Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:27, дипломная работа

Описание работы

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретінде мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау» бөлімінде оқушының оқу іс - әрекетіндегі танымдық бағдарының ішінде мінез – құлықтың алатын орны ерекше, күнделікті өмірде көзге қарапайым болып көрінетін мінез – құлықтың ережелері, бітістері, құрылымы қарастырылды. Психология саласында ғалымдардың оқу іс – әрекетінде мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялары мен көз қарастары бар

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3-6
І Оқу іс - әрекеті барысында мінез - құлықтың қалыптасуының
ғылыми – теориялық негіздері

1.1 Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі
мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17
1.2 Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі
шарттар.........................................................................................................18-24

ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында
мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын
анықтау эксперименті..................................................................................24-34
2.2 Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты түзету және дамыту
жұмыстары...................................................................................................34-44
2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау...............................................................44-45

Қорытынды.......................................................................................................45-47
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................48-50
Қосымшалар.....................................................................................................51-54

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.doc

— 177.50 Кб (Скачать)
 

Мазмұны

       Кіріспе..............................................................................................................3-6

І     Оқу іс - әрекеті барысында мінез -  құлықтың қалыптасуының

       ғылыми – теориялық негіздері

            

    1. Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі

    мінез –  құлыққа ғылыми теориялық талдау................................................7-17

    1. Оқу іс - әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыратын негізгі

    шарттар.........................................................................................................18-24  

     

ІІ Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында

      мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары 

2.1 Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын

      анықтау эксперименті..................................................................................24-34

    1. Оқу іс - әрекетінде мінез – құлықты  түзету және дамыту

    жұмыстары...................................................................................................34-44

    1. Зерттеу   нәтижелерін  жинақтау...............................................................44-45
 

     

Қорытынды.......................................................................................................45-47

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі....................................................................48-50

Қосымшалар.....................................................................................................51-54 
 
 
 
 
 

Кіріспе

       Қазақстан Республикасының «Білім  туралы» Заңында «Білім  беру  жүйелерінің басты міндеті – ұлттық  және  жалпы адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері  негізінде жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған білім алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, оқытудың  жаңа технологияларын енгізу, білім  беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан   шығу» делінген. Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымының, әр  мұғалімнің  ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру, өзгерістерге  батыл  жол  ашарлық  жаңа  тәжірибеге, жаңа  қарым-қатынасты  өтеу  қажеттігі  туындайды. Сондықтан  да  әр  мектеп  ұжымы  өз  іс-әрекетінде  қажетті  өзгерістерді,  әртүрлі  тәжірибелер  жөніндегі  мағұлматтарды, жаңа  әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени  дамуына үлес  қосатын, әлеуметтік  өркениетке  көтерілетін, парасатты, денсаулығы  мықты азаматын  тәрбиелеу – ұстаздар  қауымының, мектеп  ұжымының  бүгінгі таңдағы  мерейлі міндеті.

    Оқу іс-әрекеттің дамуы үшін  оқушы бойында міндетті  түрде талаптың  болуы шарт.  Талап,  құлшыныс  болмаған  жерде оқу іс-әрекеті  дами  алмайды.  Талап әдетте  көру  және  есту  анализаторларынан,  сондай – ақ  нерв  жүйелерінің  типологиялық  қасиеттерінен  құралады.  1- 2-ші  сигнал  жүйелерінің  арақатынастары  мен  даму  деңгейін де  талапқа  жатқызуға  болады.  1- ші  сигналдық  жүйеге -  түйсік,  қабылдау,  елес,  ал  2- ге  шындықтың  ұғым  болып  қалыптасуы  жатады.

       Психологтардың  пайымдауынша,  іс-әрекетсіз ұстаз  болғанымен іс-әрекетсіз  шәкірт  болмайтын тәрізді.  Бұл пікірді орыстың заңғар  жазушысы,  ойшыл Л.Толстойдың  мына  даналық сөзі  де  тереңдете  түскендей.  Ол  барлық  мүмкіндіктер  балалардың  бойында,  деп жазған.  Сол үшін  ашылмай бұйығы  жатқан  мол мүмкіндіктерді  дер кезінде ашып,  дұрыс жолға бағыттай  білу  керек. Сайып  келгенде,  бұл  бәрімізден  де  аса  үлкен  жауапкершілікті,  сезімталдылықты,  ыждағаттылықты  талап етері сөзсіз.

        Оқу  іс-әрекетімен мінез-құлық  арасындағы  өзара байланысты  ескеру  де  өте  маңызды.  Сондықтан  ең  бастысы  оқу іс-әрекеті  жоғары  болуы үшін  ақыл – ой  деңгейі  де  биік  болуға  тиісті. Бала интеллектуалдылығы  биіктеген сайын  мінез-құлықтың дамуы да жоғарылай түспек.

Бастауыш  сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық  әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу  пәндері бойынша білімдерін  тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын  және оқу пәндеріне  танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.

    Адам  әрекетінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отыратыны анық. Еңбек ерекетінде немесе оқу әрекетінде болсын адам алдына бір мақсат қойып содан бір нәтиже шығаруға ұмтылады.

Осындай мақсаттардың бірінде адамның оқу  іс - әрекетін алуға болады. Оқу іс - әрекеті барысында адамның жеке дара қасиеті жетекші орынға ие. Соның ішінде адамның күрделі жеке даралығы – мінез – құлығы.

    Мінез – құлық қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Оқу іс - әрекеті  барысында жеке тұлғаның маңызды  психологиялық сапаларының бірі ретінде, мінез – құлықты қалыптастыру жолдарын анықтау мақсатымен ғалымдардың теорияларымен байланыстырып, зерттеу нәтижесін көрсету көзделіп отыр.

    Бастауыш  сынып оқушыларында оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мінез бітістерінің комплекстері өз әсерін тигізеді. Сол себепті, мінез – құлық ережелерін оларға тән моральдық нормаларды игеру оқу іс - әрекетін жеңілдетеді. Сондықтан диплом жұмысымыздың  тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы»  деп алдық.

    Зерттеу мақсаты - оқу іс - әрекетінде бастауыш сынып оқушылырының мінез – құлқының қалыптасуын зерттеу.

    Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті.

    Зерттеу пәні - мінез – құлықтың оқу іс - әрекетінде қалыптасу ерекшелігі.

    Зерттеу жұмысының болжамы - оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықты қалыптастыратын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіндегі мінез – құлықтарының қалыптасуы туралы мәлімет алуға болады. Егер де бастауыш сынып мұғалімдері баланың мінезін күнделікті бақылауға алып отырса, оқу үрдісінде мінезді қалыптастыру мақсатталса, оқушылардың мінез-құлқында кездесетін қиындықтар болмас еді.

    Зерттеу міндеттері:

- Зерттеу тақырыбының теориялық негізін талдау.

- Зерттеу  мәселесінің практикалық маңызын  негіздеу.

- Оқу  іс - әрекетінде мінез – құлықтың  калыптасуын анықтау. 

- Оқушылардың мінез – құлқын оқу іс - әрекетінде қалыптастыру.

- Зерттеу  жұмысының нәтижелерін сараптау.

       Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау әдісі, эксперимент әдісі, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.

      Зерттеудің әдіснамалық негізі  - Зерттеу жұмысының теориялық - әдіснамалық негізіне мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялар (Л.С.Славина, Л.Ф.Островская, В.Д.Шадриков, Р.В.Овчарова, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов ), оқу іс - әрекетіндегі жеке тұлғаның қалыптасуы туралы теориялар (Д.Б.Эльконин, В.Занков, Н.Зимняя, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев).

       Зерттеудің теориялық маңыздылығы – зерттеудің ғылыми әдістерін  мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып  өңделді, ұсыныстар енгізілді.

       Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде мінез-құлқын қалыптастыруға мақсатталған, арнайы маман психологтарына, педагогтарына бала мінез-құлқы мәселесін терең ұғынып, соның негізінде оқу іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік туғызады.

       Зерттеу базасы Тараз қаласы Ж. Жабаев атындағы №5 қазақ орта мектебі

       Диплом жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

       Зерттеу кезеңдері

       Зерттеудің бірінші кезеңінде  мәселенің ғылыми-ізденістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.

       Зерттеудің екінші кезеңінде оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықты қалыптастыру    диагностикалық    жұмыстары      ұйымдастырылды.

Психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды.

       Зерттеудің үшінші кезеңінде   зерттеу жұмысымызға теориялық  және тәжірибелік тұрғыда жалпылама  қорытынды берілді. 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І    Оқу іс - әрекеті барысында мінез -  құлықтың қалыптасуының

ғылыми  – теориялық негіздері

1.1  Жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі ретіндегі

мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау

    Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің  «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Психологияда бұл – дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

    Мінез - әрбір адамның жеке басына тән  өзіндік психологиялық қасиеттер  мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшандығы, ақыл – ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

    Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Жеке адамға немесе адамдар тобына тән өзіндік қарым – қатынастар, мінез – құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс - әрекетінде, тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.

    Іс - әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы  мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады. Бала мінезінің қалыптасуына жанұя мен мектеп өмірінің моральдық – психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады. Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс - әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл – ойын, көңіл – күйін, эмоциясын, ерік – жігер қасиеттерін айқын аңғартады.

    Мінездің  мәнерлі белгілері. Мінез тек  қылық пен қимыл – қозғалыстардан ғана емес, бет - әлпеттен және ымнан  да байқалады. Мінез  жеке адамның  сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана белгісі емес, ол сондай – ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулері түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады.

    «Көз  – адам жанының айнасы» деген  сөз бар. Шынында да, көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады. Мәселен, Л.Н.Толстой шығармалары қаһармандарының көз жанарлары олардың моральдық – еріктік не эмоциялық ерекшеліктерін тайға таңба басқандай көрсетеді.

    Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар денесін  шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте  ұстайды. Қарапайым адам көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына  тығып жүреді. Жағымпаз адам сөйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйімсіп тұрады, көз түбінен қуланған күлкі болар – болмас байқалады. Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды. Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы келеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы