Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:47, курс лекций
Қазақ халқының поэзиясы барлық рухани-мәдени қазынаның ішіндегі тарихы тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы болып табылады. Прозалық жанрдан бұрын халықтың дәстүр-салтына, өмір-тіршілік жағдайына орай көп ғасырлар бойы поэзия жетекші өнер саласы болып келді. Өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әлдебір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің барлығын бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланады.
1 поэзия жанрның ерекшеліктері. Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туынды. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. «Поэзия – жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан сезімнің бас көтеруіне түрткі болады.
Қазақ халқының поэзиясы барлық рухани-мәдени қазынаның ішіндегі тарихы тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы болып табылады. Прозалық жанрдан бұрын халықтың дәстүр-салтына, өмір-тіршілік жағдайына орай көп ғасырлар бойы поэзия жетекші өнер саласы болып келді. Өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әлдебір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің барлығын бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланады. Поэзия тұтас өнер ұйытқысы болып табылады . Өте ерте қалыптасқан жанр ретінде поэзияның прозадан айырмашылығы бірінші кезекте түр тұрғысынан ерекшеленеді. Әрине, поэзия мен прозаның айырмашылығын мұнымен шектеуге болмайды. Тұтас алып қарағанда, поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы айрықша тән болып, сол бағытта жазылса, ал прозалық шығармаларда оқиғаны баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік ерекшеліктері сыртқы ұсақ белгілер емес. Сол себепті өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өмір құбылыстарын терең эмоциялық-сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу басты принципке айналады.
Халық поэзиясы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т.б. Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды.
Қазақ поэзиясында
Абайдан кейінгі дәуірде Ш.
2 ұлттық көркемдік
дәстүр- әдебиет пен өнердің даму барысында
сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік
пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының
байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып,
сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар
көзқарас түсініктер жатады. Әр халықтың
ғасырлар бойы жиналып, қалыптасқан өзіне
тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл
салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам
тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге
көзқарасы мен рухани күйінен туған. Бірақ
салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын,
өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға
болмайды. ұлттық көркемдік дәстүр атаулының
мән-мағынасына үңіле қарасақ, онда адалдық,
адамгершілік, ізеттілік, үлкенге құрмет,
кішіге шапағат т.б. сияқты аса қасиетті
этикалық және эстетикалық тәрбие жатады.
Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім
білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр
екенін, қазақтар әйтеуір аққуды қадірлейді..
Бір ғажабы сонан күнбе-күн ләззат алып
отырғанымызды байқамаймызда.Аққу атына
байланысты біз ел аузынан, эпостардан
неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел
қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен
сұлулық сипатын, аяулылығын «Аққудай
ару» деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінентүсінеміз.
Тау-тас, орман-тоғай, шеп пен су сияқты
андар мен құстар да адамзаттың қажеттін
өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе
жатқан ежелгі досы, сырласы. Тарихқа үңілсек,
бұлардың ерте заманда адамзат мәдениетімен
өнерінің тапқырлық, ақыл-парасатының
өсуіне де көп әсері тигенін көреміз. Жылан
– қазақ елінің және басқа халықтардың
ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау
үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы
да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе,
бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір
етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып
шығарады. «Таспен атқанды аспен ат, өзің
мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық
жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды»
– деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен
қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік
қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең
пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің
азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз
санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка,
өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты
бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды
ниет тұтқанын көрсетеді.
3Поэзиядағы жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым
Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі ішінде мән-мағынасы бай, заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады.
Жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Поэзиядағы жаңашылдық байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді.. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін.
4 Поэма, дастан жанры мен фольклорлық сарындар . Қазақ әдебиеті өзінің қайнар бастауын ауыз әдебиетінен алады десек, поэма жанрының тегін де халық әдебиетінен бастау алады. Бай ауыз әдебиетіміздегі батырлық, ғашықтық, тарихи жырлар - қазақ поэмасының алғашқы бастаулары. Поэманың алғашқы нұсқалары деп ауыз әдебиетіндегі уақиғалы жырларды айтуға болады. Олардың баяндау тәсілі, кейіпкерлер бейнесін суреттеу өзгешелігі де ауыз әдебиеті дәстүрлерімен тығыз байланысты. Поэма жанрының сан ғасырларға созылған ұзақ тарихы бар. Бұдан кейін аталған жанр көбіне шығыс әдебиеті дәстүрінде келетін, шығыстық сюжетке негізделген қисса - дастандар түрінде өзінің жалғасын тапты. Абайдың Шығыс тақырыбынан алып жырлаған белгілі поэмалары, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн», «Қалқаман — Мамыр», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Ілияс Жансүгіровтің «Күйші», Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» атты поэмалары қазақ поэзиясының көшбасында түрған сүбелі туындылар
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік қызметтер атқарады.Қоғамның даму сипатына қарай фольклордың белгілі бір функциясы алдынғы кезекке шығып отырады. Мысалы, 15-18 ғ қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды.
