Гештальт психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 12:08, реферат

Описание работы

Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Содержание

Кіріспе
Негізі бөлім
Гештальт психологиясы.
Гештальт-терапия туралы
Гештальт-тұрғысының негізгі елестетулері, пайымдаулары мен құндылықтары:
Гештальтпсихологтар ойлау жайында.
Гештальтпсихологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келлер еңбектері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯСЫ.docx

— 87.51 Кб (Скачать)

Жоспар

 

  1. Кіріспе
  2. Негізі бөлім
  1. Гештальт  психологиясы.
  1. Гештальт-терапия туралы

  1. Гештальт-тұрғысының негізгі елестетулері, пайымдаулары мен құндылықтары: 

  1. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. 
  1. Гештальтпсихологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келлер еңбектері

  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЕШТАЛЬТ  ПСИХОЛОГИЯСЫ.

Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу  бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық  ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың  психология ғылымына  қосқан үлесі  психологиялық бейне ұғымын өңдеу  мен психологиялық құбылыстарға  жүйелі ықпал етуінде.

CC ғ. басында психология ғылымында психоанализ немесе Фрейдизм  бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация,  психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы  психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т.б. енгізді.

Адамның психикасының санасыз  табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және  Э.Фромм. Бұлардың барлығы  Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).

Психологияның аса маңызды  артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың  аяғында  АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің  әрекет-қылық талдауында  психологиялық элементтерді елемеуі мен  танымдық дамуды ескермеуіне  қарсылық білдірумен  ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері –Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.

Гуманисттік психологияның  негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен  психоанализді  дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист психологтар салауатты, шығармашыл жеке  адам түсінігін таңдады. Гуманисттік бағыт көрнекі өкілдерінің бірі Абрахаам Маслоу еді.  Ол жеке адам психологиясының есі ауысқандарды зерттеумен білу  мүмкін еместігін қадап айтқан.  Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының  негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен  өз мүмкіншіліктерін  ашуға деген  ынта-ықыласында  деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік  бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамға, қоғамға тек   жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвиннің  теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та  күшті хайуанаттар өмір сүруге  бейімді деген  Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген  инстинкті адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт  оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адамның өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен  жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды.  Сырқаттың өзі де адамның осы мүмкіншіліктерінен  дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр.  Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында  алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің  бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашудың  (самоактуализация) мәні не?  Маслоу пікірінше, бұл тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке  деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманисттік қажеттіліктерді іске асыруда белсенділік көрсету.

Маслоу бірінен -біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1. Физиологиялық қажеттіліктер. 2. Қорғаныс қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен жоғары –адамгершілік қажетсінулер, яғни 4.  шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына  байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен  қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты  болатынын   жатқызуға болады.

Кеңестік дәуірдегі психология өз пәнінің  диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамытты. Психология пәнін материалисттік тұрғыдан  түсінудің негізгі үлкен идеялық –теориялық күрес барысында қаланып, әдістері белгіленді. Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының  бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.А.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запарожье, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Смирнов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды.  Бүгінгі таңда Ресей мемлекетінде  психологияның сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны шексіз.Әсіресе эзотерикалық ілімдерді, парапсихологияны,трансперсоналды психологияны  зерттеуде жаңа ғылыми ақпараттарды ашуда. Солардың ішіндегі шығу тегі эзотерикадан бастау алған ежелден бері келе жатқан психологиялық техникалардың бірі гипнозды айтуымызға болады. Бүгінде оның түрлі әдіс-тәсілдерін мына психотерапевттер қолдануда: Е.Н.Довбня, Ф.Е.Рыбаков, В.Н.Коротко, П.П.Подъяпольский, А.И.Яроцкий, А.Ф.Лазурский, Ю.В.Каннабих, В.М.Нарбут, Ф.Д.Неткачев, В.А.Гиляровский, М.П.Кутанин, М.В.Стрельчук, Д.В.Кандыба т.б. Жалпы гипноздың кең тараған жерлері ретінде Батыс Еуропа мен Американы мысалға келтіре аламыз. Ал Шығыс елдері болса, ежелден келе жатқан медитациялық әдістерді пайдаланады.     Ендігі кезекте Америкалық гипноздың қалай дамығанына көшейік.

Адамзат тарыхында көп жылдар бойы күмәнді әрекетке қызығушылық танытқан гипнозды зерттеген ғалымдардың мансапқа(карьера)жетуіне кедергі жасады. 1875 жылы Францияда Месмердің талабын зерттеу үшін арнайы жиналған  корольдік комиссия қорытындысы Месмердің жақсы атағының күл талқанын шығарды. Гипноз және  гипнозға қатысты құбылыстарды зерттеуге бел буған Шарконы құрметтеушілердің көпшілігі  осы кезден бастап онымен қатынастарын тоқтатты. Керемет мінездеме алған доктор  Джеймс Эсдэйлге  (1847) гипнозды хирургияда қолданғаны үшін қызметтік өсуіне тиым салынды.

Зигмунд Фрейд гипнозды зерттеу  процесінде  кездескен көптеген кедергілер мен қиындықтардың нәтижесінде  гипнозды зерттеуден бас тартты. Оның шәкірті К.Г.Юнг гипнозға қызығушылығын жоғалтты. Өйткені ол  бұл құбылысты қадағалай алмағандықтан, оның әсерін түсіне алмады. Осы салаға қатысты жазылған және мұра етіп қалдырылған Джеймс, Жане т.б.гипноз туралы  еңбектері  ғалымдардың арасында сенімге ие бола алмады.Себебі ол медициналық ғылым мен тәжірибелік парадигмалық негіздеріне сәйкес келмеді. 20-шы жылдары гипнозды зерттеуді шындап ізденуді және оның теориялық оқытудың  әйгілі маманы болып Кларк Л.Халл(1933) саналды. 1923 жылдардың соңында Висконсинаның түлектеріне гипноз саласындағы  өзіндік жетістіктерінің қыр-сырын көрсету үшін, Халл Эриксонға гипноздан  семинар өткізу жөнінде ұсыныс  жасады. Халл гипноздың әсер ету әдістерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіріп  келтіруге ұмтылған болса, ал Эриксон оған ұмтылыс көрсетпеді. Қайткенде де олардың өзара қарым-қатынасы жалғасын таппады. Эриксонның ерекше қабілетті адам жөніндегі даңқы кеңінен тарады. Ол Мендота мемлекеттік емханасының  медициналық қызметкерлерімен психологтарына гипноздан сеанс өткізуге шақырылды.

 

 

ГЕШТАЛЬТ-ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ

Мен өз ісімді, ал сен өз ісіңді жасайсың. Мен бұл әлемде сенің үміттеріңе сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқпын. Және сен бұл әлемде менің үміттеріме сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқсың. 

Сен – бұл сен.

Ал мен – бұл мен.

Егер бізге бір-бірімізді кездестіруге мүмкіндік болса – онда бұл керемет.

Ал егер олай болмай шықса – бұған амал жоқ, ештеңе істей алмайсың. 

Ф. Перлз

Бақытқа орай, Гештальтты бір баптан соң екінші бапқа реттілікпен елестетудің қажеттілігі жоқ – өйткені тұтас жәй ғана элементтердің қосындысы болып табылмайды. Оны тұтас күйінде бес минут, одан соң 15 минут, ал одан кейін қайтадан толық бір сағат және одан әрі елестетуге болады – әрине бұл бүкіл өмірді қамтуы және оған сиыспауы ықтимал.      

Джон Энрайт

Гештальт-терапияның (гештальт-тұрғысының) негізін қалаушы 1893 жылы Берлинде дүниеге келген Фридрих Соломон Перлз (немесе, кейін өзін қалай атағандай Фриц) болып табылады.

 

ГЕШТАЛЬТ-ТҰРҒЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕЛЕСТЕТУЛЕРІ, ПАЙЫМДАУЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: 

Әрбір адам тұтас, яғни оның денелік, эмоционалдық және рухани қажеттіліктері бірдей маңызды және бір-бірімен тығыз сабақтас. Өмірді толыққанды сүру үшін өзіңді жақсы түсінуің қажет. Яғни – өзіңмен барлық деңгейде жақсы контакт ұстану. Өзіңді жақсы білу бақытты өмірді құрудың маңызды шарты болып табылады.   

Адам өз бетінше тірлік ете алмайды, керісінше ол өзі өмір сүретін әлем бөлігі болып табылады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қамқорлық тек қоршаған кеңістік пен басқа адамдарға қамқорлықты бірлестіргенде ғана табысты болады.  

Өз мұқтажыңды басқаның қажеттіліктерімен  қалай үйлестіру, қай сәтте өзің туралы көбірек қамқорлық жасау, ал қай кезде айналадағылардың қызығушылықтарын басым ету – бұл мәселелерді  бірден және түбегейлі бір ғана тәсілмен шешуге болмайды, керісінше қайта-қайта және қайтадан өзгеріп тұратын өмірлік жағдайларда, оқиғаларда қайта шешуге тура келеді. 

Бала жас кезінде әлеммен  өзара әрекет етудің белгілі бір тәсілдеріне үйренеді. Ол есейгенде, бұл тәсілдер көбіне ескірген болып шығады. Бұл үйреншікті тәсілдерді, тек жалғыз мүмкін болар ретінде қабылдап, адам олар «жұмыс істемеген» жағдайда қиындықты бастан кешіреді. Гештальт-терапевт адамға өз тәсілдерін қайтадан түйсінуге және бүгінгі күн үшін жаңасын, барынша жарамдысын қайта құрастыруға көмектеседі.   

Әрбір адамда қанағаттану әкелетін және дәл осы адамға барынша максималды сәйкес келетін теңдесі жоқ өз өмірін құру үшін потенциалды мүмкіндіктер бар. ГЕШТАЛЬТ – бұл өмірді барынша толыққанды сезінулі және барынша ойлы етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол адамдарды тек өмір жөнінде ойлауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оның барлық көріністерімен күйзелуге, өзінде жаңа және жаңа ресурстарды ашуға, қоршаған әлемнің және өз тұлғасының жаңа қырларын көруге және сезінуге үйретеді. Сондықтан гештальт – бұл жәй ғана психотерапевтік тәсіл ғана емес, керісінше оны біртіндеп қайта түрлендіретін өмір салты.

Гештальт-тұрғының позициясы турасында адам тұтас сан қырлы тірлік иесі – бір мезгілде жануарлық, психологиялық, социалдық және рухани болып табылады. Гештальт-тұрғының мақсаты – түйсіну, саналы ұғу тәжірибесін ұдайы кеңейту және сол арқылы барынша мол тұтастыққа, психологиялық және физикалық денсаулықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу.     

Гештальт-терапия адами проблемалардың барынша кең шеңберіне қолдануға балатын әмбебап психологиялық тәсіл болып табылады. Олардың кейбір мыналар:

-          клиникалық психотерапия;

-          отбасылық психотерапия;

-          тұлғалық өсуге және коммуникацияны жақсартуға ұмтылатын адамдарға арналған тренингтер;

-          әр түрлі кәсіби топтардың өкілдеріне (мысалы, педагогтар, менеджерлер) арналған тренингтер;

-          гештальт-педагогика;

Информация о работе Гештальт психологиясы