ұйымшылдық

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:47, курс лекций

Описание работы

Қазақ халқының поэзиясы барлық рухани-мәдени қазынаның ішіндегі тарихы тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы болып табылады. Прозалық жанрдан бұрын халықтың дәстүр-салтына, өмір-тіршілік жағдайына орай көп ғасырлар бойы поэзия жетекші өнер саласы болып келді. Өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әлдебір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің барлығын бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланады.

Работа содержит 1 файл

мару поэзия.docx

— 48.24 Кб (Скачать)

1. Он бір буынды;

2.Жеті буынды;

3.Аралас буынды

Қазіргі кезде даму сатыларынан  өтіп, жетілу барысында өлең құрылысы, алдымен 8 буынды және 6 буынды жаңа екі түр кіргізді. Бұның екеуі де көне  әдебиетімізге дейінгі әдебиетімізде жоқ түр еді.  Каөіргі кезде «аралас буынды» өлеңдер жаңа ырғақ, жаңа құрылыс, жаңаша естілетін юолды.

11Дәстүрлі  көркемдік образдар ( ай, жел, күн, т.б) Қазақ халқы көркем сөзін өлеңмен жырлаған, қара сөзбен ауызша әңгімелеген түрлерін жылдам көзбен көруге, құлақпен естуге құмар халық. Көркем сөзді санаға сіңіру, оны еске сақтау қабілеті айрықша дамыған қазақтың осы ұлттық ділі, психологиясы басқа халықтардан ерекшелендіріп тұрған дара қасиеті.  Халық поэзиясы туындыларының қайсыбірін алсақ та,  қиялдан туған көңілге қонымсыз сурет- бейнелер емес, ақиқат өмірмен жалғастығы мол бейнелер мен образдар қолд көреміз. Айталық, үлкенді, биікті халық таумен салыстырса, қаттыны , қаталдықты тасқа ( қара тасқа) ұқсатып дәстүрләепен образды бейнелеген.

Сұлулықты, келбетті адамның  ажарын ақындардың ай, күн, жұлдызға теңейтіні белгілі.  Шешек атып тұрған әсем гүл де, көлдің  жайқалған жасыл құрағы да сұлулықты, сымбаттылықты айтқанда ұқсату үшін жиі қолданылып дәстүр жалғастығын әр дәуірде дамытып, бейнелеп отырады.

Халық мақалдарында жақсы  аттың жақсы адаммен, ер жігітпен, сұлу әйелмен қатар айтылатыны да тегін емес:

      Хас жүйрікте  сын болмас,

       Хас  сұлуда мін болмас , т.б

Осындай дәстүрлі көркем образдар мен бейнелер қаншама мол болғанымен, ол халық поэзиясындағы сөз кестесінде иеңізге құйған бұлақ секілді  бір арна боп шығады.  Мұндай  образдар халық поэзиясына тән көркемдік  пен суреттілік, бейнелілікке әбден  кемелденген. Образдау тәсілдері күрделі  де кызықты.

12Қазақ өл құрылымдық бастаулары.  Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай, ескілікті наным-сенімге байланысты, әдет-ғұрып өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді: 
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіпкелуіненегізделеді.  
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі. 
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға боладыҚазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады;.

Қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас  түрлерін орнықтырған. Қазақ өлеңінің құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді.[1][2] Атақты орыс ғалымы Михаил Бахтин М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсрепов шығармаларын саралай зерделеу барысында қазақ әдебиеті сынында жаңа ғылымитеориялық бастауды қалыптастырды. . Тұңғыш қазақ романы “Бақытсыз Жамалдағы” күрделі әлеуметтік мәселенің күрмеуін шешу жолындағы автор бейнелеген көркем образдардың суреттелуіндегі психологиялық иірімдерден бастап, Ж. Аймауытовтың “Ақбілегіндегі” уақыт қасіреті, қалық қайғысы, әйел трагедиясының суреттелуі, М. Әуезов сомдаған тұлғалар тарихнамасындағы сезімдердің  сомдалу ерекшеліктері Б. Майтанов зерттеулері арқылы ғылыми талданып, оқушы қауымға бағдаршам болады.

13дәстүрлі поэтикалық бейнелеу құралдар. Поэзия- сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Ол- айналадығы дүниені, өмірді танып- білудің құралы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады.

Поэзиядағы өлең- жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер эстетикалық  сезімнен, бейнелі, образды ойдан, дүниені  ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Қазақ халқының поэзиясында табиғат  суретін, жаратылыс көріністерін дәсиүрлі бейнелеу құралдары копиеп кездеседі. Ай жарығы, күннің нұры, тау мен тастың жаңғырығы; самал лебі, құстар үні, т,б. Осындай жаратылыс- табиғаттың, айналадағы жанды- жансыз дүниенің әсерлері  поэзияда молынан байқалып отырады.

Поэзияда адамның кескінін- әйелдің, кыздың ажар- көркін сипаттауда, бейнелеуде айрықша үздік көркемдік, бейнелеуіштік құралдар танылады. Айталық,  әйелдің көзін суреттеп бейнелегенде көбінесе бота көз, құралай көз, күлім  көз  деген сияқты сипаттамалар қолд.  Немесе  « ажары атқан таңдай»  деп салыстыра сипаттауларда  кездеседі. Мұнда адамнын сырт көрінісі ғана айтылған деуге болмайды.

Сұлудың денесі үлбіреген  кіршіксіз ақ болып сипатталады. Ақ маңдай, фқша бет, ақ тамақ секілді- әйел портретінің  әбден қалыптасқан, дәстүрлі бейнелерімен ғана шектеліп қалмайды. Мысалы, алма мойын, оймақ ауыз, қиғаш қас, қолаң шаш, сүмбіл шаш т.б  теңеулер қолданылуы жағынан алуан түрлі болады.

Халықтың ән- өлеңдерінде  қыз бен жігітті тұспалмен  сипаттайтын дәстүрлі қос мүшелі символ- бейнелер де жиі пайдаланылады. Мысалы, қыз- ақ қоян, жігіт- оны қуған  ақ құйғын.  Кейде қыз бейнесін күнделікті ттұрмыстан алған барынша қарапайым затпен теңестіріп сипаттау да кездеседі. Айталық, қыздың ақ жарқын, ойнақы мінезін « тасындай диірменнің ойнап тұрған» деп дәстүрлі бейнелеу құралданың көмегімен бейнелейді.

14поэзиядағы дәстүрлі  бейнелеу құралдары. Поэзия- сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Ол- айналадығы дүниені, өмірді танып- білудің құралы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады.

Поэзиядағы өлең- жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер эстетикалық  сезімнен, бейнелі, образды ойдан, дүниені  ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Қазақ халқының поэзиясында табиғат  суретін, жаратылыс көріністерін дәсиүрлі бейнелеу құралдары копиеп кездеседі. Ай жарығы, күннің нұры, тау мен тастың жаңғырығы; самал лебі, құстар үні, т,б. Осындай жаратылыс- табиғаттың, айналадағы жанды- жансыз дүниенің әсерлері  поэзияда молынан байқалып отырады.

Поэзияда адамның кескінін- әйелдің, кыздың ажар- көркін сипаттауда, бейнелеуде айрықша үздік көркемдік, бейнелеуіштік құралдар танылады. Айталық,  әйелдің көзін суреттеп бейнелегенде көбінесе бота көз, құралай көз, күлім  көз  деген сияқты сипаттамалар қолд.  Немесе  « ажары атқан таңдай»  деп салыстыра сипаттауларда  кездеседі. Мұнда адамнын сырт көрінісі ғана айтылған деуге болмайды.

Сұлудың денесі үлбіреген  кіршіксіз ақ болып сипатталады. Ақ маңдай, фқша бет, ақ тамақ секілді- әйел портретінің  әбден қалыптасқан, дәстүрлі бейнелерімен ғана шектеліп қалмайды. Мысалы, алма мойын, оймақ  ауыз, қиғаш қас, қолаң шаш, сүмбіл шаш т.б  теңеулер қолданылуы жағынан  алуан түрлі болады.

Халықтың ән- өлеңдерінде  қыз бен жігітті тұспалмен  сипаттайтын дәстүрлі қос мүшелі символ- бейнелер де жиі пайдаланылады. Мысалы, қыз- ақ қоян, жігіт- оны қуған  ақ құйғын.  Кейде қыз бейнесін күнделікті ттұрмыстан алған барынша  қарапайым затпен теңестіріп сипаттау да кездеседі. Айталық, қыздың ақ жарқын, ойнақы мінезін « тасындай диірменнің ойнап тұрған» деп дәстүрлі бейнелеу құралданың көмегімен бейнелейді.

15Ұлттық көркемдік  дәстүрдің негізі мен жалғастығы. Ұлттық көркемдік дәстүр- әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіреді.. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатад ы. Дәстүр әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады

Ұлттық идеология дегеніміз  — халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру ар¬қылы ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байла¬нысты ерекшеліктері  бо¬лады. Мысалы, Қазақ-станның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ға¬сырлар  бойы халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне  кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған.


Информация о работе ұйымшылдық