Фольклор жанры идеялық-
көркемдік ерекшеліктеріне, құрылысына
, атқаратын қызметіне қарай
Фольклорлық жанрларда эпикалық, лирикалық, драмалық белгілер орын алады. А.Байтұрсынов « фольклорды ғұрыптық және көркем фольклор деп» екіге жіктейді.
5.Ежелгі түркі поэзиясы мен батырлық жырдағы көркемдік дәстүр. Көне жырлардағы поэтикалық тектестік, көркемдік жалғастық белгілерін сол кезеңнен кез – келген жәдігерінен табылады. Бұл, әсіресе, ежелгі дәуірдегі әдеби ескерткіштері қатарында айшықтана, шоқтықтана көрінетін ерекше туындылар: Тәңірлік дәуір әдебиетіндегі Сақтардың қаһармандық дастандары – «Алып ер тоңға», «Шу» дастандарында, Ғұндардың батырлық жырлары – «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі», Түркі жазба жәдігерліктері «Тонынкөк» пен «Күлтегін» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», Ислам дәуірі әдебиетіндегі - Әбу Насыр әл-Фараби туындылары, тағы сондай-ақ Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері жинағында», Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Яссауидің «Даналық кітабы», Алтын орда дәуірі әдебиетіндегі Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки», Хорезми «Махаббат-наме», Құтб «Хұсрау-Шырын», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» дастандарында, Қадырғали Жалаири «Жами – ат тауарих», Захириддин Мұхаммед Бабыр «Бабыр-наме», Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи – и Рашиди» атты еңбектерінде айқын аңдалады
Ауыз әдебиеті ата-бабаларымыздың
бізге қалдырған асыл мұрасы десек, батырлар
жыры осы мол мұраның бір бөлігі болып
табылады. Сонау аласапыран замандарда
жері мен елін найзаның ұшы, білектің күшімен
қорғап қалған ерлерін дәріптеу мақсатында,
әрі арманындағы суға салса батпайтын,
отқа жақса жанбайтын, елі үшін жанын пида
ететін ғажайып қаһарманды аңсаудан батырлар
жыры туған. Көркемдік табиғатына мұқият
үңілсек, эпос бүкіл ауыз әдебиетін жинақтап
тұрған көркем шежіре іспеттес. Алғашында
бір ғана эпизодтан туған үзік жырлар
келе-келе дамып, ұзақ жырларға айналған,
жырда батырдың тууы, өсіп жетілуі, ерлік
сапарлары, батырдың үйленуі сияқты оқиғалар
да тұтастанған.
Батырлар жырындағы тұтастану құбылысы
батырды, оның ұрпағын дәріптеуге бағытталған.
Тұтастану құбылысы түрлі тарихи оқиғаларды,
қаһарманның шым-шытырық өмір жолы мен
түрлі іс-әрекеттері, оған қоса батырдың
ұрпағының өсіп, өрбуін сипаттайды.
6 Ежелгі дәуір әдебиеті мен жыраулық поэзиядағы дәстүр жалғастығы .Қазақ әдебиеті— қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады.. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Қ. ә. өзінің бүкіл даму барысында күрделі де қайшылықты жолдардан өтті. Бүгінгі қазақ ұлттық әдебиеті өсіп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнекті авторлары бар, әлемдік әдебиет деңгейіне көтерілді. Жыраулар поэзиясы дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби мұрасы Жыраулық поэзия Асан қайғыдан басталып, Бұқар шығармашылығымен дамитын жыраулар творчествосынан тыс, жаңа мазмұнды әдебиетіміздің қалыптасу қарсаңында тұрған ақындық поэзияның ірі өкілдері - Көтеш пен Шал ақындардың қосқан үлестері де аз емес. Жыраулар поэзиясында табиғатында тек лирикаға тән тебіреніс, толғаныс қана емес, үндеп, жарлап, жалындай келетін жауынгерлік рух, өмір, дәуір, заман т.б. сан алуан мәселелерді кеңінен қамтып, шабытпен шалқыта бейнелейтін көсемсөз- публицистиканың да сипаты танылады. Жыраулар поэзиясы мен қазіргі қазақ лирикасының арасындағы ұқсастық тек мазмұны, тақырыбы жағында ғана емес, түр жағынан да сабақтасып жатады. Өлеңнің сыртқы құрылыстарын қарастыратын болсақ, аралас, ерікті, кезекті, егіз, қара өлең ұйқастарын қолданған. Ұйқастың өзін ішкі ой мен мазмұнға бағындырған және шумаққа поэзиялық қасиет дарытып тұратын дыбыс үндестігі де жиі кездеседі. 7 Жанр және дәстүр мен жаңашылдық. Көркем әдебиетке тән нәрсе әр алуан өмір құбылыстарын образ арқылы көзге елестетіп, ой-сезімге әсер ету болса, кейде ол бұрын болып өткен өмір шындығын, адамдардың арасындағы тартыс, қарым-қатынастарды да шығармаларында суреттейді. Сондықтан мейлі поэзия, мейлі көркем қара сөз, мейлі драма - бәрі де көркем әдебиет саналады. . Ғылыми зерттеулерде әдебиет тектерін жанр1 деп те атайды. Жанр – әдебиеттің негізгі тектері. Әдебиеттің үш ірі жанры бар. Олар: поэзия, проза, драма Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Кейбір әдебиетшілер «жанр» деген терминді әдебиеттің тегіне емес, түріне қолданалық дегенді ұсын Жанрдың тұрақты белгілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қабылдайды . Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі ішінде мән-мағынасы бай, заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Поэзиядағы жаңашылдық байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді |
8 Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл ғылымдары зерттейді. Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б.
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді: а) тілдік (сөздік) метафора; ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туындайтын контекстік) метафора
Тілдік метафораны жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп де атайды. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздер ұқсату заңына сүйеніп, шыққан.
Дәстүрлі метафоралардың мағынасы халықтың таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олар – мағынасы көпшілікке түсінікті, жиі қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар. Дәстүрлі метафораның авторы жоқ. Олар – мақал-мәтелдер тәрізді халық қазынасы. Дәстүрлі метафоралар сөз айшығы ретінде тілде тұрақты қолданылады. Бірте-бірте дәстүрлі метафоралардың бейнелілік қасиеті солғындап, күңгірттенеді. Дәстүрлі метафоралар поэтикалық метафоралар тәрізді, негізінен, көркем әдебиетте кеңінен қолданылады.
9фольклор және әдеби дәстүр. Жазба ескерткіштерінде ауыз әдебиеті үлгілерінің мол орын алуы, кейін поэзияда фольклорлық түрдің қолданылуы – фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттің қайнар көзі, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретінде фольклор ұлттың көркемдік ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсінігін қалыптастырумен қатар, түркі әдебиетіне ғана тән әдеби дәстүр туғызды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дінін таратушылар түркі тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы мен дамуы мүлде бөлек елдің ғасырлар бойы жасаған дәстүрін бұзып, не жойып жібере алмады. Керісінше, оны байытып, өркендеуіне ықпал жасады. Осыған байланысты тарих сахнасына шыққан түрік даласы даналарының, өнер иелерінің, ғылым қайраткерлерінің көркем шығармалары мен ғыл. зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей ықпал етті.
Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңінен қанат жайды. Қазақ жыраулары ертедегі түркілердің жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдік, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендетті. Әдеби дістүр филос. ой-толғамды, дидактик. насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды, лирик., реалистік суреттеудің алғашқы белгілерін, әдебиетке халықтық сипат әкелді, сөз өнерінің халық тарихы мен өміріне тығыз байланыстылығын, ел мұңын жырлау идеясын кіргізді . Әдеби дәстүр дегеніміз – бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына, идеясына, сюжетіне, бейнелеу құралдарына, композициясына, тіліне қатысты болып келеді.
10Қазіргіқазақ өлеңінің
құрылысы: дәстүр және даму үрдістер.
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы
қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі
тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа
көлемді поэзиялық туындылардың жалпы
атауы. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке,
ескілікті наным-сенімге байланысты, әдет-ғұрып
негізіндегі , қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді.Өлең құрылысы
– өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс
үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді
белгілейтін шарттар мен заңдылықтар.Дүниежүзілік
әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы4түргебөлінеді:
1) Метрикалық
өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын
буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне
негізделеді. 2) Силлабо-тоникалық
өлең жүйесінде екпінсіз буын мен
екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында
қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді
буындарға негізделеді, екпін түспейтін
буындар есепке алынбайды
4) Силлабикалық
өлең жүйесі буын санының мөлшерін
тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең
құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес
халықтардың поэзиясында қолданылады..
Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің
құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен
толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының
ырғақтық-интонациялық байлығын молынан
игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға
зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа
өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда
асқан өнерпаздық көрсеткен. Қазақ өлеңінің
құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді
Қазақ өлең құрылысының түпкі негізі ерте заманда, көне дәуірде қалыптасқан. Өлең қрнектерінің, соның ішінде жыр өлшемінің, 7-8 буынды өлең түрінің көне заманда туғаны жайлы мәліметтер көп. Кеін келе қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын: