Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 12:08, реферат
Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Кіріспе
Негізі бөлім
Гештальт психологиясы.
Гештальт-терапия туралы
Гештальт-тұрғысының негізгі елестетулері, пайымдаулары мен құндылықтары:
Гештальтпсихологтар ойлау жайында.
Гештальтпсихологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келлер еңбектері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
- ұйымдарға консультация жасау.
Адами мінез-құлық гештальт-терапияның теориясына сәйкес гештальттардың қалыптасу және бұзылу приницпіне бағынады. Дені сау организм өзін реттеу негізінде қызмет етеді.
Өзекті қажеттілік туындайды және организмнің басым (доминирлеуші) зейінін жаулап ала бастайды – фигура фоннан бөлініп көрінеді. Одан әрі организм сыртқы ортадан бұл басым қажеттілікті, мысалы ашығу сезімінде тамақ ішу арқылы қанағаттандыруға қабілетті нысанды іздейді. Нысанмен жақындасу және лайықты (адекватты) өзара әрекет ету (келтірілген мысалдағы асты шайнау мен жұту) қажеттілікті қанағаттандыруға жетелейді – гештальт аяқталады және бұзылады.
Контакт – гештальт-терапияның базалық ұғымы. Организм суынан, өсімдігінен және тірі жаратылыстан ада кеңістік сияқты ауасыз кеңестікте өмір сүре алмайды. Адами жаратылыс басқа адамдардан айрылған ортада дами алмайды. Барлық негзігі қажеттіліктер тек қоршаған ортада ғана қанағаттандырылуы мүмкін. Организм қоршаған ортамен кездесетін орынды гештальт-терапияда контакт шекарасы деп атайды. Адамның қаншалықты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті оның қаншалықты икемді контакттық шекараны реттей алатындығына байланысты.
Гештальт-терапия ортамен, оның ішінде тұлғааралық өзара қатынасты ықпалсыз ететін контакттық шекараның тән (типтік) бұзылуларын сипаттап жазады. Гештальт беймәлім (анонимді) және мақсатсыздан қауіптеніп тікелей контактты марапаттайды.
Түйсіну – организмнің ішінде және оны қоршаған ортада не болып жатқандығы туралы мәліметтену. Түйсіну өзі және қоршаған әлем жөніндегі интеллектуалдық білімге тең емес. Ол өз бойына сыртқы әлемнің ынталандыруларын да, сол сияқты ішкі организмдық үрдістерді – сезімдерді, эмоцияларды, сондай-ақ ойлау әрекеттерін – идеяларды, образдарды, естеліктерді және таңдануларды қабылдау күйзелістерін жинайды, яғни көптеген деңгейлерді қамтиды. Түйсінуді, оның ойлау қыртысынсыз жануарлар да иеленеді.
Алайда өркениетті әлемде адамдарда эмоциялар мен сыртқы әлемді қабылдаудың орнына ойлау гипертрофирленген. Рационалдық білімге қарама-қарсылық ретінде дәл осы түйсіну организмнің қажеттіліктері туралы және қоршаған орта жөнінде анық (реалды) ақпарат береді.
Гештальт-терапия
Гештальт-терапия егер адамдар ішкі және сыртқы анықтықты айқын түйсінуге жетсе, онда олар өз бетінше барлық өз проблемаларын шешуге қабілетті дегенге сүйенеді. Сондықтан терапия мінез-құлықты өзгертуді өз мақсаты етіп қоймайды, мінез-құлық түйсіну өскен сайын өзгереді.
Бұл жерде-және-қазір – қабылдау, сезім, әрекет, ойлар, өткен немесе болашақ туралы қиялдар болсын, организм үшін үшін өзекті әрқашан қазіргіде өтетіндігін, олардың бәрінің қазіргі сәтте болтандығын білдіретін үрдіс. Бұл үрдісті қолдану түйсіну үрдісін қарқынды етуге (интенсифицирлеуге) ерік береді.
Жауапкершілік – өтіп жатқандарға жауап беру мен өз реакцияларын таңдау қабілеті. Анық (реалды) жауапкершілік түйсінумен сабақтас. Адам қаншалықты жоғары дәрежеде анықтықты (реалдылықты) түйсінетін болса, соншалықты мол дәрежеде ол өз өміріне – өз тілектеріне, әрекеттеріне, жауап беруге, Перлздің сөзімен айтқанда өзіне сүйенуге қабілетті.
Гештальт-терапияға
ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГТАР ОЙЛАУ ЖАЙЫНДА.
Гештальтпсихологияның өкілдері–Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальт психологтар ойлаудың құрылымын, шығармашылық астарларын қарастырды. Ізделген шешімді оған қажетті құрылымды табу арқылы шешуді ойлау деп атаған. Гештальт психологтар ойлауды формальды–логикалық операциялардан ажыралатын, мәселе тудыратын жәйтті ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан “орталықтандыру” нәтижесінде жүзеге асатын продуктивті психикалық процесс ретінді түсіндірді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастады бірден ұғынуды инсайт деп атады.
Ойлау психологиясын сынаудан кеткен О. Зельц, К. Коффка ойлау теориясын гештальт психология позициямен белгілдеуге тырысты: өздері орнанылған мүшелердің арасындағы көрнекілік мазмұнға апарылмайтын ойлаудың мәнді мазмұнын құрайтын қатынасты дәлелдеген вюрцбург мектебінің өкілдеріне қарсы (А. Грюнбаум), Коффка көрнекілік мазмұнды құрылымдыққа апаратын қатынасты жасағысы келеді.
