауларына байланысты, бір түйінге келе алмауы.

 

Тепе-теңдік заңынан маңызды  талап туындайды: әр түрлі ойларды теңестіруге болмайды, тепетең ойларды Тепе-теңдіксіз ойлар ретінде қарастыруға болмайды. Осы талап қаншалықты айқын болғанымен, пікір кезінде жиі бұзылады. Бұл талап жоғарыда айтқан эквивокацияға тән құбылыс.

 

Сонымен, тепе-теңдік заңы логикалық ойлаудың ең маңызды талаптарының бірі — анықтықты көрсетеді.

 

Қайшылықсыздық  заңы.

Ғасырлар бойы жинақталған  адамзат тәжірибесінен нәрселермен  құбылыстардың қасиеттері өзара  байланыста болатыны байкалған. Мысалы, бір заттың түсі сары болса, нақ сол  кезде және сол жағдайда оның түсі қара болуы мүмкін емес екенін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде  оның бұтаққа қонып отыруы мүмкін емес екендігін адамдар әлде қашан  байқаған. Заттардың осы сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты  белгісі ретінде санасына орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті  нақ сол жағдайда және сол кезде  ол заттың өзінде бірден болуы да және болмауы да мүмкін емес болса, онда дұрыс ойлауда да бір мезгілде, бір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-қарсы екі түрлі  пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды. Дұрыс ойлаудың бұл заңы логикада қайшылықсыздану заңы деп  аталады. Демек, бір-біріне қарама-қарсы  екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, оның бірі жалған болады. Мысалы, "Осы өзен Ертіске  құяды" және "Осы өзен Ертіске  құймайды" деген екі пікір бір  мезгілде шындық болуы мүмкін емес, егер екі пікір де осы өзенге қатысты  болса.

 

Қарама-қайшылық ойды бұзып, таным үдерісін ауырлатын жібереді. Ойлаудың қайшылықсыз талабы формалды логикалық қайшылықсыздық заңын  бейнелейді. Бұл заң мынадай формулада: А және А емес, яғни бір-бірін жоққа  шығарып тұрған екі ой бірге ақиқат бола алмайды.

 

Қайшылықсыздық заңы бір  уақытта, бір тұрғыдан айтылған қарама-карсы  екі пікірдің екеуі бірдей ақикат болуын теріске шығарады. Бірақ бұдан  оның екеуі де жалған пікір болуы  мүмкін деген түсінік шықпайды. Мысалы, мынадай: "Біздің сыныптағы оқушылардың  бәрі үздік" және "Біздің сыныптағы  бірде-бір оқушы үздік емес" деген қарама-қарсы пікірдің екеуі  бірдей ақикат болуы мүмкін емес, бірақ  оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: "Біздің сыныптағы  кейбір оқушылар — үздік" деген  акиқат пікір шығады. Сөйтіп, қайшылықсыздық заңы қарама-қарсы екі пікірдің біреуінің  немесе екеуінің бірдей жалған екені  жайлы сөз қылмайды.

 

Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды деген қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, қайшылықтың екі түрлі  болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын  формалды-логикалық қайшылықтарды  өмірдің өзінде болатын диалектикалық  деп аталатын қайшылықтардан ажырата  білу кажет. Қайшылықсыздық заңы диалектикалық  қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек дұрыс пікір қайшылықтарына ғана қарсы, өйткені бұл соңғы  ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылықсыздық заңы дұрыс  ойлаудың негізгі сапаларының бірі — дәйектілікті талап етеді. Бұл  заңды саналы түрде қолдану тек  бөтен адамдардың ойларында орын алған қайшылықтарды ғана емес, сондай-ақ өз ойлау, пікірлерінде кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап, түзетуге, сөйтіп, өз пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді.

 

Үшіншіні ескермеу заңы. Үшіншіні ескермеу заңын мынадай формулада көрсетуге болады: бір-біріне қарама- қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола алмайды: оның бірі — міндетті түрде ақиқат, бірі — міндетті түрде жалған, үшінші пікір алынып тасталады, ал акикат не (А), не (А емес) болады.

 

Үшіншіні ескермеу заңы біздің ойлауымызда маңызды талаптарды қалыптастырады: бір-біріне қайшылықты екі ойдың бірінің ақикаттығын  танудан бас тартпау және олардың  арасынан үшінші бір нәрсені іздемеу  керек.

 

Үшіншіні ескермеу заңы қайшылықты пікірге байланысты ғана әрекет етеді  және төмендегі формадағыдай құрылады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір  бір мезгілде жалған бола алмайды, оның бірінің ақикаттығы қажет. Бұл заңның формуласы: (А бар не В не В емес).

 

Бір-біріне қайшы келетін пікірлер әрқашан баламалы болады, яғни екі мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкінділіктер бірін-бірі теріске шығарады. Егер бұл пікір баламалы болмаса, онда олар бір-біріне қайшы емес, ол пікірге үшіншіні ескермеу заңы қолданылмайды.

 

Үшіншіні ескермеу заңы ұстанымсыздыққа қарсы бағытталған. Бұл заң бір мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көз қарастарды шатастыруға қарсы бағытталған заң. Бұл заңның сот, тергеу ісінің практикасында қандай ерекше маңызы бар екенін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кесімді түрде шешуді талап етеді. Заңгер істі "не олай", "не бұлай" шешуі тиіс. Факті не расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер не кінәлі немесе кінәлі емес деп кесіл айтуы тиіс.

 

Ал үшіншіні ескермеу заңы бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады. Жеткілікті негіз заңы. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар себеп-салдар байланысында болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды, яғни себепсіз салдар болмайды.

 

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың еткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғат пен қоғамда ешбір құбылыс пайда болмас еді.

 

Нәрселер мен құбылыстардың  объективтік дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген. Жеткілікті еңгіз заңы — әрбір ақиқат, ой жеткілікті негізделуі тиіс деп тужырымдалады.

 

Белгілі бір ақиқат ойды білдірсек, оның акикаттығын негіздеуіміз керек, яғни шындыққа сәйкес келетіңдігін дәлелдеуіміз тиіс. Мысалы, айынталушыға белгілі бір кіне таққан кезде айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығын негіздейтін қажетті дәлелдер келтіруі тиіс. Олай болмаса, табылған кінә негізсіз болып шығады. Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады.

Информация о работе Ойлау және ойлаудың логикалық заңдары