Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:43, реферат
Тақырыптың мазмұны және өзектілігі. Мінез-құлық ауытқуларына бейім балаларды ерте анықтау мен оларды түзеу жұмыстары мектеп психологтарының ең негізгі және маңызды міндеттердің бірі болу керек.
Балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер себебін анықтау үшін, оның психологиялық механизімін білу керек. Ата-аналар өздерінің балалары жеткіншек жасқа жеткен уақытта күрделі , тіпті кей жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетіні анық.
Балалар өздерін отбасының , сыныптың , ортаның тең құқықты мүшесі , тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса маңызды психологиялық ерекшеліктері. Балалар бұл шақта өздерін ересектік өмірге жоспарлар құра бастайды. Балалардың көбінесе тәжірбиелері жоқтықтан шалалық пен балалық аңғалдықты көрсетеді.