Оның ойлау теориясының негізгі тұжырымдамасы мына жағдаймен байланысты болды, ойлау,-қатынастарды операциялау емес, құрылымдардың көрнекілік ахуалға айналуы.
Проблема туындайтын алғашқы ситуация–бұл өзінің көрнекілік мазмұнындағы толтырылмаған орны бар теңгерілмеген феноменалды өріс болып табылады. Осының салдарынан проблемалық азуалда орнықты көрнекілік ахуалдан басқасына өтуді шақыратын шиеленіс туады. Осындай бір қатар ауысулардың бірізділігі арқылы (Вертхаймер бойынша Umzentrierung) өзгерулер өтеді, яғни міндетті шешуге әкелетін бастапқы көрнекілік мазмұнынын құрылымдардың өзгерісі жүзеге асады.
Вюрцбург мектебінің ойлауды сезімдік пайымдаудан ажыратқан ойлау психологиясына қарсы Коффка құрылымдар принципі негізінде ассоциативті психологияны ассоциациялар жайлы ілімін жақтау негізінде ойлауды көрнекілік мазмұнға әкелуді жүзеге асыруға талпынды. Бұл талпыныс ойлаудың ерекшелігін елемейді.
Коффка бойынша, ойлау
дегеніміз–вюрцбурлық мектептегідей
қатынастармен әрекет ету емес, ол
көрнекі жәйттердің құрылымдарын түрлендіру.
Мәселе тудыратын жәйт–бұл өзінің
көрнекі мазмұны
Коффканың ойынша оның теориясы
Вюрбургшелердің ойлау
Сөйтіп Коффка олардың теңдігін ұғынбайтын екі әр түрлі фигураларды қабылдауға болады деген (және екі фигураның теңдігін ұғыну, ол фигуралар қандай екенін дәл ұғынбау), содан кейін сол фигуралардың теңдігін ұғынамыз деп көрсеткен А. Грюнбаумның тәжірибелерінің дұрыс талқыланбағанын айтты.
Оның көзқарасы бойынша біз алдымен екі фигураны қабылдаймыз; бізге сол бір ғана заттар және олардың арасындағы қатынастар берілмеген, және бірінші және екінші жағдайда да заттар әр түрлі болған.
Бұл жағдайда заттар ұқсас
заттық ара қатысқа қатыссыз болатын
сананың көрнекі мазмұны
Ал шындығында, бір көрнекі ахуалдан басқасына, бір “феноменальды өріске” өтуіне ойлау процесін апарғысы келген Коффка бірінші жағдайда пайда болған; міндетті шешуге әкелмейді: ол үшін алғашқы ахуалды соңғы ахуалға ауыстыру жеткіліксіз.
Соңғы ахуал бірінші ахуалда пайда болған міндетті шешу үшін соңғы ахуалдың мазмұны біріншісіне қатысты болуы қажет және екеуінің мазмұны бір затқа ғана қатысты болуы керек. Шешім Коффқа жоққа шығарған осы жағдайда ғана шешім ретінде ұғынылады. Коффқа айтқан бір көрнекі ахуалдан басқасына өту процесін алғашқы проблемалық ахуалдан келесісіне өту деп айтуға болады, ал жағдай дұрыс болғанда міндеттен кету және одан құтылу, алайда біз шешкен нәрсе деп түсінбеу керек.
Субъектінің тікелей аталған мазмұндағы сананың құрылымына деген затқа және операцияға деген екіжақты мағлұмат ойлау актісінің негізгі алғы шарттарын жойып жібереді. Ойлау сонымен қатар түсніктер ассоциациялары сияқты феноменальды құрылымдарды өзгертуге де апарылмайды.
Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретінде. Адам мінез– құлқының мотивтері ең алғаш психоанализмен қойылып, зерттелді. З. Фрейд бойынша, негізгі мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлі көрініс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.
- Түстер–бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелік ойлаудың түрі.
- Еркін ассоциациялар әдісі. Ырықсыз бейнелік ойлау, еркін ассоцициялар–санасыз мотивтердің көрініс табатын маңызды аумақтарының бірі.
- Сублимация–санасыз энергияны әлеуметтік құпталған тәсілдерге ауыстыруда іске асатын шығармашылық ойлау процесі.
- Мотивті саналау адамның өзіндік саналуын, ішкі ойлау типін қажет етеді.
Аутистік ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның ішкі өмірінің басымдылығымен, сыртқы өмірден кетуімен байланысты. Әдетте түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау–аутистік ойлаудың көріністері. Бұларда ойлар аффективтік ұғымдарға бағынады.
Гештальтпсихология ХХ ғасырдың бас кезеңінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертгеймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратысылытану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.
Гештальтшылар «элементтер психологиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығымен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдады.
Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық жағдаймен оның формалды құоылымының бірбүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. Гештальт ұғымын алғаш енгізген Эренфельд
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып ─ түйсік саналды. Осы уақытта психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабороторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты. Гештальт психологиясының құлдырауының себебі мынада: ол өзінің теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бөліп қарастырды. Гештальтистер бейнені өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде көрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады. Сананың феноменологиялық концепциясына негізделген жалған әдістеме бұл екі дәрежені ғылыми тұрғыдан біріктіруге кедергі болды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР