Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:43, реферат
Тақырыптың мазмұны және өзектілігі. Мінез-құлық ауытқуларына бейім балаларды ерте анықтау мен оларды түзеу жұмыстары мектеп психологтарының ең негізгі және маңызды міндеттердің бірі болу керек.
Балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер себебін анықтау үшін, оның психологиялық механизімін білу керек. Ата-аналар өздерінің балалары жеткіншек жасқа жеткен уақытта күрделі , тіпті кей жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетіні анық.
Балалар өздерін отбасының , сыныптың , ортаның тең құқықты мүшесі , тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса маңызды психологиялық ерекшеліктері. Балалар бұл шақта өздерін ересектік өмірге жоспарлар құра бастайды. Балалардың көбінесе тәжірбиелері жоқтықтан шалалық пен балалық аңғалдықты көрсетеді.
Тақырыбы: Мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың сана – сезімін дамыту.
Орындаған:Мыңжасар Алтынай, №3 мектеп-лицейінің 8а сынып оқушысы.
Жетекшісі: Сардарова Гулмира Бақытбекқызы
Қызылорда қаласындағы №3 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі
Тақырыптың мазмұны және
Балалардың мінез-құлқындағы өзгерістер себебін анықтау үшін, оның психологиялық механизімін білу керек. Ата-аналар өздерінің балалары жеткіншек жасқа жеткен уақытта күрделі , тіпті кей жағдайда неше түрлі қайшылықтарға кездесетіні анық.
Балалар өздерін отбасының , сыныптың , ортаның тең құқықты мүшесі , тұлға ретінде сезіне бастайды. Бұл жастардың осы шақтағы аса маңызды психологиялық ерекшеліктері. Балалар бұл шақта өздерін ересектік өмірге жоспарлар құра бастайды. Балалардың көбінесе тәжірбиелері жоқтықтан шалалық пен балалық аңғалдықты көрсетеді. Бірақ та олар үшін өте маңызды , оған ересек адамдардың араласуын жақтырмайды , қызғанады , себебі олар осы қиялмен өмір сүреді. Ата-аналар мен ұстаздар , тіпті балалар үшін маңызды адамдар , балалардың осы ерекшеліктерін ескермей , ой-пікірлеріне құлақ аспай , олардың қиялдар әлеміне беталды араласуы арқылы , жасөспірімдердің өздеріне деген сенімі мен араларындағы қарым-қатынасын жоғалтып алады. Жолдастарымен және ата-аналарымен қарым-қатынастары жоғала бастайды. Сондықтан да баламен ересек адамның тығыз байланысы мен өзара түсіністігі аса қажет.Баланың қоғамға енердегі кедергілерді жеңуімен аяқталады. Өзіндік сана-сезім дағдарысы. Төмендегідей жетілумен психикалық есеюмен сипатталады:
жоғары деңгейде сезімталдығы;
жылауықтық;
ой-қиялы
мен іс-әрекеттеріндегі қарама-
мінез-құлқындағы бүлікшілдік;
Сонымен қатар жеткіншек шақта тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған психикалық аурулары да қозып немесе пайда болуы да мүмкін. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатігездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, некені бұзу.
Балаға психологиялық тренингтер,психологиялық әдістер және сөйлесу арқылы көмектесуге болады. Психологиялық түзету жұмыстары барысында тренингтердің алатын орны ерекше. Тренинг барысында талданатын мәселелер күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселе. Мысалы: мектепте сені не толғандырады? Ата-аналармен қарым-қатынас барысында қиындық неліктен туындайды? Біз неге көп ашуланамыз? Баланың өмірінде көптеген өзгерістер пайда болады. Тренинг – адамдардың білімі мен дағдысын , қарым-қатынасын дамытады. Баланың болашақ өмірге деген көзқарасын өзгертеді және сенімділігін арттыруға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты: Мiнез-құлқында ауытқуы бар балалардың сана-сезімін дамытудың
теориялық негіздерін және психологиялық
тұрғыдан түзетімдік жасау технологияларды
тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын
айқындау.
