Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 21:14, доклад
Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.
«Интернет пен агенттегі оқушы ролі»
Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және оқушылар!
Пікір- сайыс (дебат) сабағымыздың негізгі мақсаты: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы- жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.
Қатысушылар
Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1.Екі фракцияда үш спикерден болады.
2.Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін) таныстырады.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.
Сайысымыздың ережесі:
Сайысымыздың сарапшыларымен төрешілерін сайлап алып, таныстырайық:
Лицейіміздің мінезгері Б.Темірбек – «Ақиқат» тобының сарапшысы
Ақпараттық
Төрешіміз. Лицейіміздің әдіскері Ж. Бегімбет.
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады. Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Агент және оқушы» көрінісіне кезек берейік.
Мұғалім
Оқушы мына жастардың,
Келешегін ойланам.
Зенді алғыр жастар аз
Білімге терең бойлаған
Интернетпен агент тұр
Бар әлемді жайлаған
Алыстатып білімнен
Жастардың жолын байлаған
Оқып білім алмаған
Дей ме екен жастар «қой бағам»
Тосқауыл қойып агентке
Ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің
Ойлаңдар жастар білімде
Көп оқыңдар кітапты
Өзіңнің ана тіліңде
Агентке алданып
Тегіс жерде сүрін бе
Кітаптан алсаң білімді
Жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күніңде
Оқушы
Керекшіні өмірге
Агентен аламыз
Мұхитың өзен теңізің
Ішінде барлық қаламыз
Іздегеннің барлығын
Агенттен табамыз
Оқыңдар дейді кітапты
Мұғалім ата-анамыз
Кітапты оқый күндіз түн
Қатардан қалай қаламыз
Агентке біздердің
Уланып қалған санамыз
Ата-ана
Интернет агент бұл күнде
Жаулайды жастар санасын
Кітаптан емес керегін
Агентен болды табатын
Қатаймайды қанатың
Ой санаңды аздырып
Жастарым қайда боласың
Ұстаздан білім алмасаң
Робот болып қаласың
Жасалу керек бір жагдай
Агентке жоқтау салатын.
Жүргізуші: Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут
Жақтаушы жақтың спикері:(Парасат тобы) – Ахметова А,
Қасымбек Ж, Орынбай С
Қарсы жақтың спикері: (Ақиқат тобы)- Өтеп Б, Шәкірбекова А,
Уалиханов Ш.
Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.
«Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.
Біздің резолюциямыз(яғни қарарымыз): «Қазақстанға интернетті дамытуымыз қажет және агенттің өз алар орны бар»
Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Интернетегі сайт беттерін жабуға болмайды. Қайта білім алу үшін жаңа заман талабына сай көтеру керек.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі): Білімдерініңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Жүргізуші: Дәлелдеңіз.
Дәләлдейтін болсақ:
Жүргізуші: Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.
Қарсы- даттаушы фракциясы;
Біздің резалюциямыз( яғни қарарымыз): «Оқушыларға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес»
Дефинициямыз(яғни анықтауымыз бойынша): Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы: бұрынға ата-бабаларымыз кітап және кітапханаменде жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі); Қазақстанда интернеттегі сайт беттерін азайтып, басқа да жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.
Жүргізуіш: Дәлелдеңіз.
Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут
Қарсы жақ: Ұсынысы-Өтеп Балсая:
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.»
Қазақия жұртына «Майл. ру агент», «Мобильді агент». «Мой мир» деген ұғымдар пайда болғалы біраз жылдың жүзі болды. Пайдасы қайсы, зияны қайсы ажырату қиын. Әсіресе, жасөспірімдер мобильді агент қосылған телефонын жастап ұйықтайтын болды. Қараңғыда тәспі санағандай сытырлатып әріп теріп жатады. Оқушылар сабақ уағында партаның астында әлдебіреумен саусағы арқылы сөйлесіп отырады. Тіпті, үйінде отырып, майл-агент арқылы болашақ жарын да тауып алуға болады… Қойшы әйтеуір бәрі алақаныңда. Сөйлесем десең ернің де жыбырламайды, саусағыңды сайлай бер.
Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?
Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3минут. Ұсыныс-Ахметова А:
Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы Заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді апқпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезкңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу, оны өңдей білу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың және кез-кеоген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.Сондықтан да қазіргі заман талабы болып саналатын Электронды есептеуіш машиналар операторын жетік меңгеру керек. Себебі компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылыққа жатады.
Мail.ru Агент – онлайн жүйесінде қарым-қатынас жасауға арналған ресейлік танымал бағдарлама. Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2 млн. адам қолданады екен. Әрине уақытымен, орынды қолданса қажетіне жаратқаны болар. Ал, мөлшерінен асырса – ауру. Осы дертке шалдыққандардың не ұйқысы қанбайды, не жұмысы өнбейді, айналасымен, кәдімгі ата-ана, туыс-туғандарымен қарым-қатынасы өзгешеленіп кетеді екен. Бұл мейілінше көп пайдалғандағы жағдайда.
Менің ойымша, бала-шағаның көшеде бейберекет жүріп, арақ, сыра ішіп, темекі шеккенінше, агентке шұқшиғаны әлдеқайда оң іс. Әлбетте, асыра сілтеп “манияға” ұрынбай, орнымен ұйықтап, орнымен адамдармен қарым-қатынас жасағаны ләзім. Бұл жағын ата-аналар қадағаласа, аса бір ойбайлайтын жөн жоқ.
Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ
Қосымша айтар болса уақыты -2 минут. Шәкірбекова А
Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қыяли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақылы, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.Агент арқылы танысқан қаракөз қыздарымыз бен жас жеткіншектеріміз қаншама келеңсіз оқиғаларға тап болды десеңші. Осының бәрі агенттің жасөспірімдердің санасын улап жатыр. Менің ойымша жас жеткіншектердің агентке кіруіне бірінші кезекте ата-ана жауапты. Ата-аналар тарапынан қатаң талаптар болса бала ешқандай жаманшылыққа бармайды. Баланы бағып –қағып өсіретін де, ертеңгі рахатында көретін ата-ана. Байланыс жасаудың қолайлы әрі тегін түрі болғасын адамдарды тез баурап алғаны анық. Бұл дерттен арылудың жолын іздеп қиналып жүрген талай қазақ баласын көрдік. Бұл да адамды өзіне тәуелді етіп алып ештеңе ойлауға зауқын соқтырмай миын айналдырып тастайтын көрінеді. Айналып кеп Агентіне қарап, айналып кеп электронды почтасын ашып, ана мен ыржаңдап, мынаумен қылжаңдап қысқа түнде қырық адаммен танысып отырып таңның қалай атқанын, білмей қап ұйпа-тұйпасы шығып жұмысқа жүгіретіндер де жетіп артылады екен. Отбасында ұрыс-керіс туылудың себептерінің біріне айналып та үлгеріпті. Сөйтіп, біраз жұрт агенттің әлегінен шыға алмай жүр. «Бұл адам санасын ойсыз бос кеңістікке тәрбиелеу деген сөз» дейді ғалымдар.
Жүргізуші: Келесі «Парасат тобы» Қосымшаны хабарлайтын –Қасымбекова Жанар, уақыты -2 минут:
Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.
Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.
Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.
Абай айтқан ғой, «өзгеше болам дегеннің түбі – мақтан» деп. Тырнақ астынан кір іздей бермеңіздер. Агенттің пайдасы бар. Бір мезгілде бірнеше адаммен хаттасуға, хабарласуға. Қазіргі жастардың саналарында агент пен интернет қалыптасып кеткен. Осы бір екі нәрсесіз қазіргі жиырма бірінші ғасырды тіптен елестете алмаспыз. Кезінде интернет адамзатқа ақпарат көзі ретінде, агент тиімді әрі бағасы да арзан қарым-қатынас жасауға арнайы шығарылған пайдалы дүниелер еді. Қазір осы екеуі халық жауына айналып, әлі де болса өмірдегі ақ пен қараны айыра алмайтын жастардың санасын уландыруда. Дегенмен агенттің тұтқыны болу адамның өзіне де байланысты. Кейбіреулер агентті ұялы телефондарына жаза сала одан шықпай, агенттің қызығын көргендей болады, кейбіреулер агенттке кіргенмен, онымен аса әуестенбейді, кейбіреулер агентпен қалай қолданатынынан да бейхабар. Бұның бәрі адамның намысы, ерік-күші мен ұлтжандылығына байланысты.
Агентті пайдасыз зат деп айтуға болмайды. Онымен орынды қолданар болсақ, мұндай хәлге душар болмас едік. Сабақ үстінде агентте отырып сабақты оқымайтың ұл-қыздар өте көп. Тек мектепте емес үйінде де, үй жұмысын істеу барысында да жастар агентте отырады. Ондай сабақ оқығаннан еш пайда болмайды, миына агентте қызу жүріп жатқан әңгімеден басқа ештеңе қонбайды. Осы індеттен арылу үшін агентті немесе ұялы телефонды жою мүлде керек емес. Тек агенттің мобильді версиясын алып тастаса болар еді. Агентке кіретіндер мүмкіндігінше сабақ үстінде телефоннан кірмей үйлеріндегі компьютерден кірсе, сабағына кішкене болсын уақыт бөлер еді. Агентте жазғанда да қазақша жазып, қазақ тілін, ислам дінін насихаттаса, нұр үстіне нұр болар еді. Дегенмен әзірге қолымызда ондай мүмкіндік жоқ, егер бола қалса ол мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Бұл қазіргі жас ұрпаққа тіреліп тұрған үлкен бір даулы мәселе. Сондықтан аға буын да осы жастарды ұлтжанды, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуі тиіс.
Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.
«Парасат тобы» Жақтаушы жақ Орынбай Сұлухан: Сіз агентке кіріп жүресіз.Осы агенттің пайда-зияны турасында ойландыңыз ба?-
Бұл нәрсе біздің санамызды улап алғалы қашан?! Осы агент арқылы қыз-жігіттеріміз бір-бірімен шатасып әлек болып жатыр ғой.Жасы бар кәрісі бәрінің кездесетін нағыз жын-ойнақ деуге болады.Жоғарыдағы ел ағаларымыз бұл нәрсеге заң жүзінде тиым салу керек деп ойлаймын.
«Ақиқат» тобы Қарсы жақ: Уалиханов Шерхан:Сіздің ойыңызша агенттен қалай құтыламыз?
Көзқарақты кісілер: алғаш келген әр қандай жаңалық (зат болсын) елді бір дүрліктіп алатыны секілді, бұл да жаппай етек алып барады. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей тегін байланыстың да тиімсіз тұсын сезінгендер селт етіп өзін тартып алады, сөйтіп адамдар керекті кезінде ғана ашып, сосын жауып тастап жүре береді, үнемі ашып қоятын дүние емес екенін түсінеді дейді.