Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 09:43, реферат
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамыздағы біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Ес жөнінде түсінік.
Ес теориялары.
Ес түрлері.
Ес процестері.
Ес туралы жалпы түсінік.
Жоспары:
1. Біздің әрбір толғанысымыз,
әсерленуіміз бен әрекет-
Сонымен ес – бір-бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Жантану
ғылымы, осыдан, өз алдына келесі
мәселелерді шешу міндетін
Сұрақтарға
жауап іздеуге психология
Алғашқы
кездегі ес зерттеулері көбіне
саналы іс-әрекетпен
Ал
естің ең жоғары, адамға өз
өмірінің қалаған кезінің
Естің
жоғары формаларының жүйелі
Ес психологиясын зерттеудің
біршама нәтижелі болуына
Ақырында,
ес іздерін сақтауға қажетті
ми аймағын табуға және есте
қалдыру мен ұмытудың жүйкелік
механизмдерін ашуға
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды
4 саусағынызбен қағып, кейін
2. Көзіңізді
біраз жұма тұрып, кейін сәл
мезетте ашумен, қайта жұмыңыз.
Ашып-жұму арасында қас-
3. Қалам не сұқ саусағынызды
көз алдыңызда оңды-солды
Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандайда да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге берілген ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданды. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді жадта сақтау жүйесінің маңызды да күрделі түрі. Жоғарыда келтірген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: бірінші - шағын уақытқа жұмыс істесе, екінші-материалдың кіші бір бөлігі ғана қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
Ұзақ
мерзімді еске байланысты
Бірақ
ұзақ мерзімді естің де аймақ
көлемінің шегі барын
2. Ес теориялары. Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген емес, өзара байланысты ”топталған не тізбектелген” (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологилық негізі – уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екінші – олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшінші- қарама-қарсылыққа негізделген констрактық ассоциациясы, төртіншісі – себеп-салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.Джеймс, Спенсор, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізілген аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі-қоздырушы, екінші – тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімде не ұзақ мерзімде естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы – қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімдік ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық
теорисы. Нәсілдік негізде
3. Ес түрлері. Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:1) әрекеттегі басымдау болған пихикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз – логикалық болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдар осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалық шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әррекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігінен, еңбекті ұқыптылығы мен “бармағанынан өнер тамғанынан” көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйіңізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй есі адам іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыныздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есту, сипау, сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді.Егер көру, есту әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарында қалыптасқан болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерде көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.
Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөздік-логикалық болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұны жеткізуімен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталанумен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жатталуы логикалық емес, механикалық жаттауға айналады.