Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 10:57, доклад
Таңертең көзін тырнап аша салып таблеткаға қол созатын адамдар уыс-уыс дәрі ішуді әдетіне айналдырып алғанын аңдамай да қалып жатыр. Ал құрамында химиялық қоспасы бар дәрілер бір аурудан емдесе, жоқ ауруды қозғап шығаратыны белгілі. Аурудан қажып, дәрмені таусылған адам жанталасып ең соңғы мүмкіндіктерді іздей бастайды. Емшілерге сенбейтін, бақсы-құшнаштардан алпыс шақырым аулақ жүретіндер, неге екені белгісіз, Шығыс-Тибет медицинасы дегенде бұл емдеу тәсілін мойындайтынын білдіргендей үнсіз келісіп, иланып қалатыны бар. Тіпті Тибет медицинасын Қытай өзінің 5000 жылдық тарихы бар ұлттық медицинасының қатарына әлдеқашан қосып алған. Сонымен, Шығыс-Тибет медицинасы деген не? Ол қандай ауру түрлерін емдейді? Өркениетті елдердің өзі не себепті алтын ине салдыруға құлықты? Алтын иненің адамды аяғынан тұрғызатындай не құдіреті бар? Міне осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.