Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 10:57, доклад
Таңертең көзін тырнап аша салып таблеткаға қол созатын адамдар уыс-уыс дәрі ішуді әдетіне айналдырып алғанын аңдамай да қалып жатыр. Ал құрамында химиялық қоспасы бар дәрілер бір аурудан емдесе, жоқ ауруды қозғап шығаратыны белгілі. Аурудан қажып, дәрмені таусылған адам жанталасып ең соңғы мүмкіндіктерді іздей бастайды. Емшілерге сенбейтін, бақсы-құшнаштардан алпыс шақырым аулақ жүретіндер, неге екені белгісіз, Шығыс-Тибет медицинасы дегенде бұл емдеу тәсілін мойындайтынын білдіргендей үнсіз келісіп, иланып қалатыны бар. Тіпті Тибет медицинасын Қытай өзінің 5000 жылдық тарихы бар ұлттық медицинасының қатарына әлдеқашан қосып алған. Сонымен, Шығыс-Тибет медицинасы деген не? Ол қандай ауру түрлерін емдейді? Өркениетті елдердің өзі не себепті алтын ине салдыруға құлықты? Алтын иненің адамды аяғынан тұрғызатындай не құдіреті бар? Міне осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Таңертең көзін тырнап аша салып таблеткаға қол созатын адамдар уыс-уыс дәрі ішуді әдетіне айналдырып алғанын аңдамай да қалып жатыр. Ал құрамында химиялық қоспасы бар дәрілер бір аурудан емдесе, жоқ ауруды қозғап шығаратыны белгілі. Аурудан қажып, дәрмені таусылған адам жанталасып ең соңғы мүмкіндіктерді іздей бастайды. Емшілерге сенбейтін, бақсы-құшнаштардан алпыс шақырым аулақ жүретіндер, неге екені белгісіз, Шығыс-Тибет медицинасы дегенде бұл емдеу тәсілін мойындайтынын білдіргендей үнсіз келісіп, иланып қалатыны бар. Тіпті Тибет медицинасын Қытай өзінің 5000 жылдық тарихы бар ұлттық медицинасының қатарына әлдеқашан қосып алған. Сонымен, Шығыс-Тибет медицинасы деген не? Ол қандай ауру түрлерін емдейді? Өркениетті елдердің өзі не себепті алтын ине салдыруға құлықты? Алтын иненің адамды аяғынан тұрғызатындай не құдіреті бар? Міне осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Біріншіден Ағзадағы мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі қан айналысы жүйесімен байланысты. Адам бойындағы 7-8 литр қан жүректің қуатты күшімен денеде айналып отырады. Шығыс-Тибет медицинасында қан жүйесін басқарып отыратын мерадиндар болады. Қазақша айтқанда – жан. Меридиандар он төрт сызықтың бойымен жүріп отырғанда 695 ем нүктесін анықтайды. Шығыста тұнық тәжірибе негізінде дәлелденіп, емнің қайнар көзі ретінде сақталған. Ауруды қан жүйесінің сыртындағы мерадин арқылы іздеу тәсілі өте ескіден келе жатыр. Адам денесін пышақпен кесіп, ақтарып, шешімін таппаған ауруларды ине салып жазуға болады дейді шығыс медицинасының мамандары. Бұл медицина Тибеттен, яғни тау халықтарынан келгенімен, қытай қолға алып, арнайы ғылыми академиялар ашып, дамытып, өзінің төл медицинасы сияқты тума тәсілі етіп алды.
АЛТЫН ИНЕНІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ
ПАЙДАСЫ НЕДЕ?
Ежелден ине салдырудың кері әсері болмайтыны, адамның одан зиян шекпейтіні дәлелденген. Американың өзінде 80 пайыз нашақорларды осы әдіспен емдейді. Арақ пен темекіге үйірлікті де осы алтын иненің күшімен жоюға ден қойып келеді. Инені құлақтағы нүктелерге салу арқылы ауруын басқаруға және жаман әдеттен жирендіруге болады. Бір құлақтың өзінде 500-ден аса нүкте орналасқан. Мысалы, қытайлар еш жері ауырмаса да, жалпы ағза жұмысын жақсарту үшін, қуатын арттырып, жұмысқа, тұрмысқа, жалпы өмірге деген белсенділігін ояту үшін, есте ұстау қабілетін жақсарту үшін жылына бір-екі рет міндетті түрде ине салдырып тұрады. Қытайлар бұл медицинаның қыр-сырын өте құпия сақтайды. «Үйренемін» деп келген басқа ұлттардың адамдарына басын шұлғып, құлдық ұрып, ашық түрде үйрете бермейді. Өйткені бұл – олардың медицинасының алтын бұлағы, қайнар-бастауы.
ЕМДЕУГЕ ҚАНДАЙ ИНЕ ҚОЛДАНАДЫ? Негізінен, пайдаланатыны – алтын не күміс ине. Ауруға екеуінің де әсері бірдей, бірақ алтын иненің әсері күміске қарағанда сәл де болса жылдамырақ. Алтын иненің құрамы тұтас алтыннан құйылмайды, 70 пайызы ғана алтын, қалған 15 пайызы тазаланған мыс, қалған 15-і тазаланбаған мыс.
АЛТЫН ИНЕНIҢ «АЛТЫН» ЕМI
Дамыған деген еуропалық жолдармен шешiмiн таппаған ауруларды алтын ине салумен сауықтырып жiберуге болады. Тiптi рухани сырқат адамдардың өзi аз уақытта сауығып кетедi. Осы күндерi адамдардың пышаққа түсуi жиiлеуде. Мұны азайтудың бiрден-бiр жолы – ине салу. Оның ең басты ерекшелiгi де – табиғилығы. Алтын иненiң көмегiмен жүректен, бүйректен болатын қан қысымы, ағзаның шаршауы, қант диабетi, астма, зоб, бронхит, инфаркт, инсульттан кейiн тiлдiң, аяқ-қолдың жансыздығынан, дәрет жолдарын, ұйқысын қайта келтiру, ер адамдардың белсiздiгi, полиартрит, остеохондроз, шинохондроз, гастрит, асқазан аурулары, әйел адамда кездесетiн аурулар, невроз, жүрек-қан тамырлары, тiл шықпай қалу, ревматизм, паралич, эпилепсия, құлақтың шуылы, көздiң көру қуатының әлсiреуi, псориаз, жас балалардың төсек дәретiн тоқтату, миродермоз, нейродерматит, iшiмдiкке салыну, ұйқысыздық, киста, аллергия, гайморит сияқты ауру түрлерiн жазуға болады.
Бұл жалпы Шығыс халықтарынан тарайды. Оны қытайлықтар саралап бiр жүйеге келтiрдi. Қытайға барлық жақсылықтың бәрiн жаба беруге де болмайды. Өйткенi атаулы ғылым бiздiң ата-бабаларымыз қолданған халықтық емдеуiмен ұқсастығы да жоқ емес. Халқымыз арам қан алуды бұрыннан бiлген. Ежелгi ине қадаудың орнына ағаш таяқшалар жасап, сонымен аурудың осал әрi әсерлi тұсын тауып, жайлап ұрғылап жазуға жеткiзген. Жүйкесi жұқарған, қаны көтерiлiп ауырған адамдарға темiр айырларды қыздырып, соны денеге жақындатқан. Бұл жүйке жүйелерiне иненiң әсерiндей тiтiркендiрiп, емдеген. Бүгiнге дейiн дем салу (су бүрку) сияқты қазақи емдер жетерлiк. Дегенмен де, Қытайда көне дәуiрден бастап көптеген еңбектер жазылған. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн III ғасырда жарық көрген 18 томдық «Хуанды Нецузин», тiкелей емдеуге арналған 12 томдық «Оон Цзин» еңбектерi пайда болған. Одан кейiн 1026 жылы «Түн женбшу теньцзю»(қола адам нүктелерiнiң атласы) атты көлемдi еңбектiң орны айрықша. Ол кiтапта емдеуге бағытталған ине қою нүктелерi сипатталады. сол заманның белгiлi ғалымы Ван Вен-н адамның қолдан жасалған мүсiнiне емдеу барысын анықтай отырып, 600 инемен емдеу нүктелерiн түсiрiп кеткен.
Бұл нүктелер 12 сызық бойына (меридианаға) орналастырылған. Оның ойынша әр сызық адам денесiнiң перифериялық бөлiгiн iшкi ағзалармен байланыстырады. Мұндағы Чтенб-цзю тәсiлi ғасырлар бойы дамып, толықтырылуда. Қазiр зерттеушiлер арқасында 14 сызық, 700-ге жуық нүктелер анықталса, болашақта одан да көбейетiндiгi анық. Жоғарыда аталған кiтаптар үлкен сiлкiнiс тудырды. Ондағы көрсетiлген нүктелер күнi бүгiнге дейiн толассыз қолданыста келедi.
«Ағаштың қурауы тамырымен, адамның қартаюы табанымен» деген қазақта керемет мақал бар. Адам баласының бүкiл мүшесi ағзамен тұтастай қосылып табанмен тығыз байланысқан. Қай жер ауырған болса, сол жердiң нүктесiн табаннан дәл тауып ине қойса немесе массаж жасаса ауырғаны сол заматта басылады. Қызмет атқарудан қалып, «ұйықтап» кеткен клеткасын ине салып «оятуға», яғни жансыз жерге жан бiтiруге болады.
Ми қан тамырларының жарылып, миға қан кетуден болған сал ауруының емі жоқ, оларға өмір бойы кемтар болу жазылған деген пікір халық санасына сіңіп кеткен. Алайда, қазіргі медицинада ми қантамырларының жарылуынан пайда болған бұл ауруды шұғыл характерлі және созылмалы деп екіге бөліп қарасытырып, емдеуге болады.
Аурудың негізгі белгісі: адамның бір жақ қолы мен аяғы жансызданып, мүлдем әрекетке келмей қалуы. Тіпті, кейбір адамдарға аяқ-қолын жинап, серпу қиындай түседі. Сондай-ақ, өздігінен отыру, тамақ ішу, жүріп-тұру сияқты әрекеттерді жасай алмай қалады. Аузы мен көзі бір жаққа қисайып, сөзі күрмеліп, түкірігін де жұта алмай қалатын науқастар бар. Аузынан сілекейі ағып, кіші дәреті жүрмей қалатын жағдайлар да жиі кездеседі. Әсіресе, жансызданған дене бөлігіндегі мүшелердің әрқайсысының сезіну қабілеті жоғалады. Көбінесе, жансызданудан ішкі мүшелер мен жүрек қызметі, қан айналу қызметі нашарлайды. Сөйтіп, қол-аяқ буындарының талықсып ауырып, қозғалмай қалуы, сіңір етінің қатып қалуы, домбығып ісіп етуі орын алады.
Жанасызданып қалған дене бөлігін емдеу қан тамыр әрекетін қалпына келтіру арқылы жүзеге асады. Бұл ауру қан тамырдың жарылуынан орын алғандықтан, қанның тоқтауын, жарылған орнынан денеге таралып кетпеуін қадағалау керек. Ең алдымен қан жүйесіндегі жағдай ескеріледі. Бірақ, жансызданып қалған жақ, тіл және басқа да мүшелерді тибет медицинасы арқылы емдеп жазу мүмкіндігі бар. Емдеу кешенді түрде денедегі нүктелерге ине қою арқылы жүргізіледі.
Қолдағы нүктелер: жаншу, шишо, қыку, уайтау
Аяқ нүктелері: хуан тяу, лангу, яншань,жешио,
Ал ауыз, көз қисайғанға янбай, шачы, дисан, тянь шу. Бұл нүктелер арнаулы түрде сурет арқылы көрсетіліп белгіленеді.
Тілі, ауызы күрмелген науқастың жұтынуы қиындаған кезде шанбишянь, жиншу нүктелеріне салынады. Ал аяқ-қолы ағаштай болып қатып қалған сезімдегі ауруларға пишунь, июань, сзы. Су инфан, ноозы, иуан фи нүктелеріне салынады. Сонымен қатар ине қою емі күнделікті жиырма отыз минутқа, ал кейбір науқастарда отыз-қырық күнге созылады. Әрекет жүйесіндегі бұлшық еттерге де ине қойылады.
Ми қантамырларындағы әрекет жүйесіне әсер ету нүктесі бас терідегі нүктелер болып табылады. Табандағы қозғалыс нүктелері мен сезім нүктелері таңдалып алынады. Емдеу барысында ерекше ескеріп кететін жайттар: нүтелерді нақты табу және сол нүктелердің тереңдігін тексеру. Әсіресе, тілдің астындағы нүктелер дәл табылғаны абзал.
Мәселен, кіші дәреті жақсы жүрмеген жағдайда бүйрекке әсер ету нүктелеріне ине қойылады. Науқас адамның ми жасушаларын қалпына келтіру қажеттілігі туындағандықтан, солардағы нүктелердің барлығы толық түрде ескерілуі керек.
Әдетте ауру адамның шұғыл
түрдегі жағдайы қалпына
Оң жақ әрекет жансызданған жағдайда оң жақтағы, ал оң жақ дене бөлігі жансызданған жағдайда дене бөлігіндегі нүктелерге ине қою қажет. Иненің әсер етуі ауру адамның шыдау қабілетіне қарап ескеріледі. Ине бұлшық еттердегі нүктелердің қозғалысына байланысты ауыстырылады. Егер де бір бөлігінде қозғалысы нашарлау болса, екінші бөлігіне қойылуы керек.
Денедегі қойылған ине арқылы инеге жалғанатын иненің тоқ емі қосылуы керек. Әдетте, жүректің бір жақ бөлігіндегі жеті-сегіз немесе бес- алтауы талдануы мүмкін. Толқын үлгісімен бірдей қойылған дұрыс. Отыз минутқа дейін жалғастырып қою керек.
Нүктелерге ине қою арқылы жүйке жүйесін оята аламыз. Ол сол орындардағы қан айналу, зат алмасу процестерін жақсартуға көмектеседі.
Сондай-ақ, ми жүйесін қазіргі заманғы құрылғылар арқылы науқастың сырқаты қаншалықты дәрежеде екендігін бақылап отыру қажет. Ауру адамның қан қысымының өзгерісі, қан құрамындағы холестериннің мөлшері ескерілген жөн. Қосымша шөптер де берілу керек. Тибет медицинасының ине емі арқылы мұндай ауруды емдеп жазуға болады.
Балаларда тумасынан жұлынның орталық жүйкедегі өзгерістерінің қалпына келмеуі, баланың орнынан тұра алмай қалуы және кемтар болып қалуы кездеседі.
Клиникалық белгісі
Балалардың жансызданып қалған дене бөлігі кемтар болып қалатын жағдайлар да кездеседі. Сол кемтар болған дене бөлігінің бұлшық еті суалады. Сонымен қатар баланың ақыл есі, ойлау қабілеті төмендей бастайды. Аурудың ауыр жеңілдігіне байланысты денесінің жансыздану жағдайын анықтауға болады. Негізінен, ауыр дәрежедегілерде дененің ауру бөлігі тартылып, қозғалмай, қимыл жасай алмай қалады. Сыртқы көрінісі де өзгеше көрінеді. Бұл ауруды қазіргі заманда емдеуге келмейтін ауру түрі ретінде қарастырады. Бірақ, баланың ауруының жеңіл, орташа ауыр түрдегі жағдайына қарайды. Егерде сол жүйке жасушаларындағы арна (канал) ашылмай қалып, қызметі тоқтап қалса, яғни, мидың орталық жүйкедегі кейбір жасушаларының әлсіздігінен болған болса, емдеуге болады. Емдеу тибет медицинасының инесі арқылы жүргізіледі. Бұл ем арқылы науқастың 20-30%, немесе 30-40 %-ын емдеп жазуға болады.
Ине қол мен мойын бөлігіндегі нүктелерге, бұлшық ет нүктелеріне, буын қызметін жақсарту нүктелеріне қойылады. Емдеу сеансы төрт курс. Ине қою уақыты 30 минут.
Жалпы, бұл ауру белгісі білінген кезде емді қолға алған дұрыс. Өйткені, жүйке жасушаларының қалпына келуі бұлшық ет қатқан сайын қиындай түседі. Кішкене балалар инеге сезімтал болғандықтан, оларға ине тез қойылмайды. Сондықтан, ине жеңіл, таяз қойылады. Ал, кейбір шыдамсыз балаларға ине қойылған кезде ол денеде қалдырылмайды. Яғни, ине кіргізіліп, сол күйінде қайта суырылып алынады. Осылайша ине арқылы етуге болады. Төрт, бес рет қайталады. Ине деен нүктелеріне әсер ету арқылы емделеді. Ине қою барысында баланың дене шынықтыруы талап етіледі. Осындай кешенді емдеуден кейін ауру баланың қол-аяқ буынында өзгеріс болмаса, онда сөзсіз сол буындарды ұзартып, созып, қалпына келтіруді, ота жасауды ойластыру керек.