Зерттеудің мiндеттерi:
- мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың
сана-сезімін дамыту мәселесіне байланысты
зерттеулерге теориялық талдау жасап
оның бүгінгі жайын анықтау;
- мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың
сана-сезімінің талаптану деңгейін айқындау;
- мінез-құлқында ауытқуы бар балалардың
өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін
дамытуға бағытталған психологиялық тұрғыдан
түзетімдік жасау технологияларды пайдаланудың
тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудiң әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық, педагогикалық, медициналық, әдістемелік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; психологиялық тұрғыдан түзетімдік жасау технологиясын ендірудің (Т.Дембо-С.Я.Рубинштейiн, Ф.Хоппе, С.А.Будасси, Е.С.Романова және С.Ф.Потемкинамен бейімделген Р.Бернстің «Өз суретін салу» атты) әдістемелеріне сипаттама және әңгімелесу, анкета жүргізу, жеке құжаттарын, психологиялық-педагогикалық мінездемелерін талдау; тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, корыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық жағдай мінез-құлқында
ауытқуы бар балалардың сана-сезімдерінің
даму негізінде психологиялық тұрғыдан
түзетімдік жасау (психокоррекциялық)
әдістерді тиімді қолданылса, онда белгіленген
сана-сезімді құрайтын ерекшеліктер осы
дәрежедегі балалар тұлғасының үйлесімді
дамуына мүмкіндік туады.
Қорытынды:
Зерттеу жұмысының барысында келесі ғылыми
нәтижелерді алдық:
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектер
тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің
өзгешелігі әр түрлі ықпалдардың үйлесімділігінің
әсерінен туылу мүмкіндігі айқындаған.
Сондай-ақ, зерттеу барысында осы дәрежедегі
жеткіншектердің өзін-өзі бағалауының
эмоционалды және когнитивті компонентерінің
ерекшеліктері анықталған.
Мәселен, өзін-өзі бағалаудың когнитивті
компоненттерінің төмен деңгейде болу
және эмоционалды компонентінің шынайы
емес жоғары деңгейде болғаны эмпирикалық
эксперимент арқылы көрсетілген.
Эксперименталдық тұрғыда алғаш рет мінез-құлқында
ауытқуы бар жеткіншектердің типологиясы
жетілдіріліп, талаптану деңгейі бойынша
4 топқа бөлінді: талаптану деңгейінің
барабар түрде болуы, өз-өзіне сенімсіз,
өз-өзіне сенімді және лабилді мінез-құлықтағы
жеткіншектер тобы, яғни жетістікке жетуі
мен жетпеуге байланысты реакцияларының
барабар емес түрде болуы айқындалған.
Эксперименттік әдістемелер алғаш рет
қазақ тілінде өңделіп, жүргізілді. Бұл
өз кезегінде психодиагностикалық, психокоррекциялық
бағдарламаларды жетілдіруге мүмкіндік
туғызды.
Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің
ерекшелігі бойынша арнайы курс жетілдірілді
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Раншбург Й., Поппер П. Секреты личности. М., 1983.
2.Реан А.А. Агрессия и агрессивность личности. СПб., 1996.
3.Реан А.А. Психология и изучение личности. СПб., 1999.
4.Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социалбная педагогическая психлогия. СПб., 1999.
5.Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. 2009.
6.Елшібаева К.Ғ. Балаларға өзара әсер етудің тиімді жолдары. 2010.
7.Ж.Наурызбаев. Ұлттық мектептің ұлы мұраты.- Алматы: Ана тілі, 1995.
8.Н.Е. Щукурова. Воспитание детей в школе. Новая школа, 1998.
9.Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива.- М.: Педагогика.,1978.
10. Караев Ж.., Балафанов Е., Есбосынов М. Анализ тенденции развития
дистанционного
образования // Вестник высшей
школы Казахстана. 1998.
Информация о работе Мінез-құлықы ауытқыған балалардың сана-сезімін дамыту