Интернет пен агенттегі оқушы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 21:14, доклад

Описание работы

Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.

Работа содержит 1 файл

Интернет пен агенттегі оқушы ролі.docx

— 34.54 Кб (Скачать)

Жүргізуші:  Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз  келесі  кезеңдегі   сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.Олай болса Жақтаушы жақтың«Парасат» тобының сарапшысы лицейіміздің ақпараттық жөніндегі орынбасары Б.Абдукаримов өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз –3 минут

Қарсы- даттаушы жақтың «Ақиқат» тобының сарапшысы Лицейіміздің мінезгері Б.Темірбек сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз –3 минут.

Жүргізуші:  Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз;лицейдің әдіскері Ж.Бегімбетке сөз береміз.

Жүргізуші:

Өркениет өркен жайған бүгінгі  өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор, яғни интернет пен агент техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мадени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қыйын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

«Интернет –бір күндік

Кітап-мәңгілік»- дегендей, кітаптан қол үзіп қалар шақта тұрған мына заман  интернет пен агенттің заманы.

Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Дегенменде «таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жаман- жақсы тұстары бар. Санасы бар адам баласы саралап тура жолдан таймай  өзіне қажеттісін алып, қалғанын сызып тастап отырса ұрпақымызды мәңгүрттік жазылмас ауруға ұшыратпас деп ойлаймыз.

Мағжан Жұмабаевтың   «Мен  жастарға сенемін» атты өлеңінде осы заман айғағы ретінде  бейнелеген.

Тау суындай гүрілдеп,

Айбынды алаш елім дер

Алтын арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма сұңқарға

Талу бар ма тұлпарға

Иман  күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Алаш айбынды  ұраны,

Қасиетті  құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін – дегендей ,

ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл- қыздары көп болғай. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар –дейміз.


Информация о работе Интернет пен агенттегі оқушы ролі